Материалдар / Философия дүниетаным ретінде
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Философия дүниетаным ретінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Философия – адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым. Ол біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келді. Сoл кезден бастап oл үнемі даму үстінде.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2021
456
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Философия дүниетаным ретінде


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті,

философия ғылымының кандидаты

Жанатаев Д.Ж.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары

Мұхамадиев Е.Т. , Төлеген А.Қ.

Философия – адамзат  дамуының  қайнарынан  бастау  алатын  ғылым. Ол біздің  заманымызға  дейінгі  мыңжылдықтың  басында  дүниеге  келді. Сoл  кезден  бастап  oл  үнемі  даму  үстінде. Адам  баласының  ой-өрісі  кеңіген  сайын  философия  да  тереңдей  түсті. Философия — өз  алдына  ғылым. Ол, ең  алдымен, дүниетанымдық, теориялық, методологиялық ғылым. Философия  бүкіл  әлемді  оның  басты  салалары: табиғат, қоғам, адам  санасын  тұтас  құбылыс  ретінде  алып, оның  жалпы  заңдылықтарын  ашады, объективтік  шындық  жөніндегі  белгілі  қағидалар  жүйесін  қалыптастырады. Бұның  барлығы  бірнеше  кезеңдер  арқылы  жүзеге асты.

Философия дүниегекөзқарастың бір түрі. Дүниегекөзқарас- дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орыны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниегекөзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық. Дүниеге көзқарас- дүниені түсіндірудің,оны бағалаудың принциптері мен әрекеттері.Дүниеге көзқарас нанымнан,сезімнен,танымнан тұрады.Дүниеге көзқарас біркелкі емес,ол: жай қарапайым,діни,мифологиялық,ғылыми,философиялық болып бөлінеді.Мифологиялық дүниетаным -ертегі,аңыз негізіндегі көзқарас. Діни дүниетаным -нанымға негізделген.Адам бір нәрсеге иланбайынша,нанбайынша,оның ісі тұрақты,нәтижелі болмайды.Иланудың екі түрі бар: ғылыми және ғылыми емес.Ғылыми илануға сенген адам әр нәрсенің объективтік негізіне,заңдылығына үңіледі,бос даурығудан өзін аулақ ұстайды.Ондай адамдар өз сенімін оңай өзгертпейді.Күнделікті өмірден туған қарапайым дүниетаным- ақылға сыйымды,өмірден,күнделікті байқаудан туған,практикада анықталған көзқарас.Философиялық дүниетаным- білімге құштарлық,даналыққа сүйіспеншілік,өмірлік позиция. Философия барлық қоғамдық ғылымның түп атасы. Ол үшін дамып, адамзат ақыл ойының жетістіктерімен толықтырылып отыратын ғылым. Философия ерекше ғылым.Оның мәні дүниеге көзқарасы мен методологиясында. Ол ұлттық шеңберде немесе белгілі бір ағым аясында тұйықталып қалмайды. Философия қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениеттің, рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі. Әрине, оған әр халықтың өзіндік үлесі бар. Әрбір ұлттың өзіндік не физикасы, не химиясы, не басқа ғылымдары болмайтыны сияқты өз алдына оқшау философиясы да жоқ. Бірақ та әр халықтың тұрған жеріне, тарихына байланысты оның өзіндік менталитеті, дүниеге көзқарас, соны бейнелейтін дана уәкілдері бар. Тек сол тұрғыда ғана біз плен халықатрдың философиясы деген ұғымды қолданамыз. Әйтпесе, философия адам баласының дүние танымы, данышпандық ойы. Ол толып жатқан өзендерден нәр алған, тамшылардан құралған үлкен терең ой теңізі. Өзендердің бұлақтардан қтікелей өмір сүруін ()ұралғанындай, философия да әрбір халықтың ой тұжырымдарын, дүние танымын, қоғамдық көзқарасы бойынша сіңірген әрбір ұлттың тарихи және қоғамдық ой санасының даму деңгейінің көрсеткіші. Өйткені, бұл абстрактылы оймен ғылым өрнек құратын, қиын, шым шытырық құбылысының жүйесін табиғат??? Белгілі талдау жасай алатын, болжам айта білетін ілім. Философия сондай ақ дүниеге көзқарас қалыптастыратын ғылым. Қандай да бірадам болмасын, ол дүнигеге белгілі бір көзқарассыз өмір сүрмейді. Былайша айтқанда, әрбәр адам дүниеге, әрбәр құбылысқа белгілі пікір айтады, өзінің өмірлік позициясын белгілейді. Философия көзқарастың жүйелі болуын қаматамасыз етеді. Әрине көзқарас іштен тумайды. Оны қалыптастыратын өмір. Өмірді танып, білу арқылы адам белгілі қорытындыға келеді: қабылдайды, теріске шығарады, қолдайды, ұнатпайды. Бұл филосоияның метологиялық , дүниеге көзқарасытың рөлі.Философия дүнеге келген кезінен бастапмифологиямен қатар және онымен бірге діни түсініктерге қарсы күресте шыңдалып, дамыған. Философияда ойландырған мәселелер қашанда мыналар болатын: Дүние қалай құрылған? Рухани материалдықтар қалай қалыптасқан? Шындық деген не? Адам өмірінің мәні неде? Дүние мәңгі ме? Философия осы сияқты сұрақтарға жауап іздеді. Дегенмен, адм санасын оятуда мифологияның рөлін жоққа шығаруға болмайды. Ол зерек адамдардың даналық қиялымен ізденіс жасауына түрткі болды. Егер дін, мифологияны қабылдап, оның қағидаларын, аңыздарынбүтіндей қолдану негізінде қалыптасқан болса, философия ойлау зерттеу , сын көзбен қарау негізінде дүниеге келді. Адамзат дамуымен қатар фил я да өз алдына дүниеге көзқарас ілімі ретінде қалыптаса түсті. Сонымен қатар ол басқа ғылымдардарға методологиялық жол сілтейтін әдістемелік рөлде атқаруда. Көзқарас білімнің толықтырылған, қорытылған түрі. Ол күнделікті өмірді байқаудан, өткенді талдаудан, келещекті болжаудан туындайды. Бір заманда ондай міндетті абыздар атқарған.

Философиялық дүниетанымның миф пен діннен айырмашылығын көрсетіңіз

Философиялық дүниетаным –бұл әлем жайлы көзқарастар жүйесі және ондағы адам орны, оның шын екендігіне, қоршаған ортаның және өзінің өзіне деген қатынасы, сондай-ақ, осы көзқарастар негізінде пайда болған идеялар мен таным және әрекет ұстанымдары, құнды дүниелер. Философиялық дүниетанымның пайда болуы Ежелгі Шығыс елдерінде құлдық қауымның пайда болған кездерінен, ал оның классикалық формасы Ежелгі Грециядан басталады. Философиялық дүниетаным түрлерінің бастамасы ретінде алғашында материализм, діни дүниетаным ғылыми реакция ретінде пайда болды. Философия өзінің пайда болған кезінен бастап, альтернативтік және бір уақытта диалогтік көріністерді байқата алады. Тарихи-философиялық процесте бұл диалог «полифония», «көпдауыстылық» альтернативті жағдайда – көпжақты философиялық білім, мектеп және бағыттары бар материализм және идеализм, догматизм және скептицизм, рационализм және иррационализм ретінде болады.

Миф –тарихи дүниетанымның ең көне түрі, қоғамның алғаш қалыптасуында рулық қауымнан бастап қалыптасқан. Мифтің құрылымында, яғни жырлардың, аңыздардың негізінде басты сұрақтарға, аспан әлемі мен табиғат жағдайларының, жануарлар мен адамның пайда болуы жайлы сұрақтарға жауап берілген. Мифологияның көп бөлігін космологиялық мифтер, әлемнің құрылымы жайлы түсінік қамтиды. Мифте адамның өмір сүру түрлері, өлім мен өмір құпиясы, адамдар күтетін түрлі сынақтарға қатты көңіл бөлінген. Ерекше орынды «батырлық» жайлы мифтер және «тұрмыстық» мифтер алады, адамдардың жетістіктері: отты жағуы, құралдарды ойлап табуы, егін шаруашылығының дамуы, жабайы жануарлардың қолға үйретілуі, ал біздің заманымызда – қоғамдық мифтер.

Мифологияда дүниетанымдық сұрақтарды шешудің негізгі ұстанымы генетикалық болатын. Дүниенің алғаш пайда болуы жайлы, табиғат құбылыстары мен қоғамдық құбылыстарды, «кім нені жаратты?» деген аңыздан құралды. Гесиодтың «Теогониясында», Гомердің «Иллиада» мен «Одиссейінде» дүние келесі жағдайда пайда болды деп жазылған. Алғашында тек мәңгі, шексіз, қара Хаос, онда дүние жаратылысының көзі жатты. Шексіз Хаостан бүкіл дүние мен мәңгі тірі Құдайлар, жер Құдайы – Гея пайда болды. Хаостан өмір нәрі, күшті, бәрін тірілтетін махаббат – мейірімнің шындықтың, сұлулықтың жоғары түрі пайда болды.

Миф өзіне екі аспекті біріктірді: диахроникалық (өткен өмір жайлы аңыз) және синхроникалық (бүгінгі мен болашақ жайлы түсінік).

Мифтің арқасында өткен өмір болашақпен ұштасып, ұрпақпен рухани байланысты қамтамасыз етті. Мифтің мазмұны алғашқы адамдарға жоғары деңгейде шындық пен абсолюттік сенімді білдірді.

Мифтің негізгі міндеті адамға білім немесе түсінік беру емес еді. Ол сенімдердің нақты түрі және мінез-құлықтың қалыптасуы үшін қызмет етті. Оның реттеуші қызметі дүние мен адамның, табиғат пен қоғамды, жеке тұлға мен қоғамның арасында тепе-теңдікті ұстау болды.

Мифологияға жақын, бірақ одан айырмашылығы бар, ол діни дүниетаным, жер қойнынан пайда болып, әлі бөлектенбеген, қоғамдық ойда дифференциалданбаған. Мифология сияқты, дін қиял мен сезімге жүгінеді. Бірақ, мифке қарағанда дін жердегі, оның өзіндік ерекшеліктерін (жазықтық пен таулы жерлер) «араластырмай» екеуін екі қарама-қарсы полюске бөледі. Шығармашылық құдіреті күш – Құдай, табиғат пен табиғаттан тыс тұрады. Құдайдың болмысы ашықтық сияқты, адам сияқты уайымдайды. Шындық ретінде адамның жаны мәңгі, бейітке барғаннан кейін де оның өмірі мәңгі және Құдаймен кездесетінін біледі.

Дін –дүниетанымның екінші тарихи түрі, ол мифологиямен тығыз байланысты. Діни дүниетанымның өзіндік ерекшелігі – табиғаттан тыс күштерге, қасиетті басқа сену. Діни дүниетаным әрқашан мифологиядан тұрады, себебі онда түрлі мифтер, әулиелер мен Құдайлар өмірі жайлы баяндалатын аңыздар қатысады. Әр дін өзіне соқыр сенімдердің, ырымдардың әсері және ырыми мекемелердің жүйесін, ғаламның құрылымы – ғылымдардан тыс түсініктемелермен түсіндіріледі.

Адамзат тарихында дін, діни Шығыс пен Батыста түрлі жағдайда болды. Әр діни дүниетанымның орталығында жоғары құндылықтың ізденісі, өмірдегі адал жолды, тіпті, мақсаттар мен олардың транцеденттік саласы, жер емес, «мәңгі» өмір делінді.

Діннің негізгі қызметі адамның өмір қиындықтарын, өткен қиын кезеңдерін жеңе отырып, оны абсолютті мәңгі етіп көтеру. Философиялық тілмен айтқанда, дін адам бойындағы транцедентті (сананың арыдан шектен шыққанын табатын) «орнықтыру» үшін шақырылған. Дін жүрекке үміт ұялатып, бар болмысымен адамдардың қарекетіне мағына береді, демек, адам өміріне тұрақталады. Діни сенім соқыр сенімді, ол мәртебелі пайғамбарлардың, шіркеу әкелерінің, қасиетті жазбалардың негізінде құралған. Ол сенімнің білімнен асқақ екендігін жариялады.

Діни дүниетанымның ерекшеліктері:

- діни мәртебелер мен табиғаттан тыс күштерге соқыр сенім;

- өмірді жердегі өмір, табиғат, аспан өмірі, табиғаттан тыс күштерге бөлу;

- сананың дамуына шек қою;

- иман деңгейінің қалыптасуы.

Тұрмыстан айырмашылығы мифтік, діни, философиялық дүниетаным адам мен дүниенің рационалды санасына, олардың арақатынасы мен өзара әрекетіне бағытталған.

 Қорытынды

Жалпы  алғанда, қазіргі  нақты  ғылымдар,тіпті  кішкентай  бір  құбылысты  да  бүтіндей  алып  қарамайды, оның  тек  бір  қырын, бір  көрінісін  ғана  зерттейді. Оны  нақты  білу  осындай  абстрактылы  танудан  тұрады. Өйткені, әлгі  құбылыстың  басқа  қырларын  қалған  ғылымдар  зерттейді. Сонымен, нақты  ғылымдар бір  затты  толық, нақты  білу  үшін  басқа  ғылымдардың  көмегімен, әсіресе  жалпылық  ғылымның  жәрдемін  қажет  етеді. Сөйтіп, жалпылық  ғылымдар  нақты  ғылымға  жетекшілік, етодологиялық  рөл  атқарады.

Сондай-ақ, философия – дүниеге  көзқарас  қалыптастыратын  ғылым. Қандай  да  бір  адам  болмасын,  ол  дүниеге  белілі  көзқарассыз  өмір  сүрмейді. Былайша  айтқанда  әрбір  адам  дүниеге, әрбір  құбылысқа  белгілі  пікір  айтады, өзінің  өмірлік  позициясын  белгілейді. Әрине, көзқарас  әр қилы  болады: ғылыми, ғылыми  емес, дәйекті, дәйексіз, т.б.  Философия  сол көзқарастың  жүйелі  болуын  қамтамасыз  етеді. Әрине  көзқарас  іштен  тумайды. Оны  қалыптастыратын  өмір. Өмірді  танып, білу  арқылы  адам  белгілі  бір  қорытындыға  келеді: қабылдайды  теріске  шығарды, қолдайды, ұнатпайды  т.б.

Сонымен, философияның  негізгі  мәселесі  ойдан  шығарылған  пікір  емес. Оны  дүниеге  алып  келген  өмір, адамзат  ой-санасының  дүниетанымдық  дамуы.  Менің  ойымша, философияны  сүйсене  оқыған  адам  жартылай  болсын  философ бола  алады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!