Материалдар / Фенол, оның құрамы мен қасиеттері.

Фенол, оның құрамы мен қасиеттері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Фенол, оның құрамы мен қасиеттері бойынша 10-сыныпқа арналған сабаө жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қазан 2023
564
5 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім:

10.4. Химия және қоршаған орта

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 10


Қатысушылар саны:

24 \1 оқушы ЕБҚ (психикалық дамуы тежелген бала )

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

Фенол, оның құрамы мен қасиеттері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

10.4.2.41 фенолдың құрамы мен құрылысын, пластмасса өндіруде фенолдың қолданылуын білу

Сабақтың мақсаты:

1.Фенолдың құрамы мен құрылысын, қасиеттерін сипаттайды

2. Пластмасса өндіруде фенолдың қолданылуын сызбанұсқалар арқылы көрсетеді.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу.

Түсіну.

Қолдану.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушы

лықты ояту

6 минут

Ұйымдастыру: Сәлемдеседі. Оқушыларды түгендейді.

Көңіл күйлерін сұрайды.

Үй тапсырмасын тексереді.

1-тапсырма.

Алдыңғы өткен сабақтағы «Спирттердің жіктелуі және олардың қасиеттері» тақырыбы бойынша үй тапсырмасы сұралады.

Қағазға жазылған сұрақтарға жауап беріңіз, жауап бере алмаған жағдайда келесі оқушыға бағыттаңыз. (сұрақтар әр оқушыға тек бір рет қана қойылады).

Оқушылардың жауаптарын тыңдайды, толықтырады, кері байланыс береді.

Оқушыларды пазл қағаздар арқылы 3 топқа біріктіреді.

Топқа біріктіру кезінде ЕБҚ оқушыны сыныпта араласатын досының жанына отырғызады.

Сәлемдеседі.

«Сұрақты қағып ал» әдісімен алдыңғы өткен «Спирттер жіктелуі және олардың қасиеттері» тақырыбын пысықтайды. (Сұрақтар қағазға жазылып, доп тәріздес дөңгелетіледі). Оқушыға қағазды бағыттағанда қағып алып, ішіндегі сұраққа жауап береді. Егер жауаптан қиналса, келесі оқушыға сұрақты бағыттайды, жауабын тыңдайды.

1.Спирттердің өзіне тән физикалық қасиеттері қандай?

2. Спирттерді қандай жолмен алады?

3. Этерификация реакциясына мысал келтіріңіз.

4. Біратомды және көпатомды спирттердің құрамында қандай ерекшеліктер бар?

5. Көпатомды спирттердің қолданылу аясы туралы не білесіз?

Сұрақтарға жауап береді, жауаптарды тыңдайды.

Пазлдар арқылы 3 топқа бірігеді

1-топ: Фенол

2-топ: Пирокатехин

3-топ: Резорцин

Топқа біріктіру кезінде ЕБҚ оқушы сыныпта араласатын досының жанына отырады

Дескриптор:

1.Спирттердің физикалық қасиеттерін атайды.

2. Спирттердің алыну жолын сипаттайды.

3. Этерификация реакциясына мысал келтіреді.

4. Спирттердің құрамындағы ерекшеліктерді ажыратады.

ҚБ. Мадақтау




Сұрақтар жазылған қағаздар.


Пазлдар

1-қосымша

Жаңа сабаққа кіріспе

7 минут

Cабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстырады.

2-тапсырма

«Стоп кадр» әдісімен фенол туралы бейнекөрсетілімді көрсетеді.

Бейнекөрсетілімге оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін тыңдалым алды тапсырманы сұрақтар ретінде береді.

Балалар, қалай ойлайсыздар, фенолдың құрылысы қай заттардың құрылысына ұқсас?

-Спирттерден ерекше қасиеттері қандай?

-Фенолды алудың ең тиімді жолы қандай?

Оқушылар дәптерге тақырыпты жазады. Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерімен танысады.

Жаңа сабақтың материалымен танысу үшін «Стоп кадр» әдісімен «Фенол» туралы бейне көрсетілімді қарайды.

Берілген сұрақтарға жауап береді.

ЕБҚ оқушы бейнекөріністі қарайды.

Дескриптор:

1.Фенолдың құрылысының басқа заттардың құрылысымен ұқсастығын атайды.

2.Спирттерден ерекшелігін айтады

3.Фенолды алудың тиімді жолын айтады.

ҚБ.Кері байланыс

https://youtu.be/G2m9hLHV9tM


Сұрақтар жазылған А4 форматы

2-қосымша

Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс

12 минут

3-тапсырма

«Айналмалы бекеттер» әдісі арқылы тапсырма береді.

Әр топ А3форматқа өздеріне берілген түстегі маркермен жазады. Берілген уақытқа сай топ бекеттің орнын ауыстырып отырады. Жазылған мәліметтерді басқа топ қайталап жазбайды

1-бекет: 1,2-дигидроксибензол (пирокатехин) мысалында фенолдың құрамы мен құрылысын сипаттаңыздар.

2-бекет: Фенолдың үш физикалық қасиеттерін және екі химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазыңыздар.

3-бекет: Фенолды алудағы бір реакция теңдеуін жазыңыздар.

Көріп шыққан бейне материалдағы білімді және оқулықтың 166-169-беттеріндегі фенолдардың құрамы мен құрылысы, қасиеттері туралы жазбаны пайдаланып,

«Айналмалы бекеттер» әдісімен фенолдың құрамы мен қасиеттерін, алыну жолдарын сипаттайды

1-бекет: 1,2-дигидроксибензол (пирокатехин) мысалында фенолдың құрамы мен құрылысын сипаттайды.

2-бекет: Фенолдың үш физикалық қасиетін және екі химиялық қасиетін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазады.

3-бекет: Фенолды алудағы бір реакция теңдеуін жазады.

А3 форматқа мәліметтерді толықтырып жазады, өзара талқылайды, мәліметтерді сипаттайды, топ алдында хабарлайды.

ЕБҚ оқушы оқулықтағы 168-беттегі тақырып соңындағы фенолдар бойынша қорытынды мәліметтерді дәптеріне көшіріп жазады.

Дескрипторлар:

1.1,2-дигидроксибен

зол мысалында фенолдың құрамын, құрылысын сипаттайды.

2. Фенолдың үш физикалық қасиеттерін, химиялық реакция теңдеуін жазады.

3.Фенолды алудың бір жолын ұсынады.


ҚБ: Үш сөйлеммен түйіндеу.

ҚБ: Мадақтау (ЕБҚ)


10-сынып Химия

2-бөлім. М.Қ. Оспанова, Қ.С. Аухадиева, Т.Г Белоусова. Мектеп 2019.

А3 формат, маркерлер, бекеттер жазылған қағаздар


Жеке жұмыс

7мин

4-тапсырма.

Карточкаға жазылған «Химиялық диктант» тапсырмасын ЕБҚ оқушыға орындауға беру. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемді толықтыру қажеттігін айтады.

4-тапсырма

«Molymod» шарөзекті модельдерді беріп, фенолдың 3D модельін құрату. Фенолдың шарөзекті модельін пайдалана отырып, құрамында кездесетін радикал топтарды сипаттауға, олардың арасындағы химиялық байланыс түрін, реакцияласу мүмкіндіктерін атауға тапсырма беру.


Химиялық диктант. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырып жазады.

  1. Фенолдар – молекуласындағы ................. сақинасындағы сутек атомдарының орнын гидроксотоптардың саны басқан ароматты көмірсутектердің туындылары.

2. Фенолдың өзіне тән иісі бар, ............... зат. 3. Фенол молекуласында гидроксотоптың санына қарай бір атомды, ............. атомды, үш ............. болып бөлінеді. 4. Фенол және оның туындыларынан ыстық түсіретін ....................., бояулар, ............................. алынады.

Қажетті сөздер: дәрі-дәрмек, бензол, пластмасса, екі, кристалды, үш атомды.

Шарөзекті модельін пайдалана отырып, фенолдың 3D модельін жасайды. Құрамында кездесетін радикал топтарды сипаттайды. Олардың арасындағы химиялық байланыс түрін атап, реакцияласу мүмкіндіктерін сипаттайды.





Дескриптор:

1.Фенолдың анықтамасын жазады.

2.Фенолдың агрегаттық күйін жазады.

3.Фенолдың қолданылуын жазады.

4.Фенолдың жіктелуін жазады.

ҚБ. Дайын парақтағы жауаптар (әр дұрыс жауапқа бір балл) және мөрі бар стикермен дәптерге қою.


Дескриптор:

1.Шарөзекті модельдерді пайдаланып, 3D модельін құрайды. 1балл

2. Құрамындағы радикал топтар мен байланыстарды атайды. 1балл

Әр дұрыс жауапқа балл қою.

«Химиялық диктант» жазылған кеспе қағаз

Шар өзекті модельдер.

«Химия» 10-сынып оқулығы

3-қосымша

4-қосымша


Қарқын бойынша саралау тапсырмасы.

Фенолдың химиялық қасиеттеріне арналған есептер береді.

10-cынып оқулығындағы 170-беттегі есеп.

Фенолдың спирттік ерітіндісіне натрийдің артық мөлшерімен әсер еткенде 6,72л (қ.ж) газ түзілді. Фенол ерітіндісінің осындай мөлшерін бром суымен өңдегенде массасы 16,55 г тұнба түзіледі. Фенолдың спирттегі ерітіндісінің массалық құрамы қандай? Жауабы: 11,5 г этанол, 4,7 г фенол.

Дескриптор:

1.Есептің берілісін жазады.

2.Химиялық реакция теңдеуін жазады.

3.Реакцияны теңестіреді.

4.Фенолдың спирттегі ерітіндісінің массалық құрамын есептейді.

Дайын жауаптар арқылы бағалау


Жұптық жұмыс

7 минут


Пластмасса алуда фенолдың қолданылуын сызбанұсқа құрастыру тапсырмасын дайын А4 параққа жазылған мәліметтерді беру.

5-тапсырма

А4 парақта берілген ақпараттарды пайдалана отырып «Flow chart» графиктік әдісі арқылы сызбанұсқаны орындауға беру.

5-тапсырма.

Гугл формада берілген «иә», «жоқ» жауабын белгілеу арқылы тест тапсырмасын ЕБҚ оқушыға береді.

А4 парақта берілген ақпараттарды пайдалана отырып «Flow chart» графиктік әдісі арқылы сызбанұсқаны орындайды. Бос ұяшыққа пластмасса алуда фенолдың қолданылуы туралы жазады.

Жазу алгоритмі:

  • Фенолдан алынатын пластмасса түрі;

  • Пластмассаның ерекшелігі;

  • Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ