Материалдар / Физика пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Физика пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалан

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеу жұмыстарында түрлі эксперементтік тәжірбиелер жасалынады, есептеулер жүргізіледі. Заңдылықтарды тұжырымдау барысында зертханалық жұмыстар жасалынып, дәлелдемелер келтірілді. Міне осындай жұмыстарға негізделген зертханалық оқу құралы Xplorer GLX –ті 2006 жылдан бастап PASCO scientific компаниясының авторлық құқығымен қамтамасыз етілген зртханалық оқу құралы 2010-2011 оқу жылынан бастап Қаратоғай орта мектебінде физика пәнін оқытуда қолданысқа енді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
441
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе тақырыбы: «Ел ертеңі – болашақ жастардың қолында»...

О.Көшеков атындағы Атырау агарарлы техникалык колледжінің студенті Қойшыбаев Дамир Бекбулатович

Мен - Қойшыбаев Дамир,Бекбулатович 2005 жылы Атырау қаласы , Геолог елді мекенінде дүниеге келдім .

Қ. Сәтбаев атындағы орта мектепті бітіріп , Қазіргі таңда осы оқу орнының 1 вет 1 оқу тобында оқимын .Оқу тобында староста қызметін атқардым , мәдени секторымын. Еліміздің ертеңі , мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де , білгір жастардың қолында. Менде алдыңғы буын ағалардың жолын жалғастырсам деп, бос уақытымда әр түрлі хоббиларыммен айналысамын. “Елім дейтін ер болмаса, ерім дейтін ел қайдан болсын “ ,- демекші он бес жасымнан еріктілер қатарындамын .Колледжде еріктілер тобын ұйымдастырып , іс- шаалар өткіздік .Сондай - ақ “ Кітап - рухани азық “ демекші , 5- Облыстағы кітапханада кітапсүйерлер ұйымдастырушысымын . М. Мақатвевқа арналған кеш,

Тәуелсіздік күніне орай , кездесу кешін, “ Наурыз мерекесіне орай шара өткіздік . Білімімді жетілдіру мақсатында өткен айда республикалық “ Озық идеяларыммен қаруланып , санасы зерек ,замандық технологиялапды меңгерген , жан - жақты , отанымның нағыз патриоты болу жолында оқуымды жақсы аяқтап , елімнің жанашыр азаматы боламын .

Республикалық байқауға ғылыми жұмысымды қорғап , 1- дәрежелі диплом және “ Үздік ғылыми жоба “ авторы деген төсбелгі иелендім.

Елбасымыз Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр,- деп жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын ету, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек.

Кез келген мемлекеттің болашағы білімді жастар. Көзі ашық, көкірегі ояу білімді ұрпақ өз Отанын дамыту жолында аянбай тер төгеді. Cол себепті, еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев алғашқы күннен-ақ Қазақстанда білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударып, бүгінгі жастар –  болашақ Қазақстанның жарқын бейнесі екенін жеткізді.

         Егеменді еліміздің ертеңі-білімді ұрпақ қолында. Терең білім саналы тәрбие негізінде бойға сіңетіні белгілі. Ел болу — болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол жолды ұлттық тәрбие арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық. Ұлттық тәрбие — ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі. Мақсаты — ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Міндеті — мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі — ана тілі болып қалатынын негіздеу; қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеу рухында жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру; бүгінгі қазақ елінің индустриалдық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін жоғары парасатты ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу; білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету; қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру болып табылады. Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болып табылады. Қазақстанды Отаным деп таныған әр азаматтың осыған өз әлінше үлес қосуы — бұның басты шарттарының бірі.
Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек «Білімді болу деген сөз-белгісіз нәрсені ашу, қабілетіне ие болу деген сөз»,- деп әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл Фараби айтқанындай біздің білім беру қызметкерлерінің негізгі мақсаты дайын білімді меңгерген жай оқушыларды оқытып қоймай, өмірге бейім, өз айналасында белгісіз қалған әр жағдайдан жаңалық ашуға жаны құмар жаңашыл жан жақты, дамыған тұлғаларды қалыптастыру. Мұнда өте білікті оқытушылар мен ғылыми құрам шоғырланған. Әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусындауына барынша жағдай жасалған. Біздің оқу ордамыз ТМД елдері мен алыс шет елдердің ғылыми орталықтарымен тығыз шығармашылық байланыста. Оқытушылар дәрістерінде инновациялық технологиялар мен зерттеу жұмыстарының нәтижелерін, жоғарғы деңгейде оқыту әдістерін пайдаланады. Сонымен қатар, ұлттық және ірі кәсіпорындармен тығыз байланыс жасап, студенттер  тәжірибе алмасады.  Кітапхана қоры әлемдік стандарттарға сай ғылыми және оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. Университет  түлектері отандық компаниялар мен мемлекеттік қызмет саласында үлкен сұранысқа ие. Тоқыма және тамақ инженериясы жоғары мектебі 4 мамандық бойынша оқытып,  түлектер шығаруда. Олар: Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы, Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы, Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша), Азық-түлік өнімдерінің технологиясы.

Өздеріңізге белгілі халықтың әлеуметтік әлеуетін көтеруде жеңіл өнеркәсіптің игі ықпалы өлшеусіз. Бұл саланың өнімдеріне деген сұраныс та жоғары – азық-түлік тауарларынан кейінгі екінші орынды иеленеді. Сондықтан, қарапайым жұрттың қамын ойлаған ел экономикалық даму стратегиясында бірінші кезекте жеңіл және тоқыма өнеркәсібі саласын дамытуға айрықша басымдық беруге тиіс. Жеңіл өнеркәсіп - бұл көбінесе халықтың көптеп тұтынатын яғни халықтың белгілі бір киімге, іш және сырт киімдік трикотаж, аяқ киім, тігін және галантерея бұйымдарын өндіретін және де халықтың осы тауарларға деген мұқтаждығын қамтамасыз ететін салалар мен кәсіпорындарды айтуымызға болады.  
       Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты – тұрғындарды әдемі, әр алуан, ең бастысы тиімді — жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен камтамасыз ету. Жеңіл өнеркәсіп саласы азық-түлік тауарларын тұтынудан кейінгі екінші орында. Дүние жүзінде жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаратын елдердің басында Үндістан, Қытай елдері тұр. Бұл елдердің қатарына ену үшін Қазақстан Республикасы қандай шараларды жүзеге асыру керек және де қандай белестерді бағындыру қажет деген, сияқты ой қандай кәсіпорындарда болмасын көкей тесті сұрақ екендегігі мәлім. Сондай-ақ қазіргі таңда жеңіл өнеркәсіп экономикада әлі күнге дейін шешімін таппаған салалардың бірі болып есептелінеді. Осы мәселенің күрмеуін тарқату мақсатында Осындай көкей тесті мәселелердің түйінін тарқатып, шешімін табу біздің түлектердің, жастарымыздың еншісінде.
Кез келген ел өзінің болашағын білімді, өскелең ұрпағымен байланыстырады.Сол сияқты еліміздің болашағына, өркендеуіне  білімімен демеу болатын жастарды білім нәрімен сусындытып жүрген  ұстаздарымыздың елеулі еңбегін атап өтпеске болмас. 

Жеңіл және тоқыма  өнеркәсіп бұйымарына деген сұраныс пен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, елімізді  өркендетіп, мемлекетімізді көркейту – жастардың басты міндеті болып табылады.

Қазіргі таңда Қазақстан – өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет.  Тәуелсіздік жастарға жарқын болашаққа жол ашып берді. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету – білімді жастардың қолында.Жастарға патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеяларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан — 2030 " атты еңбегінің «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде: «…біздің балаларымыз бен немерелеріміз… бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» — деп, үлкен үміт артты. Болашақ жастардың қолында деген ұрандарды жиі айтып, елімізде осы мақсаттарда қолға алынып жатқан жобалар аз емес. Тек оны өз керегіне қарай пайдалану әрбір жастың құзырындағы жұмыс. Мемлекет тарапынан жасылынып жатқан бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға әрбір жастың өз ұмтылысы болуы тиіс. Өйткені, өмір, ағыны тоқтамақ емес, жастық шақтың да жарқ етіп өте шығары баршаға мәлім. Қашан да, болашағын алыстан бағамдайтын қазақ «қыстың қамын жаз ойла» демеуші ме еді… Ендеше, Қазақстанның жарқын болашағы үшін қандай да бір іс тыңдыруға міндетті екенімізді естен шығармайық!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!