Өндірістік
сабақ
10 айлық курс ЭЕМ-234
топ
Жұмыстың
тақырыбы: Файлдар және каталогтар
Жұмыстың
мақсаты:
Білімділік: Білім алушыларды
файлдар және каталогтармен таныстыру.
Дамытушылық: Білім алушылардың
ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Білім алушылардың
ұқыптылыққа баулу.
Сабақ көрнекілігі: Слайдтар,
ДК, интерактивті тақта.
Сабақ түрі: өндірістік
сабақ
Сабақ әдісі: Түсіндірмелі,
баяндау, сұрақ-жауап
Сабақ типі: Жаңа білімді
меңгерту сабағы
Сабақ
барысы:
І. Ұйымдастыру
бөлімі:
1. Сәлемдесу,
түгендеу;
2. Білім алушылардың сырт
бейнесін тексеру (білім алушылардың киімінің өндірістік санитария
мен еңбек қауіпсіздігі талаптарына сай
болуы).
ІІ. Кіріспе
нұсқау.
Үйге берілген тапсырманы
сұрау.
Файлдық жүйе дегеніміз
не?
Файлдық жүйенің қандай түрлері
бар?
FAT пен NTFS-тың айырмашылығы
неде?
NTFS-тың негізгі
ерекшеліктерін атаңыз.
FAT-тың қанша версиясы
бар.
Жаңа сабақ. Файлдар және
каталогтар.
Файл (fillee- бумага, десте)
белгілі бір атпен магниттік диск де жазылған біртектес
информациялар жиыны. Файл- аты бар бір құжатар байттар тізбегі.
Файл программа, не құжат болуы мүмкін. Әр файлдың аты болады. Оның
оң және сол жақ бөліктерден тұратын ек аты болады. Оң жақ бөлгіш
символдан тұрады және олар файлдың типін анықтайды. Сол жақ
бөліктің ұзындығы 1-ден 225 символға дейін жетеді, оның пайдаланушы
үшін құжаттың қызметін анықтайтын мазмұндық жүктемесі бар. Файл
атында / ? : * < > / символдарын пайдалануға болмайды. Бума
(Folder) экранда каталогтарды жəне программалық топтарды белгілеу
үшін қолданылады. Бума- бұл түрлі программаларды және
құжаттарды дискіге, файлға сақтайтын ақпаратты сақтаушы Мұның
мағынасы мынада: каталог пен программалар тобы белгілі бір
объектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып
табылады.
Каталог — файлдарға арналған
контейнер, програмалық топ ‒ жеке программаларға арналған
контейнерлер, т.с.с.Бума құру үшін жұмыс столына тышқанның сол жақ
батырмасын шертіп контекстік менюден Құру ‒ Бума командаларын
орындау; Бума атын өзгерту үшін файлға тышқанның оң жақ батырмасын
шерту, жанамаменюден қайта ат беру (переименовать) командасы
таңдалады. .
Файл қасиетін көрсететін
параметрлер:
• Тип, сақталынған
мəліметтердің мазмұнын көрсетеді;
• Файл өлшемі, дискілік
кеңістіктен алатын көлемі;
• Файлдың құрылған мезгілі
мен уақыты;
• Файлға соңғы өзгертулер
енгізілген мезгіл мен уақыт;
• Файл атрибуттары:
архивтік, тек оқу үшін, жасырынды,
жүйелік;
Файлдық жүйелерді
өңдеушілерге, файлдарға дискіден қалай орын бөлінетінін, әртүрлі
файлдарда блоктардың орналасуын жүйе қалай бақылайтынын білуге тура
келеді. Файлдық жүйелер бір-бірімен ерекшеленеді. Мысалы каталог
құрылысымен, файлдармен блоктарды есепке алу әдістерімен
ерекшеленеді.
1. Файл – бұл аты бар және осы
атқа сілтеп файл мазмұнымен әрекеттесуге мүмкіндік беретін бір
объект. Әдетте файл аты – ол тізбекті
бір символдар, оның үзындығы операциялық жүйеге
байланысты.
2. Орналасудан файлдың
тәуелсіздігі. Нақты файл жұмыс орындау үшін файлдың сыртқы
құрылғыда орналасуы жайында ақпараттың қажеті
жоқ.
3. Енгізу-шығару
функцияларының жиынтығы. Әрбір операциялық жүйе файлмен алмасуды
қамтитын функциялар жиынтығын анықтайды. Көбінесе функциялар
жиынтығы келесі сұраныстардан тұрады:файлды жұмыс жасау үшін ашу .
Бар немесе жаңа файлды ашуға
болады.
Жаңа материалды кіріспе
нұсқауы бойынша бекіту.
А
деңгейі
1. Кез келген файл үшін жарлық құрыңдар
2. Жұмыс үстеліндегі жарлықтарды реттеп қойыңдар
3. Құрылған жарлықтардың аттарын ауыстырыңдар
4. Құрылған жарлықтардың белгішелерін ауыстырыңдар
5. Құрылған бір жарлықты Қоржынға апарыңдар
6. Жарлықтарды жойыңдар
В
деңгейі
1. Бірінің ішіне бірі салынған 3 бума құрыңдар
2. Бумалардың бірінде мәтіндік құжат құрыңдар
3. Жұмыс үстеліндегі өзіңнің бумаларын үшін жарлық құрыңдар
4. Құрылған бумалардың ішіне басқа да файл салыңдар
5. Жасаған бумалардың бәрін жойыңыздар
6. Бір ғана бума жасап, оны өз фамилияңмен
ата
С
деңгейі
1. Жұмыс үстеліндегі өз бумаларыңыздың көшірмесін жасаңдар
2. Оның белгішесін ауыстырыңдар
3. Ол буманы жасырын етіңдер
4. Буманы Қоржынға апарыңдар
5. Қоржыннан қайта орнына орналастырыңдар
Білім алушының өздігінше
жұмысы
Тапсырма бойынша оқушылардың
өз бетінше жұмыстарын орындауы.
ІІІ. Ағымдағы
нұсқау
Білім алушылардың жұмыс орнын
аралау;
Тапсырмалардың дұрыс
орындалуын, техникалық қауіпсіздік ережесінің сақталуын
тексеру;
Орындалған тапсырманы
қабылдау.
Жұмыс орындарын ретке
келтіру.
ІV. Қорытынды
нұсқау
Өндірістік оқыту сабағын
қорытындылау;
Ерекше қателіктерді
талдау;
Білім алушылардан теория
түрінде сұрау;
Сабаққа белсенді қатысқан
білім алушыларды бағалау;
Үйге тапсырма: Файлдық
жүйенің түрлері және құрылысы тақырыбында түсінік
айту.
Өндірістік оқыту шебері:
Л.Т.Тушумова
Тапсырма
№1
Жұмыс үстелін
баптау.
1. Жұмыс үстелінің
параметрлерін өзгертіңіз. (фон, заставка,
безендіру).
2. Пуск -Программы
-Стандартные әрекеттерін пайдаланып кез-келген екі стандарт
қосымшаны іске қосыңыз. Екі қосымшаның да терезесін экранның
көлеміндей қылып ұлғайтып көріңіз, бастапқы қалпына келтіріңіз,
каскад түрінде, солға, оңға, жоғары, төмен орналастырыңыз.
3. Бір терезені жабыңыз, ал екінші терезенің өлшемдерін тышқанның
көмегімен өзгертіңіз.
4. Қосымша терезесін
жабыңыз.
5. Дискіде орналасқан
қосымшалардың бірін іске қосыңыз. Осы қосымша үшін жарлық құрыңыз
және оны жұмыс үстеліне орналастырыңыз. Құрған жарлығыңызды
пайдаланып қосымшаны іске қосыңыз.
6.Қосымшаны немесе программаны
Программы мәзіріне (менюіне) орналастырыңыз. Осы мәзірді пайдаланып
қосымшаны іске қосыңыз.Қосымшаны жабыңыз.
7 Windows-дың анықтамалық
жүйесінен мына үш терминді: мультимедиа, настройка Главного меню,
ярлык тауып алыңыз да, олардың анықтамаларын ретімен Блокнот
стандарт қосымшасын пайдалана отырып Справка.txt файлына
көшіріңіз.
Тапсырма
№2
Өз бумаларыңдағы файлдардың
біреуін Өшіріп, себеттен қайтадан қалпына
келтіріңдер.
Өз тобыңның атымен қапшық
(папка) құрыңыз. Сол қапшықтың ішінде келесі қапшықтар бұтағын
құрыңыз.
COLLECT қапшығында a1.txt,
a2.txt атымен екі мәтіндік файлдарды құрыңыз
.
AREA қапшығында a3.txt,
a4.txt. атымен екі мәтіндік файлдарды құрыңыз
.
DEEP қапшығында a5.txt,
a6.txt. атымен екі мәтіндік файлдарды құрыңыз
.
Жанама меню
көмегімен a1.txt, a2.txt
файлдарды COLLECT қапшықтан COVER қапшығына
көшіріңіз.
VAR қапшықты BED қапшығына және
оған PULL деген жаңа ат
беріңіз.
VAR қапшықты
себетке.