Материалдар / Физика пәні бойынша "Физика білгірлері" атты интеллектуалды танымдық сайыс

Физика пәні бойынша "Физика білгірлері" атты интеллектуалды танымдық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәні бойынша интеллектуалды танымдық сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Наурыз 2024
183
0 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Физика білгірлері» интеллектуалды танымдық сайысы.

Сайыстың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды сайыстыра отырып, физика курсынан алған білімдерін, табиғаттағы физикалық құбылыстардың құпиясы мен сырын аша білуге әрі қолдана білуге үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ой өрістерін дамыта отырып, іскерлік, ептілік қабілеттерін қалыптастыру;

Тәрбиелік: Оқушылардың белсенділігін және логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, оларды зеректілекке, ой шапшаңдылығына, тапқырлыққа, төзімділікке және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру, сұрақ-жауап, тәжірибе жасау.

Формасы: танымдық сайыс

Көрнекілігі: интерактивтік тақта, компьютер, презентация, қобдиша, эмблема, викториналық сұрақтар, физикалық тәжірибе жасауға арналған құралдар.

Сайыстың барысы:

І. Ұйымдастыру. Ойынға қатысушыларды өз орындарына жайғастыру.

ІІ. Сайысқа қатысушының таныстыруы.

ІІІ. Әділ қазылар мүшелерімен таныстырып өтейік.

ІV. Сайыстың шарттарымен таныстыру

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар және сайысқа қатысушы топтар! Қараша айының 20-30 аралығында мектебімізде жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша апталығы өтуде. Соған орай 9-сыныптар арасында өткелі отырған «Физика білгірлері» атты шарамызға қош келдіңіздер!

Физиканың еліне

Батыл қадам жасайық,

Осылайша шабытпен,

Сайысымызды бастайық!

Сайысқа қатысушы оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Ойынға 2 топ қатысады.

Сайысқа қатысатын қатысушылармен танысайық.

  1. «Ойшылдар» тобы

  2. «Тапқырлар» тобы

Жүргізуші: Кім жеңді, кім жеңілді деп жүрмейік,

Әділ - қазы бағасына жүгінейік.

Сайысқа баға беріп, сөз айтатын,

Қазыларға төрден орын берейік – деп, әділқазы алқаларымен танысайық.

Қатысушылармен және әділқазы - алқасымен таныстық, ал енді «Физика білгірлері» атты сайысымызды бастаймыз.

Сайыстың шарттары:

  1. Таныстыру (әр топ тобын, ұранын айту);

  2. «Білгір болсаң, тауып көр» (викториналық сұрақтар);

  3. «Қызықты бестік» (ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру);

  4. «Адасқан әріптер» (сөздерді табу);

  5. «Физика біздің айналамызда» (жұмбақтар шешу);

  6. «Ғылымдар тоғысы».

1.ТАНЫСТЫРУ. (Сайысқа қатысушы екі топ өздерін таныстырады.)

1-топ: «Ойшылдар» тобы

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн ойында ойшылдықпен аламыз.

Сәлемдесуі:

Достарым ерігіп жүрме бос,

Қол ұстас, бірігіп тізе қос.

Жеңіспен мәреге барайық,

Жеңістің ұранын салайық.

2-топ: «Тапқырлар» тобы

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі:

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!


2.«БІЛГІР БОЛСАҢ, ТАУЫП КӨР» (викториналық сұрақтар).

2 топқа викториналық сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

1-топ: «Ойшылдар» тобы

1. Кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе-… (дене)

2. Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы (Қатаю, кристалдану)

3.Дененің электрленуін анықтайтын құрал (электроскоп)

4. Жылу мөлшерінің халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? (Джоуль)

5. Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? (алма)

6. Сұйықтар мен газдардың қысымы барлық жаққа бірдей жеткізеді дегенді айтқан фрацуз ғалымы (Блез Паскаль)

7.Заттың ең кішкентай бөлігі? (атом)

8. Келвин шкаласында судың қату температурасы (273 К)

9. Меншікті жану жылуының өлшем бірлігі (Дж/кг)

10.Физиканың жылу құбылыстарын зерттейтін бөлімі (термодинамика)

2-топ: «Тапқырлар» тобы

1. Сұйықтың бетінде болатын булану құбылысы (Кебу)

2. Біздің ғаламдағы жұлдыздар саны (150 миллиардтай)

3.Ток күшін өлшейтін құрал ? (Амперметр)

4. Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? (Жетіқарақшы)

5. Температураның шкаласы? (Цельсий C)

6. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ағылшын ғалымы? (Исак Ньютон)

7.Судың меншікті жылу сыйымдылығы (4200 Дж/кг-0С)

8. Физика не туралы ғылым? (табиғат)

9. Денелердің инерттілігінің өлшемі бола алатын физикалық шама (масса)

10. Әлем кеңістігіндегі барлық нәрсе не деп аталады? (материя)

Сайысымыздың келесі кезеңіне көшейік.

3.«ҚЫЗЫҚТЫ БЕСТІК» (ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру).

Бұл кезеңде оқушыларға бес ұяшық беріледі.Әр ұяшықта 10,20,30,40,50 ұпайлы сұрақтар жасырылған. Оқушы таңдаған сұраққа жауап бере алмаса қарсыластары жауап беріп ұпайды өз қоржынына алады.

1. 10 Ғалымдар – Физика табиғат туралы ғылым ретінде сөздің ғылыми мағынасын байытуда тарихта «екінші ұстаз» атанған біздің ұлы бабамыз (Әбу Насыр әл-Фараби)

2. 20 Ғалымдар - Орыс тіліне «физика» деген сөзді алғаш енгізген ұлы ғалым. (М.В.Ломоносов)

3. 30 Ғалымдар -Ғылымда эксперименттік зерттеу әдісін алғаш рет қолданған ұлы итальяндық физик және астроном? (Галилео Галилей)

4. 40 Ғалымдар - Заттар бөлінбейтін өте кішкентай бөлшектерден тұрады деп жорамалдаған грек ғалымы. (Демокрит)

5. 50 Ғалымдар - Атмосфералық қысымның ауа райына байланысты өзгеретінін алғаш байқаған қай ғалым еді. ( Э.Торричелли)

1. 10 Формула - Бұл қандай формула. (дененің тығыздығының формуласы)

2. 20 Формула бұл қандай формула. (қуаттың формуласы)

3. 30 Формула – E=mgh қандай формула. (потенциалдық энергияның формуласы)

4. 40 Формула қандай формула. (үйкеліс күші)

5. 50 Формула - қандай формула. (тербеліс периоды)

1. 10 Өлшем бірлік - Келвин қандай физикалық шаманың өлшем бірлігі. (температура)

2. 20 Өлшем бірлік – Ампер қандай шаманың өлшем бірлігі. (ток күші)

3. 30 Өлшем бірлік - Джоуль қандай физикалық шаманың өлшем бірлігі (энергия)

4. 40 Өлшем бірлік – қандай физикалық шаманың өлшем бірлігі (үдеу)

5. 50 Өлшем бірлік – Паскаль қандай физикалық шаманың өлшем бірлігі (қысым)

1. 10 Құрал-жабдықтар - дененің массасын анықтауға арналған құрал-жабдық (таразы)

2. 20 Құрал-жабдықтар - Сұйықтың көлемін өлшеуге арналған құрал-жабдық. (мензурка).

3. 30 Құрал-жабдықтар - күшті өлшейтін құрал-жабдық. (динамометр)

4. 40 Құрал-жабдықтар – Қысымды өлшейтін құрал-жабдық (манометр)

5. 50 Құрал-жабдықтар - Кернеуді өлшейтін құрал-жабдық (вольтметр)


1. 10 Заңдар – сыртқы ортамен байланыспайтын тұйықталған денелер жүйесінде механикалық энергия өзгермей сақталады, тек бір түрден екінші түрге айнала алады.(энергияның сақталу заңы)

2. 20 Заңдар - жүйеге берілген жылу жүйенің ішкі энергиясын молайтуға және сыртқы күштерге қарсы жұмыс істеуге шығындалады. (термодинамиканың бірінші заңы)

3. 30 Заңдар - қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесу күшінің олардың арақашықтығы мен зарядтарына тәуелділігінің экспериментте ашылған заңы. (Кулон заңы)

4. 40 Заңдар – тізбектің бөлігіндегі токтың күші осы бөліктегі кернеуге тура пропорционал да, кедергісіне кері пропорционал. (Ом заңы)

5. 50 Заңдар – түскен сәуле, шағылған сәуле және екі ортаны бөлетін шегараға түскен сәуле нүктесі арқылы тұрғызылған перпендикуляр жазықтықтың үстінде жатады. (жарықтың шағылу заңы)


1. 10 Құбылыстар – бір заттың бөлшектерінің екінші заттың бөлшектерінің араларына өтіп, бір-бірімен өзара араласып таралуы (диффузия)

2. 20 Құбылыстар – сұйықтар мен газ қабаттарының ағыны арқылы жылу энергиясының берілуі (конвекция)

3. 30 Құбылыстар – заттың қатты күйден сұйық күйге өтуі (балқу)

4. 40 Құбылыстар – заттың сұйық күйден қатты күйге өтуі (қатаю)

5. 50 Құбылыстар – будың сұйыққа айналу құбылысы (конденсация)

Сайысымыздың келесі кезеңіне көшейік.

4.«АДАСҚАН ӘРІПТЕР» (сөздерді табу).

Ампер, Атом, Вольт, Гравитация, Джоуль, Заряд, Инерция, Магнит, Масса, Молекула, Ньютон, Оптика, Реакция, Энергия.

Сайысымыздың келесі кезеңіне көшейік.

5.«ФИЗИКА БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА». ( жауабы бірінші сөйлемнен кейін-3 ұпай, екінші сөйлемнен кейін-2 ұпай, үшіншіден кейін-1 ұпай)

1.Ол кез-келген адамда болады, біреуде аз, біреуде көп;

Ол шама векторлық емес, скаляр шама;

Ол кімде үлкен болса, сол адам диетаға отырады;

(жауабы: масса)

2.Ол өзен секілді ағады, тек бір бағытта;

Оны кері бұруға болады, тек ертегіде ғана;

Оны сағатпен өлшейді;

(жауабы: уақыт)

3.Ол барлық дені сау адамда бар, балалар мен әйел адамдарға қарағанда, ер адамдарда көп;

Ол ауру адамдарда әлсіз болады, ол зат емес және сақталмайды;

Ол векторлық шама, ол бізге шкафты жылжыту үшін керек;

(жауабы: күш)

4.Ол үшін энергияның сақталу заңы бұзылады;

Онсыз біз аяқпен жүре де, қасықты қолымызға ұстай да алмаймыз;

Ол аз болғандықтан, тірі балықты қолымызға ұстай алмаймыз;

(жауабы: үйкеліс)

5.Көзі қырағы, жанған жарықты алыстан көреді:

Жүрегінің қуаты 2,2 Ватт, ғұмырында 40 тонна тамақ жейді;

Жердегі ең ақылды кім?

(жауабы: адам)

6.Адам организмінде бар зат;

Заттың үш күйінің біреуі;

Жерде онсыз өмір жоқ.

(жауабы: су)

Сайысымыздың келесі кезеңіне көшейік.

6.«ҒЫЛЫМДАР ТОҒЫСЫ»

Сайысымыздың келесі бөлімі «Ғылымдар тоғысы»: 5 баллдық жүйемен бағаланады.

Қызыл – биология: «Қара жәшік». Бұл жәшіктегі зат не сүрленген ет те емес, не балық та емес. (Тұздалған қияр) Қосымша қойылатын сұрақ қияр тұздау процесі қандай құбылысқа негізделген? (Диффузия)

Қоңыр - математика: Координаталар жүйесін ең алғаш енгізген адам кім? (Р.Декарт)

Сары - астрономия: Қандай металл ерте заманда «тәңірлік» деп аталды? (темір, өйткені ол метеориттерде кездеседі)

Жасыл - экология: Біз кейбір жабайы гүлдерді жұлу арқылы тек табиғатқа зиян келтіріп қана қоймаймыз, өзімізге зиянымызды тигіземіз. Неліктен? (15минуттан кейін өсімдік адам организміне зиянды улы газ бөліп шығарады. Адам оның иісінен уланады)

Көгілдір - география: Қай элемент жер қабатының атымен сәйкес келеді? (Литий, жер қабаты – литосфера, екі атау да гректің «литос» - «тас» деген мағынаны білдіреді)

Көк - физика: Неге реактивті ұшақтар тек атмосфераның жоғарғы қабатында ғана үлкен жылдамдықпен ұша алады? (Ауа тығыздығы аз болғандықтан, қозғалысқа кедергі де аз болады)

Күлгін - химия: Бұл элемент 1811 жылы ашылған. Ғалым бір ыдысты спиртте тұндырылған теңіз өсімдігінің тұнбасымен толдырады. Ал келесі ыдыста күкірт қышқылымен бірге темір болатын. Мысық секіріп, ыдыстарды құлатып жібереді. Ыдыстар сынып, ішіндегі сұйықтықтар араласып кетеді. Еденнен күлгін-көк түсті бу бұрқ етеді. Өткір иісті жылтыр кристалдар пайда болады.Пайда болған элемент және ғалымның аты? (Осылайша йод алынған болатын, грек тілінен аударғанда күлгін деген мағынаны білдіреді. Куртуа, француз)

Екі топтың ойыншыларының бағалау парағы бойынша қорытындысын шығарғанша сіздерге логикалық сұрақтар қояйын.

1)Көзбен көресің, бірақ қолмен ұстай аламайсың. Ол не? (Көлеңке)

2)Жер қай уақытта тез қозғалады: күндіз бе әлде түнде ме? (Бірдей)

3) Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? (Үш)

4)Жердің қай жерінде ең ұзақ тәулік? (Барлық жерінде бірдей (24 сағ)

5)Нені қызған кезде соқ? (Темір)

6) Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? (Жоғары)

7)Таудан түскенде автомобильдің қай дөңгелегі айналмайды? (артық дөңгелегі, запаска)

8)Нені көрсе періште жолдан таяды? (Алтын)

9) Қаранғы бөлмеде май шам және керосин лампасы тұр. Қайсысын бірінші жағу қажет. (сіріңке)

10)Отта жанбайды, суда батпайды. (Мұз)

11)Теңізде қандай тас жоқ. (құрғақ)

12)Қандай ыдысқа су құйылмайды? (Су толы ыдысқа)

13)Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? (Уақыт)

14)Ол өлі деп саналады, бірақ онсыз өмір пайда болмайды. (Ауа)

15)Кемпірқосақтың үстінгі жолағы қандай түсті? (Қызыл)

16) Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?(екі сағат)

17) Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? (егер оны мұз етіп қатырса)


Әділқазыларға сөз беріліп, сайыс жеңімпазы анықталады.

Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендеріңізге көп рақмет!

Шын сезінген көрерменге

Айтамыз біз мың рахмет! – дей келе, келесі кездескенше күн нұрлы болсын!






Р/с

Ойын шарттары

Бағалау

Ойшылдар

Тапқырлар

1

ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту)

2 ұпай



2

«Білгір болсаң, тауып көр» (викториналық сұрақтар);

Әр сұраққа 1 ұпай



3

«Қызықты бестік» (ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру)

10 ұяшық – 1 ұпай

20 ұяшық – 2 ұпай

30 ұяшық – 3 ұпай

40 ұяшық – 4 ұпай

50 ұяшық – 5 ұпай



1300 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ