Excell Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру. Информатика ұбт толық қамтылған материалдар жиынтығы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Excell Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру. Информатика ұбт толық қамтылған материалдар жиынтығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика ұбт толық қамтылған материалдар жиынтығы. Ұбт дайындық . Excell. Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру. салыстырмалы, абсолютті, және аралас сілтемелер. Электрондық кестенің элементтерін форматтау(пішімдеу). Электронды кестеде формуланың әртүрлі операторлары, Кестені біртекті деректермен автоматты толтыру. Шартты форматтау(пішімдеу). Диаграммалар. Функциялар. Ұяшықтардағы ашылмалы тізім жасау. Ұяшықтардағы деректерді өшіру, көшіру, қою, тазалау және редакциялау
Материалдың қысқаша нұсқасы
Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру
MS Excel – Microsoft Office кестесі қосымшаларының құрамындағы электрондық кестелермен жұмыс
істеуге арналған программа. Excel-ді «кестелік процессор» деп те атайды. Оның көмегімен кез келген
кесте түрін жасауға, қуатты математикалық, статистикалық және қаржылық есептеулерді жүргізуге
мүмкіндік бар.
Электронды кесте жолдар мен бағандардан тұрады. Бағандар - қатары латын әріптермен (A,B,C),
жолдар – сандармен (1,2,3) белгіленеді. Баған мен жолдың киылысы ұяшық деп аталады.
Excel 2003 нұсқасында бір парақтың беті 255 баған, 65535 жолдан тұрды. Ал Excel 2007 нұсқасында 16
384 баған, 1 048 576 жолдан тұрды. Ехсеl программасы құрылған және сақталған құжатты жұмыс
кітабы деп атайды. Excel-де файлдың кеңейтілімі оның 2007 нұсқасына дейін *.xls түріндегі үш
әріптен құралған болса, 2007 нұсқасынан бастап *.xlsx түріндегі төрт әріптен құралды.
Статистика (лат. status – жай-күй, құбылыстар реті) – үлкен ғылым. Статистикалық мәліметтер
дегеніміз – статистикалық зерттеулер (бақылау және ғылыми өңдеу) негізінде алынған сандық
сипаттамалардың жиынтығы. Статистикада хронологиялық тәртіпте жүйелі түрде орналасқан әрі
құбылыстың дамуын көрсететін қатарлар динамикалық қатарлар деп аталады.
Динамикалық қатардың көмегімен объект температурасының өзгерісі, желінің өткізу қабілеті,
тауардың белгілі бір уақыт аралығындағы сатылуын талдауды мысал ретінде айтуға болады.
Динамикалық қатардың көмегімен белгілі бір көрсеткіштердің негізгі даму тренді немесе бағыты
анықталады. Динамикалық қатарды талдау дегеніміз – динамикалық қатар құрылымын анықтауға әрі
болжам жасауға арналған математикалық-статистикалық әдістер жиынтығы.
Болжам «болжау», «аян беру» деген мағынаны білдіреді. Болжау – болашақ оқиғаның немесе
құбылыстың ғылыми моделі. Болжамдау – болжауды жобалау кезеңі.
Болжау әдісіне:
• статистикалық әдіс;
• эксперттік бағалау (дельфи әдісі);
• модельдеу жатады.
Екі немесе одан да көп ұяшықтардың
жиынтығы
ауқым(диапазон)
деп
аталады.Ұяшық адресі сияқты ауқымның өз
адресі болады. Ауқым адресі белгіленген
жолдар мен бағандар сандарынан құралады. Бұл
ауқымды іргелес немесе үздіксіз деп атайды.
Жеке (іргелес емес) ұяшықтардан тұратын ауқымды
таңдау үшін Ctrl пернесін басып, кез келген ұяшықты
ауқымға қосуға болады.

Ұяшықтардағы сілтемелер
Сілтеме – формула жазу барысында қолданылатын ұяшық, қатар, бағандардың адресі.
Ұяшықтарды адрестеудің 3 түрі бар: салыстырмалы, абсолютті, және аралас адрестеу(сілтеме).
Салыстырмалы сілтеме. Қалыпты жағдайда формуладағы ұяшықтарға сілтеме – салыстырмалы
сілтеме. Бұл формулаларды бір ұяшықтан екінші ұяшыққа көшіргенде сілтеменің адресі автоматты
түрде өзгереді. Егер түрлі амалдарды орындау барысында амалдарды орындауға қатысатын
ұяшықтардың адрестері автоматты түрде өзгеріп отырса, мұндай ұяшықтар салыстырмалы адрестеу
болып есептеледі. Әдетте Excel программасы іске қосылған кезде ұяшықтардың адрестері
салыстырмалы адрестер болып тұрады.
Абсолютті сілтеме. Абсолют адрестеу кезінде формула көшірілгенде сілтеменің адресі өзгермейді,
сілтеме көрсетіп тұрған ұяшық тұрақты болып қалады. Формулаларды өңдеу кезінде адрестеу әдісін
өзгерту үшін ұяшықтың сілтемесін ерекшелеп алып, F4 пернесін басу керек. Абсолют адресте ұяшық
нөмірінің алдына $ белгісі қойылады. Мысалы: $А$16
Аралас сілтеме – бағаны абсолютті, ал жолы салыстырмалы немесе керісінше болатын адрестеу түрі.
Аралас сілтемені құру үшін $ белгісін баған атауының немесе жол нөмірінің алдына қою керек.

Ұяшықтардағы сілтеменің түрлері
А1 (салыстырмалы) Көшіргенде жол және баған
өзгереді.
$А1 (баған бойынша абсолют) аралас адресті.
Көшіргенде баған ғана өзгермейді.
А$1 (жол бойынша абсолют) аралас адресті.
Көшіргенде жол ғана өзгермейді.
$А$1 (абсолютті) Көшіргенде жол және баған
өзгермейді.

Келесі ұяшықтағы сілтеме
Оңға қарай
Төменге қарай
толтыру
толтыру кезінде
кезінде
В1
А2
$А1

$А2

В$1

А$1

$А$1

$А$1

Абсолютті және салыстырмалы сілтемелермен тек бір файлмен емес, бірнеше файлмен бір уақытта
жұмыс істеуге болады. Біріншісі екіншісіне сілтеме жасалған екі файл болады. 2 файл арасында
байланыс орнату үшін ‘=[1.xlsx]Лист1!$D$4’.

Электрондық кестенің элементтерін форматтау(пішімдеу)
Ұяшықты форматтау үшін форматталуға тиіс ұяшықты таңдап (мысалы, A1), оны тінтуірдің оң жақ
батырмасымен шерткенімізде, экранда Контекстік мәзір пайда болады.
Сол мәзірден Формат ячеек... командасын таңдасақ, ұяшықтарды форматтау терезесі пайда болады.

Ұяшықтарды форматтау(пішімдеу) терезесі 6 бөлімнен тұрады
Сан (Число) бөлімінде ұяшықты алдын ала сан, ақша, қаржы, мерзім, уақыт, процент,
бөлшек және мәтіндік деректерге арнап қоюға болады. Деректер типін көрсете отырып,
суретте көрсетілгендей әртүрлі форматтағы сандарды жазамыз. Ұяшыққа қандай сан
жазсақ та, ол өзінің бастапқы форматын сақтайды. Мысалы, ұяшыққа мерзім бастапқы
формат ретінде қойылып, оған басқа дерек жазсақ та, ол бізге мерзім түрінде көрінеді.
Туралау, теңестіру (Выравнивание) бөлімі ұяшықтағы деректерді оңға, ортаға, сол
жаққа, еніне, жоғары және төмен қарай туралайды. Сонымен қатар мәтінді
тасымалдауға, ұяшықтарды біріктіруге, ұяшықтың бағытын өзгертуге, теңестіруге
мүмкіндік береді.
Қаріп (Шрифт) бөлімінде ұяшықтағы деректердің түсін өзгертуге, сандарды дәреже мен
индекс түрінде жазуға, сызуға немесе өлшемін өзгертуге болады.

Шегара, жиек (Граница) бөлімінде ұяшықты шегаралау арқылы кесте жасай аламыз.
Егер шегаралар қойылмаса, принтерден шы- ғарғанда ұяшықтардың шегаралары
көрінбей қалады. Ұяшықтарға қойылған шегара түсін өзгертіп, шегараны алып
тастауға да болады.
Құйып бояу (Заливка) арқылы бір ұяшықтың немесе толық кестенің түсін өзгерте
аласың.
Қорғау (Защита) ұяшыққа жазылған мәліметті өшіп қалудан немесе мәнінің ауысып
кетуінен сақтайды.

Кестенің ұяшықтарына деректердің үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Олар:
• сан;
• формула;
• мәтін.
Сандық формат(Числовой) – сандарды бүтін
немесе нақты сандар түрінде пішімдеу. Егер
енгізілетін символдар тек цифрлардан құралса, онда
оны санды типке жатқызамыз. Санның мәндері
бүтін, ондық, бөлшек болуы мумкін. Оларға арнайы
символдар қосылуы мүмкін: $, %, +, -, /
Ұяшыққа сыймайтын көптаңбалы сан енгізсек, онда
ұяшык,та ########### символдары пайда болады.
Санды толығымен көру ушін бағанды кеңейтуге
болады.
Математикалық және қаржылық есептерде кәдімгі сандық формат,
қаржылық және мерзімдік формат қолданылады, ал ақша сомасын
енгізу үшін қаржылық форматта, уақыт мезгілін жазғанда мерзімдік
формат пайдаланылады.
Электрондық кестеде сан оң жақ шеті бойынша реттеледі.
Жалпы (Общий) – әдепкі қалпы бойынша
тағайындалатын пішім.

Ақшалай(Денежный) – сандарды ақша бірлігі
түрінде пішімдеу.

Күні (Дата) – санды мерзім пішімінде белгіленеді.

Уақыт(Время) – санды уақыт пішімінде белгілеу.

Пайыздық(Процентный) – нақты сандарды пайыз
түрінде көрсету форматы.

Бөлшектік(Дробный) – нақты сандардың бөлшек
түрінде берілу форматы.

Экспоненциалдық (Экспоненциальный) – өте
үлкен (Жерден Күнге дейінгі арақашықтық) немесе
өте кішкентай (сутек атомының килограммен
берілген өлшемі) сандарды беруге ыңғайлы пішім.
Мысалы, «299 792 458» саны (метрмен берілген
жарық жылдамдығы) бұл пішімде «3,E+08» түрінде
жазылады. Мұндағы «+» таңбасы үтірді оңға
жылжыту керек екендігін, ал «08» қанша разрядқа
жылжыту керек екендігін білдіреді.
Қосымша
(Дополнительный)

ұяшыққа
жазылған сан «Пошта индексі», «Индекс + 4»,
«Телефон нөмірі», «Табельдік нөмір» түрінде
көрсету.

Барлық пішімдер (Все форматы) бөлімде
стандартты пішімдерден бөлек қолданушыға
қажетті пішім құруға болады (мысалы, «Вт», «кг.»,
«м/с» және т.с.с.).

Мәтіндік формат(Текстовый). Егер бірінші символымыз әріп немесе
апостроф (’) болса, оның типі мәтін болып қабылданады және сандық емес
деректерді жазу үшін қолданылады. Бұларға тіркеу нөмірлері, поштаның
индексі мен телефонның нөмірі жатады.
Мәтіндік (Текстовый) – пішімде берілген ұяшық мәндері қалай енгізілсе,
солай бейнеленеді.
Бір ұяшыққа 32767 символға дейін енгізіледі. Бұл стандартты мәтіндік
редакторда 30 бет файлды құрайды. Электрондық кестеде қарапайым мәтін
ұяшықтың сол жақ шеті бойынша реттеледі.
Егер мәтін ұяшық жиегінен шығып кетсе, яғни мәтін ұзақ сөйлемнен тұрса,
онда ол іргелес жатқан ұяшықпен қабаттасады. Бұл жағдайда мәзірден
Ұяшықты
пішімдеу

Түзету
қатарынан
сөз
бойынша
тасымалдау(Переносить по словам) белгісін басамыз.
Формула түріндегі деректер типі. Егер ұяшық мазмұны «=»
символынан басталса(кейде «+» немесе «-»), онда бұл ұяшықтың мәні
формула ретінде қабылданады. Формуладағы әрекеттер реті
математикалық ережелермен сәйкес келеді: алдымен көбейту және бөлу,
содан кейін қосу және азайту орындалады. Алдымен жақшадағы амалдар
орындалады.
Формула жолы – парақ ұяшықтарындағы мәтін мен формулаларды енгізу және өзгеру үшін
қолданылатын панель. Егер ұяшыққа «4+3» енгізсек, онда ол жай сан ретінде қабылдап, формула
жолында дәл осылай көрсетіледі. Егер «=4+3» түрінде енгізілсе, онда формула ретінде қабылданып,
ұяшыққа нәтижесі шығады.
Электронды кестеде формуланың әртүрлі операторлары қолданылады. Олар:
мәтін, ұяшыққа сілтемелер, арифметикалық-математикалық операторлар, логикалық операторлар,
анықтамалық операторлар, екі мәтінді біріктіретін операторлар және жақшалар қолданылады.
Формуласы бар кез келген ұяшық тәуелді деп аталады.
Формулада мәтін қолдану
Формула жолында мәтінді қос тырнақшаға алып енгізу қажет. Формула жолында «=Компьютер»
деп енгізсек қате деп шығарады, ал «=”Компьютер”» дұрыс формула болып саналады. Екі мәтінді
біріктіру үшін & белгісін қою қажет. Мысалы: =”tash”&”baka”
Енгізілген деректерді ұяшықтан алып тастап, ұяшықтың бастапқы мәндерін қалпына келтіру үшін,
«Еsc» пернесін басамыз немесе формулалар жолындағы Болдырмау (Отмена) батырмасын шертеміз.
Формула операторлары
Excel программасындағы операторлар бинарлы және унарлы болып екіге бөлінеді.
Бинарлы операторлар қос мәнмен жұмыс істейді. Мысалы: «*» операторы сол жақтағы санды оң
жақтағы санға көбейтеді.
Унарлы операторлар бір мәнмен жұмыс істейді. Мысалы: «+» болса өзгеріссіз қалады, «-» болса оң
жақтағы санның мәнін қайтарады.
Арифметикалық операторлар
«+» - қосу («=5+5»)
«-» - азайту («=5-5»)
«*» - көбейту («=5*5»)
«/» - бөлу («=5/5»)
«^» - дәрежеге шығару («=2^5»)
«%» - пайыз («=3%»)

Логикалық операторлар
«>» - үлкен
«<» - кіші
«>=» - үлкен немесе тең
«<=» - кіші немесе тең
«=» - теңдікті тексереді
«<>» - тең емес
Анықтамалық операторлар
- «:» (қос нүкте). Екі ұяшық сілтемелері арасында қойылады. Бұл комбинация ауқым сілтемелері
болып табылады(А1:А15).
- «;»
(нүктелі
үтір).
Бірнеше
ұяшық
сілтемелерін
бір
сілтемеге
біріктіреді(SUM(A1:A15;B1:B15)).
- «_» (бос орын). Жиындардың қиылысу операторы. Екі ауқымның (В7:D7_C6:C8) жалпы
ұяшықтарына сілтеме жасау үшін қолданылады.
Егер ұяшықтағы формуланы программа дұрыс анықтай алмаса, ұяшықта төмендегі
қателердің бірі бейнеленеді:
Қате бейнесі
# Дел/0!
# Знач!
# Имя?
# Н/Д
# Пусто!
#Ссылка!
# Число!

Себебі

Нөлге бөлу берілген
Қате аргумент немесе оператор енгізілген
Мүмкін емес мән көрсетілген
Мән берілмеген
Қиылыспайтын ұяшықтар аймағы көрсетілген
Қате сілтеме берілген
Мәнді алу барысындағы қателік

Кестені біртекті деректермен автоматты толтыру
Excel программасының енгізуді автоматтандыратын өз құралдары бар. Оларға автотолтыру және
формулалармен автотолтыру жатады.
Excel-дегі Автотолтыру қызметі – кестені сандармен толтыруға, формулаларды автоматты қолдану
мен есеп жүргізуге арналған функция. «Автотолтыру» қызметінің көмегімен Excel-де сан, күн,тоқсан
тізімін дайындауға болады.
Автотолтырудың 3 жағдайда қолданылуы
1. Баған немесе жолдардың ұяшықтарын бірдей деректермен толтыруда қолданылады.
Мысалы, 500, 500, 500, 500, ...
2. Баған мен ұяшықтарды белгілі бір интервалдағы санмен толтыруда қолданылады.
Мысалы, тақ сандармен ұяшықтарды толтыру: 1, 3, 5, 7, 9...
3. Қатар тұрған ұяшықтарда бір формула көмегімен автоматты түрде есептеулер жүргізуде де
автотолтыру қолданылады. Мысалы, белгілі бір есептеуді орындау үшін, бір ғана ұяшыққа формула
жазу жеткілікті. Қалған ұяшықтарға формуланы автотолтыруды қолдану арқылы жылдам есептеуге
болады.

Шартты форматтау(пішімдеу)
Шартты форматтау дегеніміз – ұяшықтардағы деректерді белгілі шарттар
бойынша форматтау.

Ұяшықтарды ерекшелеу ережесі (Правила выделения ячеек)
нақты мәндері бар ұяшықтарды форматтау ережесін жасау
үшін қажетті түрлі параметрлер орналасқан контекстік мәзірді
ашады.
Ұяшықтарды ерекшелеу ережесі (Правила выделения ячеек)
бөлімінде «Үлкен», «Кіші», «Тең», «Аралығында»,
«Мерзім», «Мәтінді анықтау» мен «Қайталанатын
таңбалар» сияқты қызметтер бар.
Бірінші және соңғы мәндерді іріктеу ережесі (Правила отбора
первых и последних значений) – ұяшықтардағы мәндердің
алғашқы немесе соңғы элементтері топтарын анықтау
форматын тағайындайтын мәзірдің қосымша режимін ашу.

Гистограмма таңдалған ұяшықтардағы мәндерді көру
ыңғайлы болуы үшін әртүрлі түстегі гистограммаларды
қоюға мүмкіндік береді.

Түрлі түсті шәкілдер (Цветовые шкалы) – орналасқан
мәндеріне қарай ұяшықтарды екі немесе үш түске бояу
арқылы ерекшелеу.

Таңбалар жиынтығы (Набор значков) ұяшықтарға
қойылатын таңбаларды көрсетеді. Ұяшықта қандай таңба
болуы ұяшықтағы мәнді басқа ұяшықтардағы мәндермен
салыстыру арқылы анықталады.

Шартты форматтау терезесінің мәзірінде қосымша орындауға мүмкіндік беретін форматтар
Ереже құру.... (Создать правила..) таңдаған ұяшыққа пайдаланушы өзі форматтау шартын ұсынатын
Форматтаудың жаңа ережесін құру диалогтік терезесін ашады. Удалить правила (Ережені өшіру)
ұяшыққа параққа берілген ережелерді өшіруге мүмкіндік беретін диалогтік терезені ашады.

Ережелерді басқару... (Управление правилами ...) - Шартты форматтау ережелер диспетчері
диалогтік терезесін ашады. Бұл диалогтік терезе арқылы ережелерге өзгерістер енгізуге, өшіруге және
тізімдер бойынша жоғары-төмен жылжытуға болады.

Диаграммалар
Модель – (латын тілінен modulus - өлшем) деген мағынаны білдіріп, нақты объектінің, құбылыстың
немесе процестің қарапайым түрде берілуі.
Ақпараттық модель – ақпаратты кодтайтын тілде модельденетін объектінің сипаттамасы.
Модельдеу(Прототип) дегеніміз – объектілер мен құбылыстарды зерттеу үшін модель құру процесі.
Диаграмма – санды деректердің ерекшеліктерін визуалды қабылдауға ыңғайлы, түсінуге жеңіл етіп
график түрінде ұсыну әдісі.
Диаграмма түрлері: гистограмма немесе дөңгелек диаграмма.
Сонымен қатар диаграммалардың қосымша түрлері: жинақтау гистограммасы немесе үшөлшемдік
секторлық диаграмма.
Диаграмманың бірнеше түрін пайдалансақ, ол аралас диаграмма болып табылады.
Диаграммалар бөлімінде шаблон түрлері
Диаграмма түрлері
Гистограмма
График (Сызба)
Дөңгелек (Круговая)
Сызықтық (Линейная)
Аймақтармен (С областями)
Нүктелік (Точечная)
Биржалық (Биржевая)
Үстінгі бөліктер (Поверхностная)
Жапырақша тәрізді (Лепестковая)
Тармақталған (Древовидная)
Күн сәулесі тәрізді (Солнечные лучи)
Көпіршікті (Пузырковая)

Ішкі түрлері

Диаграмма элементтері

1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.

Диаграмма құру аймағы
Диаграмма атауы
Диаграмма легендасы (Легенда диаграммы)
Деректер қатары
Диаграмманың вертикаль осі
Диаграмманың көлденең осі
Диаграмманың торы
Диаграмманы өңдеу жолдары

Диаграмманың оң жақ бұрышында үш батырма (Диаграмма элементтері, Диаграмма стилі,
Диаграмма сүзгісі) арқылы өңдеуге болады.

Қосымша өңдеу мүмкіндіктеріне қолжеткізу үшін Мәзір жолағындағы «Конструктор» және
«Формат» бөлімдерінің Құрал-саймандар тақтасын қолдануға болады.
«Конструктор» бөлімінің Құрал-саймандар тақтасы арқылы диаграмма элекменттерін түрлендіруге,
диаграмма стилін, деректер ауқымдарын, диаграмманың орналасу орнын өзгертуге болады.

Конструкор бөлімі

«Формат» бөлімінің Құрал-саймандар тақтасы ағымдағы фрагментті қоюға, қосымша фигуралар
енгізуге, таңдау аймағын көрсетуге мүмкіндік береді.

Формат бөлімі
Подписи тақтасы(Диаграмма элементтерін өзгерту)
Макет батырмасын басып, Подписи (Қолтаңбалар)
құралдар тақтасын таңдаймыз.
Подписи (Қолтаңбалар) көмегімен құралдар тақтасы мен
диаграмманың атын өзгертуге, көлденең және тік осьтерге
ат қоюға, бағандарға атау (тақырып) беріп, бағандар мәнін
қоюға, мәні бойынша диаграмманың төменгі жағына кесте
құруға болады.
Деректерді таңдау... (Выбрать данные)
Көлденең осьтің атауын өзгерту үшін деректерді таңдау
командасын орындаймыз.
1. Жұмыс алаңындағы мәндер аймағын тінтуірмен көрсету

арқылы диаграмма құруға болады.
2. Добавить (Қосу) батырмасын басып, мәндерді қолмен
енгізу арқылы диаграмма құруға болады.

Аңыз (Легенда)
Диаграмманың шартты белгілеулері орналасқан аймақ Аңыз
(Легенда) деп аталады.
Макет батырмасын басып, Аңыз (Легенда) құралдар
тақтасын таңдаймыз.

Функциялар
Excel программасында күрделі мен қарапайым есептеулерге арналған 200-ден аса кіріcтірілген
функция қолдану мүмкіндігі қарастырылған.
Функциялардың аргументтері ретінде сандар, санды ернектер немесе сәйкесінше ернектер жазылған
уяшық адрестері мен диапазон адрестері пайдаланылады.
Excel программасында функцияны 3 жолмен еңгізуге болады:
1. Excel программасында функциялардың аттары пернелік тақтадан(клавиатура) теріліп
жазылады,
2. Формулы(Формулалар)=> Библиотека функций (Функция кітапханасы) деп аталатын
командамен енгізіледі,
3. Саймандар панеліндегі fx Вставить функцию (Функцияны кірістіру) батырмасының
көмегімен енгізіледі.
Excel программасында функциялардың төмендегідей категориялары бар:
1. Соңғы пайдаланған 10 функция
2. Қаржылық
3. Мерзім және уақыт
4. Математикалық
5. Статистикалық
6. Сілтемелер және массивтер
7. Мәліметтер қорымен жұмыс істеу
8. Мәтіндік
9. Логикалық
10. Қасиеттер мен мәндерді тексеру
11. Инженерлік
12. Аналитикалық

Математикалық функциялар
ABS (сан) – санның модулі;
SIN (сан), COS (число), TAN (число) – берілген санның сәйкес тригонометриялық функциялары;
ГРАДУСЫ (угол) – радианды градусқа айналдырады;
ЗНАК (сан) – санның таңбасын анықтайды: егер 1 оң сан болса; егер 0 саны 0-ге тең болса; егер 1
теріс сан болса;
КОРЕНЬ (сан) – квадрат түбірдің оң мәнін анықтайтын функция;
СУММ (сан 1; сан 2; …) – аргументтер тізіміне кіретін барлық санның қосындысын анықтайды;
СТЕПЕНЬ (сан; дәреже) – негізі кез келген нақты болатын санды дәрежелейді.
ЦЕЛОЕ(нақты сан) – бөлшек санды бүтін санға айналдырады.
ЧАСТНОЕ(сан, бөлуші) – екі санды бір біріне бөліп, бүтін санын қайтарады.
ОСТАТ(сан, бөлуші) – бөлінген санның бөлінбейтін қалдығын қайтарады. =ОСТАТ(5;3) 2
СЧЕТ(мән) – элементтерді санауды қайтарады.
Статистикалық функциялар
МАКС (аргумент 1; аргумент 2;…) – аргументтердің максимумын анықтайды;
МИН (аргумент 1; аргумент 2;…) – аргументтердің минимумын анықтайды;
СРЗНАЧ (аргумент 1; аргумент 2;…) – аргументтердің орташа мәнін есептейді;
СЧЕТ ЕСЛИ (диапазон; шарт) – берілген шартқа сәйкес келетін диапазон аралығындағы аргументтер
санын есептейді.

Логикалық функциялар

ЕCЛИ(ЕГЕР) (логикалық _ұғым; 1-мән; 2-мән) – 1-мән шешімі болса, онда логикалық ұғым ақиқат және

керісінше жағдайда 2-мән ақиқат болады.
И (ЖӘНЕ), ИЛИ (НЕМЕСЕ) функциялары күрделі шарттарды құруға арналған.
И (ЖӘНЕ) (логикалық_1 ұғым; логикалық_2 ұғым;...) – егер аргументтердің барлығы АҚИҚАТ мән
қабылдаса, онда мән АҚИҚАТ (ИСТИНА), кері жағдайда ЖАЛҒАН (ЛОЖЬ) болады.
ИЛИ (логикалық_1 ұғым; логикалық_2 ұғым;...) – егер аргументтердің жоқ дегенде біреуі АҚИҚАТ
мән қабылдаса, онда мән ИСТИНА (АҚИҚАТ), кері жағдайда ЛОЖЬ (ЖАЛҒАН) болады.

Мәтіндік функциялар
ЗАМЕНИТЬ (ескі мәтін; бастапқы позиция; символдар саны; жаңа мәтін) – мәтін жолының бір бөлігін
басқа мәтіндік жолмен алмастырады.
ДЛСТР (мәтін) – мәтіндік жолдағы символдар санын есептейді.
СТРОЧН(мәтін) – жолдағы мәтінді кіші әріпке айналдырады.
ВЫБОР(индекс номері; мәтін. 1; мәтін. 2;) – индекс арқылы мәтінді қайтарады.
СЦЕПИТЬ(мәтін; мәтін) – бірнеше мәтінді біріктіреді.
КОДСИМВ(символ) – функцияның көмегімен ASCII-кодтау жүйесі бойынша A,D,Y,L,R,N,M
әріптеріне енетін кодтарды анықтайды.
СИМВОЛ(сан) - функцияның көмегімен ASCII-кодтау жүйесі бойынша 59, 67, 70, 78 кодтарымен
берілген символды анықтайды.
Ұяшықтардағы ашылмалы тізім жасау
1.
2.
3.
4.

Шектеу болуы ұяшықты (немесе ұяшықтар диапазонын) таңдау,
Деректер(Данные) мәзіріндегі Деректерді тексеру(Проверка данных) батырмасын басу,
Деректер типі(Типы данных) ашылмалы тізімдегі Тізім(Список) Нұсқасын таңдау,
Дереккөз(Источник) өрісіндегі ұяшық диапазонын таңда.

Ұяшықтардағы деректерді өшіру, көшіру, қою, тазалау және редакциялау
Егер ұяшықтағы немесе ұяшықтар тобындағы деректерді өшіру керек болса, оларды
ерекшелеп, пернетақтадағы Delete пернесін басамыз немесе Редакциялау
(Редактирование) бөліміндегі Тазалау (Очистить) командасын таңдау керек.

Парақты, баған мен қатарды өшіру үшін, алдымен оларды ерекшелеп, содан кейін
Ұяшық (Ячейки) Өшіру (Удалить) ұяшықтарды өшіру командасын орындау
қажет. Өшірілген объектілердің орны бос қалмайды, төменгі жолдағы немесе оң
жақтағы бағандағы деректер жоғары не солға жылжып,жойылған орындарды
толтырады.
Ұяшықтың ішіндегі мәліметті басқа ұяшыққа көшіру үшін, Қиып алу (Вырезать)
батырмасын немесе СTRL+X пернесін басамыз.Ұяшықты көшіріп алу үшін, Көшіру
(Копировать) немесе CTRL+C пернесін басамыз. Көшіріп алған мәліметті Кірістіру
(Вставить) батырмасын немесе CTRL+V пернесін басу арқылы қоямыз.
Деректерді талдауға арналған құралдар
Деректерді топтау – ұяшық диапазондарын біріктіру.

Деректер консолидациясы – деректердің бірнеше
диапазонын бір диапазонға біріктіреді.

Сұрыптау және сүзгілеу – жолдар ретін өгертеді.

Аралас нәтижелер – тізімдермен жұмыс істеу кезінде
қолданылады.

Жиынтық кестесі – үлкен көлемді деректерді талдау
жасайтын құрал.
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
17.02.2024
851
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі