Еуропаның дамыған елдері. Ұлыбритания. Франция. Италия.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Еуропаның дамыған елдері. Ұлыбритания. Франция. Италия.

Материал туралы қысқаша түсінік
Еуропаның дамыған елдеріне жалпы шолу. Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 11.

Күні:

Пәні: География.


1. Сабақтың тақырыбы: Еуропаның дамыған елдері. Ұлыбритания. Франция. Италия.


2. Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі:

Еуропаның дамыған елдеріне жалпы шолу. Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту.


3. Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі:

рольдік ойын, жеке жұмыс, топтық жұмыс.


4. Сабақтың нәтижесі: Білу: Оқушылар Еуропаның дамыған елдері аймақ құрамына кіретін елдерді анықтай алады, экономикалық - географиялық жағдайы, жайлы мәліметтермен танысып оларға сипаттама беруді үйренеді, түсініктерін кеңейтеді.


Түсіну: Еуропаның дамыған елдеріне енетін елдерді ажырата алады.


Қолдану: Еуропаның дамыған елдерін Ұлыбритания, Франция, Италияны картадан көрсете алады.

Талдау: Еуропаның дамыған елдері Ұлыбритания, Франция, Италияның монархилық және республикалық басқару жүйелеріндегі елдерді ажыратып, талдай алады.

5. Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау:

критерий бойынша оқушылардың бір-бірін бағалауы.


6. Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу:

Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.


7. Ресурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, презентация, интернет материалдары.

Сабақ барысы

Уа-қыт

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

5 мин

Кіріспе

1. Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды

2. Мұғалім үй тапсырмасын деңгейлік тапсырмалардың орындалуына қарай сұрайды.

3. Мұғалім бүгінгі сабақты алдын ала оқушыларға тапсырма беру арқылы жарыс түрінде ұйымдастырады. Сыныпты 5-6 адамнан тұратын үш топқа бөледі.

1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды, топтарға бөлінеді.

2.Оқушылар үй тапсырмасын деңгейлік тапсырмалардың орындалуына қарай өзара бір-бірін бағалайды.

10 мин

Тұсаукеср

1. Мұғалім оқушылармен бірге бүгінгі жарыс сабағының тақырыбы мен мақсатын айқындайды. 2. Мұғалім үш топқа Ұлыбртания, Франция, Италия деген тақырыптармен танысып шығуға тапсырма береді.

1. Оқушылар берілген тапсырманы орындап, жаңа тақырыппен танысып шығады.

25

мин

Негізгі

бөлім


1. Оқушылар презентациялар арқылы топпен тақырыпты ашуға кіріседі.

2. Тақырыппен танысқан соң, мұғалімнің нұсқаулығымен топтар бір-біріне 2 тапсырмадан береді.


3. Мұғалім Еуропаның саяси какртасында болашақта қандай өзгерістер болуы мүмкін деп оқушылардан пікірлерін сұрайды.

1. Оқушылар тақырыпты ашып, талдаған соң сұрақтарға жауап беріп, Еуропаның дамыған елдерінің аймақтарын анықтап, дәптерлеріне түсіреді.

2. Топтар тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап беруге тырысады.

3. Оқушылар осы сұраққа байланысты өз ойларын ашық жеткізеді.

5

мин

Қорытынды

1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.

2. Үйге тапсырма:

1) § 21-26 оқу

2) Еуропаның дамыған елдерін кескін картаға түсіру.

1. Оқушылар бірін-бірі критерий бойынша бағалайды.

2. Оқушылар суреттер арқылы кері байланыс жасайды.




Қосымша

Берілген тапсырмалар:

1-топ.

Германияның мемлекеттік құрлымын сызбанұсқамен көрсет.

2-топ.

Германияның халқына қысқаша сипаттама бер.

3-топ.

Германия инвестициясының Қазақстанның өнеркәсіп салаларындағы үлесін анықта.


1-топ

Тапсырма №1
Сұрақ-жауап:

Англия

Сіз тандаған провинция қалай аталады? Жауабы: Англия

Ұлыбританияның неше пайызы Англияда тұрады? Жауабы: 83%

Англияның туының түстерін ата. Жауабы: Ақ және қызыл

Англияның жерінің ауданы? Жауабы: 133 396 км²

Англияның астанасы? Жауабы: Лондон

Уэлсь

Сіз тандаған провинция қалай аталады? Жауабы: Уэлсь

Уэлстің мемлекеттік туында не бейнеленген? Жауабы: Қызыл айдаһар

Уэлстің жерінің ауданы? Жауабы: 20 779 км²

Уэлстің астанасы? Жауабы:Кардифф



Шотландия

Сіз тандаған провинция қалай аталады? Жауабы: Шотландия

Шотландияның жерінің ауданы? Жауабы: 78 772 км²

Шотландияның астанасы? Жауабы: Эдинбург

Шотландияның ірі қаласы? Жауабы: Глазго



Солтүстік Ирландия

Сіз тандаған провинция қалай аталады? Жауабы: Солтүстік Иралндия

Солтүстік Ирландияның астанасы және ірі қаласы? Жауабы: Белфаст

Солтүстік Ирландияның жерінің аумағы? Жауабы: 13 843 км²

Тапсырма №2

Абайдың өлең жолдарынан, сөз құрастыр.

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
Ол бірақ қайтіп келіп, ойнап – күлмес
«Мені» мен «менікінің» айрылғанын
«Өді» деп ат қойыпты өңкей білмес.

Көпадамдүниеге бой алдырған
Бой алдырып, аяғынкөпшалдырған
Өлдідеугесыямаайтыңдаршы
Өлмейтұғынартынасөзқалдырған?

Кімжүрертіршіліккекөңілбермей?
Бақиқоймасфәнидіңмінінкөрмей
Мініқайдаекенінбілеалмассың
Тереңойдыңтелміріпсоңынаермей.

Дүниедегідосақиреткебірдейболмас
Екеуі тап бірдейбопорнығаалмас
Дүниегеынтық, мәғшәрғаамалсыздың
Иманынтүгелдеугеаузымбармас.

2-9, 5-10, 13-6, 1-2, 7-11, 13-13, 7-12



2-топ.

Тапсырма №1

Франция жер аумағын франция тұрғындары қандай фигураға ұқсатады?

Осы фигураны немен байланыстырады?

Тапсырма №2

Атлас мәліметтерін пайдалана отырып, Франция аумағының мозайкасын құрастыр.



3-топ.

Тапсырма №1
Кітаптағы және интернеттегі мәліметтерді пайдалана отырып Италияның сәулет өнері туындылары мен нышандарын кескін картада дұрыс орналастырыңдар

Тапсырма №2

Италияның калалары және ұлттық саябақтары аттарына байланысты сұрақтарға жауабын ағылшынша жазу керек. Ең соңында қазақша аудармасы “білім – бақытқа апарар жол” деген сөйлемді итальянша айту керек.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2018
590
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі