Материалдар / «Физика сабақтарында кері байланыстың маңызы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Физика сабақтарында кері байланыстың маңызы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтағы кері байланысты тиімді қолдану Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Қай ел болсын, өсіп-өркендеуі, әлемде өзіндік орнын алуы сол мемлекеттің біліміне, білім сапасына байланысты екенін ел Президенті Н.Ә. Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында ерекше айтуы да сондықтан. Қазақстан Республикасының білім берудегі басты мақсаты-жан-жақты дамыған, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1210
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Физика сабақтарында кері байланыстың маңызы»


І. Кіріспе
а) Сабақтағы кері байланысты тиімді қолдану
ІІ. Негізгі бөлім
ә) Кері байланыстың түрлері.
б) Кері байланысты ұйымдастыру.
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер







































Кіріспе

 

                                                                                 «Еңбегіңнің ел кәдесіне жарағанын

                                                                                                   сезіну – үлкен бақыт»

                                                                                                            В.И.Кочалов


Сабақтағы кері байланысты тиімді қолдану

Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Қай ел болсын, өсіп-өркендеуі, әлемде өзіндік орнын алуы сол мемлекеттің біліміне, білім сапасына байланысты екенін ел Президенті Н.Ә. Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында ерекше айтуы да сондықтан. Қазақстан Республикасының білім берудегі басты мақсаты-жан-жақты дамыған, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыға білім мазмұнын терең игертудің тиімді жолдарын іздестіріп, шығармашылыққа жетелейтін қазіргі заман талабына сай ғылыми-әдістемелік біліммен қаруланған, білікті маман, шебер мұғалім дайындау қажет. Ал жаңа формация мұғалімі-оқыту технологиясының жүйесімен оқушыларды өмірге дағдыландыру құзырлығын айқындау бағытындағы әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген тұлға. Жаңа формация мұғалімі болып білімімізді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалар бойынша  курстан өттік. Осы курс бағдарламасы негізінде жеті модулді сабақта қалай ықпалдастырып пайдалану жолдарын  және оқушылармен кері байланыс жүргізе отырып, сабақтың өтілу барысына талдау жасауды үйрендік.

Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты-еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.

Рефлексия сөзі латын тілінен аударғанда  reflexio- кейінгі  айналым мағынасын  білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда енгізген. «Рефлексия- адамның өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне- өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп беруі.

Иә, бұл қасиет бойымызда бұрыннан бар деуге болады. Күнде кешкілік  бүгінгі ісімізді, айтқан сөзімізді ойша шолып, есеп беріп, ертеңімізге жоспар құрып аламыз. Демек, "рефлексия" деп ат қойып, айдар тақпағанымыз болмаса, бұл әрекет қанымызда бар нәрсе. Бірақ соны қағазға түсіру немесе жүйелі күнделікті түрлендіріп, осы атпен сабақта қолдану болмағаны ақиқат. Осы бағдарлама  бойынша  білімді дайын күйінде беруден гөрі оқушыны өзі қорытынды жасауға ықпал ету және кері байланыс  есебінде  түрлі әдістермен рефлексия жасату тиімді екеніне көзіміз жетті. Кері байланыс жүргізу  бір күннің іс-әрекеті емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет. Мұғалім рефлексия арқылы алынған нәтиженің  «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдеп, қолданылған әдіс-тәсілдерінің тиімді не тиімсіз болғанын анықтап, орындалған іс- әрекетін  зерделейді. Ең алдымен, мұғалім кері байланыс жасауға оқушыларын дағдыландырып алу қажет. Сонда ғана бұл  оң нәтиже береді. Оқушылардың ой- өрісінің  дамуы оқу үрдісі  кезінде болады, ол оқушының өз бетімен толықтыруы мен өзін-өзі дамытуды қамтиды. Оқушы  білім алудың мақсатын саналы түрде түсінсе ғана белсенді бола алады. Қолайлы оқу  үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан  кері байланыс жүргізілуі тиіс.Ашық сауалдар, оқыту міндеттерімен  алмасуың сияқты  әдістер  оқушылардың өз  біліміне  белсенді қатысу қабілетіне  әсер етеді. Оқушылар  жұппен де, өз беттерімен де  өз білім деңгейлерін  бағалауға және оған жеткенін түсінуге мүмкіндіктер бар.

Рефлексияны әр түрлі әдіс-тәсілдермен сабақтың әр кезеңінде: тақырыптың соңында, сабақ  бөлімдерінен кейін және  тарау соңында  жүзеге асыруға болады. Кері байланысты түрліше өткізуге болады: топтық  рефлексия түрінде, әңгімелесу түрінде т.б.  Кері байланысты ауызша және жазбаша да жүргізуге болады.

Жалпы мақсаты :Мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау. Кері байланыс арқылы нәтижеге жету.
Оқушылардың көңіл- күйіне, сабақтағы іс -әрекетіне, оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру және
оқу материалдарына қалай кері байланыс жасау керектігін үйренеді.
Күтілетін нәтиже:

-Мұғалімдер сабақтағы кері байланыс, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтермен таныс болады.

-Тиімді кері байланыс оқушыларға өз күші мен осал жерлерін, осылардың өз оқуын жақсартуға қаншалықты көмек беретінін түсінеді;

-Оқушылармен жұмыс істегенде олардың оқуын жақсартатындай тиімді кері байланыс құра алатын жағдайда болады;

-Кері байланыстың тиімді әдістерін жүзеге асыруды жоспарлай алатын болады.

Негізгі идея: Сын тұрғысынан ойлау технологиясында кері байланыстың ойлауға, ой қорытуға, ой-өрістің өсуіне әсері мол, маңызы жоғары.



Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар.

1. Көңіл-күймен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Көңіл-күйді білдіретін әр түрлі суреттер, смайликтер және бояу түстерімен анықтау. Мысалы: «Ауа райы», «Бағдаршам», «Алма ағашы». Мысалы «Алма ағашы» әдісінде оқушыларға сабақ басында түрлі-түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан көңіл-күйім көтеріңкі, қызыл түсті алма - мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді. «Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен  бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу,  сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау)


Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасын оқытуда  «Бас. Жүрек. Қол» рефлексиясын жүргіздік. Оқушылар баспен Ақсақ Темірдің тарихтағы орнын, жорықтарын еске түсірді, жүрекпен  баллададағы оқиғаларды сезінгенін және сыныптағы оқушылардың эмоциясына әсер еткенін айтты, ал қолмен тапсырмаларды орындағандарын жеткізді.

2. Сабақтағы іс-әрекетке байланысты кері байланыс. Мысалы: «Табыс сатысы» әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі.

1-ші баспалдағы Мен............. БІЛЕМІН,

2-ші баспалдағы  Мен ............ ТҮСІНЕМІН,

3-ші баспалдағы  Мен ...............  ЖАСАЙ АЛАМЫН.

«Ультракүлгін сәулелер» тақырыбындағы сабақта оқушыларға алған білімін жинақтау мақсатында   «Бір сөйлеммен тұжырымдаңыз» әдісін қолдандым. Мұнда оқушылар жаңа тақырыпты қалай түсінгенін бір сөйлеммен (Мен бүгін ультракүлгін сәулелер тақырыбын жақсы түсіндім, оның пайдасы мен қоса зияны бар екенін ұқтым) тұжырымдады.

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен  ынтасын білдіретін  сөздердің  астын сызады.

3. Оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс. Бұрын мен білмеуші едім. Енді мен  білемін деген сияқты ой-пікірлерін  білдіру боп табылады. Мысалы: «Плюс, Минус, Қызықты». «Плюс»-оң  әсер еткен фактілерді, алған білімдері жайлы жазады. «Минус»-қолымнан келмей жатыр  немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.

«Қызықты»  -  деген бағанға өздеріне  не қызықты  болды соны жазады немесе не жайында көбірек білгісі келетінін жазады.

«Аяқталмаған  сөйлемдер» әдісінде:

Мен бүгін білдім: рентгенге әр алты айда түсу керек екендігін

Мен бүгін сезіндім; сабақ өте жақсы өтті

Мен келесі сабақта білгім келеді. Тағы медициналық құралдардың қандай зиянды жақтары бар екенін білгім келеді -деген сөйлемдерді аяқтап жазады.

Кері байланыс дегеніміз - сабақтың мазмұны немесе әдіс-тәсілдері, оның тиімділігі мен қандай дәрежеде өткендігі туралы үйренушілердің ой-пікірлері мен эмоциялары, олардың болашақтағы өз мұқтаждарын келтіруі. Бұл пікірлер мұғалімге өткізген сабағына баға беріп, оның ұтымды жақтары мен кем-кетіктерін анықтап, өз жұмысына өзгерістер енгізу мүмкіндігін береді.

Жоғарыда келтірілген кері байланыс түрлері жеке оқушының жұмысына бағытталған.Сонымен қатар оқушылардан топтық кері байланысты алуға болады. Мұнда жеке өзінің пікірі емес,жалпы топтың пікірі,топтағы жұмыстардың нәтижесі  алынады.

Топтық кері байланыс сұрақтары:

1.Жұмыс барысында топтағы қарым-қатынас тапсырманың орындалуына қалай әсер етті?

Жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыруға көмектесті;

Жұмыстың жақсы жүруіне кедергі болды;

Біздің қарым-қатынасымыз тапсырманы нақты орындауға мүмкіндік бермеді;

2.Топтағы қарым-қатынас әсіресе қай дәрежеде көбірек іске асты?

ақпарат алмасуда;

Өзара қарым- қатынаста;

Осы дәрежелердің бәрінде іске асты;

3.Жұмыс барысында қарым-қатынас жасаудың қай стилі басым болды?

Бір адамға бағытталған стиль

Тапсырманы орындауға бағытталған стиль.

4. Топтағы  орындау  барысында  топта  ауызбіршілік сақталды  ма?

Топта ауызбіршілік пен  серіктестік  қарым-қатынас сақталды;

Топтағы  бірлік, ауызбіршіліктің бұзылғаны байқалды;

Негізінен рефлексия адамның үш қасиетін: өз бетімен  білім алуын, шешім қабылдай білуін, бақталастыққа түсе білуін қалыптастырады. Өйткені бұл -ХХІ ғасырдың талабы. Сонымен қатар кері байланыс арқылы оқушылар өз-өзіне есеп беріп, өз-өзін реттеуге дағдыланады. Оқушылар ойлауға, сөйлеуге, өзін-өзі дамытуға еркін қол жеткізе алады. Кері байланыс жасауға сабақтың белгілі бір уақытын бөліп, олардың ой-пікірлерін шыдамдылық танытып тыңдау қажет. Кері байланыс жасау арқылы бұрынғы сабақтарда енжар отыратын оқушының  себебін анықтап, олардың белсенділігін арттыруға жол іздеуге болады. Кері байланыс оқушы үшін-өз жетістіктері мен қателіктері туралы ойлану, алға жылжу үшін ұсынба алу; мұғалім үшін өз қызметіне қажетті өзгерістер енгізу мақсатында алынатын ақпарат.

Кері байланысты жасағанда мына жайттарды есте ұстаған жөн: кері байланысты жұмысымызды жақсартудың ең тиімді нысаны ретінде сабырлылық таныту, кері байланыстың субъективті болатынын ескеру,кері байланыс жасалған істі бағалау емес, не жасалу керектігін көрсету. Сонымен бірге кері байланыс оқумен оқытудың қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтауға мүмкіндік береді.


Тексерілді: Сайлауов С.

Сабақтың тақырыбы: Қуат.

Мектеп: «Қосағаш» жом

Күні: 13.04.2017 ж

Мұғалімнің есімі: Джангельдиева Г.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: -

2. Сабаққа негізделген оқу мақсаты

(мақсаттары)

Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы, қуат туралы, олардың байланыстылығын және формулаларын қорытып шығарып үйрену

Сабақ критерилері

Барлық оқушылар:

Жұғуға мысалдар келтіре алады

Оқушылардың басым бөлігі:

Тәжірибе жасай отырып сабақты меңгереді

Кейбір оқушылар:

Қылтүтіктер туралы өз ойын жеткізе алады, мысалдарын келтіреді


Тілдік мақсаты

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Қуат

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Жер жыртқанда үш түрлі жыртатын құрылғыларды пайдаланамыз. Трактор, ат соқасы, күрек. Барлығы бірдей жұмыс жасағанымен айырмашылығы неде?

Себебі:Жұмыстың тез орындалуында.

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған

жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)


Ресурс

тар

Ұйымдас

тыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Дәптерлер мен оқулықтарын түгелдеу.Кеспелер арқылы топтарға бөлу.Топқа

Кеспе қағаздар

Сабақтың маңыздылығы не?

    • Оқушылар не алады?

    • Бұрынғы білімін қалай пайдаланады?

    • Сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?







«Миға шабуыл» оқушылар сұрақтарға ойлана жауап береді.

1.Тұрмыста жеке адамдардың жасаған еңбегін  не деп  атайды?

 Жауабы: Жұмыс

2. Механикалық жұмыс дегеніміз не?

Жауабы: Дененің  бір орынынан  екінші  орынға  қозғап апаруда күштің істеген жұмысы механикалық жұмыс  деп аталады.А-жұмыс

3.Жұмыстың формуласын көрсет

 Жауабы:    А =F*S;       жұмыс =

4.Екі бала бірін-бірі шанамен сүйреді. Бұл жағдайда  олар механикалық  жұмыс  істеді ме?

Жауабы:Олар механикалық жұмыс жасады, өйткені  олар  күш  жұмсап, орын ауыстырады.

5.Массалары әр  түрлі екі қыз  бала  баспалдақпен  жарыса жүгіріп, үйдің  үшінші қабатына  бір мезгілде көтерілді. Бұл  жағдайда  олар бірдей  қуат өндірді  ме?

Жауабы: Екі қыз баланың істеген жұмысы  бірдей емес,себебі олардың массалары әртүрлі

Оқулық, дәптер, А3 парағы, маркерлер,көлбеу жазықтық, динамометр, секундомер, денелер, сызғыш

Негізгі бөлім





   Ой қозғау
«Қуат» сөзін естігенде ойымызға не келеді?
Бір бірімізді тыңдаймыз,

Сын тұрғысынан ойлаймыз.
Күш жігерімізді арттырып,
Қуатымызды сақтаймыз.
2.     “Мағынаны  ашу.”
1-тапсырма
І-топ. Жерді әртүрлі әдіспен қопсытуға болады: трактормен, атқа соқаны жегіп алып және күрекпен аудару.
ІІ-топ. Ауылға әженің үйіне бару үшін велосипедпен, автобуспен  және жаяу баруға болады
–         Сендер қайсысын таңдайсыңдар?
–         Не себепті?
–         Барлығы да бірдей жұмыс жасағанымен, айырмашылығы неде? (жұмыстың тез орындалуында)
Бұдан шығатын қорытынды:
 Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын шама қуат деп аталады. Қуатты N әріпімен белгілейді. Қуаттың өлшем бірлігі ретінде бу машинасын ойлап тапқан ағылшын ойшылы Джеймс Уаттың құрметіне ‘Ватт’деп берілген Қуатты өлшеудің бірлігіне 1секундта істелетін 1 джоуль жұмыс алынады.

 1Вт=1Дж/с

 1кВт=1000 Вт

1мВт=0,001Вт

1мкВт=0,000001 Вт

Физикалық шама

Формуласы

Өлшем бірлігі

 

Қуат

N=A/t

1Вт=1Дж/с

Қуат

N=Fυ

1Вт=Н м/с

Қызығушылықты ояту.”

Тәжірибе: көлбеу тақтайдың бетімен жүкті жоғары қарай көтеру үшін жұмсалған жұмысты және осы кездегі қуатты анықтау керек.

Динамометрмен жүкті өлшейді

Көтерілу уақытын секундомермен өлшейді

Тақтай ұзындығына тең көтерілу биіктігі сызғыштың көмегімен анықталады.

Picture 8

«Сабақты бекіту»:
1. Двигателінің тарту күші 80 кН электровоздың жылдамдығы 36 км/сағ болса, қуаты (Ж: 800 кВт)
2. Ұшу жылдамдығы 2340 км/сағ, дыбыс жылдамдығынан жоғары ұшатын ұшақтың тарту күші 220 кН болғандағы двигателдерінің қуаты (Ж: 143 МВт)
3. Штангист штанганы көтергенде 2 с - та 5 кДж жұмыс жасайды. Осы кезде қуат.(Ж: 2, 5 кВт)
4. Тарту күші 6 кН трактор жер жыртқанда 1, 5 м/с жылдамдықпен қозғалады. Трактордың қуаты. (Ж: 9000 Вт)
5. Тарту күші 3 кН, 6 с ішінде 100 м жол жүретін дененің қуаты (Ж: 50 кВт.)
6. 2 с ішінде 5 кДж жұмыс жасайтын дененің қуаты (Ж: 2, 5 кВт.)
7. Қуаты 0, 25 кВт электр двигателі 1000 Дж жұмыс жасау үшін кеткен уақыт (Ж: 4 с).
Қорытындылау:

 “Кідірме

 1. Жұмыстың орындалу шапшаңдығын сипаттайиын шама қуат деп аталады./ иә

2. Қуат векторлық шама,яғни оның бағыты бар. /жоқ

3. Қуатты N әріпімен белгілейді.  /иә

4. Қуаттың өлшем бірлігі Дж*с/ жоқ

5. Қуаттың формуласы        /иә

6. Қуаттың өлшем бірлігі Джоульдің құрметіне берілген. /жоқ

7. Қуаттың СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі [Вт]. /иә

8. Барлық қозғалқыштардың қуаты бірдей болады. /жоқ


Аяқталуы

Кері байланыс. Оқушы пікірімен санасу.

«Таңдау» әдісінде  бес пікір жазылған парақ беріледі.

1.Мен сабақты:  қызықты, қызықсыз болды деп ойлаймын.

2. Мен сабақта: көп нәрсені, үйрендім, үйренгенім аз болды.

3. Мен басқаларды   мұқият    зейінсіз тыңдадым.

4. Мен пікірсайыстарға жиі сирек қатыстым.

5.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын   риза емеспін.

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен  ынтасын білдіретін  сөздердің  астын сызады.

Үйге тапсырма: 52 тақырып

Кері байланыс парақша

лары

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау- оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

Оқушылар кейбір жерлерге түсініксіз болып қалған жағдайда бағыт бағдар көрсетемін. Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар немесе есептер ұсынамын.

Бағалау парақшасына бағалау критерийлерін енгіземін. Топтық жұмыстарда оқушыларға өзін-өзі бағалау, өзара бағалау жасатамын.

Математика,технология




5. Қорытындылау/

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Бүгінгі сабақта оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды;

оқушылар бүгінгі сабақта көптеген нәрселерді үйреніп, дағдылары қалыптасты: жаңа тақырыпты толық меңгерді, қуаттың физикалық мағынасын түсінді; қуаттың формулаларын жадыларына сақтап, сол формулаларды пайдаланып есептер шығарды.


Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды?

1.Мен бұл сабағымда үш тілділік саясатын жүзеге асыру мақсатында орысша, ағылшынша және қазақша сөздермен топқа болу әдісін пайдаланғаным оқушылардың сабаққа бірден белсене кірісуіне себепші болды.

2. Өздері сабаққа жақсы кіріскендіктен жаңа сабақ бойынша тәжірибені де жоғары деңгейде алып шықты. Әрине менің бақылауыммен орын алды.

Сабақта қандай екі нәрсе табыссыз болды?

1.Тәжірибені жақсы алып шыққанымен кейбір оқушылар есепті шығара алмай қиналды.

2. Еселік және үлестік шамаларды айналдыруда оқушылар шатасып жатты.

Осы кері байланыс арқылы келесі сабаққа дайындық кезінде мен мынаны ескеріп отырдым:

Өзімнің кері байланысым арқылы жіберілген олқылықтардың орнын толтыру үшін мынадай жұмыстар атқардым. Сәйкестендіру кестесін пайдаланамын.

Егер кері байланысқа оқушы есімі жазылмайтын болса, олар кері байланыста өз пікірлерін бүкпесіз қалдыруына көз жеткіздім. Парақшаға әр оқушының журналдағы номерін қаламмен қоюды әдетке айналдырдым. Тыңдамаған оқушыға келесі сабақта тыңдауға ықпал жасаймын, түсінбеген балаға арнайы кеспе қағазын дайындап келіп , түсіндіремін. Өзінің жетістігіне риза емес баланы келесі сабақта мадақтау және тағы басқа тәсілдермен жетістіктерін бағалап өтемін. Формативті бағалап өттім. Келесі сабаққа жоспар жасаймын.


Тексерілді: Сайлауов С.

Сабақ: Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары.

Мектеп: «Қосағаш» жом

Күні: 18.04.2017 ж

Мұғалімнің есімі: Джангельдиева Г.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: -

2. Сабаққа негізделген оқу мақсаты

(мақсаттары)

Потенциалдық энергия мен кинетикалық энергияның формуласын меңгерту және оны есептер шығаруда қолдануға дағдыландыру, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту.

Сабақ критерийлері

Барлық оқушылар:

Табиғаттағы энергия ұғымы туралы оқушылардың жалпы түсініктерін қалыптастыру. Энергия ұғымын, түрлері туралы мағлұмат алады

Оқушылардың басым бөлігі:

Энергияның өмірде қолдану аясын біледі, формуласымен танысады.

Кейбір оқушылар:

Денелердің жұмыс жасау қабілеттінің энергияға тәуелділігін түсініп, алған білімдерін есептер шығаруда қолдана алады.


Тілдік мақсаты

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Энергия, потенциалдық және кинетикалық энергия

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Қозғалмай тұрған дененің жұмыс жасай алама?

Себебі:Жоқ, тек қозғалыстағы денелер ғана жұмыс істеуге қабілетті.

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған

жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)


Ресурс

тар

Ұйымдас

тыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Дәптерлер мен оқулықтарын түгелдеу.Кеспелер арқылы топтарға бөлу.

Кеспе қағаздар

Негізгі бөлім







«Еңбек» тақпағы

  Кесте тіксең, зерлеп, (ине ұстап, тіккен қимылды көрсетеді)
  Оның аты – Еңбек (екі қолын жаяды)
  Сабағыңды жөндеп (жанындағы көршісіне қарап қолын жаяды)
  Әзірлесең – Еңбек
  Қиындықтың бәрін (құшағын ашады)
  Еңбек қана жеңбек (екі қолын жаяды)

   Фишбоун” стратегиясы

 1. Жұмыстың орындалу шапшаңдығын сипаттайтын шама не деп аталады?

2. Қуатты қандай әріппен белгілейді?

3. Қуаттың өлшем бірлігі қандай?

4. Қуаттың формуласын жаз.

5.Денелердің жұмысы қандай шамаға тәуелді?
6. Дененің жұмыс істеу қабілеті қандай шамаға байланысты артады?

1Вт=

0,000001 Вт


 1кВт=

1Дж/с


1мВт=

1000 Вт


1мкВт=

0,001Вт


«Энергия» сөзін естігенде ойымызға не келеді?Оқушылардан энергия туралы не білетінін білу.
Физикалық өлшем бірліктерді өңдеу.

0,5 кДж=……….Дж

02кВт=………Вт.

2 см =….м

6мДж=……….Дж

5мВт=………Вт

3 мм =….м

30мкДж=……….Дж

40мкВт=………Вт

1 см =….м

12 кДж=……….Дж

3кВт=………Вт

8 мм =….м

«Сабақты бекіту»:

1-есеп. Массасы 20 кг дененің 9 м биіктікте Жерге қатысты потенциалдық энергиясы қандай болады?

   2-есеп. Массасы 50 т реактивті ұшақ Жерге қатысты 300 м/с жылдамдықпен қозғалады. Оның кинетикалық энергиясын табыңдар.

   3-есеп. Массасы 9 г мылтықтың ұңғысынан 800 м/с жылдамдықпен ұшық шығады. Ол қандай кинетикалық энергияға ие болады?

4.Жалпы массасы 50 т реактивті ұшақты ұшқыш Жермен салыстырғанда 300 м/с жылдамдықпен басқарып келеді. Ұшақтың кинетикалық энергиясы қандай?

Бағалау парағы.

Не бағаланады?

5

4

3

2

Тақырыпты түсіндіре білуі





Мәнді, орынды сұрақтар қоюы





Мысалдардың сәйкестігі





Тапсырманы орындауы





Топта жұмыс жасауы






Оқулық, дәптер, А3 парағы, маркерлер,

Аяқталуы

«Плюс, минус, қызықты»
«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
«Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады.
«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.

Үйге тапсырма: 52 тақырып

Кері байланыс парақша

лары

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау- оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

Оқушылар кейбір жерлерге түсініксіз болып қалған жағдайда бағыт бағдар көрсетемін. Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар немесе есептер ұсынамын.

Бағалау парақшасына бағалау критерийлерін енгіземін. Топтық жұмыстарда оқушыларға өзін-өзі бағалау, өзара бағалау жасатамын.

Математика,технология




5. Қорытындылау/

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізілді. Оқушылар физикалық есепті рәсімдеу дағдыларын дамытты, энергия бірліктерін ХБЖ келтіруді үйренді. Сабақта ынтымақтастық атмосферасы болды. Уақыт ұтымды пайдаланылды.


Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды?

1: оқушылардың барлығының да эксперименттік тапсырманы қызыға орындауы

2: қабілеті жоғары оқушылар бірден қағып алып, тапсырманы жылдам орындап, өзінің білгенін басқаларға үйретуі, уақыты үнемдеуге және кейбір оқушыларға жылдамдырақ түсінуге көмегін тигізді

Сабақта қандай екі нәрсе табыссыз болды?

1: Оқушылардың темперамент бойынша ерекшеліктерін ескеріп, бір баяу, бір шапшаң оқушыдан жұпқа бөлуді алдын-ала ойластырса

2: Кейбір оқушылардың үй тапсырмасына дайындалмай келуі себепті, олардың алдыңғы сабақта өтілген материалды ұмытып қалауы сабақ үрдісінің жылдам өтуіне кедергі келтірді, сол себепті, оқушының әр сабаққа дайындықпен келуі өзіне де, мұғалімге де көмек болады.

С деңгейіндегі оқушылардың көпшілігі есепті шығаруда шамалы қиналғандығын жазыпты. Бұл С деңгейдегі балалармен жеке жұмыс жасауға ыңғайлы жол болды. Келесі сабақта мен сол есептерге ұқсас есептер дайындап келіп, оқушыларға өздеріне жеке орындатқыздым. Оны қадағалауды А деңгейдегі балаларға тапсырып, өзім сырттай бақылап тұрдым. Әрине оң нәтиже берді.



Қорыта келгенде, рефлексия - көп қырлы, кіріккен әрекет. Бұл әрекет  оқушының психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, ал мұғалімнің кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне көмегін тигізеді. Рефлексия, яғни кері байланыс- нәтижелі білімнің жоғары көрсеткіші екенін бүгінгі күндегі оқушылардың жеткен жетістіктері арқылы толық сеніммен айта аламыз. Бүгінгі таңда күнделікті сабақтарымызда рефлексия жасауды дағдыға айналдырып келеміз.  Рефлексия арқылы оқушының қажеттіліктерін біліп, оларды жинақылыққа тәрбиелеуге болатынын түсіндік. Сабақтағы оқушының ой-пікірін, көңіл-күйін  біліп қана қоймай, сабақ мазмұнын қай деңгейде меңгергенін анықтауға болады. Сонымен, кері байланыстың тиімділігіне тоқталар болсақ: Оқушылар үшін:

1-ден, рефлексия-оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды;

2-ден, рефлексия арқылы оқушының  қажеттілігін біле аламыз;

3-ден, рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады;

4-ден, рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады және рефлексияның нәтижесінде оқушының сыни көзқарасы қалыптасады, өз-өзіне баға бере алады.

Мұғалімдер үшін тиімді жағы:

1-ден,оқытудағы кемшіл тұстарын анықтайды;

2-ден, келесі сабақтың жоспарына өзгерістер енгізуге, түзетуге яғни оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді;

3-ден, уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндіктер береді.

Кері байланыстан күтілетін нәтижелер:

-мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсарады;

-оқушы өзінің мықты, осал тұсын анықтайды және алға жылжуға ықпал етеді;

-оқушы тек бағалауды ғана емес, өз жұмысынан хабардар бола отырып, оқуға қызығушылығын арттырады;

-мұғалім мен оқушы кері байланысына қарай өз жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталады;

Сондықтан да кері байланыстың  тиімділігі арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсартуға болады деп ойлаймыз.














Пікір

 

Джангельдиева Гульзина Нарзиевна «Қосағаш» жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарып келеді. Осы уақыт ішінде Гульзина ұстаздық мамандығының қуанышы мен қыр сырын меңгеруге күш жігерін жұмсап, еңбек етіп жүрген ұстаз.

Гульзина жайдары мінезінің арқасында оқушыларымен тез тіл табыса алады. Ол жаңа форматта сабақтар өту, яғни баламен тығыз байланыста болу, оқушымен арадағы жұмысты сабақтасқан түрде жүзеге асыру, мінез бен тапқырлықты талап ететіндігін әр кез жадында сақтайды.

Қазіргі мектеп қоғамдық өзгерістерге тез икемделетін, жаңашылдыққа құмар болып отырғандықтан Гульзина өзін кез келген инновациялық тапсырмаларды шешуге ойлы, шығармашылық тұрғысынан қабілетті маман болу үшін үнемі ізденіс үстенде жүреді. Яғни Гульзина өзінің еңбек жолында қазіргі кезде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқандығын ұғып, соны жүзеге асыра жасап жүрген ұстаз.

Гульзина сабақтарын жаңа форматта өтеді. Ол оқушыларын өзгеге баға беріп, өз ойын айтуға дұрыс машықтандыра білген, білім алудың жаңа үрдісіне ұмтылыс барлық сабақтарында байқалады. Мұның бәрі болашағымызды тәрбиелеу үрдісінде де өз септігін тигізері сөзсіз.

 

 

 

 

 

Техникалық пән бірлестігінің жетекшісі: Илесбекова С















Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Физика 7- сынып. Р.Башарұлы,У.Тоқбергенова

2.Физика және астрономия 8- сынып. Б.Ж. Дүйсембаев

3.Физика және астрономия 9- сынып. Р.Башарұлы,Д. Қазақбаев, У.Тоқбергенова

4.Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2016 жыл

5. Үлестірме материалдар 2016 жыл

6. А. Әлімов. «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» атты оқу құралы, Алматы 2013ж.

7. А.Әліміов. «Оқытудағы ИНТЕРБЕЛСЕНДІ әдіс-тәсілдер»

Астана, 2014ж.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!