Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Физика заңдылықтары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Физика заңдылықтары
интеллектуалды сайысы
Сайыстың өту мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін танымдық,
зияткерлік, шығармашылық, тәжірибелік қабылеттерін арттыру.
Сайыстың міндеттері:
-
Жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіншіліктерін дамыту, оқушылардың интеллектісін байыту, ой-өрісін кеңейту;
-
Дарынды және қабілетті балаларды көбірек анықтап, ары қарай қолдап, олардың
мүмкіндіктерінің толық ашылуына көмек көрсету;
-
Оқуға, физикалық тәжірибе жұмыстарына деген қызығушылықтарын арттыру.
Қатысушылар: 8 сынып оқушылары
Сайыстың өткізілу тәртібі:
І тур. «Сәлем – сөздің анасы» (топтарды таныстыру, аты, ұраны, эмблемасы, сәлемдесуі)
ІІ тур. Физика заңдылықтары туралы аңыз (әр топ физик ғалымдар туралы және аңыз әңгімесін айту)
ІІІ тур «Бәрін білгім келеді!» (әр топқа сұрақтар)
ІV тур. «Физика біздің айналамызда» (жауабы бірінші сөйлемнен кейін-3 ұпай, екінші сөйлемнен
кейін-2 ұпай, үшіншіден кейін-1 ұпай)
V тур “Жасырын терезе” (шаршыда қанша сөз бар екенін табу)
VІ тур. «Ойлан тап» (физикалық экспериментті жасап, түсіндіру, 10-дық жүйе)
Cайыстың өту барысы:
-
«Сәлем – сөздің анасы»
(топтарды таныстыру, аты, ұраны, эмблема-сы, сәлемдесуі)
2. Физика заңдылықтары туралы аңыз
(әр топ физик ғалымдар туралы және аңыз әңгімесін айту)
«Архимед» тобы
а) Архимедтің ғылымға қосқан үлесі
Архимед ( 287-212) Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математигі, механигі. Ол Сицилия аралындағы Сиракуз қаласында, туып сонда өмір сүрген. Архимед астроном Фидийдің баласы деген жорамал бар. Архимед сол замандағы ірі мәдениет орталығы –Мысырды аралап, александриялық ғалымдардан, солардың ішінде Конон мен Эратосфеннен білім алған. Оның математикалық еңбектері өз заманынан озық болған, бұл еңбектері дифференциалдық және интегралдық есептеу ашылғанда (17 ғасыр) дұрыс бағаланған. Архимедтің көптеген математикалық еңбектерінің ішінен қисық сызықтардың ұзындықтарын, әр түрлі фигуралар мен денелердің көлемін және беттердің ауданын есептеу ерекше орын алды.
Архимед рычаг заңын, суда өлшеу арқылы қорытпаның құрамын анықтау тәсілін тапқан, өз атымен аталған гидростатика заңын (Архимед заңы) ашқан, жер суаратын механизмдерді, жүк көтеретін рычаг жүйелері мен блоктарды, тас ататын қамал бұзатын соғыс қондырғыларын, т.б. ойлап шығарған. Рычагтың математикалық заңын тапқанда, Архимед “Тіреу нүктесін берсеңдер, Жерді де төңкеріп тастаймын” деп айтқан екен. Архимед шығармаларының көпшілігі сақталмаған, ал оның “Эратосфенге жолдаған” хаты 1906 жылы ғана табылған. 9-11 ғасырларда Архимедтің еңбектері араб тіліне, ал 13 ғасырда олар араб тілінен латын тіліне аударылып, Батыс Еуропа елдеріне тарай бастаған. 1823 жылы Архимедтің “Шар мен цилиндр” және “Дөңгелекті өлшеу және леммалар” атты екі кітабы орыс тіліне аударылған.
ә) Архимед туралы аңыз әңгімелер
Аңызда айтылатындай, Сиракуз патшасы Гиерон Архимедке зергер жасаған тәждің таза алтыннан немесе алтын мен күмістің қоспасынан жасалынғанын анықтауды тапсырды. Бұл есепті шеше алмай, Архимед көп күн әуреленді. Бір күні толтыра су құйылған ваннаға түскен кезде кенеттен ойына әлгі есептің шешуі келген екен дейді. Өзінің ашқан жаңалығына шаттана куанған ол «Эврика!» (Таптым!) деп Сиракуз көшелерінің бойымен айғайлап жүгірген екен. Сірә, жаңалық ашқан адам ерекше бір сезімге бөленетін болар.
Ньютон» тобы
а) Исаак Ньютонның өмір жолы
1643 жылдың 4 ақпанында
Англиядағы Линкольншир графстовасындағы Ньютондар отбасында
бір сәби дүниеге келді. Сәбидің жетілмей туылғандығы барлық отбасы
мүшелерін алаңдатып, оның тірі қалуы күмән тудырған еді. Десе де
сәби Исаак тірі қалып, барлық адамзат баласының бақытына орай аман
есен өсіп-жетіле берді. Мектеп жасында Исаакта дарындылықтың
ешқандай белгісі байқалған жоқ. Оқытылған пәндердің көпшілігінен
қанағаттанарлық деген баға алып жүрді. Бұны тек баланың оқытылған
пәндерге деген қызығушылығының жоқтығымен ғана түсіндіруге
болады. Үй тірлігіне араласпайтын
Исаакты көрген көршілері оны жалқау деп есептеген. «Ньютондардың
Исаагы тас лақтырып, әйнекпен күнді шағылыстырғаннан басқа түк
білмейді» деп сөгетін. Осы әйнектен физиканың спектр тақырыбын
ашатынын олар білмеген де болар. Осы аралықта Исаак призма
мен жарықтың көмегімен түрлі түс алуға
болатынын тапты Оның өмірінің кейінгі
кездерінде көрсеткен интеллектісіне қарап, тек осындай ғана тұжырым
жасауға болады. 1660 жылы өздігінен Кембридж университетінің
Тринити-колледжіне оқуға түскенде, ол не-бары он сегіз жаста
болатын. Бұл университет сол кезеңдердің өзінде үлкен абыройға ие
болып, шамалы адам оқуға түсе алмайтын. Айта кетер нәрсе Исаак өмір
сүрген он жетінші ғасырдың ортасында Англияда революция орын
алып, бірінші Карлдың басы шабылып, парламент таралып, ел
ішінде бүліктің болып жатқан кез еді. Осыған қарамастан, Англияда
университеттер қалыпты жұмыс істеп, баяу болса да ғылым дамып
жатты. Осылайша Ньютон 1665 жылы тіл білімдерінің бакалавры атанып,
1668 жылы магистр атағын алып, осы университетке мұғалім болып
орналасады. 1669 жылы аты әлемге әйгілі математик әрі оның ұстазы
Исаак Барроу оған кафедраны тапсырады. Осы сәттен бастап, 1689
жылға дейін ғалым университетте математика мен оптикадан дәріс
оқиды. Бір қызығы Ньютон жастайынан химияға қызығып, онымен
де айналысқан. Бұған себеп болған нәрсе мынау. Грантэмдегі қоғамдық
мектепте оқып жүрген кезінде ол дәріханашының үйінде бірге тұрған
еді. Осының әсерінен химияға қызығушылғы пайда болып, осы саланы да
біраз меңгерген. Дегенмен, Ньютон механикаға көңіл бөліп, сол
саланы барынша зерттеуге тырысты. Кейінірек Галилейдің идеясын
дамытып, механиканың негізгі теорияларын қалыптастырды. Ол жаңалық
әлі күнге дейін мектеп бағдарламасында оқытылып
келеді.
ә) И.Ньютон заңы аңыз
әңгімелер
Физика заңдылығына бағынып,
әлемнің тартылыс күшіне теориялық мән берген ғалым Ньютонның басына
алма құлап, содан қалған дерек аңыз емес ғылыми ақиқатқа айналғанын
білеміз. Бірақ сіз дәл сол алманың түп атасы Қазақстан
екенін білесіз бе?
Өз ауылында жүріп, «тартылыс заңы» жаңалығын ашты. Бұл заңдылық
аңыз бойынша өз бағында алма ағашының көлеңкесінде отырған Исаактың
басына алма түскесін дәлелденген. Осыдан екі жылдан кейін Исаак
Кембридждге қайтып оралып, магистр атағын
алады.
3. «Бәрін білгім келеді!» Архимед шыңына жету (әр топқа сұрақтар)
«Архимед» тобына
Жауабы: теңіз суы тұзды, тұзы неғрлым көп болған сайын тығызырақ келеді. Архимед күші көбірек болады
Жауабы: судың бетінде ұяға Архимед күші әсер етеді .Ұя пішіні ұяның салмағымен оған әсер ететін ығыстырушы күштен бірнеше есе аз болуы керек.
Жауабы: Сүңгуір үйрек өзінің көлемін азайтуға тырысады, яғни денесіне қанаттарын қысып алады.
Жауабы: Арқаңмен жүзген жеңіл , өйткені арқаның көп бөлігі суға батады да кері итеруші күшті көбейтеді.
Жауабы: сұйықтың тығыздығына, көлеміне.
Жауабы: қалқып шығады
Жауабы: бату шарты
Жауабы: сұйық жүзінде жүзу шарты
Жауабы: Н
Жауабы: Динамометр «Ньютон» тобы
Жауабы: (алма).
Жауабы: Күш
Жауабы: Инерция
Жауабы: масса
Жауабы: Жоқ. Күш бір түйеге тең
Жауабы: 0-ге тең
Ол қандай агрегаттық күйде? Жауабы: газ тәріздес
Жауабы: Себебі әлемдегі барлық денелер бір – біріне тартылады. Бұл жағдайда допқа Жер тарапынан тартылыс күші әсер етеді. 9. Неліктен жүк көтеретін кранға жүкті дереу қатты көтеруге болмайды? Жауабы: Ілініп тұрған жүк өзінің тыныштық күйін сақтауға тырысады. Ал кран жүкті дереу көтергенде жүк үзіліп кетеді. (Инерция құбылысы)
Жауабы:1000Н 4. «Физика біздің айналамызда» ( жауабы бірінші сөйлемнен кейін-3 ұпай, екінші сөйлемнен кейін-2 ұпай, үшіншіден кейін-1 ұпай) 1 сұрақ
2 сұрақ
3 сұрақ:
4 сұрақ
5 сұрақ
6 сұрақ
5. “Жасырын терезе” Шаршы ішіндегі әріптерден физикалық шаманың атауын, физик-ғалылымдардың атын, физикалық құбылыстардың атауларын құрап шығару керек. Мұнда траектория бағытының әр түрлі болуыда ескеріледі.
6. «Ойлан тап». (физикалық эксперимент жасап, мағынасын түсіндіру, 10-дық жүйе) 1-эксперимент 2- эксперимент «Жұмыртқаны құтыға кіргізу». Қажетті құрал-жабдықтар: піске жұмыртқа, шөлмек, сіріңке, қағаз.
Қорытындылау. Марапаттау
. |
|
|
|