Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Физика бойынша есеп шығарудың тиімді әдістемесін құрастырудың заманауи тәсілдері" өзіндік жұмыс
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Железин №3 жалпы орта білім беру мектебі
ӨЗІНДІК ЖҰМЫС
«Физика бойынша есеп шығарудың тиімді әдістемесін құрастырудың заманауи тәсілдері»
Нурлибаева Айдана Умирузоковна
Физика пән мұғалімі
Железин №3 ЖББОМ
Павлодар қаласы, Железин ауданы
Павлодар, 2018
«ФИЗИКА БОЙЫНША ЕСЕП ШЫҒАРУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕМЕСІН ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ»
«Қазіргі заманғы жастарға
ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі
жаңа білім беру өте қажет»
Н.Ә.Назарбаев.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 – бабында «Білім
беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын
енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық
желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға,
дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті
жағдайлар жасау» – деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір
мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың
әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық
технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа
міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын
пайдаланып білім сапасын арттыру.
Жаңаша оқытудың «Кембридждік» жүйесі бойынша балаларға білім дайын
күйінде берілмейді, керісінше оқушылардың өздерін еркін ұстауға,
ойлануға мүмкіндік жасалады. Олар өз беттерімен және өзара
әрекеттесе оқып-үйреніп, ортақ бір шешімге келуге бағытталады.
Сондықтан да қазіргі таңдағы әрбір ұстаздың да, оқушының да
іс-әрекеті ерекше шығармашылық сипатта болуы керек.
Бағдарламаның мақсаты – оқушылар өздерінің қалай оқу керектігіне
назар аудара отырып, олардың өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты
жеткізе алатын, яғни ойға жүйрік, тілге шешен, әрі жазбаша түрде
еркін, көркем бейнелеп жазуға төселген, бірнеше тілді қатар
меңгерген бәсекеге қабілетті жан-жақты жетілген жеке тұлға
қалыптастыру болып табылады.
Ондай «тұлға» болашаққа сенімді, ынталы, сыни пікір көзқарастары
жүйелі дамыған, қазіргі сандық технологияларды, өмірде өз білімін
қалыптан тыс жағдайда да еркін әрі терең пайдалана білетін жан
болуы тиіс.
Әлеуметтік –сыдарлылық тұрғыдан оқытуды түсну /Выготский, 1978;
Вуд, 1998 / мұғалімдерге арналған нұсқаулығында айтылғандай «Оқыту
мен оқытудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. Балалар өзінің
түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байанысқа сәйкес
құратын белсенді білім алушылар болып табылады.
Осы орайда «Кембридждік» әдіс-тәсілдер мен заманауи педагогикалық
технологияларды тиімді қолдану жолында әріптестерім де атсалысуда.
Әр сабақтың тиімді әрі нәтижелі өту үшін әр ұстаз өз шығармашылығын
дамыту мен ізденіс үстінде.
Мотивация тудыру немесе қызығушылық ояту
Үйренушінің оқуға, үйренуге деген ықылас- ынтасы, ниеті мен зауқы
болмаса, оқу нәтижксінің мардымды болуы екіталай. Француз жазушысы
Анатоль Франц кезінде «тамақ тек зор тәбетпен ішкенде ғана сіңеді»
деген екен. Оқу мотивациясы дегеніміз деп осы осы сияқты білімге,
білуге, үйренуге деген «тәбет».
Топтық жұмыс, біріншіден,
оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырады. Екіншіден,
ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Үшіншіден, бірін-бірі оқытуға,
бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды. Бұл әдіс сонымен қатар топ
болып ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауға,ойын еркін ортаға
салуға, бірінен- бірі үйренуге септігін тигізді. Яғни, топтық жұмыс
оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу,
проблемаларды шешу және топ ішінде шығарманы жан-жақты талдауға
көмектеседі.
Топтық жұмыстың тиімділігі:
• Оқушылар өзара достық қатынаста болады;
• Бір-бірінен сұрай отырып білімдерін жетілдіреді
• Өзгелерге ойын жеткізу үшін өз шешімін дәлелдеп үйренеді;
• Менен сұрап қалады-ау деп қорықпайды,топ болып жауап береді;
• Оқушылардың мектепке деген көзқарасы өзгереді. Уақыттары қызықты
әрі тиімді өтеді.
• Топтық жұмыста бос отыратын оқушы
болмайды.
Ғылыми зерттеу нәтижелері
сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен
Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың
қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес
қосатындығын атап көрсетеді. Мерсердің зерттеуіне сәйкес,
әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып
табылады және әңгімелесудің үш түрі бар,олар:
-Әңгіме-дебат барысында;
-Топтық әңгіме барысында;
-Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде байқалады екен.
«Диалогті оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың
білім деңгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Балаға
күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту
ең маңызды мақсат» деп К.Д.Ушинский айтқандай баланың білім алуға
деген құштарлығын ояту үшін мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді
өтуіне жұмыс жасап, сабақ барысында оқудың белсенді әдістері,
диалогтік оқыту және оқу әдісін қолдануда білім сапасын арттыруға
көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Оқушылар диалог әдісін қолдана
отырып, білімді бірлесіп құру, талқылау, түсіну мен дағдыларды
қалыптастыру арқылы білім алады. Әр сабағымда оқушыларға сұрақтар
қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын ашық, еркін айтуға мүмкіндік
бердім. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір
бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетсе, сұхбаттасу арқылы өз
ойларын дәлелдеуге тырысты. Бұл оқушылардың қандай деңгейде екенін
түсінуге көмектеседі. Біз көбінесе диалогтік оқытуды сұрақ – жауап
ретінде қолданамыз. Яғни, бала теорияны меңгерумен қатар тәжірибе
жүзінде де қалай жасау қажеттігін ұғынуы керек. Тәжірибелік жұмыс
жасау барысында көптеген сұрақтар туындайды. Оқушылар өзара
пікірлер мен болжамдар айта отырып, бірлесе жұмыс жасайды. Жұмыс
жасау барысында оқушыларға көптеген сұрақтарды қоюға болады.
Мысалы, кез келген сабақтың басталуы сұрақ – жауаптан тұрады.
Сұрақтардың берілуіне байланысты оқушының пәнге деген қызығушылығын
арттыруға болады. Оқушы мен мұғалім арасында жақсы қарым-қатынас
орнайды. Диалогтік оқыту оқушы мен оқушы арасында да туындауы
мүмкін. Мұнда оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Бір-бірінің
жауабына қанағаттанбаса, қосымша да сұрақтар беруі
мүмкін.
Оқу процесінде қолдануға
тиімді ойындардың маңызды түрлерінің бірі:
1. Рөлдік ойындар
2. Іскерлік ойындар
3. Имитациялық ойындар
Рөлдік ойындар –тиімді интербелсенді әдістердің бірі. Педагогика
саласында зерттеу жүргізетін ғалымдардың басым көпшілігі
оқу/оқутудың ойын әдістердің кәсіби дамыуды қамтамассыздандырудағы
ең тиімді әрі болашағы зор тәсілдер деп есептеледі. Өйткені
іс-әрекет арқылы үйрену/үйрету –танымның тиімді тәсілі екендігі
баршаға аян; адамның жадында бірінші мезетте өзінің жасағаны мен
бастан кешкен әсерлері қалады. Ал рөлдік ойындар оқушылардың
өздерін басқа адамдардың орнына қойып, мәселе немесе проблеманы
солардың тұрғысынан қарастырып, шешімді өз «қолдарымен» жасауды
меңзейді. «Ойын» сөзі сабақта инсценировканың орын алып,
әрекеттердің спектакль түрінде көрсетілетіндігін меңзейді.
Іскерлік оқу ойындарында қандайда бір сценарий ауқымында рөлдерді
өзара бөлісіп зерттеу жұмыстарын жүргізу және деректерді талдау
арқылы нақты практикалық мәселелерді бірлесе отырып шешеді. Оқу
ойындарының сценарийлері тақырып ауқымында болып, күрделі
мәселеерді ойын тұрғысынан «ойнап» шешуге ағытталады.
Имитациялық ойындар дегеніміз адамдардын қалыптан тыс /экстремалды/
жағдайлардағы әрекетерін анықтайтын өмір сүру ортасынан үлгісін
/модель/ құру. Мұндай жағдайлар қатарына «жан-жал», «әуе апаты»,
«жер сілкінісі» «жау тылында», «робинзон»секілді оқиғаларды
жатқызуға болады.
«Алдын ала берілген атаулар» –
сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау /терминдер/
жазып қойып, оқушыларға олардың мағынасы, мақмұны және өзара
қатынасы мен байланысы туралы ойлануы керек. Бұл жұмысты оқушылар
жеке, жұппен нмесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша /соңғысы
тиімдірек/ орвндауы иқтимал. Содан кейін бірнеше оқушының ойы мен
пікірі тыңдалады.
«Үш қадамды сұқбат»-тақырып бойынша оқушылардың бір-бірінен
кезектесіп интервью алу тәсілі. Бұл тәсіл «Сұрақ қою, қайтадан
сұрақ қою»
Тәсіліне ұқсас, алайда мұнда басты назарды жауапқа аудару
керек.
«Төрт сөйлем тәсілі» – сабақ
соңында қушылар өздерінің түсінік және жұмыс жасау деңгейлерін
бағалау үшін мынадай тапсырмаларды орындайды:
1 пікір.
Мәтін бойынша туындаған өзіндік пікірін /негізгі идеясын/ бір
сөйлеммен келтіру керек.
2. дәлел.
Келтірілген өзіндік пікірі бар сөйлеммен дәлелдеп шығу керек. Дәлел
дегеніміз ұстанған көзқарасты логикалық тұрғыдан дәйектеу,
негіздеу.
3.Мысал.
Енді келтірілген өзіндік пікірді тағыда бір негізден кету үшін бір
сөйлеммен мыса келтіру қажет. Мысал, өмірден, практикадан алынуы
керек; ақпарат көздеріне немесе көп тараған пікірлерге сілтеме
жасау, практикада орын алған үрдіс, басқа адамдардың пікірі;
4.Қорытынды.
Есеп шығару – оқыту үрдісінің маңызды элементы. Есептер қандай да бір нақты жағдайларда болып өтетін құбылыстарға физикалық заңдарды қолдануды талап ететін жаттығулар үшін материалдар береді. Сондықтан есептердің оқушылардың білімін нақтылауда, жалпы заңдардың түрлі көрінісін көруде үлкен маңызы бар. Мұндай нақтылаусыз білімнің практикалық маңызы болмайды. Есептер шығару физикалық заңдарды тереңірек және берік меңгеруге, логикалық ойлаудың дамуына ықпал етеді, оқушылардың қызығушылығыноятады, өзіндік жұмыс дағдыларын игеруге көмектеседі, әрі өзіндік ой қорытудың бірден-бір құралы болып табылады. Физикалық есептердің мазмұны оқушылардың табиғат пен техника жөніндегі білім шеңберін кеңейтеді. Сондай-ақ, есептер шығару – қайталаудың, пысықтаудың, оқушылардың білімін тексерудің маңызды құралы.
Физикалық есептерді шығару әдістемесі
Есеп шығару әдістемесі есептің мазмұнына, оқушылардың дайындығына, олардың алдына қойылған міндеттерге т.с.с. тәуелді. Дегенмен де көптеген есептерді шығару барысында жеткілікті көңіл бөлетін жағдайлар бар.
VII – XI сыныптар аралығында оқушылар шамамен 170 негізгі формуланы оқып-үйренеді. Әр формулада кем дегенде үш шама болатынын ескерсек, әрбір оқушы негізгі заңдылықтарға арналған бірнеше жүздеген есептердің типтерін меңгеруі тиіс.
Физикалық есептер шығарудағы анализдік – синтездік әдіс
Анализдік – синтездік әдіс – орта мектептің барлық сыныптарындағы физика есептерін шығарудаңы негізгі әдіс. Оқу процесінде оны ойдағыдай қолдану оқушыларға есептің шешуінің дұрыс жолын табуына жол ашып, олардың логикалық ойлауының дамуына септігін тигізеді.
Физикадан әдістеме құралдарында талдау (анализ) мен синтез екі тәуелсіз әдістер ретінде жиі қарастырылады. Алайда бұлай бөлуді дәл сол мағынасында түсінуге болмайды.Синтез бен анализ есептердің шығаруда, ойлау процесіндегі индукция және дедукция сияқты бөлінбейді. Физикалық есептерді шығарғанда анализ бен синтезді қолдану бірге алынады, яғни практикада анализдік әдіс қолданылады.
Бұл әдіспен есептің сұрағынан бастап, анализ жолымен шығарғанда, оны шығару үшін не істеу қажеттігін айқындайды және біртіндеп күрделі есепті жай есептер қатарына жіктей келе, шартында берілген белгілі шамаларға дейін жетеді.
Одан кейін синтез көмегімен пайымдауды кері тәртіпке жүргізеді: белгілі шамаларды пайдалана отырып, бірқатар амалдарды жүргізіп барып, нәтижесінде белгісізді табады.
Сапалық есептерді шығару әдістемесі
Оқушыларды сапалық есептерді саналы шығару дағдысын тәрбиелеу үшін, мұғалімнің белгілі бір жүйесі және ойластырылған оқыту әдістемесі болуы керек. Есепті дұрыс таңдаудың маңыздылығы да аз емес. Есептің алғашқы кездерінде оқушылардың өз тәжірибесінен белгілі құбылысқа немесе фактілерге түсінік беруі жүйелі енгізілсе, оқушылар өмірімен байланысты көреді. Ұсынылатын есептердің танымдық және тәрбиелік мағынасы артады.
Оқушылардың политехникалық ой өрісін кеңейту мақсатында 7-сыныптан бастап-ақ есептің шартына оқушылар үшін жаңа деректерді, техникалық мәліметтерді енгізген дұрыс. Есептерді таңдап алуда мектептің айналасындағы өндірістің сипатын және жергілікті жағдайларды ескерудің маңызы үлкен.
Сапалық есептердің шығару негізінен үш кезеңнен тұрады: шартын оқу, есепті талдау және шешу.
Есеп мазмұнын талдау кезінде ең алдымен оқушылар берілген тақырыптағы белгілі ортақ заңдылықтарды пайдаланады: осыдан кейін есептегі айтылған құбылыс қалай нақты түсіндіріулі керек екенің айқындайды. Сапалық есептерге шарттың талдауы негізделген керекті жауаппен тығыз байланысты.
Сандық есептерді шығару әдістемесі
Сабақта күрделі сандық есептерді шығару әдетте мына элементтерден құралады: есептің шартын қысқаша жазу және оны қайталау, суретін, схемасын жәнесызбасын салу, есептің физикалық мазмұның талдау және шығару жолдарын (тәсілдерін) айқындау, шешу жоспарын құру және жалпы түрдегі шешуін орындау, шамалау және есептеулер, нәтиженің талдауы және шешуін тексеру.
Күрделі есептерді шығарудың келтірілген схемасы оқушылардың оның мазмұны мен шешу барысын біртіндеп жан-жақты ойластырудын қамтамасыз етеді.
Келтірілген схема үлгі ретінде алынған. әрбір есепті шығарған сайын барлық жалпы түрде үнемі орындай бермейді; сұрақ – есептердің шығарған кезде есептеулердің қажеттігі болмайды.
Күрделі есепті шығару әдістемесінің кейбір кезеңдеріне қысқаша тоқталайық .
Есептің шартың оқу. Текст анық, мәнерлі, асықпай оқуылуы тиіс. Есептің шартын оқыған соң, мұғалім жаңа терминдердің, қиын ұғымдардың мағынасын (қажет болған жағдайда) түсіндіреді. Кейде мұғалім оқушылардың жаңа терминдерді олардың қалай түсінетінін өздеріне түсіндіруді ұсынады. Талқылау нәтижесінде дұрыс түсінікке келеді. Осыдан кейін есептің шартының қысқаша жазылуын орындайды.
Есеп шартының қысқаша жазылуы. Есептің толық мәтінің тақтаға да, оқушылардың дәптеріне де, әдетте толық жазбаған жөн.
Есептің шартын қайталау. Есептің шартының қысқаша жазылуы бойынша оқушылар оны қайталайды. Оқушылар есепті біле ме, оның шартын дұрыс түсіне ме, соны айқындау мақсатында есеп шартын қайталау ұсынылады. Ол үшін мұғалім кейбір оқушыларға оның мағынасын дәл жеткізе отырып, есеп шартының мазмұнын қайталауды ұсынады.
Осыдан кейін мұғалім, есептің шартын толық мағынасында түсінгендеріне көз жеткізу үшін, оқушыларға бірнеше сұрақтар қояды. Осыған байланысты оқушылар есепті шығару үшін суреттерді (схемаларды, сызбаларды) және кестелік мәліметтерді пайдалану қажет пе, соны анықтайды.
Сызбаны, схеманы, суретті орындау. Көп жағдайларда есептерді шығарғанда сызбалар, схемалар, суреттер пайдаланылады. Бұл есептің шартын түсінуді және оны шешудің тәсілін табуды жеңілдетеді.
Графиктік есептерді шығарғанда статика бойынша сызба есепті оқу барысында орындалуы мүмкін. Бірқатар басқа жағдайларда алдымен есептің шартына сәйкес жұмыстың сызбасын салып алады да, шығару барысында оны ұқыпты қарап, масштабы мен қажетті қатыстарды сақтай отырып орындайды. Оқушылар сызбаны дәптерлеріне салады.
Шарттың талдауы. Есепті талдау кезінде ең алдымен оның физикалық мәніне, берілген қарастырылатын физикалық шамалар арасындағы тәуелділікке көңіл аударады.
7 сыныптан бастап, шыдамдылықпен есептің дұрыс шешімін табу үшін есептің талдауын жүргізу керек, өйткені бұл оқушылардың логикалық ойлауын дамытып, есептерді шығаруға саналы тұрғыдан қарауға тәрбиелейді. Сабақта есепті талдауды көбінесе ұжым болып мұғалімнің оқушылармен әңгімесі түрінде өткізеді, оның барысында мұғалім өзара логикалық байланыста болатын мәселелерді талқылау нәтижесінде біртіндеп оқушыларды есептерді шығарудың неғұрлым тиімді әдісін алып келеді. Кейде бір ғана есептің бірнеше нұсқаларын қарастыру пайдалы, оларды салыстырып және неғұрлым ұтымдысын алу керек. Оқушылардан өз бетінше жасалғансаналы және негізделген пайымдауларды талап ете отырып, есепті талдауға үнемі үйрету керек.
Есеп шығару . есептін шартын талдаған соң оны шығаруға ауысады. Есеп шығаруды қысқаша түсіндірулермен қатар жүргізу керек. Есептеуде ұтымды әдістермен, ал жазудың атауларын мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес қабылданған белгілеулерін қолданып жүргізген дұрыс. Есептің жауабы айқын ерекшеленіп көрсетілуі керек.
Жауабын тексеру және бағалау. Есептің шыққан жауабын тексеру қажет. Ең алдымен оқушылардың жауабының шындыққа сәйкес болуына назар аудару керек. Кейбір жағдайларда оқушылар есеп шығарғанда есептің шартына тіпті сәйкес келмейтін, ал кейде қисыны келмейтін нәтижелер (жауаптар) алады. Оның себебі – есептеу процесінде есептің нақты шартымен байланысты болмауында. Осыдан қате шыққан шалағайлығы оқушылар назарынан тыс қалады.
Бұл кемшілікті болдырмау үшін оларды алдағы күтілетін нәтижені «болжауға» немесе алдын ала есептеуді пайдалануға, сондай-ақ шыққан жауаптың нақтылығы тұрғысынан сын-талдау жасауға үйрету пайдалы. Оқушыларды жауаптың тәртібін сақтай бағалауды, тек математикалық тұрғыдан емес, физикалық тұрғыдан да бағалай білуге үйрету қажет, мысалы, оқушылар мынадай жауаптардың мағынасыздығын бірден көру тиіс: қандай да бір механизмнің п.ә.к. 100%-дан артық, судың қалыпты жағдайдағы температурасы 0 С – тан аз немесе 100 С – дан көп, темірдің тығыздығы 78г/см .
Оқушылар есептің шешуінің дұрыстығын тексеру үшін оны басқа тәсілмен шығарып,нәтижелерді салыстырып,сондай-ақ физикалық шамалардың атау бірліктерімен амалдарды орындай отырып ж/е жауабын есептеп шығуға тиіс атауларымен салыстыра отырып тексереді.
Оқушылардың есепті шешудің атау бірліктеріне амалдар жасау жолымен тексеру әдісін қолдану дағдыларына машықтануына тиісті көңіл бөлу керек.Сабақта оны бірнеше қайтара пайдаланған соң тексерулдің осы әдісінің алгоритмін беруге болады.
Табылған шешудің жалпы түрде дұрыстығын тексеру үшін,шешуінің өрнектейтін формулаға әріпті белгілеулердің орнына физикалық шамалардың атау бірліктерін қойып, оларға шамалармен орындалатын амалдарды жасаймыз.
Есептің шартын және шешуін
жазу тәсілдері Есептің шартын жазудың түрлі формасын қолдануға
болады, бірақ олардың кез келгені негізгі талаптар – қысқалық және
айқындылықты қанағаттандыруы тиіс. Физика есептерінің шешуін жазуға
байланысты мұғалім оқушыларға түрілше талаптар қояды. Біреулер,
мысалы, шешуді жазуды жоспармен қоса орындауды талап етсе,
екіншілер – қысқаша түсінікпен, ал үшіншілері тек есептеулермен
шектеледі.
7-9-ШЫ СЫНЫП ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУ ӘДІСІ
«Гидростатика» бөлімі бойынша есептерді шығарудың ерекше әдістері
1. Суы бар ашық ыдысқа ашық стақан батырылады: бір рет түбімен жоғары қарай, ал келесісі түбімен астыға (сурет 21) бір тереңдікке батырылады. Осы екі жағдайда, стақанды батырған кезде, қайсысында көп жұмыс атқарылды. (Су ыдыстан ағып кетпейді, және түбімен төменге батырылған стақанға су құйылмайды.)
|
Сурет 21 |
Шешімі:
Стақан суға батырылған кезде, стақанның суға батуымен оны батыру үшін түсірілген күші жоғарылайды, өйткені кері итеруші күш арта бастайды. Алайда екі жағдайда қарастырылған күш бірдей емес: бірінші жағдайда стақан ішіндегі ауа сығылады және су ішінара стақанға кіреді. Осылайша, бірінші жағдайда стақандардың суға бірдей батырылған кездегі сығылған көлемі аз, демек көтергіш күші және оған тен кұш те аз, стақанды батыруға арналған күштің жұмысы бірдей түсірілген биіктікте аз болғаны.
2. Поршеннің салмағы P = 30 Н,радиусы r = 1 см жұқа қабырғалы түтікке тесігі бар R = 4 см радиусы дөңгелек дискке салынған.Поршень тығыз және үйкеліссіз стақанға кіруі мүмкін және алғашында стақанның төменгі жағында жатады. Поршень қандай Н биіктікке көтеріледі, егер трубкаға m=700 г суды құйса?
Шешімі:
|
Сурет 22 |
Барлық су поршеньді толтырмайды, оның жарты бөлігі түтікте қалады және қысым күшін тудырады, поршень салмағын теңестіріп.Осы негізінде, жазып алуға болады:
Нәтижесінде, поршень биіктікке көтеріледі
Түбінің ауданы 100 см2 болатын цилиндрлік ыдысқа сұйықтық құйылады, тығыздығы 1,2 г/см3. Оның ішінде массасы 300 г болатын мұз түйіршігі жүзіп жүр. Мұз салдарынан ыдыс түбі қаншалықты қысымды сезеді? Мұз ерігенде ыдыс түбіне түсірілген қысым қалай өзгереді?
S=100 см2= 10-2 м2;
|
Сурет 23 |
Шешімі: Мұздың жүзу шарты FАрх=mмg. Архимед заңы бойынша кері итеруші күш FАрх=ρgV', мұндағы V' – суға батқан бөлігінің көлемі. Егер мұз ыдыста болмаған жағдайда, онда сұйықтықтың деңгейі мынаған тең болар еді h1 және V'=S(h-h1). Түбіне түсірілген қысым мынаған тең болар еді P1=ратм+ρgh1. Мұз барда түбіне түсірілетін қысым P1=ратм+ρgh. Қысым айырмашылығы
∆р1=P2-P1=ρg(h-h1)=ρgV'/S= FАрх/S=mмg/S=
= .
Мұз еріген кезде, соның нәтижесіндегі су сұйықтық бетінде таралады (h1 тереңдікте болады) қалындығы ∆h тегіс қабаты. Енді түбіне түсірілген қысым
р'=ратм+ρgh1+ρсg∆h.
Анықтау бойынша, тығыздығы ρс=mм/Vс=mм/(S∆h). Бұдан ρс∆h=mм/S. Сондықтан, р'=ратм+ρgh1+mмg/S.
Қажетті қысым айырмасы
∆р2=р'-р2=ратм+ρgh1+ mмg/S-ратм-ρgh=р1+ mмg/S-р2= mмg/S-(р2-р1)=0.
Су көлемінің азаюына қарамастан, мұз еріген кезде, түбіне түсірілген жалпы қысымы өзгерген жоқ (мұз көлемімен салыстырғандағы).
-
Тығыздығы ρ1 және ρ2 екі араласпайтын сұйықтықтар ыдыста бар, бұл сұйықтықтар қабатының қалыңдығы тиісінше h1 және h2 тең. Ыдысқа сұйықтық бетінен кішкене аққыш зат түсіреді. Сұйықтық бетінен ыдысқа сумақайлық кішентай денені түсіреді, жылдамдағы нөлге тенелген кезде, дене түбіне түседі. Дененің жасалынған материал қалындығы қандай?
Шешімі.
Энергияның сақталу заңынан: Е2-Е1=А, мүнда А – сыртқы күш жұмысы. Берілген есепте Е2=0 (Жердің потенциалды энергия тартылысы түбінен саналады), сондықтан
mg(h1-h2)=FA1h1+FA2h2,
мұда FА1,2 – денеге әсерін тигізетін Архимед күші.
Нәтижесінде
|
Сурет 24 |
-
Ортасынан қалқанмен бөлінген h=1 м деңгейіне дейін сумен толтырылған бассейн ауданы S=100 м2. Бассейнді 1/3 бөлікке бөлетіндей етіп қалқанды жәймен жылжытып отырады. Су қалқаннан өтпейтін болса, қандай жұмыс жасау кере?
Шешімі.
Ауырлық күшінің жұмысы потенциалдық жүйесінің энергиясына шығынына тең А'=–∆Ер. ∆Ер=Ер2-Ер0, мұндағы Ер2 – соңғы күйдегі судың потенциалдық энергиясы; Ер0 – бастапқы күйдегі судың потенциалдық энергиясы. Потенциалдық энергиясын шыққаннан бастап бассейнінің төменгі деңгейіне түсуіне дейінгі уақыт, Ер2 үшіносыны аламыз:
(Потенциалдық энергиясының белгілеуін алғаннан кейін бассейнің екі жағында су массасы бірдей екенің ескереміз. Бұдан жұмысқа мынаны аламыз
А= –А'=
Қорыта келе, мұғалімдерге заман өзгерісіне сай өзгеріп, биік шыңдардан көріне беру керек деген ойдамын. Осы әдіс-тәсілдерді қазақстандық мұғаімдер толық игеріп, тәжірибеге енгізілген жағдайда неге үздік жетістікке жетпеске деген ой түйдім. Болашақта теориялық және практикалық білімдерімізді ары қарай жалғастырып әлі де білімнің биік шыңдарына жетеміз деп ойлаймын.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Задачи по физике. Воробьев И.И., Зубков П.И., Кутузова Г.А. и др., М., 1999 г., 370 с.
-
Задачи по физике Пособие для учащихся 9-11-х классов. Гомонова А.И., Плетюшкин В.А., Погожев В.А., М., 1998 г., 192 с.
-
Задачи по физике для поступающих в вузы. Бендриков Г.А., Буховцев Б.Б., Керженцев В.В., Мякишев Г.Я., М., 2005 г., 344с.
-
Задачи по физике с анализом их решения. Савченко Н.Е., М., 2000 г., 320с.
5. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы »
6. А.Б.Мәженова. Физика есептерінің жинағы. 9-11 сыныптар
7. Б.Дүйсембаев, Д.Қазақбаева. Физика анықтамалық құрал.
8. Баканина Л. П. и др. Сборник задач по физике: Учебное пособие для углубленного изучения физики в 10-11 класс, М.: Просвещение, 1995.
9. Балаш В. А. Задачи по физике и методы их решения. М.: Просвещение, 1983.
10. Д.Қазақбаева, Ш.Кәрібаева. Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру жолдары. Физика және Астрономия, №1, 2006ж.