Материалдар / Физика пәнінен дидактикалық материал
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Физика пәнінен дидактикалық материал

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәнінен дидактикалық материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2019
1957
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өздік жұмыс №1 10-сынып

Т апсырма 1

Суретте құздан өзенге құлап бара жатқан тас көрсетілген.

  1. Тас массасы 75 кг. Еркін түсу үдеуі 10 м/с2.

Тастың салмағын есептеңіз:

Р= ....................

  1. Тас құламай тұрып, өзен бетінен 15 м қашықтықта болған. Тастың өзен бетіне түсер мезеттегі кинетикалық энергиясын есептеңіз.

Ек=....................

  1. Тас суға түседі. Су ішінде тастың кинетикалық энергиясына не болатынын түсіндіріңіз.

Дескриптор Білім алушы:

    • тастың салмағын есептейді;

    • кинетикалық энергияны анықтайды;

    • кинетикалық энергияның өзгерісін сипаттайды.

Тапсырма 2

Массасы 850 кг зеңбірек массасы 20 кг снарядты 180 м/с жылдамдықпен ұшыра атады.

  1. Снарядтың соңғы импульсін есептеңіз.

  1. Снарядты атып жібергеннен кейінгі зеңбіректің импульсі қандай? (зеңбірек бастапқыда тыныштықта болды деп есептейміз).

  1. Зеңбіректің υ жылдамдығын табыңыз.

Дескриптор Білім алушы:

    • дененің соңғы импульсін анықтайды; - импульстің сақталу заңын қолданады;

    • дененің жылдамдығын есептейді.

Тапсырма 3

Жердің массасы Айдың массасынан 81 есе көп, ал Айдың радиусы Жердің радиусынан

3,67 есе кіші.

  1. Жердің бетіндегі еркін түсу үдеуін 9,8 м/с2 деп алып, Ай бетіндегі еркін түсу үдеуін анықтаңыз. (Жердің массасы 5,96 ∙ 1024 кг, ал Жердің радиусы 6370 км).

  1. Айдың бірінші ғарыштық жылдамдығын есептеңің.

Дескриптор Білім алушы:

    • бүкіләлемдік тартылыс заңын қолданады;

    • Ай бетіндегі еркін түсу үдеуін анықтайды;

    • бірінші ғарыштық жылдамдықты есептейді.

Тапсырма 4

Материалдық нүкте радиусы 4 м-ге тең шеңбер бойымен қозғалады. Графикте оның жылдамдығының модулінің уақытқа тәуелділік графигі берілген.

  1. Материалдық нүктенің бұрыштық жылдамдығын анықтаңыз;

  1. Айналу жиілігін анықтаңыз;

  1. ? = 3 ? уақыт мезетінде центрге тартқыш үдеу неге тең болады?

  1. ? = 2 ? ішіндегі нүктенің бұрыштық орын ауыстыруын табыңыз.


Ойлау дағдыларының деңгейлері

Тапсырма 1

Қолдану

1.1-суретте жүк көлігінің 80 секунд ішіндегі жылдамдығының өзгерісі көрсетілген.

1.1-сурет

(а) Графиктің қай бөліктерінде жүк көлігі

    1. Тұрақты жылдамдықпен қозғалады ……………………………………………

    1. Жылдамдығын арттырады ……………………………………………………..

(b) Жүк көлігінің жүрген қашықтықтарын есептеңіз:

  1. BC бөлігінде

қашықтық = ………….. м

  1. CD бөлігінде

қашықтық = ………… м

(с) D нүктесінен кейін жүк көлігі 30 секунд жүріп тоқтайды.

1.1-суретке жүк көлігінің осы бөліктегі қозғалысы үшін графикті жалғастырып сызыңыз.

(d) Жүк көлігінің жылдамдығы артқан бөлігінде, оның қандай үдеумен қозғалғанын анықтаңыз.

Дескриптор Білім алушы:

    • жүк көлігі тұрақты жылдамдықпен қозғалатын бөлікті графиктен анықтайды;

    • графиктен жүк көлігі жылдамдықты арттырған бөлікті анықтайды;

    • жүк көлігінің жүрген қашықтықтарын анықтайды; - графикті жалғастырып сызады;

    • жүк көлігінің үдеуін анықтайды.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!