«Физика кафесі» атты ойын
сауық кеші
I-жүргізуші:
Мінеки залда
тыныштық,
Естілмейді дыбыс
түк.
Мұны біз де
қостайық,
Кешіккендерді
тоспайық
Ғылымдардың
ғылымы,
Физикамыз
жайында
Кешімізді
бастайық.
II-жүргізуші:
Қайырлы күн құрметті
көрермен!
Сөз бастайын термелейтін
өлеңмен.
Тәрбиелі, білімді боп
әрқашан
Өс, өркенде, қанат жайып
кемелден.
I-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті
ұстаздар, қадірлі көрермендер, оқушылар! Баршаңыз да «Физика
кафесі» атты ойын-сауық кешіне қош келдіңіздер! Біздің кафеде бүгін
алғырлар, тапқырлар білімдерімен күш сынасады. Құрметті кафе
қонақтары! Өздеріңізге арнайы әзірленген столдарға жайғасыңыздар.
Өздеріңізді үйлеріңізде отырғандай еркін
сезініңіздер!
ІI-жүргізуші:
Армысыздар, қымбатты
төрешілдер.
Сайысын әрбір топтың
көрерсіздер
Таразының екі басын тең
қойып,
Сіздер де әділ баға
берерсіздер -
дей келіп сайыскерлердің
білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазымызбен танысайық: физика
кафедрасының мұғалімі, физика ғылымының болашақ магистрі Нупирова
Арайлым Маратқызы.
І-жүргізуші: Ал, қазір ойын шартымен
таныстырып өтейік. Жалпы физика кафесінің ас мәзірінде салаттар,
бірінші тағам, екінші тағам және сусындар
бар.
ІІ-жүргізуші: Құрметті кафе қонақтары! Біз
сіздерге кафенің аспаздары әзірлеген сұрақтар соусынан тұратын
«Физикалық ералаш» салатын ұсынамыз. Бұл салат сіздердің
бойларыңызға жағымды сіңуі үшін командаларға кезектесіп сұрақтар
қойылады. Егер бір команда сұраққа дұрыс жауап бере алмаса, онда
басқа команда жауап беру құқығына ие болады. Дұрыс жауап 1 балмен
есептелінеді.
Ас
мәзірі
-
Салаттар
-
«Физикалық ералаш» (логикалық
сұрақ)
-
«Физикалық қуғын»
(жұмбақ)
-
«Физикалық винегрет»
(есеп)
-
Бірінші
тағам
-
«Физикалық кеспе» (сөз
құрастыру)
-
«Тұшпара» (балама
тест (иә/жоқ))
-
«Манты» (сәйкестікті
тағайында)
-
Екінші
тағам
-
«Физикалық палау»
(сұрақтар)
-
«Лагман» (тәжірибе
көрсету)
-
«Котлет» (қимыл қозғалыс
арқылы жағдаяттан шығу)
-
Сусындар
-
«Физикалық коктейль» (жұмбақ,
физикалық мағынасын ашу)
-
«Шай» (сұрақ, анықтама, өлшем
бірлік)
-
«Айран» (ғалымдар, қандай заң
ашқаны)
-
Салаттар:
1. «Физикалық
ералаш»:
1. Қалайша жұмыртқа 3 метрге
ұшып жарылмауы мүмкін? Жауабы:
Жұмыртқаны 4 метрге
лақтырса онда алғашқы 3 метрде
жарылмайды.
2. Бір жұмыртқаны пісіру үшін
4 мин уақыт керек. 4 жұмыртқаны пісіру үшін неше мин уақыт керек?
Жауабы: 4
мин
3. Қай кезде 23+2=1 теңдігі
дұрыс болып келеді? Жауабы:
уақыт
кезінде
4. Қай кезде аспан жерден
төмен тұрады? Жауабы: Сәулесін судан
көргенде
5. Кеседегі судың бәрін ішіп
қойсақ, ішінде не қалады? Жауабы:
ауа
6. Тауға мінеді, таудан
түседі, бірақ бір орында тұрады. Бұл не?
Жауабы: жол
7. Көзіңмен көресің, бірақ
қолыңмен ұстай алмайсың? Жауабы:
көлеңке
8. Бақтиярдың 4 ұлы, олардың
әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақтиярдың неше баласы бар?
Жауабы: 5
баласы
9. Үстелде 4 бұрыш бар. Бір
бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
Жауабы: 5
2. «Физикалық
қуғын»:
1. Аса қажет өмірге халық
үшін,
Пайдаланам күн сайын жарық
үшін.
(электр
тогы)
2. Бар жоғын
білмейсің,
Онсыз өмір
сүрмейсің.
(ауа -
диэлектрик)
3. Күндіз қасыңнан
қалмайды,
Бірақ, ешкім ұстап
алмайды.
Қорқақ
па?
Қараңғыға
бармайды.
(көлеңке)
3. «Физикалық винегрет»
(есеп):
1. Өткізгіштің 0,4А ток күші
өткенде, өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 8В болады.
Өткізгіштің кедергісі неге тең? Шешуі:
2. 10 м тереңдіктегі судың
қысымын табыңдар (ρ=1000
кг/м3, g=9,8
м/с2).
Шешуі:
3. Тыныштық күйден 0,2
м/с2 үдеумен қозғала бастаған
автомобиль қанша уақыт ішінде 10 м жол жүреді?
Шешуі:
II. Бірінші
тағам:
1. «Физикалық кеспе» (сөз
құрастыру):
Электродинамика
сөзінен физикаға қатысты
сөздер құрастыру.
Жауабы: электр, динамика,
электрик, электрон, атом, ом, анод, катод, ион, иондар, дене, метр,
динамометр, т.б.
2. «Тұшпара» (балама
тест):
-
Заттың үш күйі бар.
(иә)
-
Температураны өлшейтін құрал –
динамометр. (жоқ)
-
Желді күні асфальт беті тез
кебеді. (иә)
-
Күштің өлшем бірлігі - Джоуль.
(жоқ)
-
Мылтық жылу қозғалтқышына
жатады. (жоқ)
-
Мұз ерісе энергия шығарылады.
(жоқ)
-
Массаның өлшем бірлігі –
килограмм. (иә)
-
Молекула – заттың ең үлкен
бөлшегі. (жоқ)
-
Мұз судың ішінде
жүзеді. (иә)
3. «Манты» (сәйкестікті
тағайында):
-
Физикалық
шама
|
Формулалар
|
Өлшем
бірлігі
|
Уақыт
|
|
с
|
Жылдамдық
|
|
м/с
|
Жылу
мөлшері
|
|
Дж
|
Күш
|
|
Н
|
Көлем
|
|
м3
|
Аудан
|
|
м2
|
Ток
күші
|
|
А
|
Жол
|
|
м
|
Тығыздық
|
|
кг/м3
|
III. Екінші
тағам:
1. «Физикалық палау»
(сұрақтар):
1. «Физика» гректің қандай
сөзінен алынған, мағынасы. Жауабы:
фюзис –
табиғат
2. Дүниенің бірінші ұстазы
кім? Жауабы: Аристотель
3. И.Ньютонның тартылыс заңын
ашуына не себеп болды? Жауабы:
алма
4. Сұйықтың тығыздығын немен
өлшейміз? Жауабы: ареометр
5. Ет, балық, банкілерді
тұздау қандай құбылысқа негізделген?
Жауабы: диффузия
6. Атмосфералық қысымды немен
өлшейді? Жауабы: барометр
7. Автобус кілт тоқтағанда
қандай қозғалысқа түсесің? Неге?
Жауабы: еңкейеміз, инерция
құбылысына байланысты
8. «Электрон» сөзі қай елдікі,
мағынасы? Жауабы: грек
–янтарь
9. Сұйықтың бетінде болатын
булану құбылысы? Жауабы: Кебу
2. «Лағман» (тәжірибе
түсіндіру):
1. Пластмассалық баклашканы
бір жағынан бірдей етіп 3 жерден тесеміз де тесіктерді шырпымен
бітеп қоямыз да ішіне су құямыз. Шырпыларды алып тастағанда су
тесіктерден әр түрлі қашықтыққа ағады.
Неліктен?
Жауабы: Сұйықтардың әр түрлі
деңгейдегі қысымдары әр түрлі болады, тереңдеген сайын қысым
артады.
2. Суы бар стакан, мұз
кесектері, жіп, тұз. Осы заттарды пайдаланып, мұзды стаканнан алу
керек. Мұзды қалай аламыз?
Жауабы: Суға тұз саламыз. Тұздың
әсерінен мұз ериді де, жіп мұзға кіріп, лезде салқындап жабысып
қалады (кристалдану, балқу). Жіпті тартып, мұзды
аламыз.
3. Жұмыртқаны ауызы жіңішке
бөтелкеге қалай саламыз
3. «Котлет» (қимыл қозғалыс
арқылы жағдаяттан шығу):
Әрбір үстелден бір оқушы
шығып, ол бір сөз жазылып қойылған карточканы таңдайды. Карточкада
жазылған сөзді өз үстеліндегі адамдарына қимыл қозғалыс арқылы
түсіндіру керек. Үстелдегі адамдар оны табуы
шарт. мензурка, таразы,
сызғыш, сағат
IV.
Сусындар:
1. «Физикалық коктейль»
(жұмбақ, физикалық мағынасын
ашу):
1. Алтын теңге
кетеді,
Күміс теңге
келеді?
(Күн мен ай, табиғи
жарық)
1. Табаныма
байладым
Қос аяқпен
айдадым.
(Шаңғы – сырғанау, үйкеліс
күші)
2. Жылдың төрт
мезгілінде
Мазасызданады ол
неге?
(Жел – суық ауа мен ыстық
ауаның алмасуы.
Диффузия)
3. Отқа жанбас, суға
батпас.
(Мұз – заттың қатты
күйі)
2. «Шай» (сұрақ, анықтама,
өлшем бірлік):
1. Қысымның анықтамасы,
формуласы, өлшем бірлігі?
Жауабы: Қысым – бұл бетке
түсірілген күштің сол бетінің ауданына қатынасына тең физикалық
шама: .
Мұндағы: –
қысым, – қысым
күші, – аудан. Өлшем бірлігі:
Паскаль.
2. Үйкеліс күші дегеніміз не?
Оның қандай түрлерін білесіңдер?
Жауабы: Бір дененің екінші бір
денің үстімен қозғалғанда пайда болатын күшті – үйкеліс күші деп
атаймыз. Түрлері: домалау; сырғанау, тыныштық
үйкелісі.
3. Ток күші дегеніміз не,
өлшем бірлігі, анықтамасы,
формуласы
Жауабы: Ток күші – өткізгіштің
көлденен қимасы арқылы бір орыннан екінші бір орынға орын
ауыстырған зарядтың сол уақыт аралығына қатынасын
айтамыз: . Өлшем бірлігі: Ампер
(А).
3. «Айран» (ғалымдар,
қандай заң ашқаны)
1. Б.з.д. 287-212 жылдары өмір
сүрген ертедегі грек ғалымы, физик және математик. Рычаг ережесін
тағайындаған, гидростатика заңын ашқан.
Жауабы: Архимед
2. 1643-1727 жылдары өмір
сүрген ағылшын физигі және математигі. Жарықтың көптеген
қасиеттерін ашып, зерттеген. Жоғары математиканың маңызды салаларын
талдап дамытқан. Ол денелер қозғалысының негізгі заңдарын және
тартылыс заңын ашқан. Жауабы:
И.Ньютон
3. 1775-1836 жылдар аралығында
өмір сүрген, алғаш «электр тогы» түсінігін физикаға енгізген
француз ғалымы? Жауабы: А.Ампер
Қорытынды.
ІІ-жүргізуші: сонымен біздің «Физика кафесі»
атты ойын-сауық кешіміз аяқталды. Әділ қазылар алқасына сөз беріп,
ойынымыздың жеңімпазы атанған топпен
танысайық.
Қонақтардың ішінен белсене
қатысқандарды атау. Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына
береміз.
Сонымен бүгінгі сайыс кешіміз
аяқталды. Келесі кездескенше сау
болыңыздар!
ІІ-жүргізуші:
Бүгінгі кеш талай шабыт
шыңдады
Кеш қызығын талай адам
тыңдады
Тәрбиелер тәлімі мол,
әсерлі
Болса егер көңілді жақын
тыңдады.
Барлық турларды қорытындылап
жеңімпаз топты анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз
беріледі.
Білім деген биік
шың
Бақытқа сені
жеткізер
Білім деген ақыл
шың
Қиындықтан
өткізер
деп сайысымызды
қорытындылаймыз.