-
-
-
№
Тақырып
Оқу мақсаттары
1
Физикалық шамалар мен өлшеулер.
Физикалық шамалар.
-
физикалық шамаларды олардың SI (халықаралық бірліктер жүйесі) жүйесіндегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіру;
2
Физикалық шамалар мен өлшеулер.
Физикалық өлшеулер.
-
үлкен және кіші сандарды жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану, санды стандартты түрде жазу);
-
дененің ұзындығын, көлемін, температурасын және уақытты өлшеу, өлшеу нәтижелерін аспаптардың қателіктерін есепке ала отырып жазу;
3
Механика. Кинематика негіздері.
-
материялық нүкте, санақ жүйесі, механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы ұғымдарының мағынасын түсіндіру, жылдамдықтарды қосу және орын ауыстыру теоремаларын қолдану;
-
түзу сызықты бірқалыпты қозғалысты және бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу;
-
қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеу;
-
дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен келесі жағдайларды анықтау:
-
дененің тыныштық күйін,
-
тұрақты жылдамдықпен қозғалысын;
-
бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдығын анықтау;
-
уақытқа тәуелділік графиктерінен орын ауыстыру, жылдамдық және үдеуді анықтау;
-
түзу сызықты тең айнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда қолдану;
-
түзу сызықты тең айнымалы қозғалыс кезіндегі координата мен орын ауыстыру теңдеулерін есептер шығаруда қолдану;
-
тең үдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстырудың және жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графиктерін тұрғызу және оларды түсіндіру;
-
еркін түсуді сипаттау үшін теңайнымалы қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолдану;
-
горизонталь лақтырылған дененің қозғалыс жылдамдығын анықтау;
-
дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттау;
-
сызықтық және бұрыштық жылдамдықты байланыстыратын өрнекті есептер шығаруда қолдану;
4
Механика. Динамика негіздері.
-
тығыздық формуласын есептер шығаруда қолдану;
-
инерция, инерттілік, инерциялық санақ жүйесі ұғымдарының мағынасын түсіндіру;
-
Ньютонның бірінші заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану;
-
Ньютонның екінші заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану;
-
Ньютонның үшінші заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану;
-
тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау;
-
ауырлық күші, серпімділік күші және үйкеліс күшінің табиғатын түсіндіру;
-
-
-
-
-
-
-
масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын ажырату;
-
серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділік графигінен қатаңдық коэффициентін анықтау;
-
Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу;
-
бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану;
-
ғарыш аппараттардың орбиталарын салыстыру;
-
бірінші ғарыштық жылдамдық формуласын есептер шығаруда қолдану;
-
үдеумен қозғалатын дененің салмағын анықтау.
5
Механика.
Сақталу заңдары.
-
механикалық жұмыс деген физикалық ұғымның мағынасын түсіндіру;
-
дене импульсі және күш импульсін ажырату;
-
импульстің сақталу заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану;
-
механикалық жұмысты аналитикалық және графиктік тәсілмен анықтау;
-
механикалық энергияның екі түрін ажырату;
-
кинетикалық энергияның формуласын есептер шығаруда қолдану;
-
жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергиясының және серпімді дененің формуласын қолдану;
-
қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;
-
механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану;
-
жұмыс пен энергияның байланысын түсіндіру;
-
энергияның сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану.
6
Механика. Статика.
-
«Механиканың алтын ережесін» тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру;
-
күш моменті ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;
-
тепе-теңдікте тұрған денелер үшін күш моменттер ережесін тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану;
-
көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффицентін тәжірибеде анықтау;
7
Механика.
Тербелістер мен толқындар.
-
еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіру;
-
эксперименттік әдіспен амплитуда, период, жиілікті анықтау;
-
формулаларды қолданып, период, жиілікті, циклдік жиілікті анықтау;
-
тербелмелі процесте энергияның сақталуы заңын сипаттау;
-
гармоникалық тербелістердің графиктері бойынша координатаның, жылдамдықтың және үдеудің теңдеулерін жаза білу;
-
маятниктер тербелісі периодының әртүрлі параметрлерге тәуелділігін зерттеу;
-
математикалық маятник периодының формуласынан еркін түсу үдеуін анықтау;
-
резонанс құбылысын сипаттау;
-
резонанстың пайда болу шарттарын атау және оның қолданылуына мысалдар келтіру;
-
толқын жылдамдығы, жиілігі мен толқын ұзындығы формулаларын есеп шығаруда қолдану;
-
көлденең және бойлық толқындарды салыстыру;
-
дыбыстың пайда болу және таралу шарттарын атау;
-
дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқынының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіру;
8
Жылулық физика. Молекулалы- кинетикалық теория негіздері.
-
заттардың молекулалық құрылысы негізінде, газдардың сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттау;
-
қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау;
-
есептер шығаруда қатты дененің қысымының формуласын қолдану;
-
сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану;
-
қатынас ыдыстардың қолданылуына мысалдар келтіру;
-
гидравликалық машиналардың жұмыс істеу принципін сипаттау;
-
гидравликалық машиналарды қолдану кезіндегі күштен ұтысты есептеу;
-
атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну;
-
манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принципін сипаттау;
-
кері итеруші күшті анықтау және оның сұйықтыққа батырылған дененің көлеміне тәуелділігін зерттеу;
-
есептер шығару кезінде Архимед заңын қолдану;
-
дененің сұйықтықта жүзу шарттарын зерттеу;
-
температураның мәндерін әртүрлі температура шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу;
-
молекула-кинетикалық теория негізінде қатты күйден сұйыққа және кері айналуды сипаттау;
-
молекулярлық-кинетикалық теория негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттау;
9
Жылулық физика. Термодинамика негіздері.
-
дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау;
-
жылу берілудің түрлерін салыстыру;
-
техникада және тұрмыста жылу берілу түрлерінің қолданылуына мысалдар келтіру;
-
жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау;
-
отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау;
-
-
-
|
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
10 |
Электр және магнетизм. Электростатика негіздері. |
|













