400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Фактчекинг пен медиасауаттылықтың қоғамдағы рөлі: Қазақстан тәжірибесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада қазіргі ақпараттық қоғамдағы фактчекинг пен медиасауаттылықтың маңызы және олардың жалған ақпараттың таралуына қарсы күрестегі рөлі қарастырылады. Әлеуметтік желілердің күнделікті өмірге енуі ақпаратты жылдам таратуға мүмкіндік бергенімен, оның шынайылығын анықтау мәселесі де көтерілді. Зерттеу барысында Қазақстандағы Factcheck.kz және StopFake.kz жобаларының қызметі, отандық медиакеңістіктегі ақпаратты тексеру тәжірибесі және медиасауаттылықты дамыту бағыттары талданады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Фактчекинг пен медиасауаттылықтың қоғамдағы рөлі: Қазақстан тәжірибесі

Автор: Хамет Анель

Тұран университеті, Журналистика тобы

Аңдатпа (Қазақ тілі)

Мақалада қазіргі ақпараттық қоғамдағы фактчекинг пен медиасауаттылықтың маңызы және олардың жалған ақпараттың таралуына қарсы күрестегі рөлі қарастырылады. Әлеуметтік желілердің күнделікті өмірге енуі ақпаратты жылдам таратуға мүмкіндік бергенімен, оның шынайылығын анықтау мәселесі де көтерілді. Зерттеу барысында Қазақстандағы Factcheck.kz және StopFake.kz жобаларының қызметі, отандық медиакеңістіктегі ақпаратты тексеру тәжірибесі және медиасауаттылықты дамыту бағыттары талданады. Сонымен қатар ақпаратты қабылдау мен тарату кезіндегі аудитория жауапкершілігіне назар аударылады. Зерттеу нәтижесінде фактчекинг журналистердің ғана емес, әрбір ақпарат тұтынушысының күнделікті дағдысына айналуы қажеттігі негізделеді.

Түйін сөздер: фактчекинг, медиасауаттылық, жалған ақпарат, әлеуметтік желі, журналистика, ақпараттық қауіпсіздік, сыни ойлау.

Русский язык

В статье рассматривается значение фактчекинга и медиаграмотности в современном информационном обществе, а также их роль в противодействии распространению недостоверной информации. Развитие социальных сетей ускорило распространение новостей, однако одновременно усложнило проверку их достоверности. В исследовании анализируются деятельность казахстанских проектов Factcheck.kz и StopFake.kz, практика проверки информации в отечественном медиапространстве и основные направления развития медиаграмотности. Особое внимание уделяется ответственности аудитории при восприятии и распространении информации. В результате исследования обосновывается необходимость формирования навыков фактчекинга не только у журналистов, но и у каждого пользователя информационного пространства.

Ключевые слова: фактчекинг, медиаграмотность, ложная информация, социальные сети, журналистика, информационная безопасность, критическое мышление.

English

The article examines the importance of fact-checking and media literacy in modern society and their role in countering the spread of misinformation. The development of social media has accelerated the circulation of news while making it more difficult to determine the reliability of information. The study analyzes the activities of Kazakhstan’s Factcheck.kz and StopFake.kz projects, information verification practices in the national media environment, and approaches to developing media literacy. Particular attention is paid to the responsibility of audiences when consuming and sharing information. The study argues that fact-checking skills should become a daily practice not only for journalists but also for every user of the information environment.

Keywords: fact-checking, media literacy, misinformation, social media, journalism, information security, critical thinking.


Қазіргі қоғамды ақпаратсыз елестете аламыз ба? Жоқ мүмкін емес. Адамдар күн сайын әлеуметтік желілерден, жаңалықтар сайттарынан, мессенджерлерден және басқа да ақпарат көздерінен түрлі мәлімет алады. Бүгінгі күні бәріміз ақпаратты әртүрлі әлеуметтік желіден тез оқи салғанға үйреніп алғанбыз.Бұрын жаңалықты негізінен теледидар, радио және газет арқылы қабылдаған қоғам бүгінде ақпаратты бірнеше секунд ішінде тарата алады. Алайда ақпараттың жылдам таралуы оның әрдайым шынайы екенін білдірмейді.

Әсіресе әлеуметтік желілерде расталмаған мәліметтер, жалған жаңалықтар, ескі суреттер мен бейнематериалдар жаңа оқиға ретінде ұсынылып жатады. Қазір үлкенді, кішілі адамдар ақпараттың қайдан шыққанын анықтамай, оны таныстарына жіберіп немесе өз парақшаларында жариялайды. Нәтижесінде жалған ақпараттың таралу ауқымы ұлғаяды.

Осы мәселелердің шешімі медиасауаттылық пен фактчекинг.Осы жағдайда бірден бір шешім адамдарды медисауаттылыққа үйрету.

Фактчекинг- ақпараттағы деректердің шынайылығын арнайы әдістер арқылы тексеру үдерісі. Ал медиасауаттылық адамның ақпаратты дұрыс қабылдауына, оның авторы мен мақсатын түсінуіне, дереккөздерді салыстыруына және сыни бағалауына мүмкіндік береді. Бұны әрбір азамат біліп қоғамда медисауаттылықты арттыру қажет деп есептеймін.

Зерттеудің мақсаты : Қазақстан тәжірибесі негізінде фактчекинг пен медиасауаттылықтың қоғамдағы рөлін анықтау, олардың жалған ақпараттың таралуын азайтудағы мүмкіндіктері мен мәселелерін талдау.

Зерттеу міндеттері:

  1. Фактчекинг және медисауаттылық ұғымдарының мәнін ашу

2. Қазақстандағы факицекинг жобаларының қызметін қарастыру

3.әлеуметтік желілердегі жалған ақпарат таралуының ерекшеліктерін талдау;

4.отандық және шетелдік ғылыми зерттеулерді салыстыру;

5.қоғамдағы ақпаратты тексеру мәдениетін дамытуға қатысты ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеудің негізгі сұрағы: Еліміз фактчекинг пен медиасауаттылық жалған ақпараттың таралуына қарсы күресте қандай рөл атқарады?

Фактчекинг қазіргі журналистиканың маңызды бағыттарының бірі. Оның негізгі міндеті - жарияланатын немесе таралып жатқан ақпараттың дұрыстығын анықтау. Бұл жұмыс дереккөздерді тексеруді, ресми құжаттарды қарауды, мамандардың пікірін салыстыруды және бастапқы ақпаратқа жүгінуді қамтиды.Яғни ақпараттың дұрыстығына көз жеткізу үшін көп тер төгу керек.Фактчекингтің қажеттілігі тек жалған ақпаратты анықтаумен шектелмейді. Ол журналистиканың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырады. Себебі журналистің басты міндеті - ақпаратты мүмкіндігінше дәл, бейтарап және тексерілген түрде ұсыну.

Клэр Уордл мен Хосейн Дерахшан ақпараттық бұрмалаудың бірнеше түрін ажыратады. Олардың зерттеуінде жалған ақпараттың қасақана таратылатын және қасақана ниетсіз бөлісілетін түрлері қарастырылады.Бұл жіктеу ақпараттың таралу себептерін түсінуге көмектеседі. Егер бір адам қоғамды әдейі жаңылыстыру үшін жалған мәлімет таратса, екінші адам оны шындық деп қабылдап, тексерместен бөлісуі мүмкін. Екі жағдайда да ақпараттың таралуы қоғамдық пікірге әсер етеді.

Медиасауаттылық осы мәселенің алдын алуға бағытталған маңызды құрал болып табылады. Медиасауатты адам кез келген ақпаратқа бірден сенбейді. Ол ақпараттың авторын, жарияланған уақытын, дереккөзін және басқа ақпарат құралдарындағы нұсқаларын салыстырады. Сонымен бірге сурет пен бейнематериалдың бастапқы контекстін анықтауға тырысады.

UNESCO ұсынған журналистикаға арналған оқу құралында да жалған ақпаратпен күресте журналистердің кәсіби дағдыларымен қатар аудиторияның медиасауаттылығын дамыту қажеттігі көрсетілген Демек, ақпараттық қауіпсіздік тек журналистерге жүктелетін міндет емес. Барлық әлеуметтік желіні пайлаланатын әрбір адамзат жалған ақпаратпен күресе алуы керек. Ол қоғам мүшелерінің ортақ жауапкершілігін талап етеді.

Қазақстанда фактчекинг бағытындағы жұмыстардың дамуына цифрлық медианың кеңеюі және әлеуметтік желілердегі ақпарат көлемінің артуы ықпал етті. Қазіргі уақытта ақпараттың шынайылығын тексеруге бағытталған бірнеше жоба жұмыс істейді. Олардың қатарында Factcheck.kz және StopFake.kz платформалары бар.

Factcheck.kz - қоғамдық маңызы бар мәлімдемелер мен ақпараттардың дұрыстығын тексеруге бағытталған жоба. Оның материалдарында түрлі деректерге талдау жасалып, ақпараттың шынайылығын анықтау үшін құжаттар мен ресми дереккөздерге жүгіну тәжірибесі қолданылады. Бұл жоба аудиторияға ақпаратты дайын күйінде қабылдамай, оның негізін тексерудің маңызын көрсетеді.

StopFake.kz жобасы да жалған және манипуляциялық ақпараттарды анықтауға бағытталған. Әсіресе әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде таралған күмәнді мәліметтерді тексеру оның жұмысының маңызды бөлігі болып табылады.

Қазақстандық зерттеушілер Ж. Сейітжанова мен Ж. Сұлтанова Factcheck.kz материалдары негізінде елдегі фактчекингтің даму ерекшеліктерін қарастырған. Авторлар ақпараттың жылдам таралуы жағдайында аудиторияның сыни ойлау қабілетін қалыптастыру қажеттігін атап өтеді. Ал 2023 жылғы отандық зерттеулерде Factcheck.kz және StopFake.kz жобаларының қызметі Қазақстан медиакеңістігіндегі жалған ақпаратпен күрес тәжірибесі тұрғысынан талданған.

Бұл жобалардың қоғам үшін маңызы - жалған ақпаратты жоққа шығарумен ғана шектелмейді. Олар ақпаратты тексерудің нақты үлгісін көрсетеді. Алайда фактчекинг жобаларының болуы жалған ақпарат мәселесін толық шешеді деген сөз емес. Себебі тексерілген материалды барлық ақпарат тұтынушысы бірдей оқи бермейді. Кейбір адамдар өздері бұрын сенген мәліметке қайшы келетін дәлелдерді қабылдамауы да мүмкін.Сондықтан фактчекинг нәтижесін жариялау мен оны қоғамға жеткізу қатар жүруі қажет. Ақпаратты тексергеннен кейін оның қорытындысын түсінікті тілде, қолжетімді форматта және аудитория жиі пайдаланатын платформаларда тарату қажет.

Әлеуметтік желілер қазіргі ақпараттық кеңістіктің негізгі бөліктерінің біріне айналды. Қазір кішкентай баладан, жасы келген қарияларға дейін TikTok, Instagram сияқты желілерді пайлаланады. Ең көп дезинформацияда осы қосымшаларда таралады.Олардың ерекшелігі - ақпаратты жариялау үшін міндетті түрде журналист немесе редакция болу талап етілмейді. Кез келген қолданушы мәтін, сурет немесе бейне жариялап, оны көпшілікке тарата алады.

Бұл мүмкіндіктің пайдалы жақтары болғанымен, белгілі бір қиындықтары да бар.Кейде ескі бейне жаңа оқиға ретінде көрсетіледі немесе белгілі бір адамның сөзі бастапқы мағынасынан өзгертіліп беріледі. Бұл адамды шатастыруы мүмкін.

Зерттеулерде жалған ақпараттың таралуына тек оның авторы ғана емес, оны қабылдап, әрі қарай тарататын аудиторияның әрекеті де әсер ететіні қарастырылады. 2024 жылы жарияланған зерттеуде әлеуметтік желілердегі ақпаратты тану, саяси білім және медиасауаттылық арасындағы байланыс талданған. Ал 2025 жылғы эксперименттік зерттеу фактчекинг нақты бір жалған мәліметті жоққа шығаруға көмектессе, медиасауаттылық адамның басқа ақпараттарды да сыни бағалау қабілетін дамытуға ықпал ететінін көрсетеді. Осы тұста ақпаратты таратушы адамның жауапкершілігіне назар аудару керек. Кейбір қолданушылар ақпаратты қызықты болғаны үшін, эмоциялық әсер қалдырғаны үшін немесе таныстарына пайдалы болады деп ойлағандықтан бөліседі. Бірақ ақпараттың қызықты болуы оның шынайы екенін дәлелдемейді.

Менің ойымша, Қазақстандағы медиасауаттылықты дамытуда осы мәселе ерекше ескерілуі керек. Адамдарға тек жалған ақпаратты қалай тануды үйрету жеткіліксіз. Сонымен қатар ақпаратты тексермей таратудың салдарын түсіндіру қажет. Әрбір қолданушы ақпаратты бөліспес бұрын оның қайдан алынғанын және басқа сенімді дереккөздерде расталғанын анықтауға дағдылануы тиіс.Медиасауаттылықты дамыту Қазақстан үшін маңызды бағыттардың бірі болып отыр. Бұл мәселеге білім беру ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық ұйымдар назар аударып келеді.

2025 жылы UNESCO-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесі мен MediaNet халықаралық журналистика орталығы Қазақстандағы медиасауаттылық жағдайына кешенді зерттеу жүргізді. Зерттеу барысында осы саладағы негізгі ұйымдар, мемлекеттік бастамалар, өзекті мәселелер мен даму бағыттары қарастырылды. Бұл зерттеу Қазақстанда медиасауаттылықты дамытуға қатысты жұмыстарды жүйелі түрде бағалаудың қажеттігін көрсетеді.

Сонымен қатар медиасауаттылықты білім беру жүйесіне енгізу мәселесі де талқыланып келеді. UNESCO материалдарында Қазақстанның орта білім беру мазмұнына медиасауаттылықты енгізу бағытындағы жұмыстар көрсетілген. Мұндай бастамалардың маңызы зор, өйткені ақпаратты дұрыс бағалау дағдысы адамда ерте жастан қалыптасуы қажет.

Дегенмен бұл бағытта бірнеше мәселе бар. Біріншіден, медиасауаттылық туралы ақпарат барлық адамдарға бірдей қолжетімді емес. Екіншіден, ақпаратты тексеру дағдысы теория жүзінде түсіндірілгенімен, күнделікті өмірде тұрақты қолданылмауы мүмкін. Үшіншіден, қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық кеңістікте жалған мәліметтерді тексеру материалдарының қолжетімділігі мен таралуын одан әрі дамыту қажет.

Осы мәселелерді ескере отырып, медиасауаттылықты дамытуға қатысты бірнеше ұсыныс жасауға болады:

  1. Білім беру ұйымдарында тәжірибелік сабақтарды көбейту.Мектеп оқушыларынан бастап студенттерге дейін дереккөздерді салыстыру, фото мен бейненің түпнұсқасын анықтау әдістерін үйрету қажет.

  2. Қазақ тіліндегі фактчекинг материалдарын көбейту. Ақпаратты тексеру нәтижелері қазақ тілінде түсінікті әрі қарапайым форматта ұсынылуы керек.

  3. Әлеуметтік желілерде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қысқа бейнероликтер, инфографика және нақты мысалдар арқылы аудиторияның қызығушылығын арттыруға болады.

  4. Журналистердің кәсіби жауапкершілігін күшейту. Ақпарат жарияланбас бұрын дереккөздерді тексеру редакциялық жұмыстың міндетті бөлігі болуы тиіс.

  5. Аудиторияның жеке жауапкершілігін қалыптастыру. Әрбір адам ақпаратты таратпас бұрын оның шынайылығына көз жеткізуге дағдылануы қажет.

Бұл ұсыныстардың ортақ мақсаты - қоғамда ақпаратты тек тұтыну емес, оны саналы түрде бағалау мәдениетін қалыптастыру.Ғылыми әдебиеттер мен Қазақстандағы тәжірибені талдау нәтижесінде бірнеше тұжырым жасалды.

Біріншіден, фактчекинг пен медиасауаттылық бірін-бірі толықтыратын бағыттар болып табылады. Фактчекинг нақты ақпараттың шынайылығын тексерсе, медиасауаттылық адамға ақпаратты өз бетінше бағалау дағдысын қалыптастырады.

Екіншіден, Қазақстанда Factcheck.kz және StopFake.kz сияқты жобалардың жұмыс істеуі ақпараттық кеңістіктегі жалған мәліметтерді анықтауға мүмкіндік береді. Алайда мұндай жобалардың тиімділігі олардың материалдарын аудиторияның қаншалықты пайдалануына да байланысты.

Үшіншіден, медиасауаттылықты дамыту тек журналистика саласының міндеті емес. Бұл бағытта білім беру ұйымдары, мемлекеттік құрылымдар, қоғамдық ұйымдар және әрбір ақпарат тұтынушысы бірлесіп әрекет етуі керек.

Зерттеудің авторлық тұжырымы бойынша, Қазақстандағы фактчекингтің келесі даму кезеңі ақпаратты тексеретін жобалардың санын арттырумен ғана шектелмеуі тиіс. Негізгі назар ақпаратты тексеру мәдениетін қоғамның күнделікті дағдысына айналдыруға бағытталуы қажет. Себебі жалған ақпараттың таралуын азайту үшін оны жоққа шығаратын мамандардың болуы жеткіліксіз, ақпаратты тексеруге дайын аудитория да қажет.

Қорыта айтқанда, фактчекинг пен медиасауаттылық қазіргі ақпараттық қоғамның маңызды қажеттіліктеріне айналды. Ақпараттың жылдам таралуы жағдайында оның шынайылығын анықтау журналистер үшін де, қарапайым қолданушылар үшін де маңызды міндет болып отыр.Қазақстан тәжірибесі Factcheck.kz және StopFake.kz сияқты жобалардың ақпараттық кеңістіктегі рөлін көрсетеді. Сонымен бірге UNESCO мен MediaNet ұйымдарының зерттеулері медиасауаттылықты дамыту мәселесінің ел көлемінде өзекті екенін аңғартады.

Менің пайымдауым бойынша, жалған ақпаратпен күресудің ең тиімді жолы әрбір адам алған ақпаратты бірден жібере салмай оның дұрыстығына нақты көз жеткізуі қажет. Себебі жалған ақпараттың қоғамға көптеп таралуы бір адамның бұрыс мәлімет алып оны өзгелерге таратуынан бастау алады. Әрбір адам ақпараттың қайдан шыққанын анықтап, салыстырып, сенімді дереккөздерге сүйенуі қажет. Медисауаттылық осыдан бастау алады. Қоғамда осындай әдет қалыптасса мәдениетімізге сіңіселі. Сонда ақпараттық қауіпсіздік нығайып, сенім арта түседі.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. UNESCO. Media and Information Literacy: Policy and Strategy Guidelines. Paris, 2021.

  2. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. «Медиасауаттылықты дамыту тұжырымдамасы», 2020.

  3. FactCheck.kz. Қазақстандағы ақпараттық манипуляциялар мен жалған жаңалықтарды тексеру материалдары.

  4. StopFake.kz. Жалған ақпаратты анықтау жөніндегі зерттеулер мен аналитикалық мақалалар.

  5. Ақсейіт Ғ.М., Кабдугалиев А.К. Қазақстан медиакеңістігіндегі жалған ақпараттармен күрес тәжірибесі («Factcheck.kz», «Stopfake.kz» сайттарының негізінде). – 2023.

  6. Wardle, C., & Derakhshan, H. Information Disorder: Toward an Interdisciplinary Framework for Research and Policy Making. Council of Europe, 2017

  7. ЮНЕСКО, MediaNet халықаралық журналистика орталығы. Қазақстан Республикасындағы медиа және ақпараттық сауаттылықтың жай-күйін зерттеу. – Алматы, 2025.

  8. ЮНЕСКО. Қазақстанда орта білім беру жүйесіне медиа және ақпараттық сауаттылықты енгізу мәселелері. – 2025.

  9. Шакенова Ш. Цифрлық даму кезеңіндегі медиасауаттылық мәселелері // Herald of Journalism. 

  10. Төлеген Б.З. және т.б. Дезинформация көрсеткіштері және Қазақстандағы фактчекингтің өзекті мәселелері // Herald of Journalism. – 2025.

  11. Әбуева Н.А. және т.б. Дезинформацияға қарсы құрал ретіндегі медиасауаттылық: халықаралық тәсілдер және Қазақстан тәжірибесі // Herald of Journalism.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қараша
21
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі