Материалдар / ФИЗИКА ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ "ҰЛЫ ЭКСПЕРИМЕНТШІЛЕР"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ФИЗИКА ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ "ҰЛЫ ЭКСПЕРИМЕНТШІЛЕР"

Материал туралы қысқаша түсінік
ОҚУШЫЛАРҒА ТЕОРИЯДА АЛҒАН БІЛІМДЕРІН ТЕРЕҢДЕТУГЕ , ҒАЛЫМДАРДЫ ТАНЫП БІЛУ МАҚСАТЫНДА ЖӘНЕ ҰСТАЗДАРҒА ҚОСЫМША ДЕРЕК КӨЗІ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНЫС КӨЗІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
407
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҰЛЫ ЭКСПЕРИМЕНТШІЛЕР

Ғылымда бір жаңалықтың ашылуы жиі тәжірибе көмегімен іске асады. Бірақ бұлай әр кез бола бермейді. Біріншіден осы ашылулар ғалымның ойында туады да, сосын оны іс жүзінде көруге әрекет жасайды.


Архимед ( б.з.б. 287-212)

Грек математигі Архимед бірнеше соңыс машиналарын, шексіз винтті, рычагтарды ойлап тапты. Оның атына даңқты әкелген ашылу, ол өз атымен аталатын заңы болатын. Архимед заңы: Сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді. Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын күшті архимед күші

А) деп атайды.



Леонардо да Винчи (1452-1519)

Итальяндық суретші, мүсінші, инженер, әрі ғалым. «Әмбебап адам» (лат. homo universale) — италияндық Ренессанс мұратының жарқын үлгісі Көптеген идеялар оған тән (қақпа, тікұшақ, автомат қарулар).. Құстың ұшуына қарап ұшақтар ойлап тапқан.


Галилео Галилей (1564 - 1642)

Итальян математигі, физигі, механигі және астрономы, табиғаттану ғылымдарының негізін салушы, өз заманындағы ғылымға өте қатты әсер еткен. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған. Денелердің құлауын зерттеп, алғаш телескоп жасаған, осы телескобы арқылы Юпитер шоқжұлдызын ашты.Күндегі дақты алғаш байқаған.





Иоан Кеплер (1571-1630)

Неміс астрономы және физигі. Астрономия ғылымында Жер және басқа планеталар Күнді айналатынын дәлелдеп төңкеріс жасаған ғалым.






Эванджелиста Торричели (1608-1695)

Итальян ғалымы, Галилейдің шәкірті. Атмосфералық қысымды анықтап, барометр жасап шығарушы. Ол Жер бетінде алғаш рет вакуумды жасаушы.





Кристиан Хайгенс (1629-1695)

Голландық физик және астроном. Сатурнның сақинасын ашқан. Қол сағаттар мен қабырға сағаттарының жүйеленген механизмін ойлап тапты.







Исаак Ньютон (1642-1727)

Ағылшын физигі, астрономы, механик және математигі. Классикалық механиканың негізін салушы. Дифференциалды және интегралды есептеуді жасады. Механиканың негізгі заңдарын ашушы. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашты. Ақ түстің сынуын зерттеді.




Джеймс Ватт (1736-1819)

Шотландиялық инженер және механик, Ватт ең алғаш пар машинасын жасап шығарды, пар машинасын жасау кезінде конденсаторды, маховикды, центрге тарту реттегішін жасады. Жаңа машина өзінің жылдамдығы мен оның алдындағы машиналарды шаң қаптырды.



Ағайынды Монгольфтер

Ағайынды Этьен (1745-1799) мен Жозеф (1740-1810) Монгольфтер, француз қағаз түрлендірушілері еді. Олар 1783 жылы көптеген адамдардың арманы болған ұшуды жүзеге асырды. Ауа шарының арқасында олар 1000 м жоғарыға көтерілді. Бірінші ұшуға үй жануарлары аттанса, кейін Франсуа Пилатр де Розье деген француз азаматы аттынды.



Жозеф – Мари Жакар (1752-1834)

Француз механигі. Оның ең танымал өнертабысы ткацкий станок болды. Сонымен қатар Жакар алғаш рет станокқа автоматты бағдарлама ойлап тапты. Осы бағдарламаның көмегімен қатты қағазда белгілі сурет салуға болатын еді.




Майкл Фарадей (1791-1867)

Ағылшын физигі, электромагниттік құбылыстар туралы ұғымның негізін салушы. Электр тогының химиялық қасиетін аңғарып, электр мен магниттік құбылыстардың байланысын анықтаған. Электромагниттік толқындардың болатыны туралы идеясын айтып кеткен ғалым.




Самюэль Морзе (1791-1872)

Электр телеграфын ойлап тапқан және оңайлықпен алыстан хабар алу туралы басқа да идеялар авторы, Американдық физик.




Уильям Генри Фокс Тальбот

(1800-1877)

Ағылшын физигі. Кейіннен фотоаппарат жасауға түрткі болған алғашқы фотоқағаз ойлап табушы. 1851 жылы Тальботтың көмегімен алғашқы фототүсірілім жүзеге асты.




Александр Грэхам Белл (1847-1922)

Американдық ғалым. Алыс қашықтыққа сигнал жеткізу мәселесі бойынша физика саласында жұмыс атқарған. 1876 жылы Белл алғашқы телефонды жасады.



Томас Альва Эдисон (1847-1931)

Американдық Эдисон – еңбекқор әрі табанды ізденуші – эксперименшінің нағыз үлгісі еді. Оған 2000 нан астам ашылулар тиесілі (фонограф, желімді лента, лампа). Эдисон ғылыми жаңалықтарға қарай отырып өзінің ашуларын жасаған.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!