Материалдар / физика информатика апталығының ашылу салтанатына сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

физика информатика апталығының ашылу салтанатына сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Апталыққа арналған арнайы сценарий. Апталық кезде өте қажетті мақала деп ойлаймын әрбір ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
17068
36 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Білім жүгін арқалап, биікке самға жас талап!» атты физика, информатика пәндерінің салтанатты ашылуы


Күні: 01 наурыз 2017 жыл

Өтілетін орны: Акт зал


Би: 7-«А» сынып оқушыларының орындауында «Ұлытау» биімен ашамыз.


І- жүргізуші Асылбек: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Физика және Информатика» пәндерінің он күндігінің ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән апталықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар физика мен информатиканы тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Түрлі сайыстар мен іс шаралар өткіземіз. Сол іс шаралар арқылы сіздердің пәнге деген қызығушылықтарыңыз бен құрметтеріңізді ояту. Бүгінгі апталығымыздың ашылуының өзі бір мереке емес пе?

Олай болса 5-«Ә» сынып оқушысы Даугелдиев Нұрсәттің орындауындағы әсем әнін тамашалаңыздар!

ІІ –жүргізуші Ақсезім:

Ал енді барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін екі егіз пәннің патшаларына сөз берейік (ортаға пән болып киінген екі оқушы: физика, информатика шығып тақпақтар оқиды )

Физика: Абай
Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық!
Бүгінгі кеш төрінде,
Физика елінде,
Физика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып…
Шабыттанып шалқысып,
Есеппен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ шерді шашайық.
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық.
Бұл адамдар ардақтаған халықты
Физикада даңқы шыққан алыптар.
Қара, ойлан зерек болсаң балақай,
Алыптарды әрқашанда танып қал.

Информатика: Нұрболат

Армысыңдар, бүгінгі кешке жиналған қауым!
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай – адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене
Бәріңіз маған қараңыз!
Ойынымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
Информатика пәнінен
Көрсетіп біздер батырлық
Ой толғалық жүйелі
Таңдайымызға татырлық


І- жүргізуші: Асылбек

Бүгінгі кеш төрінде,

Дарындылар елінде.

Тапқыштардың тілінде,

Батыл қадам бастайық.

Осылайша шабытпен,

Талантты оқушыларымыздың.

Сап түзеуін қарайық деп оқушыларымыздың физика және информатика пәндері бойынша жаттап жүрген тақпақтарын тыңдайық.


Мейірбану:

Шындықты алғаш таратқан,

Жыл күнінді санатқан.

Тауып барды жаратқан,

Компьютер емей немене?

Құтқарып ауыр бейнеттен,

Техниканы үйреткен.

Роботтай адамды,

Тіл бітіріп сөйлеткен,

Компьютер емей немене?


Білмегенді білдірген,

Өлшеп киім кигізген.

Барлық істі атқарып,

Пайдасын елге тигізген.

Компьютер емей немене?


Перизат:

Түсіріп аспан заңы жұмыр жерге,

Бақтырып жұлдыздарды ескен желге.

Жансызға жан бітіріп қолға салып,

Физика кереметті көрсетті елге.

Бір өшіп,кітаптардың бірі тозған,

Қай жүйрік Архимедті басып озған.

Жалынды патриот, батыр,ғалым.

Ғасырлар түкпірінен басып озған,

Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой.

Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой,

Салғанан айтылған сөз ішілген ас.

Бәрінің бағынары физика ғой.


Камила:

Сондықтан табиғаттың сыры терең,

Деушіге оқып, зерттеп, көрем, білем.

Демесең болсын егер еңбегін еш,

Негізі бар ғылымның физика.

Жалықпай оқып үйрен тек қана,

Білімнің есігін ашты көзін тауып.

Ньютон,Эйнштейн, Архимедтер,

Бүгінде физика барлық жерде .

Құрылыста,техникада, өндірісте,

Сырларын бұл ғылымның үйретіңдер.

Шәкірттер зерделікпен үйреніңдер.


Әсел:

Ұстаз да, шәкірт те бас иетін

Компьютер, бар сенің қасиетің

Бір емес, бірнеше іс атқаратын

Ақпарат, ақпараттық әрекеті

Жүзеге асырасың, бас ұрасың

Интернет желісін жүктейсін де

Әлемдік жүйеге сен енесің

Өмірдің талап жатқан толқынында

Өзіңді өзгелермен бір көресің

Ақпарат, ақпараттық әрекеті

Жүзеге асырасың бас ұрасың


ІІ- жүргізуші: Ақсезім

Бұл адамдар ардақтаған халықты,

Физика мен информатикада даңқы шыққан алыптар.

Қара,ойлан зерек болсаң байлыққа,

Алыптарды әрқашанда танып қал- дей отырып келесі кезекті оқушыларымыздың физика және информатика туралы ән шашуларына берсек.


7-«Д» сынып оқушысы Жүсіп Марияның «Компьютер сенің көмекшін» атты әнің қабыл алыңыздар!







Физика әні: «Ана туралы жыр» әніне 7-«Ә» сынып оқушысы Жақып Жазира

Әлемді тартылыс

Күшін сен сыйладың

Ауырлық, үйкеліс

Сыйладың сен маған

Тұрақты сандарды

Ом менен Ньютонның

Әр түрлі заңдарын

Электр қуатын сыйладың сен маған

Жасанды көз нұрын сыйладың сен маған

Сенсіз бұл өмірде жүруде жоқ маған


Көрініс: 7-сыныптардың орындауында «Компьютерлік вирус» көрінісін тамашалаңыздар

І- жүргізуші: Асылбек

Кешіміз жалғасады тағаттасақ

Шыңымыз биік болар, білім қусақ

Өмір деген өнермен үйлеспей ме? дей келе Аралбай Ақсезімнің орындауында «Информатика әлемі» атты әнің қабыл алыңыздар!


Көрініс

Дастан саяхатшы: Мен саяхатшымын көп саяхаттадым, сусыз, көлсіз шөлдерден өттім. Көп күндер мен түндер бойы дамыл таппадым. Зерттелмеген аралды іздеп жүрмін, міне сол сапармен жүріп Ынтымақ елдімекеніне жеттім. Ынтымақ елдімекені керемет екен, адамдары мейірімді, қонақжайлы екен. Бұл елдімекеннің адамдары маған №54 жалпы орта мектебіне соғып сол мектептің оқушыларымен кездесіп кетуімді сұрады.


І- жүргізуші: Асылбек Қайырлы күн! Құрметті саяхатшы. Бұл залда осы мектептің барлық оқушылары жиналды. Біздің арамызда физика және информатика пәндерінің ашылу салтанатты жиын өтіп жатыр. Осы залдан физика және информатика пәндерін өте жақсы оқитын, ең үздік ,ең білімді оқушыны анықтағалы отырмыз. Мүмкін сондай оқушыны табуға сіз көмектесетін шығарсыз?


Дастан саяхатшы: Әрине көмектесемін, мен жолда көп нәрсе көрдім, көп адамға көмектестім. Сендерге де көмектесемін. Әй менің көмекшілерім! Менің сиқырлы сандығымды әкеліңдер! (сандықты көтеріп екі оқушы келеді)


-Қане сиқырлы сөздерімді есіме түсірейін (қолына сиқырлы таяғын алады, сиқырлы сөзін айтады, сандықтың оқушы шығады)


Ақжол оқушы: Маған не болған, қайда тап болдым?


ІІ- жүргізуші Ақсезім: Сіз біздің мерекемізге тап болдыңыз. Біз жаратылыстану математика пәндерін үздік оқитын, көп білетін оқушыны анықтамақпыз. Әрине сіз сиқырлықпен біздің ортамызға тап болсаңыз, мен сізге бірінші сұрағымды қояйын: Компьютер деген не?


Оқушы жауап береді: Қай компьютерді қол компьютері ноутбук болса ол шағын, үй компьютері ол дербес компьютер болады ғой.


Саяхатшы: Сұрақтың жауабын тексеріп көрейін. Мұндайды білмеу ұят қой. Ой мына сұрақтың жауабын естіген компьютер ұяттан қып қызыл болып кетті ау!


І- жүргізуші Асылбек: Біздің құрметті қонағымыз сұрақтың жауабын білмесе мүмкін оқушылар сендер жауап берерсіңдер. (Жұмбақтар жасырамыз)


ІІ- жүргізуші:

Ойын ойнаған тозар,

                       Асық ойнаған азар.

                       Бәрінен де әзіл айтып,

                       КТК ойнаған озар-деп әзілдей келе ортаға 2016 жылдың КТК ойындарының бас жүлдесін жеңіп алған «Шымсити» тобын шақырайық.

Ән:.........................................................................................................................................


І- жүргізуші: Құрметті оқушылар сіздердің білімдеріңді кеңейту мақсатында сиқырлы саяхатшымен бірге зерттелмеген аралға саяхат жасауға шақырамыз, ол саяхат 1 наурыз бен 11 наурыз аралығында жоспар бойынша жүзеге асып он күн жүреді. Сол он күнде физика және информатика пәндері бойынша ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар жүреді.


І- жүргізуші: Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік! Елбасымыз «ХХІ  ғасыр – білім мен ғылым ғасыры» деп атаған. Физика- ғылымдар патшасы, информатика- ақпараттар ғылымы. Яғни оған бүгінгі күнде көзіміз жетіп отыр, күннен күнге ғылым  мен техника өрлеп дамып келе жатыр. 50 елдің қатарына қосылу үшін әрбір жас өз үлесін қосу керек. Биыл тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы. 25 жыл ішінде  біз көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Бүгінгі кешті мен «Білімсіз –адам, тұзсыз тағаммен тең» деп аяқтағым кеп отыр. Барлығымыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып  жұмыс жасайық. Білімді және Белсенді болыңдар!


ІІ- жүргізуші: Олай болса өз өнерлерін көрсеткен барлық оқушыларымызды ортаға шақырып соңғы сөз кезегін берейік. Ал енді құрметті қонақтар, ерекше бата берейік.

  • F1 әрқашан көмекке келе берсін, F2 пәле жаладан сақтай берсін, CTRL, ALT , DELETE ұнемі жар болып қолдай берсі, ENTER


Қорытынды. Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнінің әуенімен орындалады.
Біз жастары жаңа ғасыр дәуірдің
Білім берген ұста деген қауымның
Бойға жинап қайрат, жігер, намысты
Бағындырып ИФ әлемін, ғарышты

Қайырмасы:
Біз 54тың ұланымыз
Бар екпінмен самға алға, тек қана алға
Жаңа, жаңа асуларға, ғаламға
Білім алып жалпы орта мектепте
Бар білімді болашаққа арнаймыз

Қайырмасы:
Желбіретіп, татулық пен достықты
Жеңіс туын биік ұстап самғаймыз.


І- жүргізуші: Қорытынды сөз кезегін мектебіміздің әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Таукебайқызына беріледі.


ІІ- жүргізуші: Осымен физика және информатика пәндері он күндігі ашық деп жариялаймыз. Назар салып тыңдағандарыңызға көп көп рахмет!





































І – сұрақтар.
1. Атомның құрылысын ашқан кім? (Резерфорд )
2. Компьютердің ауруы........? ( Вирус )
3. Үш сызықтан пайда болған фигура? ( Үшбұрыш )
4. «Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда нені білдіреді? ( Есептеуіш )
5. “Эврика” - кімнің сөзі? ( Архимед )
6. Кері санның көбейтіндісі? ( 1 )
7. Көз бен монитордың ара қашықтығы неше см болуы тиіс? ( 60 - 70 см)
8. Электр заряды жоқ бөлшектер? ( нейтрон )
9. 45 минут сағаттың қандай бөлігі? (
¾ бөлігі )
10. Ең үлкен хорда? ( диаметр )

ІІ - сұрақтар.
1. Алғашқы әйел ғарышкер? (Валентина Терешкова)
2. Қандай санның бір ғана квадрат түбірі бар? (нөл)
3. “Ақпарат” сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
(түсіндіру, баяндау )
4. Күннің энергиясы Жерге қандай жолмен беріледі? (сәуле шығару)
5. Обсерватория деген не? (аспан жұлдыздарын бақылайтын орын)
6. Ең алғашқы әйел математик? (Софья Ковалевская )
7. Екі қатынастың теңдігі? (пропорция )
8. Компьютердің теледидары? (монитор )
9. Компьютердің ең басты бөлігі, миы?
(процессор)
10. Барлық екі таңбалы сандарда 5 цифры неше рет кездеседі? (18 рет)



























Жұмбақтар
Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар
 көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын (тышқан – мышка – mouse)

  1. Қанша тетік тізілген
    Саусағыңды сезінген
    Барлық сенің ойыңды
    Компьютерге енгізген (пернетақта – клавиатура –
     keyboard)

  2. Компьютермен енеді,
    Қағазға басып береді. (басып шығарғыш – принтер – printer )

  3. Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер – курсор – mouse pointer)

  1. Өзі темір, жаны жоқ.
    Ақпаратты сақтап таратқан,
    Жұртты өзіне қаратқан. (компьютер – компьютер – computer)

  2. Барлық сурет, мәтінді
    Компьютерге енгізген
    Керек емес жерін де
    Компьютерден өшірген
      (мәтіналғы – сканер – scanner)

Жердің жүзін шарлайсың
Онсыз еш жерге бармайсың
Көлікпен де, жаяу да
Саралайсың, таңдайсың.(Жол)
2) Көп болса алыстайсың
мезетпен қашықтайсың
Асықсаң аз болады
Табасың мұны қайсысың?(Уақыт)
3) Бірдей көлемдегі масса, кейде
Аз да кейде көп
Делінеді бұл шама
Аталуын тапшы тек.(Тығыздық)
4) Жылдамдықты өзгертеді
Қозғалысты тездетеді
Қарсы шықса қозғалысқа
Тоқтарына көз жетеді.(Күш)
1) Күш көбейсе артады
Ауадан артқа тартады
Жүзі жұқа үшкір зат
Одан бірақ қорқады.(Қысым)
2) Сипаттайды жұмысты
Тындырады көп істі
Ол көп болса ширақсың
Кімдер әлсіз, кім күшті?(Қуат)
3) Көтерілсе жоғары
Ерітеді мұхит
Төмен түссе шамала
Сездірер суық ызғарын(Температура)





Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.

Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады


Өзі темір, жаны жоқ.
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан.

Барлық сурет, мәтінді
Компьютерге енгізген
Керек емес жерін де
Компьютерден өшірген
 

 

Жердің жүзін шарлайсың
Онсыз еш жерге бармайсың
Көлікпен де, жаяу да
Саралайсың, таңдайсың.

Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар
 көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын


Көп болса алыстайсың
мезетпен қашықтайсың
Асықсаң аз болады
Табасың мұны қайсысың?

Қанша тетік тізілген
Саусағыңды сезінген
Барлық сенің ойыңды
Компьютерге енгізген

Бірдей көлемдегі масса, кейде
Аз да кейде көп
Делінеді бұл шама
Аталуын тапшы тек.

Жылдамдықты өзгертеді
Қозғалысты тездетеді
Қарсы шықса қозғалысқа
Тоқтарына көз жетеді.

Күш көбейсе артады
Ауадан артқа тартады
Жүзі жұқа үшкір зат
Одан бірақ қорқады.

Сипаттайды жұмысты
Тындырады көп істі
Ол көп болса ширақсың
Кімдер әлсіз, кім күшті?

Көтерілсе жоғары
Ерітеді мұхит
Төмен түссе шамала
Сездірер суық ызғарын
















































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!