Материалдар / Физика пәнінен жаңа форматтағы тапсырмалар жинағы (10 сынып)

Физика пәнінен жаңа форматтағы тапсырмалар жинағы (10 сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмекші құрал ретінде ұсынылып отырған тапсырмалар жинағы жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған бағдарлама бойынша жасалған. Жинаққа механика, сақталу заңдары, молекулалық физика, термодинамика, электр және магнит өрісі бөлімдерін қамтитын тапсырмалар енгізілген. Тапсырмалар сандық, сапалық, графиктік есептер түрінде суреттермен, сызбалармен көрнекіленіп берілген.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Астана қаласы әкімдігінің « №11 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК











Авторлық бағдарлама

Физика пәнінен жаңа форматтағы

тапсырмалар жинағы (10 сынып)











Авторы: Шакир З.Б., физика пәнінің мұғалімі















Астана, 2025



Түсініктеме


Жас мамандарға көмекші құрал ретінде ұсынылып отырған тапсырмалар жинағы жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған бағдарлама бойынша жасалған.

Жинаққа механика, сақталу заңдары, молекулалық физика, термодинамика, электр және магнит өрісі бөлімдерін қамтитын тапсырмалар енгізілген. Тапсырмалар сандық, сапалық, графиктік есептер түрінде суреттермен, сызбалармен көрнекіленіп берілген.

Есептер оқушылардың теориялық білімдерін практикада қаншалықты қолдана алатындықтарын бағалауға арналып ойластырылған. Бұл тапсырмаларды орындау үшін теория жақсы меңгерілген болуы керек, яғни, есепке қажетті формула таңдау теорияны білгенде ғана есеп шешімін дұрыс жолға бастайтынын есте сақтау қажет.

Тапсырмаларды орындау есептің берілгенін мұқият оқып, суреттердің әр деталіне көңіл бөліп, талдауды қажет етеді. Есептің берілгенін талдау барысында, онда не сұралып тұрғанын, нақты анықтап алған жөн.Көптеген есептер сызбаны қажет етеді, оқушылар сызба салудан қиналатын болғандықтан, екінші жағынан үлгі ретінде, кейбір есептердің сызбасы салынған. Сызба дұрыс салынғанда есеп мағынасы дұрыс түсініледі және дұрыс шешілуіне көмек болады.

Жинақты жасай отырып, білім алушыларға пайдасы тиіп жатса, білім жүйесіне қосқан азғантай болса да үлесіміз деп білеміз.



















Овал 41 Овал 42

1-тоқсан.

Кинематика негіздері.

1. Жүйелік пен кездейсоқ қателіктерді ажыратып жаз:

а) өлшеудің дұрыс емес әдістерін таңдау;

ә) электр өлшеу кезінде желідегі кернеу өзгерісі;

б) өлшеу құралының бұзылғандығы;

в) тығыздықты анықтау кезінде заттың біртексіздігі;

(жауабы: жүйелік-а,б; кездейсоқ-ә,в)

2. Ұзындығы 50см, бөлік құны 1мм сызғыш берілген. Сызғыштың абсолют қателігі (құралдың қателігі) 1мм. Есептеудің абсолют қателігі бөлік құнының жартысына тең. Өлшеудің абсолют қателігін табу қажет. (жауабы: 1,5мм)

3. Микрометрді пайдаланып, қағаз қалыңдығын өлшеңдер. Бөлігінің құны 0,01мм. Есептеудің абсолют қателігі бөлік құнының жартысына тең. Микрометрдің абсолют және салыстырмалы қателігінің шегін табыңдар.

4. X=10+3t-t2 теңдеуімен қозғалған дененің қозғалыс теңдеуі берілген. Жауаптар арасынан осы қозғалыстың жылдамдығын сипаттайтын теңдеуді анықта:

1)v=3-t 2) V=3+t 3) V=3-2t 4) V=3+2t (жауабы: 3)

5. Үдеуі а=1м/c2,бастапқы орны х0=4м, бастапқы жылдамдығы V0=-1м/с болатын қозғалыстың теңдеуін жаз, графигін сал.

6. Қозғалыстағы дененің ?(t) теңдеуі берілген: V=2+2 t.

А) Дененің бастапқы жылдамдығы неге тең?

Б) Уақытқа 0-5с аралығындағы мәндерді беріп, жылдамдықтың графигін тұрғыз.

В) графиктен 4 секундтағы үдеудің мәнін тап. Г) үдеудің графигін сал

Д) Бұл қандай қозғалыс? Түсіндір.

7. Өзен 5м/с жылдамдықпен ағып жатыр. Қайықшы өзенді суретте көрсетілгендей, перпендикуляр бағытта 12м/с жылдамдықпен кесіп



өтпекшіболды. Қайықшы өзенді қандай жылдамдықпен және қандай бағытпен жүріп өтті? (жауабы: 13 м/с,22,60С)

.













8. Бала радиусы R стадионды V жылдамдықпен айналып жүгіріп жүр. Егерде бала жылдамдығын екі есе көбейтіп,айналу радиусын біріншіге қарағанда екі есе кішірейтсе, центрге тартқыш үдеуі қалай өзгереді? (жауабы: 8 есе )

9. Екі бала допты аспандата теуіп, алыс қашықтыққа жеткізуден жарысты. Бірінші бала допқа 20м/с жылдамдық бере алды және допты көкжиекке 600С бұрышпен тепті.Екінші бала допқа 15м/с жылдамдық беріп , көкжиекке 450С бұрыш жасай тепті.Қай бала допты алысқа жеткізді және қанша алысқа

жеткізді?(жауабы: бірінші бала-36,4м;екінші бала 23,3м)

10.Жүк машинасының артқы қосарланған дөңгелектерінің арасына тас қыстырылып қалды.Машина 72 км/сағ жылдамдықпен қозғалып барады. Ол тас:

1) көкжиекке қандай бұрыш жасай ұшқанда ең алысқа жетеді,ол қандай қашықтық?

2) көкжиекке 600С бұрыш жасай ұшса қандай қашықтыққа түседі?(жауабы:40м, 35,7м)

11.Мотоциклші радиусы 40м болатын дөңгелек жолға жеткенде жылдам дығы 25м/с болатын .Ол дөңгелек жолда жылдамдығын 5с ішінде 20 м/с- қа дейін азайтты.Осы уақыттағы мотоциклшінің жанама, центрге тартқыш, толық үдеуін табыңыз.(жауабы:1м/с2, 10м/с2, 10м/с2)

12.Лондондағы коньки чемпионатында конькишілер бірнеше қатарға тұрып старт алды. Сыртқы шеңбердің радиусы 40м , ал ішкісінің радиусы 35м. Сыртқы шеңбердегі конькиші мен ішкі шеңбердегі конькишінің центрге тартқыш үдеулері бірдей 6м/с2 болса және мәреден бірдей өтсе, әрқайсысы қандай жылдамдықпен өтеді?(жауабы:15,5м/с; 14,5м/с )

13.Бала биіктігі 3 м үй төбесіне добын көқжиекке 600 бұрыш жасай қандай жылдамдық беріп лақтырса жеткізе алады ? Доп төбеге дейін қанша уақыт ұшады.? (жауабы:9 м/с,0,78 с ұшады)

14.Әскери ұшақ ішіндегі снарядтың жылдамдығы Жермен салыстырғанда v-ға тең. Ұшақтың ұшу бағытымен атылған снаряд u жылдамдықпен ұшады.Атылғаннан кейінгі снарядтың Жермен салыстырғандағы жылдамдығы қандай?Ұшақ бағытына кері бағытпен атылса ше ?(жауабы: v+u,v-u)

15.Ұшақ батысқа қарай 630 км/сағ жылдамдықпен соғып тұрған желге қарсы ұшып ,баратын жеріне 1,8 сағат кешігіп жетті, екі пункттің арасы 950 км болатын.Соққан желдің жылдамдығы қандай ?(жауабы: 103 км/сағ)



Динамика негіздері.

1)Жердегі сулардың көтерілуі әсерінен тәулік ұзақтығы Δt=100 жыл ішінде ΔT=0,001 с-ке артады .Жердің массасы 6*1024,ал радиусы 6,4 *106м біртекті шар деп есептеп,судың көтерілу күшінің моментін табу керек

2) Массасы 5 кг денеге суретте көрсетілгендей 3 күш түсіріледі.

1. Тең әрекетті күш неге тең?

2. Дене қандай үдеу алады? (жауабы:: (91,2 Н,18,2м/с2)

3Группа 26 ) Массасы 3 кг дене массасы 1,2 кг денемен суреттегідей жапсарластыра қойылған. Бұл денелерге 10,5 Н күш түсіп тұр.

F a



1. Денелер қандай үдеу алады?

2. 1-ші денеге қандай күш түсіп тұр?

3. 2-ші денеге қандай күш түсіп тұр?

(жауабы: 2,5м/с2, 3Н, 7,5Н)

4) Массасы 4 кг жүк жіпке ілінген. Жүктің астыңғы жағы қатаңдығы 900 Н/м болатын серіппемен жерге бекітілген. Жіптің керілу күші 15 Н. Жіпті үзіп жіберген жағдайда серіппе қаншаға (х) деформацияланады? (жауабы: 0,027 м)





5) Көлбеу жазықтықтан екі өлшемі бірдей шарларды сырғанатпай домалату арқылы қайсысының қуыс екенін табу керек. Шарлардың массалары бірдей. Жылдамдықтары бірдей болғанда:

1. Олардың ілгерілемелі қозғалысының кинетикалық энергиялары бірдей ме?

2. Олардың айналмалы қозғалысының кинетикалық энергиялары бірдей ме?

Тұтас шардың инерция моменті

Қ уыс шардың инерция моменті

6

(жауабы: тұтас шар бірінші түседі. 1) бірдей , 2) тұтас шардікі аз)



6) Көлдің астындағы массасы m=1 кг тас жер центріне қандай күшпен тартылады? Жердің тығыздығын барлық жерде біркелкі және ?=5515 кг/м3 тең болатын шар деп аламыз. Жер радиусы r=6,4х106 м.Жер центріне жақындаған сайын күш қалай өзгереді?

7) Шеңбер бойымен айналып жүрген жердің жасанды серігінің ауа қабатының кедергісінің әсерінен айналу орбитасының радиусы кішірейіп, Жерге қарай жақындайды. Оның жер бетінен 1200 км қашықтықтағы жылдамдығы неге тең? Жер массасы 6,4х1024 кг

8) Ұзындығы 1м стерженнің екі басына суреттегідей массалары m1= m2=300г екі шар бекітілген . Массалар центрінен( О нүктесінен) d= 10 см қашықтықтағы нүктеден шарларды айналдырады. Штейнер теоремасын пайдаланып шарлардың инерция моментін анықтаңыз.(жауабы: 0,156кг*м2)







9)Жерден қандай биіктікте еркін түсу үдеуі 0,5 м/с2 –ке тең.Жер радиусы r=6,4х106 м, жердегі еркін түсу үдеуі ?=9,8 м/с.( жауап 2,2*107м)

10)Бала арбашаны сүйреп , жүгіріп келеді. Оның дөңгелегі Ѵ=4c-1 жиілікпен айналады. Бала шаршаған соң жайлап жүрді, ол кезде дөңгелек Ѵ=2c-1 жиілікпен айналып отырды.Жиілік азаюына 2 мин уақыт өтсе,дөңгелектің бұрыштық үдеуі неге тең және осы уақыт ішінде дөңгелек неше рет айналды?(жауабы:Ԑ=0,1с-2; N=360)

11)Сутегі атомының электронының орбитасының радиусы r=0.5*10-8cм.

Электронның массасы m=9,1*10-31 кг. Атом ядросы арқылы өтетін осьтен айналған электронның инерция моментін табыңыз.(жауабы: 2,275*10-51кг*м2)

12)Айналып тұрған дискінің үстіне бірінші жолы 1кг жүк қойып,екінші жолы 2кг жүк қойып айналдырамыз , қай жағдайда бұрыштық үдеу көп болады.Күш моментін өзгертпей айналу осіне бірінші жолы жүкті 10см қашықтыққа, екінші жолы 20 см қашықтыққа қоямыз .Қай жағдайда бұрыштық үдеу көп болады?( жауабы:20кг,10см)

Статика.Сақталу заңдары.Сұйықтар мен газдардың механикасы.

1)Бала қабырғаға массасы 150 г допты 6м/с жылдамдықпен лақтырды.Доп қабырғадан кері ұшқанда 40 пайыз кинетикалық энергиясын жоғалтты.

а)Кері ұшқан доптың жылдамдығын;

ә)допқа және қабырғаға әсер ететін импульсті;

б)доп пен қабырға арасындағы соқтығысу уақыты 8,3 мс болғандағы допқа әсер ететін орташа күшті анықтаңыздар.(жауабы: 4,6м/с;1,6кг*м/с;192,7Н)

2)Бетінде қалқып жүрген жеңіл шары бар су құйылған, кең ыдыс түбі жіңішке түтікпен жалғастырылған .Түтік пен ыдыстың біріккен жеріне сетка қойылған. Егер түтікпен суды ағызатын болсақ , шар батып кетеді.Ал суды тоқтатсақ, ол ыдыс бетіне қайта қалқып шығады . Неге?



а) түтік пен кең ыдыстағы су жылдамдығы бірдей ме?

ә)су қысымдары ше?(жауабы : су ағып жатқанда ыдыс пен түтік біріккен жерінде су жылдамдығы артып, қысымы азаяды да шар қысымы аз жаққа тартылады. а)су жылдамдығы- кең ыдыста аз, түтікте көп, ә) су қысымы- кең ыдыста көп, түтікте аз)

3)Поездың 40 тонналық вагоны қозғалмай тұрған вагонға келіп соғылады. Соқтығысу әсерінен бастапқы кинетикалық энергиясының 32 пайызын жоғалтады да екі вагон бірге қозғалады.Екінші вагонның массасы неге тең?(жауабы: 18,8 тонна)

4)Массасы 10 кг ,ұзындығы 2 м сырықты екі адам иығына салып көтеріп барады.Бірінші адамнан 0,5м жерге, суреттегідей, массасы 100 кг жүк ілінген





а)бірінші және екінші адамға қандай күш түсіп тұр;

б)тепе -теңдік шартын жаз.(жауабы: N1=800Н, N2=300Н)

5) Шыныдан Т –тәрізді етіп жасалған түтіктің вертикаль түтігін ыдыстағы суға батырамыз. Горизонталь бөлігінен ауа үрленеді, сол кезде вертикаль түтікте су көтеріледі. Ауа 7м/с жылдамдықпен үрленсе су қанша көтеріледі?

Су тығыздығы ?= 1000кг/м3 . (жауабы: 3,22см)

6)Гүл суаратын машинаның кранынан су шлангаға h=0м биіктікте 120кПа қысыммен ,7м/с жылдамдықпен құйылып жатыр, h=2м биіктікте, шланганың ұшынан су 4м/с жылдамдықпен гүлдерге шашылып жатыр .Судың шланга ұшындағы қысымы қандай? Су тығыздығы ?= 1000кг/м3. (жауабы:116,9кПа)

7) Диаметрі 2см цилиндрлік түтікшемен метанол қозғалып, ағып келеді. Метанолдың ламинарлық ағыс кезіндегі ең үлкен жылдамдығы қандай? Метанолдың тығыздығы ?= 792кг/м3, тұтқырлық коэффициенті ?=0.611*10-3Па*с.(жауабы: 3,9*10-4м/с)

8 )Ені 2,2 м болатын тікбұрышты ыдыста 0,8 м/с жылдамдықпен бал ағып келеді.Егер Рейнольдс саны 150 болса, балдың биіктігі қандай ?

Балдың тығыздығы ?= 1420 кг/м3, тұтқырлық коэффициенті ?=10Па*с.(жауабы:47 см)

9)Қабырғалары тікбұрыш болып келген , өлшемі 50х30см ыдыста 2,5м/с жылдамдықпен бетімен толып су ағады.Рейнольдс саны неге тең? Су тығыздығы ?= 1000кг/м3, тұтқырлық коэффициенті ?=1,002*10-3Па*с (жауабы: 940)

10)Ұзындығы L, массасы 120 кг болатын біртекті емес бөрене екі шетінен жоғары қарай жіңішке арқанмен ілінді. Ауырлық центрі бірінші арқанға жақын, бөрененің L/4 бөлігінде болса ,екі арқанның керілу күшін табыңыз. (жауабы: N1=900Н, N2= 300Н )

11)Шанамен қосқандағы массасы 50кг бала шананы биіктігі 6м төбенің басына шығарып , ұзындығы 10м көлбеу жазықтықпен төмен сырғанады.Осы жолдағы үйкеліс күшінің жұмысы 500 Дж болса,төбе етегіндегі баланың жылдамдығы қандай?(жауабы: 10м/с)

12)Біртекті таяқшаның бір шетіне массасы 1,2 кг жүк ілінген. Жүк ілінген жағынан таяқшаның ұзындығының 5-тен 1 бөлігіндей қашықтыққа тіреу қойылғанда, таяқша тепе –теңдікте тұрды.Таяқшаның массасы неге тең?(жауабы: 0,8кг)





2-тоқсан

Молекулалық-кинетикалық теория негіздері

1) Идеал газ теориясына қай тұжырым сәйкес келеді:

а)молекулалары арасындағы өзара әсерлесу күші бар;

ә)молекулалары шексіз аз көлем алатын;

б)соқтығысу арасында молекулалары инерциямен қозғалатын;

в)молекулалар соқтығысуы абсолют серпімді соқтығысу болып есептелетін газ; (жауабы: ә,б,в)

2)Қысымы 1,70 атм болатын газ 4,25л көлемді алып тұр.Газдың қысымын 2,40 атм –ға жеткізсек,онда көлемі қандай болар еді?(1атм=105Па)(жауабы:3л)

3)Баллонға 00С-та 625л газ сияды. Егер оның температурасын 800С-қа жеткізсек, көлемі қалай өзгереді?(жауабы:840л)

4)Газ қысымына арналған p=1/3nm0?2 формуласы молекулалық- кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі деп аталуының 3 себебін атаңыз.

5)Сынып бөлмесінің көлемі 8х6х3м, қысым 105Па, ал термометр 180С көрсетіп тұрса, бөлмедегі ауа молекуласының санын анықтаңыз.

(жауабы: 26*1026)

6)Баллондағы оттегі молекуласының массасы m0=5,1*10-26 кг, концентрациясы 4*1025м-3 және орташа квадрат жылдамдығы 488 м/с болса,

Баллон қабырғасына түсіретін қысымы қандай? (жауабы:161938Па)

7)Оттегінің температурасы қандай болғанда орташа квадрат жылдамдығы 800м/с болады?(жауабы: 821К)

8)Далада -400С аяз,үйге кіргенде термометр +270С көрсетіп тұр.Даладағы су буы молекулаларының орташа квадрат жылдамдығы мен үйдегі су буы молекулаларының орташа квадрат жылдамдығын салыстырыңыз. Қайсысы, қанша көп?(жауабы: далада 568м/с,үйде 2038м/с,үйде 3,5 есе көп ).

9)Ауа температурасы 200С, ауадағы оттегі молекуласының массасы m0=5,1*10-26 кг, ал су молекуласының массасы m0=3*10-26 кг болса , қайсысының молекуласы баяу қозғалады ?(жауабы: оттегі молекуласы 487,7м/с,су молекуласы 635,9м/с)

10)Адиабаталық процесс кезінде поршенді жоғары жылдамдықпен төмен түсіргенде бір атомды газ температурасы 2 есе артса,молекулалардың орташа кинетикалық энергиясы қаншаға тең болады.Газдың бастапқы температурасы 293К.(жауабы: 1213*10-23Дж)

11)Бір атомды газдың қысымын 3 есе арттырып, молекулаларының орташа кинетикалық энергиясын 2 есе арттырсақ, көлемі қанша есе өзгереді?(жауабы: 1,5есе азаяды)

12)Бірдей температурадағы сутегі мен оттегі атомдарының орташа кинетикалық энергиясын салыстырыңыз.



Газ заңдары.Термодинамика

1)Көмірқышқыл газы қима ауданы 5см2 түтікпен ағып келеді,қысымы 300кПа, температурасы 290К. Егер 600с уақытта түтік ауданынан 20кг газ ағып үлгерсе, газ жылдамдығы қандай?(жауабы:12м/с)

2)Аузы қатты тығындалып жабылған шыны ыдыстың ішіндегі ауа температурасы 70с, қысымы 100*103Па болса, ауаны қанша қыздырса тығын ұшып кетеді.Суық кезінде тығынды 10 Н күш жұмсап жұлып алуға болады.Тығынның көлденең қимасының ауданы 4 см2.(жауабы:700С)

3)Егер қысымы 1МПа, температурасы 400К болса,1л азотта қанша атом бар?Электрон ше?(жауабы: атом саны 8,06*1023; электрон саны 25,2*1023)

4) Температурасы 250С,қысымы 1 атм болатын ауасы бар 40 л баллонды тас байлап суға лақтырады. Баллон барып түскен судың астының температурасы 40С, қысымы 11атм болса, ендігі көлемі қандай болды?(жауабы: 3,38л)

5)Машинаның дөңгелегінің шинасы 15,20С-та 2,38*105Па қысымда болады.Егер ол қысым 4,08*105Па –ға жетсе дөңгелек жарылады. Бұл кезде температура қаншалықты жоғары болуы керек деп ойлайсың? Жауабын градуспен беріңіз. (жауабы: 2210С)

6)Суреттегі графиктерде температура өзгергенде көлем қалай өзгеретіні көрсетілген.Осы графикті пайдаланып, көлем өзгергенде қысым қалай өзгеретінін көрсететін диаграмма салыңдар.

7) Суреттегі графиктерде көлем өзгергенде қысым қалай өзгеретіні көрсетілген.Осы графикті пайдаланып, көлем өзгергенде температура қалай өзгеретінін көрсететін диаграмма салыңдар.

8)Қысым мен температура арасындағы байланысты көрсететін график берілген.Әр процеске түсініктеме беріп, 1-2;2-3;3-4;4-1;осы процестердің қайсысы изобаралық қыздыру,изотермиялық ұлғаю,изобаралық сығылуға сәйкес келетінін анықтаңыз.

9)Көлемі 0,2см3болатын күміс шар суда бірқалыпты түсіп келеді .Ол 2м төмен түскенде қанша жылу бөлініп шығады? Күміс тығыздығы 10500кг/м3.

(жауабы:3,72*10-2Дж)

10)Қысымы 1,70 атм болатын газ 4,25л көлемді алып тұр.Газдың қысымын 2,40 атм –ға жеткізсек,онда көлемі қандай болар еді?(1атм=105Па)(жауабы:3л)

11)Газды жылжымалы поршені бар ыдысқа құяды да оған 10 кДж жылу береді .Берілген жылудың 40%- ы жұмыс жасауға кетсе , қанша жылу газдың ішкі энергиясын өзгертуге кетеді?(жауабы: 6кДж)

12)Цилиндрдің поршенін бекітіп қойып,ішіндегі 2кг аргонның температурасын 200С-тан 400С-қа жылу беру арқылы көтерді. Қанша жылу мөлшері берілді?(жауабы:12,465кДж)

13) Қуаты 73,5кВт идеал жылу машинасы 273К- нен 373К-ге дейінгі аралықта жұмыс жасайды.Машинаның 1 сағаттағы қыздырғыштан алған жылуы мен суытқышқа берген жылуын есептеңдер.(жауабы: алған жылу 980*103Дж,берген жылу 716*103Дж)

14)Газ Карно циклін жасай отырып , суытқышқа қыздырғыштан алған жылу мөлшерінің n- бөлігін береді.Егер суытқыш температурасы Т болса, қыздырғыштың температурасы қандай?(жауабы: Т/ n)

15)Жылу қозғалтқышта суытқыш қандай қызмет атқарады?



Сұйық және қатты денелер

1) Көлемі 150м3, температурасы 200С мекемеде шық нүктесі 283К болса, ауаның салыстырмалы ылғалдылығын және су буының мөлшерін табу керек. (жауабы: φ=54,5% , m=1.4кг)

2)Күндіз 160С температура кезінде салыстырмалы ылғалдылық 60 %.Таңертең ерте ауа температурасы 40С-қа дейін төмендеп, шық түсті .1м3

ауадағы су буының қаншасы суға айналды? 160С- ? қ=1,36*10-3 кг/м3, 40С- ? қ=6,4*10-3 кг/м3.( жауабы: 1,76 г)

3) Егер қаныққан бу қанықпаған буға айналса массасы өзгереді ме?Қаныққан бу параметрлері идеал газ заңдарына бағына ма?(жауабы: өзгермейді,бағынбайды)

4)Судың бетінде массасы 20г су жұғатын куб жүзіп жүр.Кубтың қабырғасы а=3см. Кубтың төменгі қыры су бетінен қандай қашықтықта болады .Судың беттік керілу коэффициенті ?=0,072Н/м.(жауабы: 2,3 см)

5)Ыдыс түбінен диаметрі 0,1мм болатын тесік тесілген.Ыдыс суға толтырылған. Су ыдыс түбіне жұқпайтын болса , су төгіле қоймайтындай ең үлкен биіктік неге тең? Судың беттік керілу коэффициенті ?=0,072Н/м.(жауабы:30см)

6)Көлемі 0,25л болатын ыдысқа ішкі радиусы 1мм болатын түтікпен тамшылатып спирт толтырады . Қанша тамшы құйылғанда ыдыс толады.Спирттің беттік керілу коэффициенті ?=0,022Н/м, тығыздығы 790кг/м3. ( жауабы: 714)

7)Төменде көрсетілген тұжырымдардың барлығы қай денелерге тән-кристалға ма немесе аморф денелерге ме?

а)атомдарының орналасуында тек жуық тәртіп болады;

ә) балқу графигінде горизонталь бөлік жоқ;

б)қыздырғанда оның тұтқырлығы кемиді(.жауабы: аморф денелерге тән)

8) Төменде көрсетілген тұжырымдардың барлығы қай денелерге тән –кристалға ма немесе аморф денелерге ме?

а)механикалық беріктігінің бағытқа тәуелділігі;

ә) бөлшектерінің орналасуында алыс реттіліктің болуы;

б)иондық кристалдық құрылымы бар(.жауабы : кристалл денелерге тән)

9)Төменде көрсетілген тұжырымдардың қайсысы тек кристалл денелерге тән:

а)бөлшектері кристалдық тор түзеді;

ә)қасиеттерінің бағытқа тәуелділігі;

б)қыздырғанда тұтқырлығының кемуі;

в)белгілі балқу температурасы бар болуы;

г)атомдарының орналасуында тек жуық тәртіптің болуы;(жауабы: а,ә,в)

10)Гравитациялық эксперимент жасау кезінде массасы 72кг физик өзі және 400кг құралдарын алып биіктігі 610 м антеннаның басына шықты.Антеннаны радиусы 0,150 м болатын болат цилиндр деп есептесек ол қанша сығылды?(жауабы:0,7мм)

11)Цирк көрсетілімі кезінде канатпен жүргіш керілген ұзын сыммен жүріп келеді,сымның керілу күші 3,94*103Н.Болат сымның ұзындығы 15м, диаметрі 0,50 см болса,ол қанша ұзарады? Болат сымның серпімділік модулі Е=210*109Па.(жауабы:14,8мм)

12)Карандаштың жазатын графитінің Юнг модулі 109 Н/м2.Осы графитпен столға тықылдатып 4Н күш түсірдіңіз.Оның диаметрі 0,50мм, ұзындығы 60мм болса, ұзындығы қанша өзгереді?(жауабы:1,22мм)



3-тоқсан

  1. Арақашықтығы 2 м бірдей электр зарядтары бос кеңістікте 0,1 Н күшпен әрекеттеседі.

  1. Зарядтың шамасын есептеңіз

  2. Осы екі зарядты диэлектрлік өтімділігі сұйыққа бір-бірнен 2 м қашықтыққа орналастырады.

  3. Зарядтардың арасындағы әрекеттесу күші қалай өзгеретінін сипаттаңыз.

  4. Зарядтар диэлектрикте бір-бірінен 1 м қашықтықтан өзара 1,5*10-5 Н күшпен әрекеттеседі деп алып, сұйықтықтың диэлектрлік өтімділігін анықтаңыз.

  1. Бірінші және екінші суреттен А және В нүктелеріндегі потенциалдарды салыстырыңыз;

  2. Бірінші суреттен оң заряды бар пластина қай нүкте жағында екенін анықтаңыз.

  1. Массасы 18 мг, заряды 120 нКл тозаң біртекті электр өрісінде тұрү Пластиналар арақашықтығы 6 мм. Пластиналар арасындағы кернеу неге тең?

  1. Потенциал 1 және 2 нүктесінің қайсысында үлкен?

  1. Сыйымдылықтары 30 мкФ және 40 мкФ болатын екі конденсаторды параллель және тізбектей жалғанғанда конденсатор батареяларының сыйымдылығы қандай болады? Сызбасын салыңыз.

  2. Жер бетіндегі кернеулік 130 В/м. Жердің толық заряды неге тең. Жер радиусы 6,4*106м.


6.Диаметрі 0,1 мм сымның ұзындығы 1 м, оның меншікті кедергісі 1,75*10-8 Ом*м

  1. Көлденең қимасы неге тең?

  2. Өткізгіштің кедергісі қандай?

  3. Сымнан 2 А ток өту үшін, өткізгіш ұштарына қандай кернеу түсіру қажет?

7.Ток көзінің ЭҚК-ін және ішкі кедергісін анықтайтын сызбанұсқада тізбекке реостат қосылған. Реостаттың жылжымалы контактісінің қандай да бір қалпында амперметр 0,5 А ток күшін, ал вольтметр 4 В кернеуді көрсетті. Контактісін аздап жылжытқанда амперметр 0,9 А ток күшін, ал вольтметр 3,6 В кернеуді көрсетті. Ток көзінің ішкі кедергісі мен ЭҚК-ін табыңдар.

8.ЭҚК 24 В, ішкі кедергісі елеусіз аз ток көзіне кедергілері қосылған. Кедергілері сәйкесінше 7 Ом, 6 Ом, 4 Ом және 10 Ом төрт резистор әртүрлі әдіспен жалғанып, осы тізбекке қосылған.

І1, І2, І4 токтары тізбекте суретте көрсетілгендей ағады.

  1. Кирхгоффтың І – заңын қолданып, І1, І2, І4 токтары арасындағы байланысты жазыңыз.

  2. І1 мәнін есептеңіз.

  3. а және b нүктелері арасындағы потенциалдар айырымын анықтаңыз.

9.Электр тізбегі екі гальвани элементі мен үш резистордан тұрады.



  1. сызбадағы ток көздерінің ЭҚК бағытын көрсетіңіз;

  2. сызбада әр резистор арқылы өтетін ток бағытын көрсетіңіз;

  3. берілген электр тізбегі үшін Киргофтың І заңын жазыңыз;

  4. берілген электр тізбегі үшін Киргофтың ІІ заңын жазыңыз.



4-тоқсан

Магнит өрісі. Электромагниттік индукция заңы.



1. Суретте тұрақты магниттің күш сызықтарының бағыты көрсетілген.Қай суреттегі бағыт дұрыс .

( жауабы:2-сурет)

2. Егер магнит өрісіндегі контурге электр тогын қоссақ,

а)Контур қандай қозғалыс жасайды, ненің әсерінен?

ә)Контурге магнит өрісі тарапынан күш әсер етеді ме?

б)Энергия түрлендіруі орындала ма?(жауабы:а) айналады, күш моменті әсер етеді, ә)Ампер күші,б)электр энергиясы механикалық энергияға айналады



3. Суретте берілген шамаларды пайдаланып:

1) трансформатор түрін ата

2)U1-кернеу табудың формуласын жаз.

3)Орам саны мен кернеу арасындағы байланыс қандай?

(жауабы: 1)жоғарлатқыш, 2)u1= 3)тура пропорционал )

4.Шарғының ұзындығы 40см, қимасы 10см2, орам саны 1000-ға тең болса,

1В Э.Қ.К алу үшін шарғыдағы токты қандай жылдамдықпен өзгерту керек? (жауабы:318А/с)

5.Суретте циклотрон-ауыр зарядталған бөлшектерді үдеткіштің схемасы берілген:



1)Циклотронда зарядталған бөлшектер көзі қай цифрмен

2)дуанттар қай цифрмен

3)Генератор қай цифрмен көрсетілген(жауабы: 1)1;2)3;3)4)





6. Суреттерде берілген контурларда пайда болатын индукциялық токтар бағытын анықтап, суретте белгілеңіз.

(жауабы: а)сағат тіліне қарсы, б)сағат тілі бағытымен)



7.100 орамы бар шарғыдан өтіп жатқан магнит ағынын 5мВб-ден 0-ге дейін, 5с ішінде кеміткен кездегі Э.Қ.К –тің шамасын анықтаңдар.(жауабы:0,1В)





8.



1-сурет 2-сурет

Шағын катушкаға гальванометр жалғанған (1-сурет).

а)Магнит төмен қарай құлап, катушкаға енгенде гальванометр тілшесі:

1)Үздіксіз оңға ауытқиды

2)Үздіксіз солға ауытқиды

3)Лезде оңға ауытқиды

4)Лезде солға ауытқиды

б)2-ші суретте тұрақты магнитті алыстатқанда гальванометр көрсетуі дұрыс па ?(жауабы: 1)3;2)дұрыс емес,солға ауытқиды)



9.Индукциясы 0,3Тл біртекті магнит өрісіне жылдамдығы 106м/с протон ұшып кірді.Бөлшектің жылдамдығы магнит өрісінің индукция сызықтарына перпендикуляр бағытталған:

1) Бөлшектің қозғалу радиусын R-ді анықта;

2) Айналу периодын Т-ны есепте;

3) Егер α-бөлшек осындай жылдамдықпен ұшып кірсе, оның айналу радиусы протондікіндей бола ма, әлде өзгереді ме?( mp =1,6724*10-27кг, qp=1.6*10-19Кл)

4) электрон ұшып кірсе ше ?

(жауабы: 1)3,5*10-2м; 2)21,98*10-8с 3)2есе артады 4)азаяды)







10.Суреттегі соленоидқа оң қол ережесін қолданып:

1) 4 саусақ ненің бағытын;

2 )бас бармақ нені көрсететінін анықтап, солтүстік N және оңтүстік S полюстерді анықта,соленоидтың шартты белгісін сызып полюстерді белгілеу қажет.

(жауабы: 1)ток бағытын 2)магнит өрісінің бағытын)



11. Суретте ток күшін өлшейтін амперметрдің құрылысын ата

1 )Электрөлшегіш құралдың жұмыс істеу принципі қай заңға негізделген?

2)Ампер күші қандай шамалардан тәуелді?

(жауабы:1-катушка, 2-алюминий рама, 3-серіппелер, 4-стрелка М-тұрақты магнит, 2)Ампер күші, 3) ток күші, өткізгіш ұзындығы,магнит



12.Асинхронды қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі:

1)қай заңға негізделген?

2) а,б,в бөліктерінің құрылысын ата. (жауабы:1)электромагниттік индукция заңы;

2)«а»-статор

«б»-ротор обмоткасы

«в»-якорь )





13.Ұзындығы 1м және қимасының ауданы 10см2, орам саны 1000 болатын соленоидтың индуктивтілігі неге тең?(жауабы:12,6*10-4Гн)

14. 1) Суреттегі гальвонометрдің ауытқу себебін,оңға, солға неге ауытқығанын түсіндір.

2)көк түспен бағыт көрсетіліп салынған сызықтар нені көрсетіп тұр?

3) қара түспен бағыт көрсетіліп салынған сызықтар нені көрсетіп тұр?

4) бұл қандай ережені көрнекілейді, ережені тұжырымда(жауабы: 1)индукциялық ток пайда болады, магнит ағыны азайып , көбейгеніне байланысты ток бағыты өзгереді.

2) Тұрақты магниттің магнит өрісінің күш сызықтары

3) катушкадағы ток тудырған магнит өрісінің күш сызықтары

4) Ленц ережесі

5)индукциялық ток өзін тудырған магнит ағынының өзгерісіне қарсы әсер ететін магнит өрісін тудыратындай бағытталады)

15.Темір өзекті катушканың көлденең қимасының ауданы 20см2 , индуктивтілігі 20мГн .Ток күшінің қандай мәнінде өзектегі магнит өрісінің индукциясы 1мТл –ға тең болады,катушкадағы орамдар саны 1000. (жауабы:0,1А)



16. Суретте тұрақты ток көзіне қосылған контур көрсетілген бағыттарды пайдаланып;

1) ток көзінің оң полюсіне қай жағы қосылғанын анықта

2
)тогы бар раманың магнит моменті қалай бағытталғанын көрсет;(жауабы: 1) «2» 2) нормаль бағытымен )

17.Магнит өрісінде зарядталған бөлшек қозғалады,оған әсер ететін күш қандай?1)бөлшектер қандай траекториямен қозғалған?

2) бөлшектер магнит өрісіне қандай бағытпен кіргенде осындай траектория жасайды

3)Винттік сызық қадамын есептеу формуласын жаз.

(жауабы: 1)Лоренц күші; 2)винттік сызық 3)магнит өрісінің күш сызықтарына бұрыш жасай 4)h=Tvcosα)



18.Жолақ магнитті горизонталь орналасқан контурдың төбесінен солтүстік полюсімен тастап жібердік.Контурдан өтетін токтың бағытын мына жағдайлар үшін анықтаңдар:

1)магнит контурға жақындағанда;

2)контурдан өтіп, алыстап бара жатқанда;(жауапты сағат тілі бағытымен беріңдер).(жауабы: 1)сағат тілі бағытымен,

2)сағат тілі бағытымен)



1-сурет 2-сурет



19) Суретте берілген магнит өрісінің күш сызықтары бағытын пайдаланып

ток бағытын анықтаңыз:

а)1-суретте бізге қарай,2-суретте бізден ары.

ә) 2-суретте бізге қарай,1-суретте бізден ары.

б)1-суретте бізден ары, 2-суретте бізге қарай.

в)1-суретте бізден ары, 2-суретте бізден ары. (жауабы :б)



20.Суретте электр энегиясын механикалық энергияға айналдыратын электр қозғалтқыштың сұлбасы көрсетілген:

1)оның жұмысы қай заңға негізделген;

2) Айналдырушы күш моменті максимал болуы үшін, катушка қалай орналасуы керек;

3)Қозғалтқышты «қуаттырақ» ету, яғни айналдыру моментін арттырудың әдісін ұсыныңыз.

(жауабы: 1)Ампер күші, 2)магнит ағыны контур жазықтығына перпендикуляр болғанда;

3) Осылардың бірі: токты арттыру, орам санын арттыру,магнит өрісін күшейту, магнит өрісінде орналасқан өткізгіш ұзындығын арттыру)



21.1- суреттегі екі қатар тұрған катушканың біріншісіне( а) айнымалы электр тогын берсек, екінші(б) катушкаға қосылған гальванометр тілі ауытқиды:

1) гальванометр тілі неге ауытқиды?

2)кімнің заңына негізделген?

3)заң орындалу үшін неліктен катушкаларды өте алыс қоймау қажет?

4)Егер тұрақты ток берсек не болады?(жауабы: 1)гальванометр ток бар екендігін көрсетеді2)Фарадей заңы 3)магнит өрісі әлсірейді 4) екінші катушкада ток болмайды )



22. Қай суретте тогы бар катушканың магнит өрісінің күш сызықтарының бағыты дұрыс көрсетілген? (жауабы:№2)

23.Суреттен тұрақты магниттің оңтүстік полюсін соленоидқа жақындатқанда пайда болатын индукциялық ток бағытын анықтап, сызбада бағытты салып көрсетіңдер.(жауабы: сағат тілі бағытымен)

24 .Сол қол ережесін пайдаланып:

1) «а» суреттен Лоренц күшінің бағытын,

2) «б» суреттен Ампер күшінің бағытын,

3) «в» суреттен тұрақты магниттің солтүстік және оңтүстік полюстерін белгілеп,

4) «г» суреттен Лоренц күшінің бағытын анықтап, барлық суреттердегі күш бағыттарын салып көрсетіңдер; (жауабы: а)бізге қарай; б)бізден ары в)N-сол жағында, S-оң жағында г)бізден ары)

25.Индуктивтілігі 0,6 Гн- ға тең катушка ішіндегі ток күші 20А.Осы катушканың:1)магнит өрісінің энергиясы қандай? 2)ток күші екі есе кемитін болса өрістің энергиясы қалай өзгереді? (жауабы: 120дж, 4есе кемиді )



26.Соленоидтің индуктивтілігі қандай шамалардан тәуелді?







Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1)Балаш В.А. Задачи по физике и методы их решения. Москва, 1983. (Просвещение)

2)Кабардин О.Ф, Орлов В.А, Понамарева А.В. Факультативный курс физики. Москва, 1985. (Просвещение)

3)Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы, 1998 (Рауан) Сегізінші басылым

4)Савельев И.В.Курс общей физики..Москва, 1987 (Наука) Издание третье, том 1, 2

5)Боревский Л.Я.Курс физики для школьников и абитуриентов .Москва,2005(.Медиа Хауз), Книга 1,2.

6)Мякишев Г, Кривченков В, Буховцев Б, Сараева И.Сборник задач по элементарной физике. Москва, 1987( Наука)

7)Horner M., Halliday S. (2008). Textbooks for High School Students Studying the Sciences Physics, Grades 10-12. Free Software Foundation.

8)Sang D. (2014). Physics Coursebook. Cambridge University Press.

9)More.H. (November 22, 2019). Numerical problems on Surface Tension.

10)LibreTexts (November 29, 2020). Kinetic Molecular Theory.









26


ЖИ арқылы жасау
14 Наурыз 2025
366
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі