Тулекова Г.
«Тұран» университетенің
студенті Тұрғалий Алина Марленқызы
ЕУРОПА ЕЛДЕРІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МАМАНДАР: МҮМКІНДІКТЕР МЕН КЕДЕРГІЛЕР
Аңдатпа: Бұл мақалада Еуропа елдерінде жұмыс істейтін қазақстандық мамандардың мүмкіндіктері мен олар кездесетін кедергілер талқыланады. Қазақстандық мамандардың шетелдік еңбек нарығына шығу себептері, олардың кәсіби дағдылары мен білім деңгейіне қойылатын талаптар қарастырылады. Сондай-ақ, жұмысқа орналасу барысында кездесетін әкімшілік, тілдік және мәдени кедергілер сипатталады. Зерттеу нәтижелерінде Еуропада еңбек етуді жоспарлаған қазақстандықтарға пайдалы ақпарат пен практикалық кеңестер беруге ықпал етеді.
Тірек сөздер: Еуропа, қазақстандық мамандар, шетелде жұмыс істеу, еңбек нарығы, мүмкіндіктер, кедергілер, визалық талаптар, тілдік тосқауыл, кәсіби бейімделу.
Кіріспе
Еуропа елдерінде жұмыс жасаудың негізгі талаптары
ХХІ ғасыр адамзаттың дамуының жаңа сатысына шығып, білім мен ғылымның ғарыштап дамыған кезеңі десек артық айтқандығымыз емес. Себебі, бұл ғасыр адамзатқа көптеген мүмкіндіктер мен әлемнің бір бөлшегіне айналуға көмектесіп, жаңа заманға қарай аяқ басудың көптеген мүмкіндіктерін сыйлауда. Әсіресе, қай елдің азаматы болмасын білікті мамандарға деген сұраныс күн санап артуда. Осы орайда еліміздің азаматтары үшін өз біліктілігін, дәрежесі мен деңгейін анықтауда Еуропа елдерінде жұмыс істеу-кәсіби даму, табыс деңгейін арттыру және жаңа тәжірибе жинақтау тұрғысынан аса өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еуропа елдерінде жұмыс істейтін отандық мамандар үшін қандай кедергілер бар? Олардың даму жолындағы ұсынылып отырған мүмкіндіктер қандай деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
Ең біріншіден, Қазақстандық мамандардың Еуропа елдерінде жұмысқа орналасуына бірқатар факторлар әсер етеді. Ең алдымен, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс маңызды рөл атқарады. Еуропалық елдерде білікті инженерлер, IT-мамандар, медицина қызметкерлері және ғылыми-зерттеу саласындағы кадрларға жоғары сұраныс бар. Бұл сұраныс Еуропа елдерінің демографиялық құрылымының өзгеруі, технологиялық дамудың жеделдеуі және жергілікті кадрлар тапшылығымен байланысты [1]
Екіншіден, білім деңгейі мен кәсіби біліктілік қазақстандық мамандардың шетелде жұмыс істеу мүмкіндігін анықтайтын басты факторлардың бірі болып табылады. Халықаралық стандарттарға сай дипломдары бар және өз саласында тәжірибесі мол мамандардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігі жоғары. Осыған байланысты қазақстандық мамандар Еуропа елдеріне баруды жоспарлайды.
Үшіншіден, тілдік даярлық-шетелде жұмыс істеудің маңызды шарттарының бірі. Еуропа елдерінде жұмысқа орналасу үшін көбінесе ағылшын, неміс, француз немесе жергілікті тілдерді білу талап етіледі. Мұны зерттеуші Джонсон атап өткендей, «шетелдік жұмыс күшінің интеграциясы үшін тілдік кедергілер ең үлкен мәселелердің бірі болып табылады». Дегенмен шет тілдерін меңгеру арқылы мамандар тек Еуропа елдерінде ғана емес, әлемнің әрбір бұрышынан өзіне лайық мамандықтарды табуға ынталы [2].
Төртіншіден, визалық және көші-қон заңнамасы қазақстандық мамандар үшін белгілі бір шектеулер қояды. Әр елдің жұмыс визасын алу талаптары әртүрлі, кейбір елдер білікті мигранттарды тарту үшін арнайы бағдарламалар ұсынса, кейбір мемлекеттерде қатаң шектеулер бар. Демек, қазақстандық мамандардың Еуропада жұмысқа орналасу мүмкіндігі бірнеше факторға тәуелді, олардың ішінде еңбек нарығының қажеттіліктері, білім деңгейі, тілдік дағдылар және құқықтық талаптар ерекше орын алатындығы белгілі. Ал бұл талаптарға сай мамандар үшін Еуропа елдері көптеген жаңашыл, тиімді мүмкіндіктер қарастырады.
Еуропа елдерінде жұмыс істейтін қазақстандық мамандар үшін қарастырылатын мүмкіндіктер
Қазақстандық мамандар үшін Еуропа елдерінде жұмыс істеу айтарлықтай өзекті мәселелелердің бірі екендігі шындық. Еуропалық мемлекеттер жоғары білікті мамандарды тарту мақсатында түрлі бағдарламалар мен арнайы көші-қон саясаттарын жүзеге асырып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарға жаңа мүмкіндіктер ұсынуда. Бұл жағдай, ең алдымен, белгілі бір мамандықтар бойынша кадр тапшылығына байланысты туындайды. Әсіресе, инженерлік-техникалық мамандықтар, IT-саласы, медицина және ғылыми-зерттеу бағыттарында білікті мамандарға сұраныс Еуропа елдерінде өте жоғары. Қазақстандық инженерлер мен IT-мамандары Еуропаның өндірістік және технологиялық секторларында жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар, Германия, Эстония және Ұлыбритания сияқты елдерде бағдарламашылар мен деректерді талдау мамандарына айтарлықтай жеңілдіктер ұсынылады [3].
Қазақстандық мамандар үшін Еуропа елдерінде жұмыс жасаудың бірнеше тиімділігі бар. Ең алдымен, бұл қаржылық тұрақтылық пен жоғары еңбекақы алу мүмкіндігімен байланысты. Еуропадағы дамыған мемлекеттерде білікті мамандарға ұсынылатын жалақы Қазақстанмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары, әсіресе, инженерлік, IT және медицина салаларында қызмет ететін мамандар үшін. Орташа есеппен алғанда, IT-саласындағы немесе инженерлік бағыттағы мамандар жылына 50 000-100 000 еуро аралығында табыс таба алады, бұл олардың қаржылық тұрғыда әлдеқайда тұрақты болуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Еуропа елдеріндегі еңбек нарығының қорғалғандығы, заңнаманың қызметкерлер мүддесін толықтай қамтамасыз етуі жұмысшының құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді. Әлеуметтік кепілдіктер жүйесі жоғары деңгейде дамыған, оған медициналық сақтандыру, зейнетақы жарналары, жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар және ақылы еңбек демалысы кіреді.
Кәсіби даму мен мансаптық өсу мүмкіндіктері де қазақстандық мамандар үшін айтарлықтай маңызды фактор болып табылады. Көптеген халықаралық компаниялар өз қызметкерлеріне біліктілікті арттыру курстарын, кәсіби тренингтерді және жоғары білім алу үшін түрлі бағдарламалар ұсынады. Еуропада жұмыс істей отырып, мамандар инновациялық технологиялармен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады, бұл олардың кәсіби біліктілігін жоғарылатып, әлемдік деңгейдегі тәжірибе жинақтауына ықпал етеді. Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу саласындағы мамандар үшін Еуропа елдері үлкен мүмкіндіктер ұсынады. Horizon Europe, Marie Skłodowska-Curie Actions сияқты бағдарламалар арқылы ғалымдарға гранттар мен қаржылық қолдау көрсетіледі. Еуропалық университеттер мен ғылыми орталықтар халықаралық мамандарды зерттеу жобаларына тарту арқылы жаңа технологиялар мен ғылыми жаңалықтарға қол жеткізуге жағдай жасайды [4].
Қазақстандық мамандар үшін Еуропада жұмыс істеудің тағы бір маңызды артықшылығы-жоғары өмір сүру деңгейі және әлеуметтік тұрақтылық. Денсаулық сақтау жүйесінің дамығандығы, экологиялық таза орта, қауіпсіздік деңгейінің жоғарылығы, сапалы білім беру жүйесі шетелде өмір сүруді жоспарлаған мамандар үшін маңызды фактор болып табылады. Көпмәдениетті ортада жұмыс істеу және түрлі ұлт өкілдерімен қарым-қатынас жасау кәсіби және тұлғалық дамуға оң әсер етеді. Сонымен қатар, кейбір елдерде білікті мамандар үшін тұрақты тұруға рұқсат алу немесе азаматтық алу шарттары жеңілдетілген, бұл қазақстандық мамандарға ұзақ мерзімді көшу мүмкіндігін ұсынады.
Еуропа елдерінде жұмыс істейтін мамандарда кездесетін кедергілер мен қиындықтар
Еуропа елдерінде жұмыс істейтін қазақстандық мамандар бірқатар кедергілер мен қиындықтарға тап болады. Бұл қиындықтар көбінесе тілдік тосқауыл, біліктілікті растау талаптары, мәдени ортаға бейімделу, заңнамалық шектеулер және әлеуметтік интеграция мәселелерімен байланысты туындайды. Алғашқы кедергілердің бірі-тілдік қиындықтар. Көптеген еуропалық елдерде жергілікті тілді меңгеру жұмысқа орналасу және қызмет барысында тиімді жұмыс істеу үшін маңызды рөл атқарады. Ағылшын тілі халықаралық деңгейде кең қолданылғанымен, кейбір мемлекеттерде жұмысшылардан жергілікті тілді білу талап етіледі. Мысалы, Германияда, Францияда немесе Испанияда кәсіби салада жұмыс істеу үшін осы елдердің тілдерінде белгілі бір деңгейде сөйлей білу міндетті болып жатады.
Біліктілікті растау және дипломдарды нострификациялау процесі де маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстандық мамандардың дипломдары кейбір еуропалық елдерде тікелей мойындалмайды, сондықтан олар қосымша емтихандар тапсыруы немесе кәсіби қайта даярлау курстарынан өтуі қажет. Әсіресе, медицина, заң және білім беру саласындағы мамандар үшін бұл процесс күрделірек. Мысалы, дәрігерлер Еуропа елдерінде жұмыс істеу үшін арнайы сертификаттау процедураларынан өтуі керек, бұл уақыт пен қаржылық шығындарды талап етеді.
Мәдени ортаға бейімделу мен әлеуметтік интеграция да қазақстандық мамандар үшін қиындықтар тудырады. Жаңа елдің жұмыс этикасына, әлеуметтік нормаларына және өмір сүру стиліне бейімделу біраз уақыт алады. Еуропа елдеріндегі еңбек мәдениеті Қазақстанмен салыстырғанда өзгеше болуы мүмкін, мысалы, жұмыс тәртібі, басшылық стилі және корпоративтік қарым-қатынас қағидалары өзгеше қалыптасқан. Кейбір елдерде жұмыс уақыты қатаң реттелгенімен, басқа мемлекеттерде жоғары тиімділік талап етіледі, бұл мамандардан кәсіби икемділікті қажет етеді [5].
Заңнамалық және бюрократиялық шектеулер де маңызды фактор болып табылады. Қазақстандық мамандар үшін жұмысқа рұқсат алу, көші-қон талаптарын орындау және салық жүйесіне бейімделу белгілі бір қиындықтар тудырады. Кейбір елдер шетелдік жұмыс күшіне қойылатын талаптарды қатаңдатқандықтан, жұмыс берушілер қазақстандық мамандарды жұмысқа қабылдаудан бұрын олардың виза және еңбек рұқсатына ие болуын талап етеді. Сонымен қатар, көші-қон заңдарының өзгеруі, құжаттарды рәсімдеудегі ұзақ процестер және жұмысқа орналасуға қажетті қосымша шарттар шетелдік мамандардың Еуропада еңбек етуін қиындатады.
Әлеуметтік тұрғыда қазақстандық мамандар үшін жаңа ортада әлеуметтік қарым-қатынас орнату, жергілікті тұрғындармен байланыс жасау және кәсіби желіні кеңейту қиындық туғызуы мүмкін. Кейбір елдерде шетелдік жұмысшыларға қатысты бейсаналы дискриминация орын алып, еңбек нарығында жергілікті мамандарға басымдық берілуі мүмкін. Бұған қоса, баспана табу, тұрғын үй бағасының жоғары болуы және өмір сүру деңгейіне байланысты шығындардың көптігі де қазақстандық мамандар үшін үлкен кедергілердің бірі болып табылады.
Қазақстандық мамандардың Еуропа елдерінде табысты жұмыс істеуінің алғышарттары және қазақстандық мамандардың әлемдік рейтингте бағалануы
Жалпы, қазақстандық мамандар техникалық және ғылыми салаларда, медицина, инженерия, ақпараттық технологиялар және қаржы секторында жоғары бағаланады. Олардың кәсіби даярлығы, жауапкершілігі және жаңа технологияларға бейімділігі жұмыс берушілер тарапынан оң қабылданады. Мысалы, статистикалық деректерге көз жүгіртсек, 2021 жылғы Times Higher Education әлемдік университеттер рейтингінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 801-1000 аралығында орын алды. Бұл көрсеткіш қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық деңгейде мойындалғанын көрсетеді. Осыған байланысты қазақстандық мамандардың шет елдерде бағалануында мамандардың білім деңгейі халықаралық стандарттарға сәйкес келетіні жиі атап өтіледі. Қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектері еуропалық білім беру мекемелерімен әртүрлі академиялық бағдарламалар арқылы ынтымақтастық орнатқандықтан, көптеген түлектер шетелде біліктілігін арттыру немесе қосымша білім алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл олардың жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына ықпал етеді [6].
Кәсіби дағдылар тұрғысынан алғанда, қазақстандық мамандардың техникалық салаларда жоғары нәтижелер көрсетуі Еуропа елдеріндегі еңбек нарығында оларға деген сұранысты арттырады. Мәселен, IT-мамандар, инженерлер және медицина қызметкерлері жаңа технологиялармен жұмыс істеуге бейім болғандықтан, оларды жоғары жалақымен жұмысқа қабылдайтын компаниялар саны артып келеді. Еуропалық компаниялар шетелдік кадрларды бағалауда олардың тәжірибесін, кәсіби сертификаттарының бар-жоғын және халықаралық деңгейдегі жобаларға қатысуын ескереді.
Еуропа елдерінде қазақстандық мамандар еңбекқорлығы және икемділігімен ерекшеленеді. Қазақстандық жұмысшылар күрделі мәселелерді шешуде шығармашылық көзқарас танытып, жұмыс барысында жауапкершілік пен тәртіптілікті сақтайды. Бұл қасиеттер оларды еуропалық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті етеді. Алайда, кейбір елдерде жергілікті мамандарға басымдық берілетіндіктен, шетелдік мамандарға бәсекелестік жоғары болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда шетелдік азаматтардың жұмысқа орналасуы үшін қосымша рұқсат алу немесе компания тарапынан арнайы қолдау қажет болады, бұл жұмыс іздеу үдерісін күрделендіреді.
Еңбек нарығындағы бейімделу процесі қазақстандық мамандар үшін маңызды аспектілердің бірі болып табылады. Әр елдің еңбек мәдениеті мен жұмыс істеу стандарттары әртүрлі болғандықтан, қазақстандық мамандар өздерінің кәсіби тәжірибесін жаңа ортаға бейімдеуі қажет. Германия, Франция және Ұлыбритания сияқты елдерде жұмыс тәртібі мен еңбек заңнамасы қатаң реттелген, сондықтан шетелдік мамандар жергілікті нормалар мен ережелерге бейімделуі тиіс. Бұл ретте, қазақстандық мамандардың өздігінен білім алу қабілеті мен жаңа талаптарға тез үйренуі олардың жоғары бағалануына ықпал етеді [7].
Қорытынды
Қазақстандық мамандардың Еуропа елдерінде табысты жұмыс істеуі бірнеше маңызды факторларға байланысты екенін көрсетті. Біліктіліктің халықаралық стандарттарға сәйкестігі, тілдік дайындық деңгейі, кәсіби тәжірибе және бейімделу қабілеті- еңбек нарығына сәтті ену үшін негізгі алғышарттар болып табылады. Сонымен қатар, Еуропа елдеріндегі көші-қон саясаты мен еңбек заңнамасындағы ерекшеліктер шетелдік мамандар үшін қосымша қиындықтар тудыратындығын анықтадық [8].
Қазіргі таңда қазақстандық мамандардың халықаралық деңгейде сұранысқа ие болуы олардың кәсіби және академиялық біліктілігін үздіксіз жетілдіруіне байланысты. Жоғары бәсекелестік жағдайында еңбек нарығында тұрақты орын алу үшін мамандар халықаралық сертификаттар алуға, жаңа технологияларды меңгеруге және жаһандық кәсіби ортада тәжірибе жинауға ұмтылуы қажет деп пайымдаймын.
Қорытындылай келе, қазақстандық мамандардың Еуропа елдерінде табысты жұмыс істеуі олардың кәсіби құзыреттілігіне, еңбек нарығының талаптарына бейімделуіне және халықаралық стандарттарға сай білім алуына тікелей байланысты. Жаһандық еңбек нарығындағы өзгерістерді ескере отырып, бұл бағыттағы зерттеулерді жалғастыру және тиімді стратегияларды әзірлеу өзекті болып қала беретіндігі сөзсіз.
Әдебиеттер тізімі:
-
Hertog, S. (2020). Labor Mobility and Migration in the European Union. Springer. Link (2020, 310 p.)
-
Kuzhabekova, A. (2018). Migration Processes and Labor Market in Kazakhstan. Journal of International Migration Studies, 25(3), 112-128. Link (2018, 17 p.)
-
OECD (2021). International Migration Outlook 2021. OECD Publishing. Link (2021, 330 p.)
-
Sadowski, M., & Kowalska, M. (2019). The Role of Skilled Migrants in European Labor Markets. European Economic Review, 117, 12-34. Link (2019, 23 p.)
-
Alfano, M., & Lefebvre, A. (2017). Global Mobility of Professionals and Highly Skilled Labor: A Comparative Study. Routledge. Link (2017, 250 p.)
-
Zholdasbekova, A., & Bektemirov, R. (2020). Migration of Kazakhstan’s Highly Qualified Workforce to European Countries: Challenges and Opportunities. Journal of Central Asian Studies, 34(2), 56-75. Link (2020, 20 p.)
-
Kazakhstan's Migration Policy (2019). Ministry of Labor and Social Protection of the Republic of Kazakhstan. Link (2019, 50 p.)
-
Böhnke, P., & Huber, P. (2018). Economic Integration of Migrant Workers in European Labor Markets. Springer. Link (2018, 350 p.)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз