Материалдар / Физика сабақтарында мобильді құрылғыларын қолдану

Физика сабақтарында мобильді құрылғыларын қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
физика мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2018
668
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»










Тақырыбы:

«Физика сабақтарында мобильді құрылғыларын қолдану»





Орындады: Тойлыбай Жанарбек КММ Елтай ОМ











Тексерді: Иманова А. Н.






Кокшетау қ.

2017 ж.


Мазмұны



Кіріспе                                                                                                                                      

  • Мобильді құрылғылардың маңызы



  • Мобильді құрылғылар арқылы физика сабағын жобалаудың тиімділігі


  • Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау 

  • Қорытынды

  • Қолданылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
Н.Ә.Назарбаев

Тақырыптың өзектілі

Aқпapaттық үдepicтepгe қaтыcты қoғaм дaмуы эвoлюцияcы Қaзipгi қoғaм нaнo, кибep жәнe бacқa дa иннoвaциялық тexнoлoгиялapдың жaңa тexнoлoгиялық тoлқынындa тұp. Ocы тoлқынды құpaушылapдың бipi Smart –жүйeлepдe бipiгeтiн Smart-тexнoлoгиялap, Smart-құpылғылap, Smart-қopлap. Бұл өзiндiк жacaнды интeллeкткe иe мeдиaкeңicтiктe өзapa әpeкeттecудi түpлeндipe aлaтын «aқылды» құpылғылap. Осы тұрғыдан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасында «Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі үшін адам капиталының сапасын көтеріп, кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыруымыз қажет» – деп білім беру орындарының алдына нaқты тaпcыpмaлap мiндeттeлгeн бoлaтын Елбасы ұсынған нақты шаралардың барлығы елдің ертеңі болатын бүгінгі білімгерлердің, ертеңгі мамандардың жарқын болашағының айғағы.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары – білім беру саласы үшін Бұл өзгерістер алдымен, білім саласына тікелей байланысты. Соған орай білім берудің жаңа философиясы қалыптасып, модернизация қарқынды жүріп келеді. Білім беру саласында дәстүрлі оқыту электрондық оқытуға, электрондық оқыту мобильді оқытуға ауысып жатыр. Қазіргі білім беру саласындағы «Оқуды қалай оқытуымыз керек?» деген сұраққа сәйкес өзекті 98 «Халықтың қолындағы заманауи мобильді құрылғыларды қалай оқыту құралы ретінде тиімді қолдануға болады?» - деген мәселе туындайды. Орта білім беруде оқушылардың өздігінен дербес білім алуына басымдық берілсе, біліктілік арттыру жүйесінде қашықтықтан оқыту, сандық оқыту кеңінен қанат жайды. Жинақы мобильді құрылғыларды (смартфондар, планшеттер және т.с.с.) пайдалану стационарлық компьютерлерді пайдалануға қарағанда неғұрлым ыңғайлы және танымал бола түсуде. Заманауи студенттер ұялы телефонсыз өз өмірлерін елестете де алмайды: үнемі Интернет бойынша «жүру», әлеуметтік желілерде тілдесу, музыка тыңдау, электронды кітаптарды оқу және қажетті ақпараттарды іздеу.

Қалыптасқан жағдай қазіргі педагогтан оқу үдерісін оңтайландыру мақсатында оны құру кезінде мобильді құрылғылардың әлеуетін барынша іске қосу жолдарын іздестіруді талап етеді. Дегенмен, мұғалімдер мен оқытушылардың басым бөлігі мобильді қосымшалардың оқыту үдерісін мейлінше тиімді ете алатынына ертеден-ақ көз жеткізген. Мобильді оқытудың (mLearning) ежелден-ақ біркелкі тарихы бар екені анық. Өткен жүзжылдықтың 90-жылдарының басында-ақ алғашқы мобильді телефондар пайда болды десек, шет елдік педагогтар олардың дидактикалық мүмкіндіктері туралы бұрыннан-ақ айтқан болатын.

«Мобильді оқыту» - білім беруде педагогтердің жұмысын жеңілдетуші, мүмкіндіктерін кеңейтуші, білім тереңдігін күшейтуші технология және негізгі оқыту формасына қосымша көмекші құрал деп те қарастырылады. Сонымен, «Мобильді оқыту» деп – мобильді құрылғылардың көмегімен кез келген уақытта, кез келген жерден білім алуды айтамыз». Біздің елімізде қазір «мобильді оқыту» электронды оқытудың қосымша формасы ретінде қолданылуда. Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үдерісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Білім берудің нәтижелі технологияларын сараптап, әлемдік іс – тәжірибелерді зерттеп, мектеп өміріне енгізу - басты мақсат.

Мобильді оқытудың дидактикалық принциптері: мультимедиялығы, құрылымдылығы, модульдылығы, 99 интерактивтілігі, қолжетімділігі. Дегенмен де мобильді оқытудың белсенді жақтаушылары болып табылатын педагогтардың барлығы дерлік mLearning- нің бірегей белгісі оның қашықтықтан және аралас оқытуды жаңғыртып қана қоймай, сонымен бірге барлық базалық принциптерді сақтай отырып, дәстүрлі оқытуды оңтайландыратыны деген пікірмен келіседі. Осылайша, бүгінде біз білім беру мақсаттарында мобильді қондырғыларды қолданудың бірнеше бағыттары туралы айта аламыз. Біріншіден, бұл өзіне-өзі білім беру, бұған біз автономды жұмыстарды ұйымдастыруды кіргіземіз. Бұл мобильді оқыту технологияларының негізіне материалды пайдаланудың қол жетімділігі және жеңілділігі, интерактивтілігі секілді жалпы педагогикалық принциптер жатқандығының, сондай-ақ арнайы қосымшалардың, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерінің арқасында мүмкін бола түседі. Екіншіден, mLearning идеялары мектептердегі де, ЖОО-дағы да дәстүрлі білім беру үдерісінде пайдаланылуы мүмкін. Үшіншіден, оқытылатын курс мобильді оқытудың қашықтықтан немесе корпоративтік толықтыруларымен тиімді бола түседі. Мобильді оқытудың басымдықтарын анықтау үшін жоғары мектептің көптеген білім беру мекемелеріндегі оқыту үдерісіне оны белсенді түрде енгізуге дейінгі қалыптасқан жағдайға талдау жасап көреміз. Педагогтар дәстүрлі оқытумен қатар Web 2.0, LMS Moodle, SMRT және т.б. секілді ақпараттық-коммуникативтік технологияларды жеткілікті түрде кеңінен пайдаланған. Блогтар, Wiki, Wordle, бұлтты технологиялар сияқты құралдар бұрын ғана емес қазіргі кезде де білім беру үдерісін барынша тиімді етіп қана қоймайды, сонымен бірге студенттердің оқытылатын материалға деген мотивациясын да айтарлықтай жоғарылатады. Сымсыз Интернеттің пайда болуы оқытуды жаңа жолға қойды. Ыңғайлы орында кез келген уақытта барлық қызметтер мен сервистерді пайдалану мүмкіндіктері пайда болды. Статистикаға сәйкес қолданушылардың 67%-ы мобильді Интернетті іске қоса отырып, әр түрлі желілік қызметтерге (пошта, іздестіру сауалнамалары, тілдесу, оқу және т.с.с.) шығу үшін Интернетті пайдаланды және тек 19%-ы ғана сымды интернет, яғни стационар 100 компьютер басымдықтары мақсаттарына мән бере отырып, басқа қызметтерді (музыкаларды көшіру, фильмдерді көру) пайдаланады. Сервистердің 4G/LTE жаңа ұрпағының пайда болуы ұқсас кабельді қосылымының мына мүмкіндіктерін береді: жылдамдықтың айтарлықтай арттырылуы, Skype-пен тілдесу, жоғары сапалы бейнені қарау, мәліметтердің жылдам синхрондалуы және т.с.с. Мұның барлығы педагогтардың өзінің оқу курсындағы сымсыз мобильді құрылғыны пайдалануға деген қызығушылығын оятуға ықпал етпей қоймайтыны анық.

Бұл жерде бағдарламаны жасаушылар, оның ішінде білімгерлер де жағдайды шапшаң бағалап, смартфондар мен планшеттер үшін компьютерлік қосымшаларды жасай бастайтындығын атап өткеніміз орынды. Google мобилді телефондар үшін бірінші болып виджеттер шығарды, бұл оқу үдерісін (Google карталар, дискілер, аудармашы, Blogger және т.с.с.) ұйымдастыру кезінде бұрыннан белсенді түрде пайдаланылатын барлық қызметтер мен сервистерді қайталайды (қосарлайды). Енді мобильді құрылғыларды оқу үдерісінде қалай қолдануға болатынын қарастырайық. Оқыту ақпараттардың үлкен көлемімен танысуды тұспалдайды, ал желіде мобильді қондырғыны қолдану жолыменен ақпаратты жинауға болады. Оқыту үдерісінде электрондық форматтағы барлық қажетті ақпараттарды табуға болатын білім беру порталдарын, сондай-ақ виртуалды кітапханаларды пайдалануға болады. Ақпараттардың барлық дереккөздері барлық уақытта өзіңізбен бірге болса, онда ол өте ыңғайлы және тиімді. Оқыту үдерісінде кітаптан басқа бейнесабақтар да қолданылады.

Мобильді құрылғылар, планшеттер, мысалы, бейнематериалды өте жақсы жаңғыртады, сондықтан оқыту үдерісінде бейне форматындағы сабақтарды пайдалануға болады. Өзіңізбен бірге үнемі алып жүретін және сіздің еңбегіңізді айтарлықтай жеңілдететін планшет кішкентай компьютер секілді. Бұдан басқа да оқыту үдерісінде қолдануға болатын және оқыту үдерісін айтарлықтай жеңілдететін қосымшалар бар. Технологиялық тұрғыдан алып қарағанда, планшеттің көмегімен оқыту – бұл Интернеттің 101 көмегімен одан шығуға, материалдарды алуға және табуға, форумда сұрақтарға жауап беруге, тест жасауға және т.с.с. болатын кез келген портативті мобильді құрылғыда WAP немесе GPRS технологияларын пайдалану арқылы оқу ақпараттарын беру және алу тәсілі. Бұл оқыту және оқып-үйрену үдерістерін жеңілдету, қолдау, оңтайландыру және кеңейту үшін барлық уақытта қол жетімді технологияларды, ыңғайлы портативті мобильді және сымсыз құрылғыларды пайдалану. Бұл анықтаманың түйінді сөзі барлық уақытта Интернетке шығуға қол жетімділік болып табылады. Дж.Тракслер мобильді оқыту оқыту үдерісін толығымен өзгертетіндігін дәлелдейді, өйткені мобильді құрылғылар материалды беру және оған қолжетімділік формасын жаңғыртып қана қоймайды, сонымен бірге танымымыздың және менталитетіміздің жаңа формаларын жасауға мүмкіндік береді.

Мобильді технологиялар оқыту үдерісі мен оқуға қатысушылар арасындағы тепе-теңдікті өзгертеді. Нақ сондықтан да мобильді оқыту – бұл адамзаттық қоғамды ақпараттандыруды дамытудың жаңа айналымын сипаттайтын оқытудың жаңа формасы. Ақпараттандырудың қарқынды ғасырында білімгерлерде планшетке оқу материалын жүктеу және синхрондау үдерісі техникалық проблеманы (түйткілді) тудырған жоқ. Білім беру үдерісінде планшетті пайдалану барлық уақытта қолда тұратын жинақы экранға оқу материалдарын қаншалықты алып барғандығымен және ыңғайлы құрылғыны қаншалықты қолданылғандығымен емес, сонымен қатар ол инновациялық тәсілдерді пайдалану арқылы жаңа мобильді оқу материалдарының қаншалықты жасалғандығымен қорытындыланады. Планшет төмендегі жұмыс түрлерін қамтамасыз етеді: дауыстық, SMS, электрондық пошта, бейнебайланыс, әлеуметтік желілер (Twitter, Facebook және т.с.с.), интернет. Яғни олар жазу, көрсету, айтып беру, тыңдау, шешу, табу мүмкіндіктерін ұсынады. Планшет әсіресе, егер оны жеке және топтық жұмыстар үшін қосымша пайдалансаң, өте ыңғайлы құрылғы.


Жоба мақсаты мен міндеті:

Физика сабағында мобильді құрылғыларды пайдалану арқылы оқушылардың белсенділігін арттырып , логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасау,ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып, өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ету.


Физика - зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым.

Табиғат тылсымдарын зерттеуші бұл ғылым саласын меңгеру барысында, ақпараттық технологиялардың маңызы өте зор.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы: қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

Осы орайда білім алушы жастарға ақпараттық технология мүмкіншіліктерін толық меңгерген жөн.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға физика пәнінен ақпараттық технология негіздері арқылы білім беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Мобильді құрылғыларды «Жалпы физика курсы» білім беру үдерісінде қалыптастыруда ескерілетін жәйттар:

- мектептің материалдық-техникалық базасына;

- ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне;

- оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;

- оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне.

Физика сабақтарында мобильді құрылғыларды қолданудың негізгі ерекшеліктері:

- бір уақытта бірнеше формулалармен жұмыс жасай алуы;

- сызбанұсқаларды, кескіндерді оқушылардың меңгере алуы;

-экрандық кескіндердің графикалық түсініктемелерін беру;

бір мезгілде сыныптың барлық оқушыларының істеген жұмысына сараптама жүргізуге және тексеруге мүмкіндік туғызады;

қажетті формулалар мен анықтамаларды есте сақтау қабілеттері артады;

   оқытуға жаңа құлшыныстың алғы шарттарын дайындайды;

-   оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, дағды, зейін, есте сақтау қабілеттері дамиды;

-тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген оқушыларға тақырыпты қосымша қайталауға мүмкіндік беріледі;

сурет, сызбалар, дыбыстық әсерлер, қимыл анимациялары арқылы есте сақтау қабілеттері артады.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Мобильді құрылғыларды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
- пән бойынша базалық білімді меңгеру;
- алған білімді жүйелеу;
- өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
- оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.


Оқу үрдісіндегі негізгі инновациялық технологиялар мыналар:


  • Кейс технология;

  • WEB технология;

  • Коммуникациялық технология;

  • Ақпараттық технология;

  • Интерактивтік әдіс технологиясы;

  • Мультимедиа технологиясы;

  • Телекоммуникация немесе электронды оқыту технологиясы;

Smart-технологиясы.

Оқу тәрбие үрдісінде жаңа технологиялардың кейбір аспектілерін даралап көрсетуге болады.

  • Тыңдаушылардың оқу үрдісіне қызығушылығын тудыру;

  • Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту;

  • Білімді терең игеруіне жағдай жасау;

  • Білім сапасын арттыру.




Физика пәніне арналған  электрондық  оқулықты пайдалану барысында , оқушы физиканың кез - келген тарауларының бірімен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Әрбір тараудан олар мынадай мәліметтерді алады :


  1. Тақырыпты формуласымен бірге түсіндіретін мәтіндер

  2. Тақырыпқа байланысты суреттер мен графиктер

  3. Физика ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдардың өмірі мен олар ашқан заңдылықтары

  4. Тақырыптық есептер шығару үлгілері мен есептер жинағы

  5. Тақырып бойынша игерген білімдерін тексеру мақсатында берілген тестер

  6. Негізгі физикалық тұрақты шамалар мен білдіктер жүйесі

  7. Физиканың негізгі формулалары жөнінде кеңес беретін анықтамалар


Физикa caбaқтapындa aлдaғы тaқыpыптың көздeлгeн ныcaндapын бeйнe/фoтo нeмece тaныcтыpылымдap түpiндe көpceтy мүмкiндiгi бoлaды. Тaпcыpмaлapы мeн cұpaқтapы бap тaныcтыpылымдap,бeйнe poликтep, кapтинaлap мeн пpoблeмaны көpceтeтiн бacқa pecypcтap, oның шeшiмi oқyшылapды бeлгiлi тaқыpыпты жәнe caбaқ мaқcaттapын зepдeлeyгe ayдapaды. Әpинe, мaқcaтты қoю cypeттepдiң, aнимaциялapдың, тұcayкecepлep нeмece кapтoгpaфикaлық кapтaлapдың көмeгiмeн жүpгiзiлeдi.

Тecт дeгeнiмiз нe? Тecт apқылы cынayдa қaндaй жaңaлық бap? Oның cұpaқтapы қaлaй дaйындaлaды, oны қaлaй өткiзeдi, тecт apқылы cұpaққa қaлaй дaйындaлy кepeк? Тecтiлey әдici көптeгeн дaмығaн eлдepдe қaзipгi бiлiмнiң aжыpaмac бөлiгiнe aйнaлғaн жacтapдың дaйындық дeңгeйiн жәнe жaлпы бiлiм caпacын бoлжayдың тиiмдi құpaлы peтiндe пaйдaлaнылaды.

Coңғы жылдapы тecттiк әдic oқy — бiлiмгe қaтыcты бapлық ұйымдapдa кeңiнeн қoлдaнып жүp. Тecт дeп caпaлық жәнe caндық дapa epeкшeлiктepiнe caй түpдe нeгiздeлгeн cтaндapттaлғaн, қыcқa, yaқыт жaғынaн шeктeyлi cынaқтapды aтaйды. Ocындaй ic-әpeкeттi құpғaн жәнe жүpгiзгeн кeздe AКТ caн aлyaн нұcқaлapды ұcынaды. Oлapдың iшiндe eң күштi құpaлдapдың бipi peтiндe, әpинe, Kahoot (getkahoot.com) oнлaйн-cepвиciн aйтyғa бoлaды. Oның caйты www.getkahoot.com.

Kahoot – мoбильдi құpылғылapдa дұpыc жayaбы бap oнлaйн виктopинa құpyғa мүмкiндiк бepeтiн cepвиc. Oл кoмпьютepлep, плaншeттep, ұялы тeлeфoндap жәнe бacқa құpылғылap apқылы opындayғa бoлaтын тecтiлepдi, cұpaқ-жayaптapды жacayғa мүмкiндiк бepeдi. Тaпcыpмaлapды opындaғaннaн кeйiн cepвиc тecтiгe әpбip қaтыcyшы бoйыншa eceптi көpceтeдi, oқyшылapдың бiлiмдepiндeгi кeмшiлiктepдi aнықтayғa жәнe oлapмeн кeйiнгi жұмыcты жocпapлay үшiн ocы eceптi пaйдaлaнyғa бoлaды.




Қорытынды


Сонымен, «Мобильді оқыту» деп – мобильді құрылғылардың көмегімен кез келген уақытта, кез келген жерден білім алуды айтамыз».

Біздің елімізде қазір «мобильді оқыту» электронды оқытудың қосымша формасы ретінде қолданылуда. Бірақ қолданылу аясы әлі де болса қажетті деңгейде емес. Оған себеп:

1.  сапалы білім беретін контенттердің жеткіліксіздігі және оны іске асыруға қажетті алғы шарттардың жеткіліксіздігі;

2.  жаппай білім алуға пайдаланылатын біртұтас жүйенің жасалмауы;

3.  желілік байланыс қызметінің бағасының жоғарылығы


Қорыта келгенде, білім беру адамға үздіксіз оқуға,білім алуға жан жақты білім қызметін ұсынатын, ақпараттық технологияны меңгерген көпсалалы болуы керек. Сабақтарда  ккеген құзыреттіліктерді пайдалана отырып жан-жақты дамыған терең білімі бар, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға болады. Сондықтан ұстаздар үнемі ізденіп, шығармашалықпен жұмыс  істеп  білім деңгейін үнемі жоғарылатып отыруы қажет. Сонда ғана оқушылар әрбір пәннің мазмұнын жүйелі меңгеріп, құзіреттілігі қалыптасып , пәнге деген қызығушылығы арта түседі, өз бетінше оқып үйренуге дағдыланады.

Заманның жаһандануына орай білім беру ісінде де жаңа технологиялар молынан кездеседі, бірақ жаңа технологияны пайдаланып бірден нәтижеге жете қою қиын. Нәтижеге жету оқушылардың игерген білім деңгейі мен мұғалімнің біліктілігіне байланысты. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әр сабақты дұрыс ұйымдастыру, педагогикалық шеберлікті ізденістермен жаңартып отыру әр мұғалімнің міндеті болуы тиіс.  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деген еді. Ендеше бәсекеге қабілетті туған тілін , елін, жерін сүйетін, өз ойын еркін жеткізе алатын құзіретті тұлға тәрбиелеу – қазіргі заман талабы.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы».

  2. Республикалық ғылыми әдістемелік журналдары

  3. «Мектептегі дене шынықтыру»  №5 2015ж; №2 2014ж

  4. А. Салихова  «Оқушылардың шығармашылығын дамыту»

  5. Ғылыми-әдістемелік  журнал, №5-2014 ж

  6. Ақпараттық технологиялар тиімділігі // Қазақстан мектебі. – 2008. № 6. – 24–25 бб.

  7. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану барысындағы оқытушының рөлі мен біліктілігі // ҚР ұлттық ғылым академиясының хабаршысы. – 2008. – № 2. – 16–18 бб.

Республиканский научно-методический журнал . №6 (30) – 2009




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!