Сабақтың тақырыбы:
Ф дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
1. Ф
дыбысы, әрпімен танысу, берілген сөздерді оқу және жазуға, буын
оның түрлерін ажырата білуге үйрету
2. Оқушылардың ойлау,сөйлеу,зейін қабілеттерін,
есте сақтауын дамыту.
3. Салауатты өмір салтына
тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі:Ф ф
әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты
дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы,
сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе
буындар.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
,сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа
зейінін аудару.
ІІ . Психологиялық
дайындық:
–Терезеге қараңдаршы. Бүгінгі күн неткен
тамаша,жарқын күн!Күннің сәулесі бізге жылу, жарық,мейірім мен
қуаныш сыйлайды.Келіңдер, күннен өтінейік,ол әрдайым жылы,әрі жарық
сәулесін шаша берсін.
Жарқын күн, жарқын күн!
Мен сені сүйемін.
Мен сеннен сұраймын!
Бер маған жарқын күн,
Бейбіт күн жылуын!
Бер маған жарқын күн,
Денсаулық,ізгілік!
ІII. Өткен сабақтан алған білімін
тексеру.
а)Сұрақ-жауап:
–Дыбыс дегеніміз не?Сызбасын
көрсет?
-Ауызбен айтамыз,құлақпен
естиміз.
-Дыбыс нешеге бөлінеді?
-Дыбыс 2 бөлінеді.
-Дыбыс түрлерін ата?
-Дауысты,дауыссыз.
-Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен
белгілейміз? Сызбасын көрсет.
-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға
келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.
-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
–
Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.
-Қандай болып бөлінеді?
-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.
–
Жуан дауыстылар:а,о,ұ,ы.
–
Жіңішке дауыстылар:ә,е,ө,ү,і,и.
-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен
белгілейміз?Сызбасын көрсет.
–
Дауыссыз дыбыс қысқа айтылады,өлең айтуға
келмейді.Көк текшемен белгілейміз.
–
Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
–
Дауыссыз дыбыс 3 бөлінеді.
-Қандай болып бөлінеді?
-Ұяң дауыссыз,үнді дауыссыз,қатаң
дауыссыз.
-Ұяң дауыссыздар:б,ғ,д,ж,;
-Үнді
дауыссыздар:л,м,н,ң,р,й,(у);
-Қатаң дауыссыздар:
к,қ,п,с,т,ш.
-Дыбысты немен таңбалаймыз?
-Дыбысты әріппен таңбалаймыз.
-Дыбыстан не құралады?
-Буын құралады. Сызбасын
көрсет.
-Дыбыстан тағы не құралады?
-Сөз құралады. Сызбасын
көрсет.
-Сөйлем неден құралады?
-Сөйлем сөздерден құралады. Сызбасын
көрсет.
-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай
жазылады?
-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып
жазылады.
-Сөйлем соңынан қандай тыныс белгісі
қойылады?
-Сөйлем соңынан нүкте,сұрақ,леп белгісі
қойылады.
-Сөйлем нешеге бөлінеді?
-Сөйлем 3 бөлінеді.
–Сөйлем түрлерін атаңдар?
-Сұраулы сөйлем,хабарлы сөйлем,лепті
сөйлем.
-Зат есім дегеніміз не?
-Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім
дейміз.
-Зат есім сұрақтары?
-Кім?Не? Кімдер?Нелер?
-Зат есімнің неше түрі бар?
–
Зат есімнің 2 түрі бар.
-Атап айтыңдар?
-Жекеше түрі,көпше түрі.
-Жекеше түрінің сұрақтары?
-Кім? Не?
-Мысал келтір.
-Көпше түрінің сұрақтары?
-Кімдер?Нелер?
-Мысал келтір.
-Көптік жалғауларын айт?
-лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер.
-Диалог дегеніміз не?
Екі немесе бірнеше адамның өзара
сөйлесуі.
-Мәтін дегеніміз не?
-Мәтін бірнеше сөйлемдерден
құралады.
-Мәтінге не қоюға болады? Мәтінге ат қоюға
болады.
-Ол не деп аталады?
-Тақырып.
-Өткен сабақта қандай дыбыспен
таныстық?
-В дыбысымен таныстық.
-Қандай дыбыс?(Дауыссыз дыбыс)
-Неге дауыссыз дыбыс, дәлелде?
-Қалай айтылады?(қысқа айтылады,өлең айтуға
келмейді)
-В дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің
басында, ортасында)
–
В дыбысына қатысты сөздер
ойлату.
-В әрпін кеспе әріптер кассасынан кім
көрсетеді?
ә)оқулықпен жұмыс.101-бетті.
Сұрақ-жауап:
-Бұл- қандай вокзал бар?
-Онда нелер үздіксіз
келіп,кетіп жатады ?
-Біз қай жерде тұрамыз?
-Вокзалға кімді күтіп алу үшін
бардық?
-Пойыз нешінші жолға
тоқтады?
-Ол кімді қарсы алды?
ә)«Вокзал» мәтінінің мазмұнын
сұрау.
б)Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке
оқытып, тексеру.
ва
гон ав то
бус ве ло
си пед во
лей бол
вок
зал трам
вай ак ва ри
ум
ви та мин
Теріп оқу.
*Буын санына байланысты оқу.
*Әріп санына байланысты оқу.
*Тауып оқу.
*Екі буынды сөздерді оқу.
*Үш буынды сөздерді оқу.
*Төрт буынды сөздерді
оқу.
ІV.Сергіту сәті.
Көк аспанға қараймын,
Кеткен құсты санаймын,
Үшбұрыш болып тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
в) Тақтамен жұмыс.
Дыбыстық
талдау:Вокзал,вагон,волейбол.
V. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
VІ.Жаңа сабақ.
Футбол
Футбол деген ойынға
Барлық бала құмар-ақ
Бірақ жолдың бойында,
Доп теппеңдер қуалап.
-Құрамында жаңа әрпі бар сөздерді тауып
айту.
г)-«футбол» деген сөзде қандай дыбыс
таныс?
-у, т,б,о,л.
-Таныс емес, қандай дыбыс?
-Ф.
-«Футбол» сөзінде неше дыбыс,неше әріп
бар?
-Дауысты қанша?
-Дауыссыз дыбыс қанша?
–
Барлығы нешеу?
-Қанекей, айтып көрелік, ф.
-ф қандай дыбыс?Қалай
айтылады?
-Дауыссыз дыбыс.
-Неге? Дәлелде.
–
Қалай айтылады?
–
ф әріп таңбасымен таныстыру.Баспа түрі – Ф
ф.
-ф дыбысы бар сөздер ойлаңдар.
1. Оқулықпен жұмыс.
ғ)Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке
оқытып, тексеру.
фер ма
фо то те ле
фон фут бол
фир ма
факс те ле
граф әл-Фараби
Теріп оқу.
*Буын санына байланысты оқу.
*Әріп санына байланысты оқу.
*Көлденеңінен оқу.
*Екі буынды сөздерді оқу.
*Үш буынды сөздерді оқу.
ғ) «Футбол», «әл-Фараби» өлеңдерімен жұмыс
.
Мұғалімнің оқуы.
Іштей оқу.
Хормен оқу.
VІІІ.Сергіту сәті.
Аспанға қарап ай
көрдім,
Төменге қарап жер
көрдім
Оңға, солға
бұрылып,
Егеменді ел көрдім!
ІХ.Дәптермен жұмыс.
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.
4.Әдемі жазу минуты.
Ф ф
5.Дыбыстық талдау.
ферма- фер-ма,2 буын,5дыбыс,5әріп,2 дауысты,3
дауыссыз.
ф- дауыссыз, қатаң дыбыс.
е-дауысты,жіңішке дыбыс.
р- дауыссыз,үнді дыбыс.
м–дауыссы,үнді дыбыс,
а-дауысты,жуандыбыс.
Х.Сергіту сәті:
6.Сөздік диктант.Витамин,вокзал,вагон,автобус..
ХІ.Қорытынды:
Сұрақ-жауап:
-Қандай дыбыс пен әріпті
қайталадық?
-ф қандай дыбыс?
-Сөздің қай жерлерінде
кездеседі?
ХІІ.Бағалау. Мадақтау.
ХІІІ.Үйге.