Еуропаның дамыған елдері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Еуропаның дамыған елдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Еуропаның дамыған елдері. Мақсаты: Еуропаның дамыған елдерін, шаруашылығын анықтау. Көрнекілік: Оқулық, қосымша деректер, д.ж. экономикалық картасы т.б. Жоспары. 1. Шетелдік Еуропаның жекелеген аудандары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 30.01.15

Пәні: Биология

Сыныбы: 8 «В»

Сабақтың тақырыбы: Тыныс алудың маңызы.Тыныс алу мүшелері. Өкпенің құрылысы және қызметі.

Мақсаты:

1. Білімділігі : Оқу- танымдық құзыреттілік негізінде тыныс алудың маңызымен таныстыру.Тыныс алу мүшелері ауа тасымалдайтын жолдар және өкпе,мұрын, жұтқыншақ, көмекей,кеңірдек және негізгі бронхылар ,олардың құрылысы мен қызметі туралы білім беру.

2. Дамытушылығы:Ақпараттық- технологиялық құзыреттілік негізінде, тыныс алудың маңызы жайлы түсіндіріп отырып , оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелігі: Коммуникативті құзыреттілікті тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын сақтауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Керекті құрал- жабдықтар: оқулық, кестелер, сызба-нұсқалар, презентация ( слайд),

Әдіс- тәсілдері : сұрақ- жауап,топпен жұмыс,кестелермен суреттерді қолдана отырып,көрнекіліктерді көрсету.

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин

  2. Үй тапсырмасын тексеру 9 мин

  3. Жаңа сабақ түсіндіру 15 мин

  4. Тақырыпты бекіту 10 мин

  5. Қорытынды 2 мин

  6. Бағалау 2 мин

I.Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушылармен сәлемдесу.

ә)оқушыларды түгендеу.

Сабақтың барысы:

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1)Сұрақтарға жауап береді.

  1. Қан кету дегеніміз не?

  2. Қан кетудің түрлері?

  3. Капиллярлық қан кетуді қалай тоқтатады?

  4. Артериядан қан кеткенде қандай алғашқы көмек шараларын көрсету керек?

  5. Венадан қан кеткенде қандай көмек көрсету керек?

  6. Мұрыннан қан кеткен кезде көрсетілетін алғашқы көмек?



III.Жаңа материалды игеру.

Тыныс алудың маңызы.Тыныс алу жүйесі өте маңыды-газ алмасу қызметін атқарады,ал газ алмасусыз тіршілік ету мүмкін емес.Организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп ,көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесі тыныс алу деп аталады.

Тыныс алу мүшелерінің құрылысы.Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей(көмекей),кеңірдек және бронхылар жатады.Бұлар-ауа тасымалдайтын жолдар.Сонымен қатар өкпе жатады.Өкпеде газ алмасу жүреді.

Мұрын куысының құрлысы. Ауа танау тесіктері арқылы кеңсірікке барады. Кеңсірікті сүйекті-шеміршекті перде оң және сол жартыға бөліп тұрады. Кеңсіріктің қабырғалары эпителий ұлпасынан түзілген кірпікшелері мен түктері бар кілегейлі қабықшалар қаптайды. Онда көптеген ұсақ бездер болады. Безді жасушалардан бөлінген шырыш шаң мен тозаңдарды ұстап қалады. Әрі ау ылғалданады. Қан жасушалары- лейкоциттер болады. Кеңірдектің жоғарғы жағында түрлі истерді қабылдайтын иіс сезу жүйкелерінің ұштары орналасады.

Жұтқыншақ құрлысы. Бұнда ас қорыту және тыныс алу жүйелерінің жолы түйіседі. Тамақ жұтқыншақтан өңешке, ауа жұтқыншақтан көмекейге өтеді. Жұтқыншақ әрі ас қорыту, әрі тыныс алу мүшелер жүйесіне жатады.

Көмекей- мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші куыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін кілегейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы 3 жұп, 3 сыңар шеміршектерден тұрады. Шеміршектердің арасында- 2 дыбыс сіңірлері болады. Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістікті дыбыс саңлауы дейді. Дыбыстың шығуы адам сөйлегенде ауа ағынының дыбыс сіңірлерін тербелуіне байланысты. Дыбыс сіңірлері неғұрлым ұзын болса, оның тербелісінен дыбыс жуан шығады. Ер адамдардың кһмекейі ұлкен, дыбыс сіңірлері ұзын, дауыстары жуан, көмекейлерінің орташа салмағы 44мм. Ал әйелдердің көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қысқа болғандықтан, дауысы жіңішке болады, оның орташа ұзындығы 44мм. Сонымен көмекей- ауа өткізу және дыбыс шығаруға қатысады.

Кеңірдек – көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Кеңірдектің алдыңғы қабырғасы бір - бірімен сіңірлер арқылы өзара байланысқан жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады. Жартылай сақиналы шеміршектер кеңірдектің бір – біріне қабысып қалмай ауаның еркін өтуін қамтамасыз етеді.

Кеңірдек 5 арқа омыртқасының тұсынан оң және сол өкпеге баратын 2 бронхыға тармақталады. Бронхы кеңірдектің жалғасы. Ішкі беті кілегейлі қабықшамен қапталған. Бронхылар өкпеде өте көп тармақтарға бөлінген.

Ең жіңішке тармақтары бронхиолалар деп аталады. Бронхиолдардың ұштары шоғырланып, іші ауаға толы өкпе көпіршіктерімен аяқталады.

Өкпе – кеуде қуысының қабырғасына жанаса орналасқан серпімді, борпылдақ мүше. Өкпеде қан тамырлары көп болғандықтан, түсі қызғылт. Адамда екі өкпе болады. Оң жақ өкпені сайшалар 3 бөлікке, сол жақ өкпені 2 бөлікке бөледі. Екі өкпенің бір- біріне қараған ішкі бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Ол арқылы өкпе артерия қан тамырлары, бронхылар, жүйкелер өкпеге енеді, өкпе вена қантамырлары шығады. Өкпе болып жатқан өкпе көпіршіктерімен жиі тарамдалған ұсақ бронхиолалардан түзілген. Екі өкпенің арасындағы кеңістікте жүрек сол жаққа таман орналасқандықтан, сол жақ өкпе сәл кішілеу болады. Әр өкпенің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген қабықша – өкпе плеврасы қаптайды.

Өкпе көпіршіктері серпімді болғандықтан тыныс алғанда созылады. Өкпе көпіршіктерінің сыртын тұтас капилляр қантамырлары торлап жатады.Олардың қабырғасы өте жұқа болғандықтан, олардың арасында газдар еркін алмасады.


IV.Жаңа сабақты бекіту.

1)Топтасу статегиясы.

Кеуде қуысында орналасқан

Өкпе көпіршіктері бар.





Өкпе

Оң жақ өкпе

Сол жақ өкпе





Өкпеқаппен жабылған



Кеуекті жүмыр жұп мүше









Ауаға толы өкпе көпіршіктері

700 млн альвеола бар





Альвеола-лар

Бір қабатты эпителий

Жалпы беті 120м2





Тереңдігі 0,06-0,3 мм

Диаметрі0,2- 0,3мм







3)биологиялық диктант

1. ......- мойынның алдыңғы жағына орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше.(көмекей)

2. .........Өкпенің сыртын қаптайтын, дәнекер ұлпасынан түзілген қабықша.(өкпеқап)

3. ......кеуде қуысының қабырғасына жанаса орналасқан серпімді мүше. (өкпе)

4.......дыбыс сіңірлері арасындағы кеңістік.( дыбыс саңлауы)

5.........көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше.(кеңірдек)

6.......ағыза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу. (тыныс алу)

7.........әрі ас қорыту, әрі тыныс алу мүшесіне жатады.(жұтқыншақ)

8..........нағыз тыныс алу мүшесі. (өкпе)


3) тыныс алу мүшелерін ретімен жаз.

Көмекей, бронхы, мұрын куысы, өкпе,кеңірдек, жұтқыншақ.

(мұрын куысы, жұтқыншақ, көмекей,кеңірдек,бронхы, өкпе)

4)Логикалық сұрақ

  1. Неге ауызбен емес мұрынмен дем алған дұрыс?

  2. Суға түсірілген өкпе неге батпайды?


V.Қорытынды.

VI.Бағалау.

VII.Үйге тапсырма беру. Тыныс алудың қозғалыстары, олардың реттелуі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
619
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі