Материалдар / Физикадан PISA тапсырмалар жинағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Физикадан PISA тапсырмалар жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Физикадан PISA тапсырмалар жинағы PISA бағдарламасы оқушылардың сауаттылығын үш приоритетті бағыт бойынша бағалайды. PISA (Programme for International Student Assessment) – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) ұйымдастыратын оқушылардың оқу үлгерімін (қалыптасқан білімі мен дағдыларын) бағалайтын халықаралық салыстырмалы зерттеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2022
9207
100 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Келес ауданы №56 Т. Белгібаев атындағы жалпы орта

мектебі мемлекеттік мекемесі













Shape2



Picture 26










2022 жыл


Құрастырған: Анарбек Ж. Т – Түркістан облысы Келес ауданы №56 Т. Белгібаев атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі физика пәнінің мұғалімі, Педагогика ғылымдарының магистрі


Пікір жазғандар: Қожахмет М. С - Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы

Жұманова Г. С - №56 Т. Белгібаев атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі физика-математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші
































Мазмұны

  1. Алғы сөз.........................................................................................4

  2. Кіріспе.............................................................................................6

  3. PIZA тапсырмалары.......................................................................8

  4. Қорытынды....................................................................................52

  5. Қолданылған әдебиеттер...............................................................53







































Алғы сөз


Экономикалық жаһандану, халық санының артуы және технологиялардың жылдам өзгеруі жағдайында жеке адамдар мен қоғамның алдында жаңа күрделі міндеттер туындады. Қазіргі таңда мектептегі білім беру жүйесінде оқушылардың табысқа жетуі үшін қажетті білім және дағдылармен қатар, білім беру әдістемелері мен осы білімді балаларға оқыту әдіс-тәсілдері де қайта қарастырылуда.

Жаһандану, жаңа технологиялар, көші-қон, нарықтық өзгерістер, елдер арасындағы бәсекелестік, саяси қауіп-қатерлер мен экологиялық проблемалар – осының барлығы ХХІ ғасырда оқушыларға қажет болатын білім, білік, дағдыларды дамытуды талап етеді. Педагогтер, министрліктер мен үкімет, оқу орындары, жұмыс берушілер мен зерттеушілер бұл қабілеттерді XXI ғасыр дағдысы, жоғары деңгейде ойлай білу қабілеті, оқудың терең нәтижелері, сондай-ақ кешенді ойлау және коммуникативтік дағдылар сияқты терминдер арқылы сипаттайды. Тиімділігі жоғары мектеп жүйелерінің маңызды құрамдас бөлігі тек шетелдік тәжірибеге бағдарлану ғана емес, сонымен қатар оларды жүйелі түрде бейімдеу және жергілікті мәдениет пен саясатқа енгізу болып табылады.

Жаһандық қалалардың білім беру желісі – бұл қазіргі уақытта білім беру жүйесінде кездесетін жалпы проблемалар бойынша халықаралық деңгейдегі шешімдер шығару мен қабылдауда Азия мен Солтүстік Америкадағы педагогтер мен жауапты тұлғалардың ынтымақтаса іс-әрекет ету механизмі. Жаһандық қалалардың білім беру желісі оқу процесін қайта құру және әділеттілікке қол жеткізуге байланысты нақты мәселелерді тереңдетіп зерттеу, жоспарлау және шешу кезеңдеріне қатысады. Әрбір кезеңге Жаһандық қалалардың білім беру желісінің проблемаларды шешу, зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерін қарастыру, тақырыптық зерттеулер, анықтамалық материалдар және кеңестердің жұмыс есептері кіреді. Басты міндет әлемдік жетекші мамандардың зерттеулері негізінде тәжірибелік білімді дамыту болып табылады. Олардың Білім беру Желісімен қамтылған қалалардағы жұмыс істеу тәжірибесі қолға алынған қадамдар мен болашақ қадамдарды көрсетеді, сонымен қатар әлемдік деңгейде қала мектептері жүйелерінің білім беру желісінің тиімділігін арттырады.

Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдеу мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің он бес жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA-2009 халықаралық зерттеуіне тұңғыш рет 15 жастағы оқушылардың білім сапасын анықтау үшін дәйекті ақпарат алу мақсатында ат салысты. Біздің еліміз үшін бұл бағдарламаға қатысуға білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформаландыруға қажетті бірқатар факторлар, қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі негізгі себеп болды. PISA әдістемесі бойынша тестілеу мектеп оқушыларының үйреншікті емтихандары мен тесттерінен түбегейлі ерекшеленеді. Осы ауқымды зерттеу барысында мектеп бағдарламасын меңгеру деңгейі емес, жасөспірімдердің алған білімдерін тіршілік жағдайларында қолдану қабілеті бағаланады. Тапсырмалар жинағына физика пәнінен PISA форматына сәйкес тапсырмалардың 4 типті түрі: таңдау және кешенді жауабы бар, жабық, еркін құрылымды тапсырмалар енгізілген. Кейбір тапсырмалар сол бір тіршілік жағдайларына жататын түрлі күрделілік деңгейінің бірнеше сұрақтарынан тұрады. Есептер жинағы PISA халықаралық зерттеуі материалдары негізінде құрастырылған.


Негізгі мақсаты:

  • Білім алушыларға PISA халықаралық зерттеу тапсырмаларын орындату барысында танымдық қызығушылығын арттыру, зияткерлік және шығармашылық қабілетін дамыта отырып, өз бетімен ізденіп, жаңа білімге қол жеткізуге үйрету;

  • PISA халықаралық зерттеулерге дайындау арқылы оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын жетілдіру, функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;


Міндеті:

  • Оқушылардың білімін тереңдету және жүйелеу;

  • Тапсырмаларды орындаудың негізгі алгоритмін меңгерту;

  • Білім алушылардың білімі мен қабілеттерін тексерудің дәстүрлі нысандарымен қатар,бағалау өлшемдеріне PISA тапсырмаларын енгізу.


Өзектілігі:

  • Кез келген оқу бағдарламасы тиімді іске асырылуы үшін оқушылардың өмірімен тығыз байланысты болуы керек.

  • Бағдарламаны өзектендіру үшін мұғалімдер басқа тақырыптарға негіз болатын, пәндік немесе пәнаралық зерттеулерде маңызды орын алатын және білім алушылар мен оқытушылар тарапынан қолдау табатын негізгі тақырыптардан бастау керек.

  • Оқушылардың оқуға қызығушылығын қолдау үшін білімнің өзектілігі мен практикалық мәні аса маңызды болу керек.


Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылардың дүниетанымы кеңейеді, зерттеушілік, ізденімпаздық қасиеттері қалыптасады;

  • Физикалық теориялық білімдерін күнделікті өмірлік жағдайларда қолдана білу қабілеттерін дамытады;









Кіріспе


PISA (Programme for International Student Assessment) – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) ұйымдастыратын оқушылардың оқу үлгерімін (қалыптасқан білімі мен дағдыларын) бағалайтын халықаралық салыстырмалы зерттеу. Зерттеу бойынша тестілеу 2000 жылдан бастап үш жыл сайын өткізіліп отырады. Бұл зерттеу орта білім алған оқушылардың сол білімін күнделікті өмірде қолдана алу қабілетін, яғни қоғамда толыққанды өмір сүруге қажетті қабілеттерін тексеруге бағытталған.

PISA бағдарламасы оқушылардың сауаттылығын үш приоритетті бағыт бойынша бағалайды. Олар: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы. Осы бағыттардың таңдалған себебі – олар оқушының одан әрі білім алуының негізін құрайды. PISA оқушының академиялық білімін емес функционалдық сауаттылығын, яғни:

  • алған білімін өмірде қолдана алу

  • кез-келген мәселенің мәні мен себеп-салдарын терең түсіну

  • шығармашылық тапсырмаларды орындау

  • ақпаратты іздеу, талдау, түсіндіру сынды дағдыларын бағалайды.

Сонымен қатар, әр зерттеу айналымында оқушының креативті ойлау, жаһандық құзыреттілік, қаржылық сауаттылық немесе мәселені бірлесіп шешу сияқты бір инновациялық бағыт бойынша сауаттылығы тексеріледі. Функционалдық сауаттылықты «адами іс-әрекеттің әртүрлі жағдайларында өмірлік міндеттердің кең ауқымын шешу үшін мектепте алған білім, білік жіне дағдыны пайдалана білу қабілеті» деп түсіну қажет.

Ақпараттық кеңістікті кеңейту және әлемдік қоғамдастыққа ену, адами ресурстарды қалыптастырудағы білім берудің рөлін арттыру жағдайында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің өлшемі ретінде білім беру жүйесін жаңа тәсілдерге бағдарлау маңызды. PISA тапсырмаларының әр тобы тұлғалық, әлеуметтік немесе жаһандық контексте қарастырылады, сонымен бірге оқушылардың ғылыми- жаратылыстану, математикалық және оқу сауаттылығы деңгейіне түрлі талдау жасауды қарастырады.

Білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын анықтауға арналған тапсырмалар әр түрлі құрылымда болуы мүмкін.


Тапсырмаларды орындауда келесі ұсыныстарды басшылыққа алу ұсынылады:

    1. Ұсынылған тапсырмаларды бар ықыласыңызбен оқыңыз және негізгі ақпаратты тауып алыңыз.

    2. Есептердің суреттері, сызбалары, графиктеріне және физикалық үдерісті түсінуді жеңілдететін кестелерге көңіл аударыңыз.

    3. Қандай ықшамдалған сөйлемдер, есептің шығарылуын жеңілдететінін ойлап алыңыз.

    4. Схемалық сызба немесе сурет салуға тырысыңыз, ол әрқашан ойлануды жеңілдетеді. Дұрыс құрастырылған схема есепті шығарудағы жетістіктің жартысы екені есіңізде болсын.

    5. Көпшілік жағдайда есептің барлық шамаларын тиісті әріптермен белгілеп және оларға қажетті есептеулер жасап, жалпы түрде шығарған пайдалы.

    6. Жалпы түрде шығарып алып, біркелкілігін талдап немесе бұрын шығарылған ұқсас есеппен салыстырып, оның дұрыстығына көз жеткізуге тырысыңыз.

    7. Егер есепте шамалардың сандық мәндері берілсе, онда жауабы санға дейін жеткізілген болуы керек.

    8. Барлық мәліметтерді бір өлшем бірлігінде өрнектеу керек.

    9. Ег

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!