ФИЗИКА САБАҒЫНДА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ФИЗИКА САБАҒЫНДА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ХХІ ғасыр – ақпараттық технологиясы ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім беру жүйесін дамытуда цифрлық технологияның маңызы зор, сонымен бірге қазіргі заман талабы да осы. Бүгінгі күні барлық елдер сапалы білім беру жүйесімен жұмыс жасауда, білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетстіктері негізінде жеке тұлғаны кәсіби шыңдауға, оның қалыптасуына мүмкіндік беру болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӘОЖ 372.8:53

М.Ж.Сандыбаева

72 мектеп-лицейі

Қазақстан, Астана қаласы, m.sandybay@mail.ru



ФИЗИКА САБАҒЫНДА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


ХХІ ғасыр – ақпараттық технологиясы ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім беру жүйесін дамытуда цифрлық технологияның маңызы зор, сонымен бірге қазіргі заман талабы да осы.

Бүгінгі күні барлық елдер сапалы білім беру жүйесімен жұмыс жасауда, білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетстіктері негізінде жеке тұлғаны кәсіби шыңдауға, оның қалыптасуына мүмкіндік беру болып табылады.

Заманауи білім берудің өзекті мәселесі сапалы білім беру үшін жаңдай жасау болып табылады, қазіргі оқыту мен оқыту процесінің түбегейлі айырмашылығы оқушылардың қолда бар білімдерін практикада пайдалануға дайындығын қалыптастыру.

Жаңа білім беруде – жаңа білім мен дағдыны меңгерген, шығармашылық қабілеті жоғары, дербес ізденіс нәтижесінде елеулі табысқа қол жеткізген, ойлау қабілетімен ерекшелінетін тұлғаны қалыптастыру тек, кәсіби біліктілігі жоғары, үнемі ізденіс үстіндегі, цифрлық технологияның әдіс - тәсілдерін меңгерген, интерактивті цифрлық ортада оқу процесін ұйымдастыра алатын педагогтың ғана қолынан келмек.

Физика сабағында цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланудың ерекшелігі – бұл оқушыға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзінен сын көзбен қарауына мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағында оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беруі керек. Бұл мұғалімнің шығармашылық ізденісті талап етеді.

Бүгінгі таңда оқу процесінің толық болуы үшін әр мұғалім түрлі электронды білім беру ресурстарын қолдана отырып сабақ дайындап, өткізу керек, өйткені оларды қолдану сабақты жырқын, қызықт, тиімді ете алады.

Физика сабақтарында цифрлық технологияны қолдану жұмыс түрлерін, оқушылардың іс-әрекеттерін түрлендіруге, зейінін аттыруға, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді. Диаграммаларды, кестелерді, презентацияларды құру уақытты үнемдеуге, материалды эстетикалық тұрғыдан безендіруге мүмкіндңк береді. Кроссвордтарды, иллюстрацияларды, суреттерді, ребустарды, түрлі ойын- сауық тапсырмаларын, тестілерді қолдану сабаққа қызығушылық тудырады..

Менің күнделікті жиі қолданатын «Kahoot» - бұл ойын түріндегі оқыту платформасы. «Kahoot» ақысыз және қолдануға өте қарапайым. Оны сабақтың әр кезеңінде қолдануға болады, мәселен жаңа сабақты бекіту барысында тест құрастыру арқылы, есеп шығару кезеңінде де қолдануға болады. Оқушылар телефон арқылы тіркеліп, тапсырмаларды орындауға мүмкіндік алады. Осылайша сабақ қызықты өтеді.

Сабақта цифрлық технологияны қолдану әр түрлі иллюстрациялық және ақпараттық материалдарды қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқушылардың материалдарды өздері Интернеттен және әртүрлі ақпарат ресурстарынан да таба алады. Мәселен, берілетін өзіндік жұмыстардын да, оқушыларға видео, презентацияларды құру, тест құрастыру арқылы орындап келулеріне мүмкіндік береді. Бұдан оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.






Осылайша, оқушылардың ақпараттық құзыреттілігі қалыптасады. Интерактивті тесттерді қолдану тек мұғалімнің уақытын үнемдеуге емес, оқушылардың да өз білімдерін, мүмкіндіктерін бағалай алады.

Физика – белсенді дамып келе жатқан ғылым. Соңғы бес-алты жылда оқу процесінде көптеген көп нәрсе өзгерді. Мәселен, мультимедиалық проекторлар, интерактивті тақталар жиі қолданысқа енді. Бұл оқу процесіндегі оқыту әдістерін жеңілдетті.

Дегенмен, физика сабақтарында оқушылардың іздемпаздық және логикалық ойлау қабілетін арттыруды да жүзеге асыру қажет. Сондықтан, физиканың оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігін, іс-әрекетін, ізденісін мұғалім қадағалай отырып теориялық және тәжірибелік тұрғыда дұрыс бағыт бағдар беруі тиіс. Осы орайда цифрлық технологияның көмегімен виртуалды эксперименттік зертханалық жұмыстарды жүргізудің нәтижесінде оқушылардың бойына ақпаратты құзіреттілікті қалыптастырамыз.

Цифрлық технологияны қолдану барысында оқушылардың білімін түзету және деңгейлерін саралау принциптерін жүзеге асырамын. Оқушылар стандартты білімді меңгеріп қана қоймай, жоғары деңгейге өтулеріне мүмкіндік алады.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Жексенгалиева Г.Ж. Физика сабағында АКТ-ны қолданудың тиімділігі // Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. Математика және физика. Астана. 2023ж

  2. Токбергенова У.К., Турсынбаева Д.А., Насыролла Н. Физиканы оқытуда оқушылардың түйінді құзыреттілігін қалыптастыру. ҚазҰПУ Хабаршысы, 2022ж. Алматы

  3. Алимбекова Ж.Б., Турсынбаева Д.АИнтерактивтік технологияларды оқыту үдерісіне қолданудың негізгі әдістері. Халықаралықғылыми – әдістемелік конференция,Алматы, 2021.

  4. https://bugin.kz/12499-tsifrlyq-dganha-tekhnologiya

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.05.2024
537
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі