Физикалық және химиялық құбылыстар.5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Физикалық және химиялық құбылыстар.5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жаратылыстану пәні мұғалімдеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.2A Заттардың кұрылысы мен қасиеттері


Мектеп: Шаған ЖОББМ

Күні:24.11.2020 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Ізмағанбетова Ә.Ш.

Сынып: 5 а,ә

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Физикалық және химиялық құбылыстар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.1.4. физикалық және химиялық құбылыстарды ажыратады.

Сабақ мақсаттары

- «физикалық құбылыс» түсінігін біледі;

- «химиялық құбылыс » түсінігін біледі;

-физикалық және химиялық құбылыстар арасында айырмашылықтарды түсінеді.

Бағалау критерийлері

- физикалық құбылыстың белгілерін көрсете алады;

- химиялық құбылыстардың белгілерін атап өте алады;

- физикалық және химиялық құбылыстар арасында айырмашылықтарды белгілейді.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

- құбылыстарды сипаттағанда негізгі терминдерді дұрыс қолдана алады;

- физикалық және химиялық құбылыстардың белгілерін атай алады;

- кейбір заттардың қасиеттерін сипаттай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

заттың агрегаттық күйі, өзгеріс, физикалық құбылыс, химиялық құбылыс

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Агрегаттық күйі бойынша заттардың жіктелуі: …, …, ….

заттар бөлшектерінің арақашықтары …. заттардың бөлшектері арақашықтарынан артық/кем.

Табиғаттағы құбылыстар ... және ... болып жіктеледі.

Егер … өзгеретін болса, бұл құбылыс ….

Кейбір заттар жылуды/электр тоғын жақсы өткізеді, мысалы …

. заттар көбінесе аққыш болады.

Егер зат судың бетіне ………, оның тығыздығы судың тығыздығынан …

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Физика

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстармен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Бастапқы білім


3.3.1.1 Заттарды шығу тегі және агрегаттық күйі бойынша жіктеу

3.1.1.2 Заттарды агрегаттық күйі бойынша сипаттау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-1 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім оқушылармен амандасады.


2-7 мин

Сабақтың тақырыбына шығу.

Күнделікті өмірде біз көптеген құбылыстарды бақылаймыз. Мысалы, жаңбыр жауады, көктемде қар ериді, Жазда жапырақтар көк-жасыл түсті болып, күзде сарғаяды да, жерге түсіп шіриді. Нәтижесінде қара топыраққа айналады. Бұл жерде айтылған құбылыстарды қандай құбылыстарға жатқызуға болады?

Сабақтың мақсатына шығу.


Сабақтың ортасы

8-20 мин


































































21-38 мин


Мұғалім:

Физикалық және химиялық құбылыстардан басқа құбылыстарды білесіңдер ме?

Болжаммен оқушылардың жауабы:

Табиғи, биологиялық, социалдық, экономикалық

Мұғалім:

Алдымен «құбылыс» түсінігін қалыптастырайық. «Құбылыс» терминін сіздер қалай түсінесіздер?

Бірнеше оқушы өздерінің болжамдарын келтіреді.

Мұғалім:

Ал енді «құбылыс» түсінігінің анықтамасын жазып алайық.

Слайд 3

Объектіде немесе объектілер тобында болып жатқан өзгерістер құбылыс деп аталады.

Оқушылар анықтаманы дәптерлеріне көшіріп алады.

Мұғалім:

Физикалық және химиялық құбылыстарды ажырата алу бүгінгі сабақтың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Сіздер атап қткен құбылыстарды бір бірінен қалай ажыратып алуға болады?Мысалы, дәрігер қалайша бір ауруды басқа аурудан ажыратып алады?

Болжаммен оқушылардың жауабы:

Белгілері бойынша.

Дұрыс! Егер адам жөтелсе, ол туберкулезбен ауырады деп айтуға бола ма?

Болжаммен оқушылардың жауабы:

Жоқ.

Мұғалім:

Ал егер адам жөтелсе, және температурасы жоғарылап кетсе?

Болжаммен оқушылардың жауабы:

Жоқ

Мұғалім:

Дұрыс! Сол сияқты, физикалық және химиялық құбылыстарды да бірнеше белгілері бойынша ажыратып алуға болады.

Сонымен, химиялық құбылыстардың белгілерін жазып алыңыздар:

Слайд 4

  • Жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі

  • Тұнбаның түзілуі немесе жойылып кетуі

  • Газдың бөлінуі немесе сіңірілуі

  • Иістің өзгеруі

  • Дәмнің өзгеруі

  • Жану және жарылыстар


Мұғалім:

Сонымен, қорытындылайық, физикалық және химиялық құбылыстарды бір бірінен қалайша ажыратып алуға болады?

Болжаммен оқушылардың жауабы:

Химиялық реакциялардың белгілерін келтіреді.

Мұғалім:

Ал физикалық құбылыстарға заттың агрегаттық күйінің, пішінінің, түрінің, түсінің өзгеруі жатады. Яғни, физикалық құбылыс нітижесінде жаңа зат түзілмейді.

Келесі бейнебаянды бақылайық:

Слайд 5.

Жаңа білімді бекіту үшін келесі тапсырмаларды алдымен жұптарда, кейін сыныппен бірігіп талқылаймыз.:

Құбылыстарды физикалық және физикалық екенін анықтаңыз:

- Сұйық су буға айналады,

- Сұйық су мұзға айналады,

- Асқазан тамақты қорытады,

- Уқалаған кезде ағаш қызады,

- Уқалаған кезде ағаш тұтанады,

- Оттың ішінде шыны балқиды,

- Ошақта ағаштар жанып кетеді.

Ноутбуктер,

презентация.











































































Сабақтың соңы

39-40 мин

Мұғалім:

Біздің сабақ аяқталуға жақындады. Бүгінгі сабақтың қорытындысын шығарайық. Бүгінгі сабақта өз жұмыстарыңызды қалай бағалайсыз? Сіздер үшін не жаңалық болды және өзіңізге пайдалы білім алдыңыз ба?

Мұғалім:

Үйге: §25 тақырыпты оқу.

Презентация,


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2021
412
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі