Физика сабағының құрылымы
Педагогикалық жүйеде әрбір сабақтың өз құрылымы болады. яғни әр сабақ белгілі бір жүйемен өзара бір бірімен байланыста болатын әр түрлі бөлімдерден, компаненттерден, элементтерден (ұйымдастыру кезеңі, түсіндіру кезеңі, тексеру кезеңі, сабақтың мақсатына жетудің әдісі мен тәсілі сияқты т.б) тұрады. Сабақ құрылымының элементтері әр түрлі құрылуы мүмкін: сабақ кезеңдері түрінде, оқу жағдаяттары ,оқу үрдісінің бөлімдері ретінде.
Физика сабағының құрылымы негізгі үш деңгейде дидактикалық деңгей, логико-психологиялық деңгей және әдістемелік деңгейде қарастырылады.
Бірдей оқу мәліметтерін қолданатын бір түрдегі немесе типтегі сабақтардың құрылымы әр түрлі болуы да ықтимал. Жалпы алғанда физика сабағының құрамы мен құрылымына балалардың сабаққа дайындығы, сыныптағы психологиялық күй ,сабақ кестесіндегі сабақтың орналасу реті, балалардың сабақ барысындағы жұмыс істеу қабілеті ықпал етеді.
Оқушылардың жаңа білімдерін қалыптастыратын сабақтың құрылымы:
С
Уй тапсырма-cын беру
Сабақта жаңа білім мен іскерлікті қолдана білу
Оқушыларда жаңа білім мен іскерлікті қалыптастыру
Оқушылардың білімдері мен іскерліктерін анықтау.
ұлба 1
![]()
![]()
1.Оқушылардың алдыңғы білімдерін , іскерліктерін анықтау - бұл оқушылардың алдыннан білетін білімдерін еске түсіру арқылы, оқушылардың бойында танымдық іс әрекеттердің қабілетін туғызып, жаңа білімді толық меңгеруіне ықпал жасауды көздейді.
2. Оқушыларда жаңа білім мен іскерлікті қалыптастыру –сабақтың басты мақсаты жаңа мәліметтерді қалыптастыру болып табылады. Жаңа білімді меңгертудің негізгі әдістемесі балаларда қалыптастыруға тиісті білімнің элементтерін, логикалық жүйелерін, оқытудағы қолданылатын әдістер мен тәсілдерін, оқыту үрдісінің сапалы деңгейде ұйымдастырылуын көздейді.
3.Сабақта жаңа білім мен іскерлікті қолдана білу – Сабақты оқыту барысында әр түрлі дидактикалық құралдарды қолдана отырып, сабақтың қай кезеңінде болсада жаңа берілген мәліметтерді қайталап, оқушылардың санасына бекітіп отыруды көздейді. Яғни бұл сабақта оқушылардың тәжірибелік іскерлікті қолданулары қалыптастырылады.
4.Үй тапсырмасын беру – физика сабағындағы негізгі компанент. Оқушылардың үйге берілген тапсырманы орындамаған жағдайда физика сабағын меңгеруінің жүзеге асуы тіптен мүмкін емес. Үй тапсырмасын оқушыларға тек сабақтың соңында беру міндетті нәрсе емес, тапсырманы сабақ басында немесе жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан кейінде беруге де болады.
Сабақтың әрбір кезеңін оқытушы әр түрлі факторларға сәйкес жоспарлы түрде ұйымдастырады.Атап айтатын болсақ: сабақтың негізгі мақсаты, оқу мәліметтерінің мазмұндылығы, оқушылардың ой-санасының дамуы мен қабылдай білу қабілеті және т.б)
Физика сабағының тиімді кезеңі ,бұл балалардың жұмыс істеу қабілеттері мен белсенділіктерінің жоғарылаған кезі, яғни ол сабақтың бастапқы 15-25 минуты болып табылады . Сол себепті оқушылардың алған білімдерін қорытындылау кезеңін 5-7 минуттан аспайтындай, фронтальды түрде сұраған тиімдірек. Сонымен қатар ауызша сұрау арқылы балалардың физикалық тілдерінің дамуына да ықпал жасай аламыз.
Жаңа оқу мәліметтерін қалыптастыру сабағының екінші құрамдас бөлігі - оқушыларда жаңа білім мен іскерлікті қалыптастыру. Бұл кезең физика сабағының маңызды кезеңі . Бұл кезеңде оқушылардың ойлау қабілетінің жоғарылығы талап етіледі.
Оқытушының жаңа мәліметтерді түсіндірудегі қолданған әдіс- тәсілдеріне байланысты балалар өз бетінше ізденуге , шығармашылық қарама- кайшылықтарды өздері шешуге тырысады.
Оқытушы ең алдымен оқушыларының қабылдауға тиісті білімдерінің элементтерін анықтап алуы тиіс. Оған факт, физикалық ұғымдар, шамалар,физикалық заңдар сонымен қатар іс әрекеттердің жүзеге асу жолдары және т.б жатады. Мұғалім жаңа білімнің элементтерін енгізу барысында, тәжірибелер, математикалық аппарат, анықтамалықтар қолданады. Оқушылардың жаңа оқу мәліметтерінің негізгі білім элементтерін айыра алуы үшін физика сабағының құрылымы нақты,белгілі бір жүйемен құрылуы керек. Жаңа оқу мәліметтерінің логикасы мен құрылымын анықтау оқытушының сабаққа деген дайындығының негізгі кезеңі болып табылады. Оқу мәліметтерінің мазмұны сұлба,кесте немесе диаграммалар арқылы берілсе онда ол оқушылардың тақырыпты тез қабылдауына септігін тигізеді және бұл мұғалімнің сабақты түсіндіру деңгейінің шеберлігін көрсетеді. Мысалы: «изопроцестер» тақырыбын сұлба түрінде
Сұлба 2
Изопроцестер
![]()
Изохоралық Шарль заңы (m=const, v=const)
Изобаралық Гей-Люссак заңы (P= const, m=const )
Изотермиялық Бойль-Марриот заңы (Т=const, m=const)
көрсетуге болады. Сабақта сұлба, кестелерді пайдалану оқушының жаңа сабақты тез қабылдауына, білім элементтерінің арасындағы логикалық байланысты көруге және есте сақтауға мүмкіндік туғызады.
Жаңа оқу мәліметтерін қалыптастыру сабағының үшінші құрамдас бөлігі - іскерлік пен дағдыны қалыптастыру болып табылады. Бұл кезеңде оқытушы өткен тақырыптарды қорытындылап , оқушылардың оқулықпен жұмысын және оқушыларға сандық және сапалық есептерді шығартуды ұйымдастырады. Бұл сабақта қандай әдіс тәсілдерді пайдалану ол оқытушының шеберлік деңгейіне байланысты болып келеді.
Жаңа оқу мәліметтерін қалыптастыру сабағының соңғы компаненті – үйге тапсырма беру. Оқушыларға үй тапсырмасын бергенде мұғалімнің ең алдымен ескеретін жағдайы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен жеке басының ерекшелігі яғни тапсырманы қабылдай алу деңгейі.
Физика сабағына қойылатын талаптар.
Физика сабағының құрылымына қойылатын негізгі талап сабақтың дидактикалық және тәрбиелік мақсаты. Сабақтың айтылған талапқа сай өтілуі үшін:
-
сабақтың типін,құрылымын анықтау (сабақ кезеңдері бір-бірімен байланыста болуы керек)
-
әрбір жаңа сабақтың өткен тақырыппен және енді өтілетін тақырыппен байланыста болуын қамтамасыз ету керек;
-
жаңа оқу мәліметтерін оқытудың тиімді жолдарын таңдап алып, физика сабағында қолдана білу керек;
-
оқушының алған білімін жүйелі түрде бақылау. Физика сабағындағы оқушының алған білімін бақылаудың әдістемесі (ауызша,сұрақ-жауап түрінде, тақтаға шығарып сұрау, физикалық диктант алу,тесттік тапсырмалар бойынша т.б) ал үй тапсырмасын қадағалау (оқушылардың дәптерлерін тексеру, оқушылардың өзара бір-бірінің есептерін тексеруі,түсінбеген есептерді тақтада шығару және т.б) болып табылады ;
-
Жаңа тақырыпты жақсы меңгеру үшін ,өткен тақырыптарды үнемі қайталап, пысықтап отыру керек;
-
Мұғалім оқушыға тапсырманы берместен бұрын, өтілген сабаққа және келесі сабаққа дайындық болатындай етіп,тапсырманың мазмұнын анықтап, оның жоспарға сәйкестігіне,және оқушының қабылдай алу мүмкіндігінің ескерілуіне назар аудару қажет.
Сабақтың сәтті өтуі оқытушының сабаққа дайындығына және түсіндіру әдістемесіне байланысты.
Физика сабағын дайындау мен ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар.
-
Сабақта балалардың денсаулығын қамтамасыз ету керек. Соның ішінде қауіпсіздік ережелері, еңбек гигиенасы, кабинеттің тазалығы, бөлменің жарықтылығы.
-
Әрбір жаңа сабаққа дайындығын берілген тапсырмаларды жүйелі түрде жоспарлаудан (сабаққа қажетті негізгі мәліметтерді таңдап алу,оны жаңа сабаққа қолдану сол сияқты т.б) бастау керек.
-
Әрбір сабақтың дұрыс өтілуі үшін демонстрациалық құралдар және дидактикалық мәліметтерді қамту керек.
-
Әрбір сабақ өзіндік өтілу әдістерімен ерекшеленуі тиіс.
-
Балалардың білімді өз бетінше меңгеруіне жағдай жасау керек. Яғни мұғалім тек бағыт-бағдар беруші.
1) Оқушының білімдік деңгейі жаңа сабақтың мазмұны мен мұғалімнің түсіндірудегі әдістемелік шеберлігіне,білімді қабылдау барысындағы жасалған жағдайға тығыз байланысты болып келеді. Тұлғаны дамыту және сапалы біліммен қамтамасыз ету барысында келесі талаптар ұсынылады:
2) Балалардың жас ерекшеліктерін, сыныптағы психологиялық жағдайды, оқушылардың тәртіптерін,қызығушылықтарын, бейімділік қабілеттерін, сұраныстарын, білім алудағы қажеттіліктерін ескеру.
3) Білім бірлігіндегі міндеттерді шешу және ойластыру (өз бетімен білім алуға дайындығын, арнайы жалпыоқулық іскерлік пен дағдыны, танымдық әрекеттерін) қалыптастыру; тәрбиені (әлемдік көзқарас, белсенді өмірлік позиция, дұрыс тәртіп пен қарым-қатынас тәжірибесін, осы бағалы қасиеттерді тұрақты жеке қасиеттерге айналдыруды, өзін-өзі тәрбиелеу мен психологиялық дамытуды) қалыптастыру; оқушының түсінігін, қабылдауын, есте сақтауын, ойлау қабілеттерін, ақыл–ойын, тілін дамыту, сабақтың маңызды және үстем міндеттерін көрсету, оларды ұжымның мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін еске ала отырып нақтылау.
4) Сабақтың жүргізілу қарқыны мен тиімді құрылымына қарай таңдау, алдыға қойылған міндеттердің тиімді шешілуі және сабақта уақытты тиімді пайдалану.
5) Маңызды ғылыми түсініктерді, теориялық ережелерді, заңдылықтарды, оқу материалдарындағы басшы тәрбиелік идеяларды, оқу мазмұнындағы негізгі өміршең бөліктерді бөліп алуға оқушы-лардың ықыласын, назарын аудару.
6) Оқу процесінде тәжірибелік, саясаттық, мамандық таңдау бағыттарының қамтамасыз етілуі; оқушылардың алған білімдерін, іскерлік пен дағдыларын пайда-лануға нақтылы мүмкіндіктерді жасау, теориялық мәліметтерді жасанды меңге-руге жол бермеу.
7) Белсенді, қарқынды оқыту әдістерінің есебінде басым әдістерді таңдау қуатын кеңейту, сабақта көрнекілік пен практикалық, репродуктивті және проблемалық іздене отырып оқыту әдістерін, оқушылардың өздік жұмыс-тарын, танымдық қызығушылықтарын арттыратын әдістерді, білімге, оқуға саналы қарым-қатынастарын, міндет сезімдерін, жауапкершілік пен тәртіпті және басқа да оқыту себептерін зор үйлесімділікпен пайдалану; оқыту әдістерін, олардың ішінде қазіргі жағдайда оқушыларға оқу жаңалықтарының мазмұ-нын толық және терең жеткізуге қабілетті әдістердің қуатын кеңейту, көп жағдайда оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіру.
8) Сабақта жалпысыныптық жұмыс түрлерін топтық және жеке жұмыс түрлерімен үйлестіру, оқу жұмыстарын ұйымдастыруға ұжымдық қызметтей талпыну.
9) Диагностикалау негізінде нақты оқыту мүмкіндіктерін, оқушыларға дифференциялды көмек мөлшерін пайдалануды түрлі деңгейдегі дайындықпен жүзеге асыру.
10) Барлық оқушылардың сабақта өз әрекеттеріне, дағдыларына белсенді және саналы қарым-қатынастарын, оқыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыруды қалыптастыру; сабақта, бақылау мен білімді бағалауда, оқушылардың іскерлік пен дағдыларында тәрбиелік және дамытушылық мүмкіндіктер жақсы ұйымдастырылған оқуды пайдалану.
11) Жоғары талаптардың үйлесім-ділігі негізінде оқушылардың жеке басына құрметпен қарым-қатынас, жұмыста сынып ұжымына тірек болуға, мұғалімнің жеке тұлғасының тәрбиелік ықпалдарға жетуге ұмтылысы.
12) Кабинеттік оқыту жүйесін ғылыми-техникалық прогрестің талап-тарына сай дамыту, әр түрлі оқыту құралдарын мақсатты, тиімді, кешенді пайдалану (оқулықтар, көрнекі құралдар, жаңалықтар құралы және электрондық есептеу техникалары т.б)
13) Сабақта жайлы жұмыстар үшін эстетикалық және гигиеналық шарттарды сақтау.
14) Оқушылардың уақыттарын ескере отырып, қиындықтар түсір-мейтіндей етіп үй жұмыстарының көлемі мен мазмұнын анықтау, үй жұмысын орындауда мән-мағынасына және тиімді орындау әдістеріне түсінік беру; қай жерде қысқартуға болатын үй жұмысының көлемін емес, керісінше сабақта оқудың артықшылығын сезінуге талпындыру.
15) Оқыту жағдайы өзгертілгенде, сабақтың түпкі мақсатын анық тексеру және бірмезгілдік дайындықты ыңғайлап қайта құру, методикалық нұсқалардың қосымша қорын іске асыруға көшу.
16) Сабаққа қатысу барысында алынған өздікталдау арқылы білім нәтижесін, тәрбиені, оқушының дамуын анықтау, оларды алдыға қойылған педагогикалық міндеттермен салыстыру, жетістіктер мен кемшіліктердің басты себептерін табу, келесі сабақты жоспарлағанда, өздікталдаудың нәтижесін, шешімін еске алып отыру.
Сонымен қатар бүгінгі таңда мұғалімнің басты назарында ұстайтын сабаққа қойылатын арнайы талаптар өзара психологиялық және дидактикалық талаптар деп бөлінеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз