«Бекітемін» «Келісемін» ӘБ отырысында қаралды
Мектеп директоры: Оқу
ісінің меңгерушісі: ӘБ жетекшісі:
Жекенаева Н.Ж Хабас Ж
Макеева Л.Н
«__»___________2018ж
«__»___________2018ж
«__»___________2018ж
Факультатив
Сандық есептер шығару
әдістемесі
Бағыты:
Жаратылыстану-математика
Бағдары: химия-биология
(химия пәні бойынша 8-9 сынып
оқушыларына арналған)
Құрастырған:
І-санатты химия пәні
мұғалімі
Атейхан К
Ақтоғай ауданы. Еңбекші орта мектебі
Түсінік хат
(8-9 сынып, аптасына 1 сағат,
барлығы 34 сағат)
8-9-сыныпта бұл факультативті
ұйымдастыру себебім; химия пәнінің негізгі формулалар мен есеп
түрлерінің іргетасын қалап, оқушыларда есеп шығара білу дағдысын
қалыптастыру.
Бұл факультативте шығарылатын
сандық есептер көбінесе табиғатта немесе өндірісте кездесетін
құбылыстарға негізделіп, пәнді мейлінше саналы түрде меңгеруге
көмектесетіндей етіп құралған.
Типтік есептердің шығарылу
әдістемесі қарастырылып, оларды шешудің алгоритімімен танысады.
Әрбір тараудың соңында оқушыларға өз бетімен шығаруға есептер
беріліп білімдері тексеріледі. Есептерді көптеп шығару барысында
заттар мен құбылыстар туралы түсініктерді жете түсіну және бекіту,
алған теориялық білімді сапалы да орынды пайдалана алу машықтарын
берік етіп қалыптастыруға болады. Теориялық түсініктеме алған оқушы
есептер шығару мен жаттығулар орындау арқылы алған білімін
пысыөтап, толықтыра түседі. Химия ғылымының негізгі түсініктері мен
заңдары көп дүркін қайталанып, оларды түсіну және есте сақтау
әлдеқайда жеңілдейді.
Есеп шығарумен үнемі шұғылдану
–оқушыларды еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, табандылыққа және
жігерлілікке үйретеді. Алға қойған мақсатқа жету үшін қайсарлықты
қалыптастырады, ақыл-ой мен таным белсенділігі артады.
Ерітінділерде жүретін реакциялармен танысу, қоршаған ортада жүріп
жатқан құбылыстарды химиялық тұрғыдан
тануға көмектеседі.
Психологтар мен әдіскерлер
есеп шығаруды ой әрекетінің жиынтығы деп
қарастырады.
Факультатив
мақсаты: Оқушыларда сандық есептер
шығару әдістемесі мен оларды шешудің алгоритмін қалыптастыру,
логикалық ойлаудың әр түрлі әдістері, химия ғылымының заңдылықтары
туралы білім, білік, дағдыларын дамыту.
Факультатив міндеттері:
-
Оқушылардың пәнге деген қызығуын танымдық
белсенділігін арттыратын логикалық, эксперименттік, мысал,
жұмбақесептер арқылы қалыптастыру;
-
Оқушылардың теория мен практиканың өзара
байланысын дәлелдеуіне көз жеткізу;
-
Оқушылардың болашақта мамандық таңдауына ой
салып, әсер ету;
-
Оқушыларды табандылыққа, жауапкершілікке, еңбек
сүйгіштікке және жігерлілікке үйрету;
-
Есептер шығару арқылы алға қойған мақсатқа жету
үшін қайсарлыққа баулу;
-
Ақыл-ойы мен таным белсенділігін
арттыру;
-
Сандық есептер шығаруда білім
мен әрекеттің тұтастығы ойлаудың әр түрлі әдістерін (пайымдау,
жіктеу, жүйелеу, дәлелдеу, қорытындылау) қолдана алу дағдыларына
көңіл бөлу;
-
Оқушыларға экологиялық білім қалыптастырып
дамыту.
Кіріспе (2сағат)
Химиялық есептер түрлері. Химиялық есеп шығаруға
қажетті негізгі формулалар.
Химияның негізгі заңдары мен түсініктері
(5сағат)
Моль. Мольдік масса бойынша есептеулер. Атомды
құрайтын бөлшектердің санын анықтау. Эквивалент заңы бойынша
есептер. Радиоактивтілік ыдырауға байланысты есептер. Логикалық,
жұмбақ есептер.
Химиялық формула (5 сағат)
Формула құру. Гей-Люссактың көлемдік қатынас заңы
бойынша формула құру. Қаныққан және қанықпаған көмірсутектердің
формуласын құру. Функционалдық топтары арқылы органикалық
қосылыстардың жалпы формуласы бойынша нақты формула құру.
Эксперименттік есептер шығару
Реакция теңдеулері бойынша есептер.
(8сағат)
Реакцияға қатысушы заттардың
біреуінің зат мөлшері, массасы, газдар үшін көлемі берілген болса
реакция нәтижесінде шыққан заттардың зат мөлшерін, массасын және
көлемін есептеу. Әрекеттесуші заттардың біреуі артық мөлшерде
алынғанда түзілген заттың массасын есептеу. Тіркес теңдеулер
бойынша есептеулер. Химиялық реакциялардың энергетикасы, реакцияның
жылу эффектісін есептеу. Реакцияның жылу эффектілерінің мәндері
бойынша қоспаның құрамын анықтау. Химиялық реакциялардығ
жылдамдығын анықтау. Химиялық тепе-теңдік. Деңгейлік
тапсырмалар.
Қоспаның құрамын анықтау (4
сағат)
Қоспадағы заттардың біреуі ғана реакцияға
түскенде түзілетін заттың массасы, зат мөлшері, көлемі бойынша
қоспаның құрамын анықтау. Қоспаның құрам бөліктері түгелдей
реакцияға түскенде түзілетін заттың массасы, зат мөлшері, көлемі
бойынша қоспаның құрамын анықтау. Құймалардың үлгілерімен танысу.
Құймалардың құрамын анықтау.
Ерігіштік жіне ерітінді
(5сағат)
Заттың ерігіштігін анықтау. Қаныққан ерітінді
дайындау үшін қажетті зат пен еріткіш массасын анықтау. Еритін зат
және еріткіш массалары бойынша түзілетін қанық ерітінді массасын
анықтау. Сусыз тұз ерітнді даярлау. Деңгейлік
тапсырмалар.
Газ заңдары (5 сағат)
Газ заңдары бойынша есептер. Газ заңдары бойынша
есептердің шығарылу жолдары. Газ қоспасының көлемдік құрамын және
салыстырмалы тығыздығын анықтау. Газ қоспасын жаққанда бөлінетін
жылу мөлшерін анықтау.
Күтілетін нәтижелер:
-
Химиялық негізгі формуларды қолданып, есептерді
шеше білу;
-
Болашақта теориялық алған білімдерін практикада
қолдана білу;
-
Оқушылардың пәнге қызығуын, танымдық, жан-жақты
талдау белсенділігін арттыру;
-
Оқушыларға ойлау әдістерін:
пайымдау, жіктеу, жүйелеу, дәлелдеу әдістерін
қалыптастыру;
-
Оқушыларды өз бетімен белсенді жұмыс істеуге
үйрету;
-
Оқушылардың білімдері мен дағдыларын берік етіп
қалыптастыру;
-
Химияны оқыту барысында кәсіптік бағдарлау
мәселелерін шешу;
-
Табиғатты, қоршаған ортаны қорғау мәселесін
қажеттілікке айналдыруға тәрбиелеу;
-
тереңдетіліп берілген теориялық білімнің сапасын
анықтау мақсатында, оқытудың нәтижесін деңгейлік тапсырмалар арқылы
тексеріп, сараптама жасау.
Факультативті құрастырып, өткізу үшін
пайдаланған әдебиеттер:
-
И.Нұғыманов, Р.Жұмаділова. Есептер мен жаттығулар
жинағы. Алматы «Мектеп» 2009
-
М.Б.Усманова. Сандық есептер шығару әдістемесі.
Алматы «Атамұра» 2004
-
Ә.Темірболатова. 8-сынып химия пәнінің есептері
мен жаттығулар жинағы. «Мектеп» 2004
-
Химия мектепте журналдары
2003-2009жж
Күнтізбелік жоспар
Р/с
|
Тақырып
|
сағат саны
|
өткізу мерзімі
|
ескерту
|
І
|
Кіріспе
|
2сағат
|
|
|
1
|
Химиялық есептер түрлері.
|
1
|
|
|
2
|
Химиялық есеп шығаруға қажетті негізгі
формулалар.
|
1
|
|
|
ІІ
|
Химияның негізгі заңдары мен
түсініктері
|
5сағат
|
|
|
3
|
Моль. Мольдік масса бойынша
есептеулер.
|
1
|
|
|
4
|
Атомды құрайтын бөлшектердің санын
анықтау.
|
1
|
|
|
5
|
Эквивалент заңы бойынша есептер.
|
1
|
|
|
6
|
Радиоактивтілік ыдырауға байланысты
есептер.
|
1
|
|
|
7
|
Логикалық, жұмбақ есептер.
|
1
|
|
|
|
Химиялық формула
|
5 сағат
|
|
|
8
|
Формула құру.
|
|
|
|
9
|
Гей-Люссактың көлемдік қатынас заңы бойынша
формула құру.
|
|
|
|
10
|
Қаныққан және қанықпаған көмірсутектердің
формуласын құру.
|
|
|
|
11
|
Функционалдық топтары арқылы
органикалық қосылыстардың жалпы формуласы бойынша нақты формула
құру.
|
|
|
|
12
|
Эксперименттік есептер шығару
|
|
|
|
|
Реакция теңдеулері
бойынша есептер.
|
8сағат
|
|
|
13
|
Реакцияға қатысушы заттардың біреуінің зат
мөлшері, массасы, газдар үшін көлемі берілген болса реакция
нәтижесінде шыққан заттардың зат мөлшерін, массасын және көлемін
есептеу.
|
2
|
|
|
14
|
Әрекеттесуші заттардың біреуі артық мөлшерде
алынғанда түзілген заттың массасын есептеу.
|
1
|
|
|
15
|
Тіркес теңдеулер бойынша есептеулер.
|
1
|
|
|
16
|
Реакцияның жылу эффектілерінің мәндері бойынша
қоспаның құрамын анықтау.
|
1
|
|
|
17
|
Химиялық реакциялардығ жылдамдығын
анықтау.
|
1
|
|
|
18
|
Химиялық тепе-теңдік
|
1
|
|
|
19
|
. Деңгейлік
тапсырмалар.
|
1
|
|
|
|
Қоспаның құрамын анықтау
|
4 сағат
|
|
|
20
|
Қоспадағы заттардың біреуі ғана реакцияға
түскенде түзілетін заттың массасы, зат мөлшері, көлемі бойынша
қоспаның құрамын анықтау.
|
1
|
|
|
21
|
Қоспаның құрам бөліктері түгелдей реакцияға
түскенде түзілетін заттың массасы, зат мөлшері, көлемі бойынша
қоспаның құрамын анықтау.
|
1
|
|
|
22
|
Құймалардың үлгілерімен танысу.
|
1
|
|
|
23
|
Құймалардың құрамын
анықтау.
|
1
|
|
|
|
Ерігіштік жіне ерітінді
|
5сағат
|
|
|
24
|
Заттың ерігіштігін анықтау.
|
|
|
|
25
|
Қаныққан ерітінді дайындау үшін қажетті зат пен
еріткіш массасын анықтау.
|
|
|
|
26
|
Еритін зат және еріткіш массалары бойынша
түзілетін қанық ерітінді массасын анықтау.
|
|
|
|
27
|
Сусыз тұз ерітнді даярлау.
|
|
|
|
28
|
Деңгейлік
тапсырмалар.
|
|
|
|
|
Газ
заңдары
|
5 сағат
|
|
|
|
Газ заңдары бойынша есептер.
|
1
|
|
|
|
Газ заңдары бойынша есептердің шығарылу
жолдары.
|
1
|
|
|
|
Газ қоспасының көлемдік құрамын және салыстырмалы
тығыздығын анықтау.
|
2
|
|
|
|
Газ қоспасын жаққанда
бөлінетін жылу мөлшерін анықтау.
|
1
|
|
|
Ақтоғай ауданы. Еңбекші орта мектебі
Факультатив
Қазақстандағы газ-мұнай
өндірісі
Бағыты:
жаратылыстану-математика
Бағдары: химия-биология
(химия пәні бойынша 9сынып
оқушыларына арналған)
Құрастырған:
І-санатты химия пәні
мұғалімі
Атейхан К
Түсінік
хат
(11сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 34
сағат)
Бағдарлама химия пәні бойынша
жалпы орта білім беру бағдарламалары негізінде құрастырылған және
оқушылардың осы зерттеу тақырыптары бойынша ойлау, іздену
қабілеттерін кеңейтуге бағытталған.
Бұл факультативтің негізі
оқушыларға мамандық таңдауға, болашақта өндірістің қай саласында
еңбек ету мүмкіндіктерін болжауға жағдай туғызады, әрі кәсіптік
бағдар береді.
Оқушылар сабақ барысында химиялық өнеркәсіптің
шикізаттары туралы ғана емес, сонымен қатар олардың құрамы мен
қасиеттері, өндіру әдістері және олардың табиғатта таралуы мен
қолданылуын, оларды физика-химиялық негізде қайта өңдеу әдістері
туралы кең мағлұмат алады.
Қазақстанның химия
өнеркәсібінің жетістіктерін қарастыру кезінде оқушының өзінің еліне
деген патриоттық сезімін тәрбиелейді және Республикада химия
өнеркәсібін құру кезеңінде не дамыту барысында басқа елдің
көмектері, тәжірибе алмасу рөлін байқауға болатындығына көз
жеткізеді.
Факультативте оқушылар басқа
пәндерден алған білімдерін біріктіріп бір жүйеге сала отырып жаңа
білімді шығармашылық деңгейге көтереді.
Химиядан заттардың хииялық қасиеттерін зерттеу
зерттеулерде заттар және олардың табиғатта таралуын, алатын орнын,
табиғи үрдістердегі рөлін, осы заттардың қоршаған ортаға тигізетін
әсері мен мәнісін түсіндіруде химия мен физиканың зерттеу
әдістерін, теориялық көзқарастарын пайдалануға, оқытуға,
ұғындыруға, іс жүзінде қолдануға дағдыландырады.
Факультатив
мақсаты: Мектептегі химиялық білім
негізіне енетін өндірістік, ауылшаруашылық материалдарының
экологиялық мазмұнын толықтыру арқылы болашақ мамандықтарына
даярлығын жетілдіру.
Факультатив мііндеттері:
1. Оқушылардың пәнге деген
қызығуын танымдық белсенділігін арттыру;
-
Оқушылардың теория мен практиканың өзара
байланысын дәлелдеуіне көз жеткізу;
-
Оқушылардың болашақта мамандық таңдауына ой
салып, әсер ету;
-
Табиғатты аялай білуге баулу, химия мен химия
өндірістерінің өркендеуіне байланысты ауаның, судың, топырақтың
ластануын болдырмау;
-
Оқылатын теориялық материалдардың экологиялық
мазмұны мен деңгейін, олардың пәндерге қатысты орнын
негіздеу.
-
Пәнаралық байланыс негізінде әрбір пәнге, мысалы,
химия, физика, экологияға қатысты ғылыми тілді меңгеріп, ғылыми
және ақпараттық деректер көзімен жұмыс жасай білудің дағдысын
қалыптастыру, өз ойлары мен пікірлерін ғылыми сөздерді қолдана
отырып анық, толық, дәлелді жеткізе білуге үйрету.
Кіріспе (3сағат)
Химия өнеркәсібінің түрлері,
оның құрылымы мен міндеттері. Газ-мұнай жолдары. Газ-мұнай өңдеу
өнеркәсібінің дамуы.Өнеркәсіптегі жоспарлауды, технологиялық
әрекеттерді машиналардың жұмыс істеуін басқаратын, аппараттарды
іске қосып бақылайтын, шикізаттар мен өнімнің құрамына және
сапасына анализ жасайтын мамандық иелері. Геохимиктер-мұнайшылар,
мұнайхимиктер т.б мамандықтар туралы мәліметтер.
Өндірісте қауіпсіздік
техникасы ережелерін сақтау (2сағат)
Газ-мұнай саласындағы
өндірістерде сақталатын қауіпсіздік ережелері. Зиянды өнеркәсіпте
жұмыс істейтін жұмысшылардың денсаулығын сақтау үшін
автоматизациялау және қашықтан басқару т.б өндірісті дамытудың жаңа
бағыттары. Мұнай өнімдерін сызба түрінде көрсету.
Мұнай және жанғыш газдардың құрамы мен
қасиеттері (3сағат)
Мұнай және жанғыш газдардың шығу тегі. Табиғи
және мұнайға серік газдар, олардың құрамы. Мұнай құрамы мен
қасиеттері. Табиғатта кездесуі. Қазақстанның Атырау, Ақтөбе,
Маңғыстау аймақтарында өндірілетін мұнай өнімдерінің құрамы, сапасы
мен халық шаруашылығында қолданылуы. Мұнайдың экономикалық
маңызы.
Мұнайды өңдеу (10сағат)
Мұнайға серік газдарды алғашқы
өңдеу. Мұнай өнімдері, қолданылуы. Мұнайды судан және қатты күйдегі
қоспалардан тазарту. Мұнайды айдау. Мазутты айдау. Термиялықжәне
катализдік крекингтің физика-химиялық негіздері. Термиялық және
катализдік крекингті жүргізудегі тиімді жағдайлар. Мұнай
өнімдерінен ароматты көмірсутектерді өндіру. Тас көмірді кокстеу.
Кокс газының құрамы мен пайдалану мүмкіндіктері. Қатты
көмірсутектер қоспасы-парафиндердің қолданылуы. Медицинадағы мұнай
өнімдерінің қолданылуы.
Атмосфералық ауаның өндіріс қалдықтарымен
ластануы. (8сағат)
Газ-мұнай өнеркәсіп мекемелерінен шығатын
қалдықтар. Жанудың әсерінен қоршаған ортаның ластануы. Мұнаймен
ластанған топырақ кескіні. Мұнай өңдеуде қоршаған ортаны қорғау
мәселелері. Өндіріс қалдықтарының қоршаған ортағы және адам
ағзасына әсері. Бензин орнына басқа отын түрлерін қолдану
ерекшелігі.
Атмофералық ауаның басқа отын түрлерін қолдану
ерекшелігі (7 сағат)
Табиғатты қорғау туралы
үкіметтің нормативтік құжаттары және оның орындалуы. Ауаға тарайтын
қалдықтарды тазарту жолдары. Технологиялық әркеттерге байланысты
химия өндірісінің экологиялық таза болуын қамтамасыз ету. Мұнайлы
қалдықтарды өңдеу әдістері. Қалдықсыз технологияның маңызы.
Тұмшалау эффекті, оны болдырмау жолдары. Отынды тиімді жағы және
жылыту жүйесін газға айналдыру. Қала экологиясы.
Мұнай, мұнайды өңдеу және
мұнай өнімдері бойынша тест өткізу (1сағат)
Күтілетін нәтижелер:
-
Болашақта теориялық алған білімдерін практикада
қолдана білу;
-
Бейімдік, бағдарлы оқытуда мамандық таңдауына ой
салып, әсер ету;
-
Оқушылардың пәнге қызығуын, танымдық
белсенділігін арттыратын қызықты тәжірибелер көрсету арқылы
қалыптастыру;
-
Өз Отанына, еліне деген патриоттық сезімді
ояту;
-
Білімді шығармашыл жолмен меңгеру дағдыларына
тәрбиелеу;
-
Экологиялық білім, сана, экологиялық тәрбие,
экологиялық мәдениеттілік және экологиялық қажеттілікті
қалыптастырып, дамыту;
-
Табиғатты, қоршаған ортаны қорғау мәселесін
қажеттілікке айналдыруға тәрбиелеу;
-
Тереңдетіліп берілген теориялық білімнің сапасын
анықтау мақсатында, оқытудың жоспарланған нәтижесін деңгейлік
тапсырмалар арқылы тексеріп, сараптама жасау;
-
Факультативті өткізу барысында мұнай өндіру
аймақатрында экологиялық жағдайдың қиындығын ескере отырып,
денсаулық сақтау технологиясына аса назар аудару.
Факультативті құрастырып, өткізу үшін
пайдаланған әдебиеттер:
-
Бейсенова Ә.С. Экология. Алматы.
«Мектеп»,2005.
-
Энштейн Д.А. Химиядан жүргізілетін факультативтік
сабақтар. Алматы. «Мектеп» 1983
-
Усманова М.Б. Химия. Алматы. «Атамұра»,2005.
239б
-
Сарманова К.А. Задания для итоговой проверки по
химии.
-
Сәулебекова М.С. Химия анықтамасы 8-11сыныптар.
«Арман-ПВ» 2005.302б
-
Темірболатова Ә, Нұрахметов Н. Химия. Алматы
«Мектеп» 2007. 352б
-
Исламгулова С. Органическая
химия. Алматы. «Творческая педагогика» 1999.60б
-
Мансурова Б.А. Сборник тестовых заданий по
органической химии. Алматы. «Атамұра», 2004. 224б
-
Химия мектепте журналдары.
2007-2009жж