Эвакуациялау жəне халықты шоғырландыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эвакуациялау жəне халықты шоғырландыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Азаматтық қорғаныс дабылы және ол бойынша әрекет ету тәртібі. Эвакуациялау және орналастыру тәсілдері мен тәртібі мен эвакуацияланаушылардың міндеттері, олардың керек-жарақтары, қажетті жеке мүліктері, құжаттары мен азық-түліктері. Эвакуация бекетіндегі тəртіп, жүру бағыты жəне орналасатын орынға келу ережелер тәртібімен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы





САБАҚТЫҢ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЫ / 10 – СЫНЫП /

Бөлім:

Өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар негіздері

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Эвакуациялау жəне халықты шоғырландыру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Азаматтық қорғаныс дабылы және ол бойынша әрекет ету тәртібі. Эвакуациялау және орналастыру тәсілдері мен тәртібі мен эвакуацияланаушылардың міндеттері, олардың керек-жарақтары, қажетті жеке мүліктері, құжаттары мен азық-түліктері. Эвакуация бекетіндегі тəртіп, жүру бағыты жəне орналасатын орынға келу ережелер тәртібімен таныстыру.

Сабақтың мақсаты

ТЖ кезінде тұрғындарды хабарландыру тәсілдерін меңгереді, эвокуация ережелерін үйренеді

     

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

Ұйымдастыру сәті

Оқушыларды түгендеу, амандасу, сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау,

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай мадақтау әдісі арқылы бағаланады.

АӘТД кабинеті


Сабақтың ортасы

35 мин.

Апатты жағдайлардағы аудандар мен зақымдану ошақтарында жүргізілетін құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстары зақымдану ошақтарындағы адамдарды құтқару, жапа шегушілерге көмек көрсету, зақымданудың қайта туындаған факторларынан материалдық шығындар мен адамдардың құрбан болуының алдын алу және кезекті қалпына келтіру жұмыстарын орындау үшін жағдайлар жасау мақсатында жүргізіледі.

Құтқару жұмысына жататындар: қозғалыс жасау маршруты мен жұмыс аймағын барлау, жұмыс аймағы мен қозғалыс жасау маршруттарындағы өртті сөндіру және жою, зақымданушыларды іздеу және оларды үйінділердің бүлінген және жанып жатқан ғимараттардың астынан алып шығу, қиратылған қорғаныш құрылыстарын ашу, оған ауа жіберу және ондағы адамдарды құтқару; зақымданған адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету және оларды тасымалдау; халықты қауіпсіз жерге шығару, зақымданушыларды санитарлық өңдеуден өткізу

Жедел қалпына келтіру жұмыстарына жататындар: үйінділердегі көлік пен техника қозғалысы үшін жүру құрылғылары мен лек жолдарына жол төсемдерін жасау; құлау төндіретін конструкцияларды нығайту және опырып құлату; энергетикалық желілердегі апатты жайылдырмау, құтқару жұмыстарын қамтамасыз етуге арналған энергетикалық желілер мен байланыс желілерін уақытша қалпына келтіру.

Құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарына АҚ-тың жалпы мақсаттағы әскерилендірілмеген құрамалары мен бөлімдері, әр түрлі мақсаттағы қызмет көрсету құрамалары (медициналық, өртке қарсы, инженерлік, қоғамдық тәртіпті сақтау, материалдық және техникалық қамтамасыз ету жәнет.б.) тартылады.

Құтқару командалары келіп жеткенге дейін барлау топтары аймақтағы зақымдану деңгейін анықтайды, құрылыстарға кіру мен шығу жолдарын іздестіреді.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.












Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.




Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай мадақтау әдісі арқылы бағаланады




Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын








Плакат,маркер, постер, түрлі түсті қағаздар, таныстыру

Сабақтың соңы 5 мин.


Оқулықты оқып, бір-бірімен пікір алмасады.

Shape1

Стикерлер, макеттер, практикалық оқу жаттығу орындары,стендтер


Сабақ жоспарының аталған тармақтары міндетті болып табылады. Педагог пәннің ерекшілігі мен оқушылардың қажеттілігіне қарай қосымша элементтер енгізуге құқылы.

AӘТД пәні оқытушы – ұйымдастырушысы: А. Егембердиев

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.05.2024
564
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі