Физиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері
Ұзақ уақыт бойы мектепте физиканы оқытудың негізгі мақсаты оқушыларға физиканың негізі бойынша терең де берік білімді қалыптастыру болып келді. Қазіргі кезеңде белгілі бір көлемде оқушыларға физикалық білімді қалыптастыру бары- сында оларды тәрбиелеп, дамыту мақсаттары тұр. Физиканы оқыту мақсаттарының құрамы да кеңейді:оқушыларда физиканың зерттеу әдістері туралы білімді қалыптастыру, физиканы оқыту барысында мамандық таңдауға әзірлеу, оқушылардың шығар- машылық қабілеттерін дамыту деген мақсаттар соңғы кезде енді.
Орта мектептерде физиканы оқыту мақсаттарын топтап, әр топқа сәйкес оқытудың нақты мақсаттарын мына кесте арқылы көрсетуге болады:
|
Оқыту мақсаттарының
тобы |
Физиканы оқытудың нақты мақсаттары |
|
Алдынғы ұрпақтың жинаған білімі мен тәжірибесін меңгеру |
Негізгі физикалық білімдерді қалыптастыру: фактлар, ұғымдар, теориялар, заңдар, әлемнің физикалық бейнесі Физикадағы танымның әдістері туралы білімді қалыптастыру Құбылыстарды түсіндіре білу, білімді есеп шығаруда қолдана білу ебдейліктері мен эксперименталдық ебдейліктерін қалыптастыру Ғылыми дүние танымдық көзқарасты қалыптастыру |
|
Тұлғаның психикасының функцианалдық механизмін дамыту |
Есте сақтау, сөйлеу, қабылдау, елестету қабілеттерін дамыту Ойлау қабілеттерін дамыту |
|
Тұлғаның жалпы типологиялық қасиеттерін қалыптастыру |
Жапы қабілеттерін дамыту Өз бетімен еңбек ету дағдысын қалыптастыру Тұлғады адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру Бағалай білу ебдейліктерін қалыптстыру |
|
Тұлғаның жеке басының қасиеттерін дамыту |
Физикаға деген қызығушылықтарын, қабілеттерін дамыту Оқу мотивін қалыптастыру |
Физиканы оқыту мақсаттары өзара байланыста болып келеді.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту мақсаты олардың білімдерін есептер шығаруда қолдана білу икемділіктері мен дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастырубарысында жүзеге асады.
Әртүрлі кәсіп бағытындағы сынып оқушыларына физиканы оқыту мақсаттарының өз ерекшеліктері бар. Мысалы, физика- математикалық бағыттағы сынып оқушылары мектеп бітіргеннен соң физика-математикалық бағыттағы жоғары оқу орнына түседі. Сондықтан оларды танымның физикалық әдістерімен таныс- тырып, оларда зерттеушілік эксперименттік ебдейліктерді, физикалық есептер шығаруда жоғары математикалық аппаратты қолана білу
икемділіктерін қалыптастыру қажет.
Техникалық бағыттағы сынып оқушылары техникалық жоға- ры оқу орындарына оқуға түседі. Сондықтан бұл оқушыларға техника мен технологияның негізі физика екендігі жөнінде түсініктерді, конструкторлық икемділіктерді қалыптастыру болып табылады.
Биологиялық-химиялық бағыттағы сынып оқушылары өзде- рінің болашақтағы кәсіби қызметтерін медицинамен, биоло- гиямен, химия саласымен байланыстырады. Сондықтан оларда физиканы оқыту барысында физикалық, биологиялық, химиялық құбылыстар өзара байланысты екендігін, химиялық, биологиялық процестерді зерттеуде физикалық әдістердің қолданылатындығы жөнінде түсініктерінің болып, зерттеушілік, экспериментальдық икемділіктері қалыптасуы керек.
Гуманитарлық бағыттағы оқушылар, әдеттегідей, физиканы одан әрі оқымайтын болады; олардың болашақтағы кәсіби қызметтері физикамен байланысты болмайды. Сондықтан бұл оқушыларға физиканы оқыту міндетіне базалық білімдер мен икемділіктерді, физиканың жалпы адамзаттық мәдениеттің эле- менті болып табылатындығы жөнінде және физиканың дамыуы- ның қоғамның, техниканың, басқа ғылымдардың дамуымен байланысы туралы түсініктерді қалыптастырып, физика ғылымының гуманитарлық потенциалын ашып көрсету.
Жалпы білім беру мектептеріне арналған физика бойынша бағдарламаның түсініктемелік жазбасында пәнді оқыту міндеті – оқушыларға эксперименттік фактілер, түсініктер, заңдар, теория- лар, физикалық ғылымның әдістері, әлемнің қазіргі ғылыми бейнесі, техника мен технологияда физикалық заңдарды қолдану- дың кең мүмкіндіктері жөнінде білімдерді игеру қажеттілігі ретінде тұжырымдалады. Сонымен мектепте игерілуге қажетті физикалық білімдер элементтеріне фактілерді, түсініктерді, заңдарды, теорияларды, әлемнің физикалық бейнесін, техникада физикалық заңдарды қолданулар жатқызылады. Білімнің бұл элементтері әртүрлі деңгейлерде игерілуі мүмкін.
Сонымен жалпы міндетті білім берудің мемлекеттік стан- дартында көрсеткендей «Физика» пәнін оқытудың басты мақсаттары:
-
)даму үстіндегі іргелі физикалық теориялардың біртұтас жүйесі түрінде көрініс беретін әлемнің шынайы физикалық бейнесі арқылы оқушының ғылыми дүние танымын қалыптастыру;
-
)оқушыларға жеке және әлеуметтік проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін физика бойынша базалық білім жүйесін шығармашылықпен қабылдау тәсілдерін үйретудің, сондай-ақ іс- әрекет объектісіне айналып отырған болмысқа эмоционалды құндылық қатынастың әлеуметтуік тәжірибесін меңгерту негізінде
олардың өмірлік дағдыларын дамыту.
Бұл мақсаттар оқыту процесінде оқытудан күтілетін нәтижесінде елеулі саралауды, сондай-ақ физиканың типтік оқу бағдарламасында көрсетілуі тиіс көптеген қосалқы және басқа жеке мақсаттарға жетуді көздейді.
-
Физиканы оқытудың мақсаттарынан оның мынадай басты міндеттері туындайды:
-
)білімді ұжымдық және жеке дара қабылдау тәсілдерін тиянақты меңгерту негізінде оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындау, ол үшін оқу-эксперименттік зерттеулер жүргізуге және бақыланған физикалық құбылыстарды теориялық тұрғыда түсіндіруге мүмкіндік беретін ғылыми таным әдістерінің қажетті дағдыларын қалыптастыру;
-
)оқушылардың санасына табиғат пен оны танып білу туралы білімнің қисынды жүйесін қалыптастыру;
-
)оқушылардың шығармашылық қабілетін және ойын дамыту;
-
)планеталық ауқымдағы процестерге оқушылардың қаты- насы бар екенін және олардың өз іс-әрекетінің экологиялығына жеке жауапкершілігін қалыптастыру;
-
)оқушыларды бүгінгі жедел қарқынмен дамып отырған технологияландырылған қоғамда өмір сүруге бейімдеу.
Физиканы оқытудың басты міндеттері негізінде типтік оқу бағдарламасында неғұрлым нақты дидактикалық міндеттер айқындалады оның ішіндегі аса маңыздысы-оқушыларға білім алу тәсілдерін үйрету.
Физиканы оқыту мақсаттарын білім беру, тәрбиелеу және дамыту деп жүктеуге болады.
Физиканы оқытудың білімділік мақсаты:
-
Физика ғылымының негізімен, оның негізгі ұғымдарымен, заңдарымен, теориясымен таныстыру.
-
Оқушылардың санасында қоршаған әлемнің жаратылыс-тану-ғылыми көрнісін қалыптастыру.
-
Жаратылыстану-ғылыми зерттеулердің негізгі әдістеме-лерін меңгерту.
-
Политехникалық білім беру.
Физиканы оқытудың тәрбиелік мақсаты:
-
Диалектикалық-материалистік дүниетанымды қалыптастыру.
-
Оқушыларды танымдық және практикалық іс-әрекетте дұрыс методологиялық тәсіл жасауға үйрету.
-
Еңбекке, ынталылыққа және қиындақтарды жеңуде табандылыққа тәрбиелеу.
Физиканы оқытудың дамытушылық мақсаты:
1 .Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, индук- тивтік, дедуктивтік, ұқсастық бойынша ой қорытуды пайдалана білу.
2.Физика ғылымының құрылымын түсінуді қалыптастыру. 3.Физикалық теориялардың, олардың элементтерінің: ұғымдардың, модельдердің, заңдардың қолдану шекаралары туралы білімді қалыптастыру.
4.Белгілі теориялық қағидаларды, математикалық аппарат- тарды, графиктік әдістерді, анықтамалық әдебиеттерді, есептеу техникасын және т.б. пайдаланып, есептер шығара білуді дамыту.
5.Физикалық құбылыстардың жұмыс принципін, құрылысын біліп, оларды пайдалана отырып, өлшеу нәтижелерін өңдеу және өлшеулердің қателіктерін анық эксперименттен алынған шамалар бойынша қорытынды жасап, эксперименттер жүргізу икемдігін дамыту.
6. Қарапайым техникалық қабілеттілікті дамыту.
Оқытудың қарастырылған жалпы мақсаттары физиканы оқыту процесін құрудың негізі, іргетасы болады.
Оқыту үрдісінде білімді жинақтауға ғана емес, білімге ие болу икемділігін қалыптастыру көзделінеді. Осыған байланысты қазіргі мектепте мұғалім сабақта оқушылардың алдарында тұрған проблемалар мен проблемалық жағдайларды шешуде барлық іс әрекеттерін өз бетінше жоспарлап, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамытуға бағыттау керек. Оқушылардың жұмысын осы бағытта ұйымдастыра білген мұғалім -дарынды мұғалім.
Физиканы оқытуда, оқушылардың тек ғылымның негізін біліп қана қоймай, ғылыми таным әдістерін, қазіргі заманғы өндірістің, техниканың, адамға тұрмыстық қызмет көрсетудің практикалық тәсілдері мен икемділіктерін игере білуі тиісті. Осыған байланысты қазіргі мектептерде оқу әдістемелерін жетілдіруге көбірек көңіл бөле бастады, оларды әлеуметтік, ғылыми-техникалық прогреске сәйкестендіру қолға алынуда.
Физика курсында әрбір тақырып бойынша міндетті меңге- руліге тиісті білім элементтерімен қатар қосымша материалдар да бар. Олармен мұғалім таныстырып, түсіндіреді, бірақ оны оқушылардың барлығынан бірдей сұрай бермейді. Негізгі қажетті оқу материалын оқушылардың есте сақтауын талап етіп, соған жағдай жасау керек.
Физиканы мектепте оқыту әдістемесі - педагогика ғылым- дары жүйесінің бір тармағы болып саналады. Себебі, педагогика ғылымдары сияқты оның да зерттейтін ең негізгі мәселесі орта мектептегі ғылым негіздерінің бірі физиканы оқытудың іс- тәжірибесі мен теориясын қарастыру.
Физиканы оқыту әдістемесі негізінен мектеп үшін мынадай
қажетті нақты мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады:
-
Мектеп физика пәнінің әрбір басқыштарында оқытылатын оқу материалдарының (жадыхаттарының) көлемін және мазмұ- нын анықтау.
-
Оқу материалын
баяндаудың жүйелілігін
анықтау. Оқыты- латын
материалдың бірізділігі.
( оңайдан
қиынға) -
Оқушылардың оқу материалын оңай меңгеруінің тиімді әдістері мен тәсілдері және мұғалімнің әр түрлі әдістемелік түсіндіру амалдарын көрсету.
-
Бағдарламалық материалдарды оқушылардың берік игеруін қамтамасыз ететіндей физиканы оқытудың қажетті мате- риалдық-техникалық, базасын (физика кабинеті, эксперименттік және көрнекі құралдар, т.т.) анықтау.
-
Физиканы тереңдетіп оқытуға мүмкіндік туғызатындай сыныптан тыс жұмыстарды (физикалық кеш, үйірме, экскурсия, олимпиада, т.т.) ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесін көрсету.
-
Мектепте физиканы оқыту процесінде өткізілетін (ғылыми - материалистік, патриоттық, эстетикалық, этнопедагогикалық, т.с.с.) тәлім-тәрбие жұмыстарға бағыт-бағдар беру.
-
Оқушылардың экспериментік білімдері мен іскерліктерін және дағдыларын қалыптастырудың жолдарын көрсету.
Мұның бәрін жинақтап, физиканы оқыту әдістемесінің ең басты міндеттерін қысқаша мынадай сұлба түрінде өрнектеуге болады.
Физиканы оқыту әдістемесінің зерттеу нысаны, зерттеу пәні үнемі өзгеріп отырады. Себебі мектеп қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындайды. Мектептегі білім берудің мақсаты қоғамның қажеттілігіне байланысты өзгеріп отырады.
Ал білім мазмұны білім беру мақсатына тікелей байланысты. Физика курсының мазмұны физика ғылымының даму деңгейіне, оқушы- лардың психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктеріне, ақпараттық ортаның даму деңгейіне байланысты.
Физиканы оқыту әдістері, оқытуды ұйымдастыру формалары мен құралдары оқытудың мақсаты мен мазмұнына байланысты. Сонымен, оқытудың мақсаттары, мазмұны, әдістері, формалары және құралдары әдістемелік жүйені құрайды. Бұл жүйеде басты рольді педогогикалық іс-әрекеттің стратегиясын анықтайты оқытудың мақсаттары алады. Оқытудың әдістері, құралдары және формалары бір-бірімен байланыста болып, оқытудың технологиясын құрайды.
Физиканы оқытудың әдістемесі басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Бұл байланысты біз физика курысының мазмұны- нан, оны оқытудың әдістерінен көреміз. Бұл байланыс мына сұлбадан көрінеді:
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Физика сабағы

шағым қалдыра аласыз