Материалдар / Физика 9сынып бжб тапсырмалары

Физика 9сынып бжб тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық бөлім бойынша БЖБ тапсырмалары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2023
1485
31 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Физика. Сыныбы: 9


«Кинематика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаттары

9.2.1.1 - материялық нүкте, санақ жүйесі, механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы ұғымдарының мағынасын түсіндіру, орын ауыстыру теоремаларын қолдану

9.2.1.3 - вектордың координаталар осіне проекциясын анықтау, векторды құраушыларға жіктеу

9.2.1.5 - түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда қолдану

9.2.1.13- дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттау


Бағалау критерийі Білім алушы:

          • Қозғалыс траекториясы, орын ауыстыру анықтамасын қолданады

          • Вектордың координаталар осіне проекциясын анықтайды, векторды құраушыларға жіктейді

          • Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда қолданады

          • Дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттайды


Тапсырмалар

1. а. Орын ауыстыру дегеніміз -

А. Дененің соңғы орынын қосу.

В. Денені құрайтын молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалысы .

С. Қозғалмайтын денелермен салыстырғанда дененің бұрынығы орнының өзгеруі.

Д. Дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді.

ә. Сағат тілінің ұшының қозғалыс траекториясы қандай?

А. Қисықсызықты.

В. Түзусызықты.

С.Көпсызықты.

Д. Үшеуі де дұрыс

б. Бұрыштық жылдамдық пен сызықтық жылдамдық арасындағы байланыс теңдеуін анықтаңыз.

A) B) C) D)


[3]


2. Салмағы 1,2 Н болатын шар ауада соңғы жылдамдықпен құлап келеді. Сол жақтан горизонталь бағытта кенеттен пайда болған жел 0,5 Н күшпен шарға әсер етеді. Қай диаграммада шарға әсер ететін қорытқы күш дұрыс көрсетілген?

3. а) Дененің қозғалыс теңдеуі х=2+10t. Дененің бастапқы орны мен жылдамдығы қандай?

Анықталатын шамалардың мәндерін көрсетіңдер


[1]

ә) Автокөлік жылдамдығы 16 м/с-тан 8 м/с-қа дейін 4 секунд ішінде азайды. Дененің үдеуін анықтаңыз.



[2]


4. Автокөлік радиусы 50 м болатын жолдың доғасының бойымен 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалады.

а) Жылдамдықты халықаралық бірліктер жүйесіне келтіріңдер;



ә) Автокөліктің центрге тартқыш үдеуін табыңдар.



[3]


5. Сепаратор барабанының доңғалағының айналу жиілігі 8400 айн/мин.

а) Айналу жиілігін халықаралық бірліктер жүйесіне келтіріңдер;



ә) Сепаратордың бұрыштық жылдамдығын табыңдар.



[3]




Бағалау критериі

Тапсырма

Дискриптор

Балл

Білім алушы

Нүктенің орын ауыстыруы, траекториясы ұғымдары мен қозғалыстың салыстырмалылығы мағынасы

орын ауыстыру анықтамасыын қолданады

1

Қозғалыс траекториясы анықтамасын қолданады

1

Бұрыштық жылдамдық пен сызықтық жылдамдық арасындағы байланысты анықтайды

1

Вектордың координаталар осіне проекциясын анықтау

2

қорытқы күшті анықтайды;

1

Түзусызықты бірқалыпты қозғалыс

Қозғалыс теңдеуінің шамаларын көрсетеді

1

Теңайнымалы қозғалыс кезіндегі үдеу

Дененің үдеуінің формуласын жазады

1

Дененің үдеуін анықтайды

1

Центрге тартқыш үдеуі

Жылдамдықты халықаралық бірліктер жүйесін көрсетеді

1

Центрге тартқыш үдеуінің формуласын жазады

1

Автокөліктің центрге тартқыш үдеуін табыңдар

1

Бұрыштық және сызықтық жылдамдықтар

Халықаралық бірліктер жүйесіне келтіреді

1

Бұрыштық жылдамдығының формуласын жазады

Бұрыштық жылдамдығын есептейді

1


Жалпы балл

12

Физика. Сыныбы: 9


«Астрономия негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаттары


9.7.2.1. - абсолюттік және көрінерлік жұлдыздық шамаларды ажырату

9.7.2.3. - аспан сферасының негізгі элементтерін атау

9.7.2.8 - Күн жүйесіндегі денелердің ара қашықтығын немесе өлшемдерін анықтау үшін параллакс әдісін қолдануды түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы:

Абсолюттік және көрінерлік жұлдыздық шамаларды ажыратады

Аспан сферасының негізгі элементтерін сипаттайды

Күн жүйесіндегі денелердің ара қашықтығын немесе өлшемдерін анықтау үшін параллакс әдісін қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты

15 минут

Тапсырмалар


1. Абсолют жұлдыздық шама мен көрінерлік жұлдыздық шаманың айырмашылығы неде?









2. Шырақтардың орны қандай шамалармен анықталады:

а) көкжиектік координата жүйесінде




ә) экваторлық координата жүйесінде




3. а) Аспан сферасы дегеніміз не?






ә) Аспан сферасының негізгі элементтерін атаңыз.






б) Эклиптика дегеніміз не?





4. Жерден Күнге дейінгі орташа қашықтық 1,5∙1011 м болса, парсекпен неге тең екенін есептеңіз.


(1 пк = {\displaystyle {\frac {360\cdot 60\cdot 60}{2\pi }}} 206 264,8 а. б. = 3,0856776×1016 м = 3,2616 жарық жылы)






5. Белгісіз бір Х жұлдыздың жылдық параллаксі 0,5//. Бұл жұлдыз Күнмен салыстырғанда бізден неше есе қашық жатқанын анықтаңыз.





Бағалау критерийі

Тапсыр ма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Абсолюттік және көрінерлік жұлдыздық шамаларды

ажыратады

1

абсолют жұлдыздық шама мен көрінерлік жұлдыздық шаманың айырмашылығын жазады;

1

Шырақтардың орнын анықтайды әсер ететін факторларды жазады

2

көкжиектік координата жүйесінде

1

экваторлық координата жүйесінде

1

Аспан сферасының негізгі элементтерін сипаттайды

3

аспан сферасына анықтама береді;

1

аспан сферасының негізгі элементтерін жазады;

1

эклиптикаға анықтама жазады;

1

Күн жүйесіндегі денелердің ара қашықтығын немесе өлшемдерін анықтау үшін параллакс әдісін қолданады

4

парсекті есептейді;

1


5

Жұлдыз бен Күнге дейінгі қашықтықтарды анықтау өрнегін жазады

1

Жұлдыз бен Күнге дейінгі қашықтықтарды салыстырады

1

жұлдыздың қашықтығын анықтайды.

1

Жалпы балл

10





«Динамика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаттары

9.2.2.1- инерция, инерттілік және инерциялық санақ жүйесі ұғымдарының мағынасын түсіндіру

9.2.2.2- Ньютонның екінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану

9.2.2.10 - үдеумен қозғалған дененің салмағын анықтау;
9.2.2.11 - салмақсыздық күйді түсіндіру


Ойлау дағдыларының деңгейлері қолдану

Орындау уақыты 20 минут

1- нұсқа

Тапсырмалар

1.Санақ жүйесі лифтімен тығыз байланысты. Төменде келтірілген жағдайлардың ішіндегі инерциалды санақ жүйесі: Лифт: 1) еркін құлайды; 2) бір қалыпты жоғары қозғалады; 3) үдемелі жоғары қозғалады; 4) баяу жоғары қозғалады; 5) бір қалыпты төмен қозғалады.


A) 1,2. B) 1,3. C) 2,4. D) 2,5. E) 1,2,3.

[1]

2. Ньтонның бірінші заңы қандай санақ жүйесінде орындалатынын сипаттап жазыңыз






[1]

3. Жер бетінен тік жоғары 20 м/с2 үдеумен көтерілген ғарыш зымыранының ішіндегі массасы 80кг ғарышкердің салмағы неге тең ?







[2]



4. Cуретте ауасы бар түтік ішінде тасталған қағаз қиындысы мен тиын бейнеленген.




Егер түтік ішіндегі ауаны сорып, түтікті керсінше аударса. Қағаз қиындысы мен тиын қалай қозғалады. Жауапты түсіндіріп жазыңыз.




[1]





5. Тарту күші 15 кН болатын жүк көлігінің артындағы тіркемеге 0,3 м/с2 үдеу береді. Егер сол тіркемеге келесі бір жүк көлігі 60 кН болатын тарту күшін түсірсе, тіркеменің алатын үдеуін анықтаңыз






[2]



6. Массасы 50 кг жүкті 2 с-та арқанның көмегімен 10м биіктікке вертикаль жоғары бірқалыпты үдеумен көтереді. Арқанның тартылу күшін табыңыз.








[3 ]

7. Мapстың рaдиусы 3,39·106 м, ал eркін түcу үдеуі 3,76 м/с2. Мaрстағы бірінші ғарыштық жылдaмдықты есептеңіз.



[2]





Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Оқушы

Инерция, инерциялық санақ жүйесі ұғымдарының мағынасын түсіндіреді

1

Инерциялық санақ жүйесін ажыратады

1

2


Ньтонның бірінші заңы қандай санақ жүйесінде орындалатынын дұрыс жазады

1


Үдеумен қозғалған дененің салмағын анықтайды

3

Салмақтың формуласын қолданады

1

Адамның салмағын есептейді

1

Салмақсыздық күйді түсіндіреді

4

ауасы сорылған түтіктегі денелердің қозғалысын түсіндіреді

1


Ньютонның екінші заңын тұжырымдайды және оны есептер шығаруда қолданады

5

қорытқы күшті анықтайды;

1

тіркеменің алатын үдеуін анықтайды;

1

6

Денеге әрекет ететін күшті анықтайтын өрнекті жазады

1

Үдеуді анықтайды

1

Күшті есептейді

1

Бірінші ғарыштық жылдамдықтың формуласын есептер шығаруда қолданады

7

Бірінші ғарыштық жылдамдықтың формуласын жазады

1

Мaрстағы бірінші ғарыштық жылдaмдықты есептейді.

1

Жалпы бал

12














































«Динамика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаттары

9.2.2.1- инерция, инерттілік және инерциялық санақ жүйесі ұғымдарының мағынасын түсіндіру

9.2.2.2- Ньютонның екінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану

9.2.2.10 - үдеумен қозғалған дененің салмағын анықтау;
9.2.2.11 - салмақсыздық күйді түсіндіру


Ойлау дағдыларының деңгейлері қолдану

Орындау уақыты 20 минут

2-нұсқа

Тапсырмалар

1. Ньютонның 1-заңымен түсіндірілетін құбылысты атаңыз?




[1]

450 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ