Материалдар / физикадан сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

физикадан сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
физикадан білімдерін тексеру мақсатында сайыс ұйымдастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2018
749
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Көшбасшы» атты физика пәнінен сайыс.

Мақсаты:
1. Білімділік: студенттердің физика пәні бойынша білім сапасын, логикалық ойлау қабілетін және есептер шығару арқылы алған білімдерін қорытындылау, сараптау;
2. Дамытушылық: студенттердің шығармашылық қабілетін қалыптастыра отырып, іскерлі, ізденімпаз, интеллектуалды қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру; 
3. Тәрбиелік : студенттердің мақсатқа жету барысында жауапкершілігін жетілдіру, біліміне деген сенімін арттырып үлкен жетістіктерге жетуіне тәрбиелеу; 
Сайыстың көрнекілігі: тестер, есептер, плакаттар, буклеттер, слайд, LED – экран, үлестірмелі материалдар.

Сайыстың түрі: сайыс


Сайысқа қатысушылар:

  1. ТМ - 13 тобынан

  2. ВС - 5 тобынан

  3. Д – 3 тобынан

  4. А -10 тобынан


Бағалау өлшемі:

  1. Әр тапсырмаға 1 және 2 ұпайдан

Сайыстың барысы: 
Сәлеметсіздер ме, физикалық сайысқа қатысушы сайыскерлер, аяулы ұстаздар және студенттер!!

Бүгін физика пәнінен өткелі тұрған «Көшбасшы» атты сайысымызға қош келдіңіздер! 
Біз бүгінгі кешімізді 1 курс студенттері арасында сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық. Бұл сайысымызға 8 студент қатынасып отыр.

Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болайық: 
І кезең «Тест жұмысы» 1 ұпай

ІІ кезең «Сиқырлы кубик» 1 ұпай
ІІІ кезең «Сұлбалар мекені» 2 ұпай 

ІV кезең «Есептер мекені» 2 ұпай 

V кезең «Логикалық сұрақтар» 1 ұпай

VІ кезең «Кім жылдам?» 1 ұпай

VІІ кезең «Тіл - Өнер» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару) 2 ұпай
Әділқазылар алқасымен танысу: 
1. _________________________________________

2. _______________________________________________________________
3.________________________________________________________________

І кезең. «Тест жұмысы» . Әр жауап 1 ұпай

Тест

  1. нұсқа

1. Конденсатор деп

А) әр аттас және бірдей зарядтармен зарядталған өткізгіштер жүйесін айтады.

Б) кез келген заттардың түрі

В) астарлар арасындағы потенциалдар

Г) барлық жауаб дұрыс

  1. Идеал газдың молекула – кинетикалық теориядағы негізгі теңдеуін көрсетіңіз.

А)

Б)

В)

Г)

  1. Температураны арттырғанда металл өткізгіштің кедергісінің өзгерісі?

А) өзгермейді

Б) бірдей

В) артады

Г) тәуелді емес

  1. Ток күшінің жұмыс формуласын көрсетіңіз?

А)

Б)

В)

Г)

  1. Электр өрісінің кернеулік векторының бағыты

А) сол өрістегі теріс нүктелік зарядқа әсер ететін күш векторының бағытымен бірдей

Б)сол өрістегі теріс нүктелік заряд үдеудің бағытымен бірдей

В) сол өрістегі оң нүктелік заряд жылдамдығының бағытымен бірдей

Г) дұрыс жауабы жоқ

  1. Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, .......

А)оның температурасы соғұрлым төмен болады

Б) оның температурасы тұрақты болады

В) оның температурасы соғұрлым жоғары болады

Г) оның температурасы төмендейді

  1. Идеал газдың ішкі энергиясы қай шамаға тәуелді?

А)көлемге

Б)қысымға

В) газ массасына

Г) температураға

  1. Ток күшін өлшейтін құрал

А) вольтметр

Б) реостат

В) амперметр

Г) ваттметр

  1. Төменде электр тогы жүріп тұру үшін қажетті шарттар келтірілген. Дұрыс емес шартты анықта.

А) потенциалдар айырмасының болуы

Б) тізбекте конденсатордың болуы

В) затта зарядталған еркін бөлшектердің болуы

Г) өткізгіш ішінде тұрақты электр өрісінің болуы

10. Оң және теріс иондардың қарама –қарсы бағыттағы реттелген қозғалысы электролитте

А) электр тогын тудырады

Б) электрондарды тудырады

В) иондар тудырады

Г) дұрыс жауап жоқ


ІІ – нұсқа

  1. Кедергіні реттеуге арналған құрал

А) транзистор

Б) реостат

В) диод

Г) резистор

  1. Металдардағы токты тасымалдайтын бөлшектер

А) теріс иондар

Б) оң иондар

В) электрондар

Г) оң иондар және теріс электрондар

  1. Толық тізбек үшін Ом заңының өрнегі

А)

Б)

В)

Г)

  1. Электр тоғының қуатын анықтайтын формула

A)

Б)

В)

Г)

  1. Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда тұрақты болатын шама

A) кедергі

Б) кернеу

В) ток күші

Г) кедергі және кернеу

  1. Көлемі тұрақты болғанда, газ күйінің өзгеру процесі

А) тепе- теңдік

Б) изотермиялық

В) изохоралық

Г) адиабаталық

  1. Менделеев – Клапейрон теңдеуін көрсетіңіз

А)

Б)

В)

Г)

  1. Электр тогы деп

А) электр тогында зарядтардың реттелуі

Б) электр зарядтары бар еркін бөлшектердің бірыңғай реттелген қозғалысы

В) ток көзіне қосылған тізбек

Г) дұрыс жауабы жоқ

  1. Конденсатор пластиналарының әр қайсысындағы заряд шамасын 2 есе ұлғайтса, конденсатор энергиясы қалай өзгереді?

А) 2 есе артады

Б) 8 есе артады

В) 16 есе артады

Г) 4 есе артады

  1. Электр лампаларының сыртқы беттерінде қуаттарының 150 Вт және 75 Вт болғаны жазылған. Бұл лампалардың кедергілерінің қатынасы қандай?

А)

Б)

В) анықтай алмаймыз

Г)


Тест жұмысының жауабтары


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

І - нұсқа

а

а

в

б

а

в

г

в

б

а

ІІ - нұсқа

б

в

г

г

в

в

а

б

г

а








ІІ кезең. « Сиқырлы кубик сайысы » 1 ұпай

Ойын шарты: Берілген кубикті латырып, ол кубикте берілген 1 – ден 5 – ға дейінгі сандардың бірі кубиктің үстінгі бетіне түссе, онда сол санға сәйкес келетін номерленген қағазды алып ондағы берілген формуланы табамыз.


Кубикте берілген номерлерге сәйкес келетін формулалар:

  1. , , , , ,

  2. , , , , ,

  3. , , , , ,

  4. , , , , ,

  5. , , , , ,


Picture 1 ІІІ кезең «Сұлбалар мекені» Әр бір дұрыс жауап 2 ұпай


1 сұрақ

Қай сұлбада үш электр шамдарының қосылуы тізбектей кескінделген?

(Жауабы: 1 және 4 суретте тізбектей жалғанған)




Picture 2


2 сұрақ

Схемада ненің кескінделгенін атаңыз? Қатесін анықтаңыз?

(Жауабы: ток көзі, шам, қоңырау, кілттер)



3 сұрақ

Схемада ненің кескінделгенін атаңыз? Қатесін анықтаңыз?

( Жауабы: суретте вольтметр, амперметр, шам, жалғағыш сымдар. Тізбек қате жалғанған, себебі вольтметр тізбекке параллель жалғанады.)



4 сұрақ

Берілген сызба бойымен көрсетілген құралдарды атап бер?

(Жауабы: гальвани элементі, амперметр, вольтметр, шам, кілт)



5 сұрақ

Б

1

2

Shape1 ерілген схемадан қатесін тап?

( Жауабы: дұрыс жауабы жоқ, вольтметр параллель жалғанады )




6 сұрақ

Схемада ненің кескінделгенін атаңыз?

(Жауабы: ток көзі, Амперметр, кедергі, вольметр, кілт)





7 сұрақ

Берілген схемадан қатесін тап? (Жауабы:дұрыс жалғанған)



8 сұрақ

Ток көзіне бірнеше резисторлар жалғанған. Өткізгіштің жалпы кедергісі. (Жауабы: тізбек тізбектей жалғанған. Сол сол үшін кедергілерді қосамыз)





ІV кезең. «Есептер мекені» - есептер шығару. Әр жауап 2 ұпай


1 есеп

Тізбек бөлігінде 3 Кл заряд орын ауыстырғанда электр өрісі 120 Дж жұмыс атқарды. Кернеуді тап.

2 есеп

24В кернеуге 1,5 А ток күшіне есептелінген шам 10 минут жанды. Электр тогының атқаратын жұмысын анықтаңдар.


3 есеп

Әрқайсысының кедергісі 10 Ом бес өткізгіш бір - бірімен тізбектей жалғағандағы жалпы кедергісі.


4 есеп

Электр қуаты 36 Вт, 12В кернуге есептелінген шамдағы ток күшін анықта.




5 есеп

Сыйымдылығы 0,1 Ф конденсатордың астарларында 4 Кл-ға тең әр аттас электрлік зарядтар орналасқан. Конденсатордағы электр өрісінің энергиясын табыңдар.

6 есеп

зарядты шексіздіктен электр өрісінің қайсыбір нүктесіне алып келгенде Дж жұмыс жасалды. Осы нүктедегі электр өрісінің потенциалын анықтаңдар.

7 есеп

Кернеуі 200 В және ток күші 2 А, 2 минуттағы электр плитасындағы токтың жұмысы.

8 есеп

Арақашықтығы 2 см, бостықта және керосиндегі шамалары 1 нКл және 4 нКл нүктелік екі электр зарядтардың өзара әрекеттесу күшін табыңдар.


9 есеп

Егер өткізгіштің ұштарына 100 В кернеу берілсе, оның бойымен 2 А ток жүреді. Ондағы ток 1,2 А болу үшін өткізгіштің ұштарына қандай кернеу берілу керек?


10 есеп

Радиусы 10 см дөңгелек бұрыштық жылдамдықпен айналады. Дөңгелек шеңбердегі нүктенің сызықтық жылдамдығын анықтаңдар.


11 есеп

Массасы 50 кг дене 200 Н күштің әрекетінен жазық жерде бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффиценті неге тең?



12 есеп

Қыздырғышы 227 , салқындатқышы 27 жылу машинасының максимал ПӘК неге тең?

13 есеп

Массасы 8 кг , мольдік массасы газдың 300 К температурадағы көлемі 40 м3 болса, газдың қысымы қандай?


14 есеп

Суретте параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1=44 Oм өткізгіш арқылы I1 = 5А ток өтеді. I2 = 0,8 А ток өткендегі өткізгіштің R2 кедергісін анықтаңдар.




V кезең «Логикалық сұрақтар» Әр жауап 1 ұпай 
1. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? ( Құс жолы) 
2. Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз болса) 
3. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? ( буланады) 

4. Көкке қараған, жұлдыз санаған. (телескоп)
5. Ньютонның заңының ашуына себеп болған не? ( алма) 
6. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық) 
7. Жазуға болатын химиялық элемент? ( Бор) 

8. Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)

  1. Пайдаланады мені жұрт отын және жарыққа,
    Қызмет етемін әрқашан, түсіне білген халыққа. 
    (Электр тогы)

  2. Термометр аяз болғансын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? ( үш)

  3. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? (егер оны мұз етіп қатырса)

  4. 2 кг мақта ауыр ма. 2 кг темір ауыр ма?

  5.  Аулада  қаздар  жүр. Диас 6 аяқ  санады. Аулада  қанша  қаз  бар? (3 қаз)

  6.  Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?

(жоғары қарай лақтыру)

  1. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?

(Ауылға бір ғана мотоцикл бара жатыр)

  1. Бір жылда 28 күні бар неше ай бар? ( Барлық айлар)



VІ кезең. «Кім жылдам».   Әр дұрыс жауап – 1 ұпай 

«Иә» немесе «жоқ»

1- студент
1. Аттас зарядтар бір - бірімен тартылады ма? (жоқ)

2. Ом заңын ашқан ғалым Ампер ме? (жоқ)
3. Джоульмен өлшейтін физикалық шама энергия. (иә)

4. Сұйықтың қатты күйге айналуы кристалдану ма? (иә)

5. Кернеуді анықтайтын аспапты реостат деп атайды? (жоқ)

2-студент

  1. Зарядттар оң және теріс болады. (иә)

  2. Температураны өлшейтін құрал динамометр ме? (жоқ)

  3. Амперметр тізбекке тізбектей жалғанады? (иә)

  4. Жолдың өлшем бірлігі секунд па? (жоқ)

  5. Кедергінің өлшем бірлігі Ом (иә)


3-студент

1. Кернеуді өлшейтін құрал - вольтметр. (иә)

2. Молекулалар заттың ұсақ бөлшегі ме? (иә)

3.Қуаттың өлшем бірлігі вольт па? (жоқ)

4.Денедегі электр зарядын – Электрометрмен анықтайды? (иә)

5. Күштің өлшем бірлігі Кулон? (жоқ)


4-студент
1. Ток күшін өлшейтін аспап амперметр. (иә)
2. Зарядтың өлшем бірлігі кулон. (иә)
3. Газ берілген барлық көлемді алып жатады. (иә)
4. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі Ватт. (жоқ)
5. Өзінің пішіні мен көлемін сақтау қатты денеге тән қасиет.(иә)


5-студент
1.
Вольтметр өткізгішке тізбектей жалғанады. (жоқ)
2. Электрсыйымдылығының өлшем бірлігі Фарад. (иә)
3. Жұмыстың өлшем бірлігі Ватт.(жоқ)

4.ЭҚК –тің өлшем бірлігі Вольт (иә)

5. Амперметр тізбекке параллель жалғанады? (жоқ)


6 - студент

  1. Кернеудің өлшем бірлігі Вольт (иә)

  2. Бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулаларының аралығына ену құбылысы –диффузия. (иә)

  3. Металдағы токты еркін электрондар тасиды (иә)

  4. Газдар мен ерітінділердегі токты диэлектриктер тасиды (жоқ)

  5. Потенциалдар айырымының өлшем бірлігі Джоуль (жоқ)

7 – студент

  1. Жолдың өлшем бірлігі секунд. (жоқ)

  2. Күштің өлшем бірлігі Ньютон. (иә)

  3. Газ электр тогын жақсы өткізетіндерге жатады. (жоқ)

  4. Уақыттың өлшем бірлігі метр.(жоқ)

  5. Зарядттың екі түрі бар. (иә)

8 – студент

  1. Зарядттың 3 түрі бар. (жоқ)

  2. Дененің температурасын термометрмен өлшейді. (иә)

  3. Кедергіні реттеуге арналған құрал реостат. (иә)

  4. Шалаөткізгіштерде электр зарядын тасымалдаушылар - электрондар мен кемтіктер. (иә)

  5. Үдеудің өлшем бірлігі м/с. (жоқ)


VIІ кезең. «ТІЛ - ӨНЕР»


1 - сұрақ. Әйнектей көгілдір,

Теңіздей тым мөлдір. (Аспан – небо - sky )


2 - сұрақ. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа – воздух - air)


3 – сұрақ. Суға салсаң батпайы,

Отқа салсаң жанбайды. (мұз - лед - ice)


4 – сұрақ. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш - линейка - ruler)


5 –сұрақ. Күндіз білінбейді,

Түнде күлімдейді. (жұлдыз – звезда - star )


6 – сұрақ. Дауысыңды қайталап жырақта,

Айнытпай жеткізер құлаққа. (жаңғырық – эхо - echo )


7 – сұрақ. Бұйра жасап сан қилы,

Сұйық жазық шалқиды. (Теңіз – море - sea)


8- сұрақ. Сұрғылт түтін,

Бүркесе маңайды,

Адастырар талайды. (Тұман –Туман - fog )


9 – сұрақ. Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (кітап – книга - book)


10 – сұрақ. Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді. (күн – солнце - sun)






 Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан қатысушыларымыздың бағасын сұраймыз. Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз." «Көшбасшы» " атты сайысымызда жеңіске жеткен жеңімпазды құттықтаймын! Сайысқа өз білімдерін көрсетіп белсене қатысқан барлық студенттерге үлкен алғысымды айтамын. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!