400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Физика пәнін ағылшын тілінде меңгерудің тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәнін үш тілде оқытудың пайдасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Физика пәнін ағылшын тілінде меңгерудің тиімділігі


Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы ұстаз берген біліммен бағаланады. Сондықтан дамудың ең биік шыңынан көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашып, ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік береді. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Үш тілде оқыту арқылы оқушының сөздік қорын толықтыруға, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болады. Оқыту үдерісінде бағдарламаға сай оқушылар физикадан негізгі ұғымдардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде аудармасын оңай игеріп, олардың мағынасын терең түсінуге мүмкіндік алады. Бағдарламаға CLIL әдістемесі, яғни физика пәніне ағылшын тілін кіріктіре оқыту әдісі салынған.

CLIL өз мәнінде Content and Language Integrated Learning білдіреді – бұл

дегеніміз шет тілдің басқа оқу пәндерімен кіріктіріліп оқытылуын көздейді.

Жалпы білім беретін мектептерде CLIL әдістемесінің негізін келесідей

постулаттар құрайды:

− тілді білу пән мазмұнын оқып білу құралы болып табылады;

− сабақтар еліктіргіш түрде өткізіліп, оқушылар ғылыми тәжірибелерді

орындайды және түрлі эксперименттерді іске асырады;

− тіл жалпы білім беру бағдарламасына кіріктірілген;

− тілді қызықты тақырыптарды талқылауға мүмкіндік беретіндей етіп

пайдалануға үйренудің мотивациясы арта түседі;

− сабақтар тілдік ортаға енуге негізделеді;

− мәтіндерді шет ел тілінде оқу қажетті дағдылар болып табылады.

Физика пәнін ағылшын тілінде оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар, алған білімі өмірге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерілуі қажет екендігі оқушы санасына сіңіріледі. Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады. Сабақ барысында қосымша берілетін физика-техникалық терминдер сөздігі оқушының сөз қорын қалыптастыруда өз көмегін тигізеді деген сенімдеміз.

Сонымен қатар оқушы 7сыныпта тақырыптың соңында 6 сөзден жаттаса, 8сыныпта 8 сөзден , ал 9сыныпта 10 сөз жаттаса, оқушылар осы 3 жылдың ішінде барлығы 1632 сөз жаттайды.

Соның нәтижесінде 10-11 сыныпта физика пәнін толық түрде ағылшын тілінде өтуге мүмкіндік береді.

Физиканы ағылшын тілінде оқыту үрдісінде оқушылардың әр тоқсандағы алған білімінің нәтижесін қадағалау мақсатында уақыт қорынан әр тоқсанда 1 сағат бөліп, оқушылардың терминдерді меңгеру мүмкіндігін тексеруді ұсынамын.

Физика пәнін ағылшын тілінде оқытуға көшудің қадамдары:

  • Теория (қазақ тілінде)

  • Есеп (ағылшын тілінде)

  • Сөздік ( терминдерді қазақ тіліне / ағылшын тіліне аудару)

  • Экспермиенттік тапсырма (ағылшын тілінде)

  • Тест ( ағылшын тілінде)

Кіріктіре оқыту барысында ойлаудың жаңа деңгейі яғни кең арналы,

кіріктірілген ойлау қалыптасады. Мұндай ойлауда бір пән арқылы ғана

қалыптасатын ойлаудың тар шеңберінен тысқары шығатын, пәнаралық

байланыс аясын кеңейтетін, оқу материалдарын қайталаудан сақтайтын деңгей пайда болады. Соның барысында оқушылардың ойлау әрекеті белсендіріліп, алатын ақпараттың аясы кеңи түседі, сөйтіп, оқушының оқып, білім алсам деген мотивациясы тереңдей түседі. Кіріктіре оқыту, түптеп келгенде, білім беру үдерісіндегі оқушы мен мұғалімнің өзара дидактикалық қатынасында жаңа психологиялық жайлы қатынас қалыптасады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
907
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі