Физика сабақтарын ұйымдастыру формалары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Физика сабақтарын ұйымдастыру формалары

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОҚО, Түркістан қаласы, №21 колледжінің физика пәні оқытушысы Изтлеуова Узипа Назировна


Тақырыбы: Физика сабақтарын ұйымдастыру формалары


1. Материалды проблемалық оқыту

Мақсаты:

- оқушының ойлау белсенділігін арттыру;

- материалға деген оқушы қызығушылығын қалыптастыру.

Оқушының білімге деген қызығушылығын туғызу әдістерінің бірі- проблемалық әдіс. Дәріс кезінде мұғалім оқушы алдына өзекті мәселе қояды, бұл бір сұрақ немесе материалға қатысты бірнеше сұрақтар (сұрақтар жүйесі) болуы мүмкін. Оқушылар дұрыс жауап табуда қиналған жағдайда мұғалімнің өзі түсінік береді.

Өзекті мәселе график, сызба түрінде, суреттер мен фотосуреттер жинағы түрінде қойылуы мүмкін. Оқушылардың шешімі емес, өзекті мәселені түсінуі мен қабылдауы, қарастыру жолы құнды. Оқушы интеллектуалдық қиындықпен бетпе-бет келіп проблемалық жағдай туса жұмыс нәтижелі болады. Қандай жағдайда өзекті мәселе проблемалық жағдайды туғызбауы мүмкін ?

- Проблеманың өмірмен байланысы болмаса, оқушы қызығу-шылығын тудырмаған жағдайда;

- Берілген мәселені шешуде оқушының білім деңгейі сәйкес келмесе (оқушы шамасы жетпесе немесе бұл сұрақ оқушы үшін өте жеңіл болса) проблемалық жағдай туындамайды.

2. Әңгіме - дәріс

Педагог оқушыға тапсырманы бірігіп дайындауды ұсынады, жаңа сұрақтар қою, жауапты нақтылау, толықтыру арқылы (ескерту:сәтсіз жауапты сынауға жол берілмейді) дәрістің әр тарауына сәйкес білім мазмұнын жүйелеп, қорытындылайды.

Проблемалық дәрісті жүргізу мұғалімнен талқыланатын тақырыпты терең білуін талап етеді. Ол сұрақты анық, түсінікті түрде қойып, оқушы жауабын талдай білуі және өзекті мәселені шешуде бағыт беруі қажет, тақырыптан ауытқуға жол берілмейді. Мұндай жұмыс түрін педагог пен оқушы арасында жағымды психологиялық ахуал мен қарым-қатынас болған жағдайда шағын топтарда қолданған тиімді.

3. Шағын топтық жұмыс

Педагог өзекті мәселені шешудің бірнеше тиімді жолын көрсетеді де, оқушыларға шағын топтарға бөлініп әр бағытқа талдау жасап қорғауды ұсынады, уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан соң топ жетекшілері өз пікірлерін қорғайды.

Педагог әр жобаға талдау жасаған соң, әрі қарай ойын жалғастырады, дәріс материалын баяндайды.

Бұл мәселе бойынша оқушылардың пікірлерін білуге, сөйлеу белсенділігін көтеруге мүмкіндік туады.

4. Шағын топтық пікірталас.

Дәрістің келесі түрі - 5-7 адамнан тұратын шағын топтық пікірталас. Әр топтың жетекшісі тағайындалады. Мұғалім топтарға өзекті мәселе көрсетілген алдын ала дайындалған парақтар таратады. Әр топқа пікірлесуге уақыт беріледі. Уақыт аяқталған соң топтар жазбаша түрде жауап дайындайды.

Мәселенің шешу жолы қате немесе толықтыруды қажет еткен жағдайда мұғалім толық түсінік бергені дұрыс.

5. «Миға шабуыл»

Көпшілік ұсынысымен 9 оқушы таңдалынып алынады. Аталған 9 оқушы, яғни «шабуылға» қатысушылар алдыңғы қатарға отырғызылады. Педагог мәселемен таныстырған соң, «шабуыл» мүшелеріне парақ таратылып, мәселе бойынша өз пікірлерін жазбаша түрде білдіруге 5 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталған соң карточкалар оқушыларына таратылады, класс топ өкілдерінің мүшелерінің пікірімен танысады.

Бұдан соң 3 минут ішінде топ мүшелері жаңа карточкалар толтырады. Карточкалар жинақталған соң мұғалім оқушылардың негізгі ойларын ортаға салады, дұрыс жауаптар анықталады, мұғалім материалды толықтырып, мазмұнын өзі ашады.

6. Бастамашылдар мен сыншылдар

Педагог оқушылар алдына көп ойлануды қажет етпейтін, шешімі жеңіл мәселе қояды. Оқушылар 2 топқа бөлінеді: бастамашылдар мен сыншылдар.

Бастамашыл топтың мақсаты: мәселені шешудің бірнеше нұсқасын ұсыну.

Сыншылдар тобының мақсаты: берілген ұсыныстардың ішінде сәйкесін табу, мәселені шешудің тиімді жолын таңдап алу.

Жұмыс алдын ала дайындықсыз, жылдам жүргізіледі. Оқушылардың бір-бірін сынауына тыйым салынады.

Талқылауға өмірде, ғылымда таныс, ал оқушыларға беймәлім оқу материалдарын, ғылыми мәселелерді ұсынуға болады. Адамгершілік мәселелері де оқушылардың қызығушылығын туғызады. Бұл әдісті дәрісті соңында тыңдаушыларды өз бетінше жұмысқа ынталандыру мақсатында қолдануға болады.

7. Өзара тексеру

Мақсаты:

- оқушылардың пәнге қызығушылығын туғызу;

- оқушылардың сауаттылық деңгейін көтеру;

- өзара қарым -қатынас дағдысын дамыту.

1.Сыныптың жартысы сақшылар (контролер) қызметін атқарады. Әр сақшы кіру билетін алады. Билетте өтілген тақырыпқа сәйкес сөз, сөйлем немесе ереже жазылуы мүмкін. Сақшылар сынып бөлмесіне бір-біріне кедергі жасамайтындай орналасады.

2. Екінші кезеңде сақшы алдына келген оқушы кіру билетінде жазылған тапсырманы орындайды. Сақшы алдымен қызыл пастамен өзі тексереді. Содан соң жасыл пастамен қатені өзінің қолындағы дұрыс жауап негізінде тексереді. Жауап дұрыс болған жағдайда сақшы дұрыс жауап парағын тексеруден өткен оқушыға қалдырып өзі келесі пункт тапсырмасын орындайды. Бұл әдіс оқушылар материалды толық меңгергенге дейін жалғасады.

Ойын соңында мұғалім қорытынды жасайды, оқушының білімін бағалайды. Бағалау жолын мұғалім өз шешкені дұрыс. Ал бағалаудың ең оңай тәсілі - 5 пункттен өтсе - «5» деген баға, 4 пункттен өтсе- «4» деген баға қойылады.Оқушыға бір пункттен екі рет өтуге рұқсат етіле ме? Рұқсат етіледі, бұл жағдайда оқушының қолында қатесі түзетілген тапсырма парағы болмауы қажет. Оқушы тапсырма түзетілген парақ көмегінсіз, өз бетінше орындауы тиіс.

8. Тест

Мақсаты:

- оқушылардың ақпаратты меңгеру деңгейін жылдам анықтау;

- өтілген тақырып бойынша білімді бақылау және бағалау.

Мұғалім оқушыларға бақылау өткізілетін тақырыпты, сұрақ санын, әр сұраққа берілетін уақыт деңгейін хабарлайды.Оқушыға жұмыс үстінде сұрақ қоюына, түсінбеген жерін сұрауына мүмкіндік беріледі.

Сұрақ ауызша, жазбаша, тақтада, кодоскоп немесе диапроектор арқылы беріледі.Оқушылар жазбаша түрде жауап береді.Әр жауаптың соңына жауап берілгендігі туралы белгі қойылғандығын мұғалім тексеріп шыққаны дұрыс. Сұрақ саны 5,10,15... болуы, яғни бес еселенген түрде болуы қажет.Жұмыс аяқталған соң дұрыс жауап парағы таратылады. Оқушылар өз жауаптарын дұрыс жауапқа сәйкес тексереді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.Оқушылар өздерінің дұрыс жауаптарын санайды. Сұрақ саны 5 болса, дұрыс жауап саны бағаға айналады. Егер 4 дұрыс жауап болса, оқушы «4» алады. Егер сұрақ саны 10 болса, дұрыс жауап саны екіге бөлінеді, ал 15 сұрақ берілсе, дұрыс жауап қосындысы үшке бөлінеді.Мұғалім тақтаға 5 санын салып, «5» алған оқушыларды анықтайды. Оқушы білімін бағалаудың бұл тәсілі арқылы мұғалім оқушының материалды меңгеру деңгейін анықтайды, ал оқушы өз мүмкіндіктерін бағалай алады.

Пайдаланылған әдебиеттер: ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

ФИЗИКА ЖӘНЕ АСТРОНОМИЯ

АЛДИЯРОВ Қ.Т., ИЗТЛЕУОВА А.А.

ХАЛЖАН С.М., АЙНАЗАРОВА Қ.Ж.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.06.2018
1211
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі