Материалдар / Флипчарт арқылы ағылшын тілі сабағын жүргізудің тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Флипчарт арқылы ағылшын тілі сабағын жүргізудің тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл берілген мақалада оқырман флипчарт ұғымына толық сипаттама ала отырып, оның шығу тарихы, сонымен қатар түрлері, қолдану ерекшеліктері және артықшылықтарымен танысатын болады. Бұдан бөлек флипчартпен қалай жұмыстану қажет екендігі және аталмыш құрал көмегімен шет тілі сабағын жүргізудің тәсілдері ұсынылған.
Авторы:
09 Шілде 2024
214
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ФЛИПЧАРТ АРҚЫЛЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ



Насимуллина А.Б

М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің аға оқытушысы,

магистр Орал қ.

Ж.Р.Радик

М.Өтемісов атындағы БҚУ “шетел тілі:екі шетел тілі” Б.Б.Б-ның 3-курс студенті Орал қ.


Аңдатпа: Бұл берілген мақалада оқырман флипчарт ұғымына толық сипаттама ала отырып, оның шығу тарихы, сонымен қатар түрлері, қолдану ерекшеліктері және артықшылықтарымен танысатын болады. Бұдан бөлек флипчартпен қалай жұмыстану қажет екендігі және аталмыш құрал көмегімен шет тілі сабағын жүргізудің тәсілдері ұсынылған.

Түйінді сөздер: шет тілі, флипчарт, аудиториямен жұмыстану, ұжымдық және топтық тапсырмалар, ақпаратты визуализациялау, ішкі мотивация мен қызығушылықты ояту.


Бүгінгі таңда шетел тілдерін оқыту мен үйрену түрлі сала мамандарын білікті, нағыз кәсіби тұрғыдан дайындаудың ажырамас бөлігіне айналғандығын мойындағанымыз жөн. Дәл осы себептен де еліміздің жас ұрпақтарына мектептегі оқыту процесі аяқталған соң, жоғары оқу орындарында шет тілін білу деңгейін арттыруға арналған көптеген мүмкіндіктер беріледі.

Оқыту барысының жоғары сапада болуы, көп жағдайда шет тілінен сабақ беретін мұғалімнің жұмыс жүргізу әдісі, оның заманауилығы, дүниетанымы мен уақыт талабына сай әдіс-тәсілдерді аса шеберлікпен қолдана білу қабілетімен тікелей байланысты.

Шет тілін оқытуда мұғалімге қойылатын бірқатар талаптар:

  • Ағылшын немесе өзге де тілді оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдана білу;

  • Шет тілін оқытудың әдістемелерін тәжірибиеге кірістіру;

  • Оқушы деңгейіне байланысты оқыту материалдарын дайындай алу;

  • Әр оқушының жеке психологиялық ерекшеліктерін талдау және бақылау;

  • Өз-өзің үнемі жетілдіру процесінде болу;

  • Шет тілі сабақтарын және сыныптан тыс шараларды жоспарлы түрде өткізе білу.

Шетел тілінің оқыту әдістемесі – бұл шет тілін оқыту процесінің заңдылықтары мен оған әсер ету жолдары туралы білім беру жүйесі.

Бұдан шығатын қорытынды мектеп, колледж, университет сынды білім беру ордаларында, тіл үйретуде шетелдік білім беру әдістерінің маңызы орасан зор. Бұл бағытта шетел тілінен сабақ берудің, таптырмас көмекші құралдардың бірі – флипчарт.

Оқыту және ақпарат беруге арналған аксессуарлар мен кеңсе тауарлары санатынан технологиялық интерактивті құралдар тобына шамамен 30 жылдан астап уақыт бойы көшу үдерісінде. Сонымен ең алғаш қойылатын сұрақ: “ Флипчарт дегеніміз не және ол қандай мақсатта қолданылады?”

Флипчарт – ақпаратты қолжетімді түрде ұсынуға және презентациялар жасауға арналған, стильді әрі ыңғайлы тақтаның бір түрі. Алайда олар бормен жазылатын қарапайым жасыл тақтадан әлдеқайда өзгешеленеді. Күннен күнге компания қызметкерлеріне немесе сынып оқушылары мен студенттерге арналған тренингтер, семинарлар, пайдалы дәрістер жүргізу танымалдылығы арту үстінде.

Флипчартты басқаша кеңсе тақтасы деп те атайды. Оның сыртқы құрылысына сипатта жасар болса, штативке орнатылған арнайы планшет деуге болады. Флипчарттың биіктігі әдетте 160-180 сантиметрді құрайды. Арнайы құрылғы көмегімен оның биіктігін, дәріс оқушы өзіңе қолайлы өлшемге келтіру арқылы, аудиторияның кез-келген бұрышына апарып, орналастыра алады.

Білікті тұлға жаһандық-ақпараттық кеңістікті жетік меңгеріп қана қоймай, оның белсенді қатысушысы болуы қажет екендігін де түсінеді. Флипчарттар қазіргі бизнес әлемінің де ажырамас бөлігі. Кездесу жиналыстарынан бастап, білімге дейінгі әр салада қолданысқа енеді. Қысқаша айтқанда, флипчарт ақпарат алмасу мен визуализациялаудың таптырмас, тиімді құралы. Ол шығармашылық идеялар мен тұжырымдамаларды көрнекі түрде жеткізуге, аудиторияның назарын аударуға, сондай-ақ динамикалық оқыту ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Флипчарттың шығу тарихы:

Флипчарт идеясы жеке тұлғаның өзіңдік ақпаратты еркін әрі оңай тәсілмен ұсыну және түсіндіру қажеттіліктерінен туындаған болатын. Алғашында сөйлеуші, яғни спикер жай ғана таза парақтарға өз ойын жазып, оларды жарға жабыстыру арқылы, баяндама жасап отырған. Джордж Бигелоу Билтус флипчарт өндірісінің пионерлерінің бірі болып саналады. Бекерден бекер оны «Флипчарттың әкесі» деп атаған жоқ. Деректер бойынша, 1940 жылы Джордж Бигелоу Чикаго университетінде оқып, білім алумен қатар жұмыс істеп жүрген кезіңде флипчарт түрлерін жасаумен айналысқан болатын. Ал он жыл өткен соң, яғни 1950 жылы ол Билтус ЗМ компаниясын өз күшімен құрып, білім мен кәсіп салаларында пайданалуға арналған кеңсе тақталарын шығара бастаған болатын. Уақыт өте бара, флипчарттар танымалдылығы арта бастады. Олар дәстүрлі макеттер үлгісін тез ығыстырды. Себебі, бұл құрылғылар әлдеқайда динамикалы әрі жарқын мәліметтермен бөлісуге мүмкіндік берді.

Ғаламтор әрине көп нәрседен хабардар. Дегенмен барлығын бірдей, нақты біледі деп айта алмаймыз. Ағылшындықтардың өздерінің айтуы бойынша, флипчарттың негізі 70 жылдардың ортасында Питер Кенттің көмегімен қаланған. Дегенмен бұл деректің де рас еместігіне көзбе көз дәлел, 1962 жылы жасалған фотосурет болатын.Бұл суретте бойскауттық шараның лидері флипчарт арқылы жобалау барысында камераға түсіп қалған болатын. Сонымен, флипчартты әлемге алғашқы болып сыйлаған «NCRC» компаниясының негізін салушы, американдық Джон Генри Паттерсон боп есептеледі. Оған дәлел ретінде, Джон Генридің өмірбаяны жазылған «Үй аланының артықшылығы» кітабын және де Джеффри Гитомердің 2004 жылы шығарылған «Паттерсонның сату принциптері» кітабындағы, «Флипчарттың күші» деп аталатын бөлімінде көрсетілген.

Флипчартты қолданудың артықшылықтары:

Басым көпшілігінің көкейінде болатын орынды сұрақ: «Флипчарттың қандай артықшылықтары бар?» Бәрімізге мәлім, көптеген адамдар слайдтармен жұмыстанғанды және сол арқылы презентациялар жасағанды жақсы көреді. Алайда соңғы кездері бұл секілді тәсілмен аса ешкімді таңқалдыра алмайсыз. Одан бөлек, оған дайындалудың өзі көп уақыт пен энергияны талап етеді. Тіпті слайдтарды сауатты түрде жасаудан бәрі бірдей хабардар емес. Міне, дәл осы сәтте көмекке кеңсе тауары флипчарт келеді. Ең алдымен, бұл өзге спикерлерден бөлек дараланудың ең таптырмас мүмкіндігі. Бұл интерактивті тақтада көрсетілетін слайдты жасауға аса көп уақыт құртпай-ақ, тыңдаушыларға берілетін материалды неғұрлым анық әрі дәл жеткізіп, баяндаудың керемет тәсілі. Сонымен қатар кеңсе тақтасы диаграммаларды салуда жақсы балама түрі болып табылады. Түрлі түсті арнайы флипчарт маркерлері көмегімен баяндаудағы ең негізгі деген элементтерді бөлектеп, көрсетуге болады. Тыңдаушы сізді жақсы түсініп қабылдауы үшін, олардың алдында жасалатын мазмұн да қолжетімді болуы жөн. Басқа жандар слайд қорғаған кезде, оны тез түсініп қабылдау айтарлықтай қиын. Бірақ неліктен? Өйткені, құрастырушының өзіңе бәрі жетік түсінікті. Ол материалды ұзақ уақыт бойы, толық өзі жасап қана қоймай, оның бар артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеп, біледі. Ал тыңдарман ше? Тыңдаушы оны бірінші рет естіп, бақылайды.

Сіз «Майлыққа сурет салу» әдісі туралы естіп пе едіңіз? Бұл жерде тура сондай процесс орын алады. Флипчартты дәл сол майлық ретінде қолданып, ойында тұрған нәрсені дәл сол жерде салып, көрсетуге, жеткізуге болады. Көрермен мен тыңдаушы графиктің немесе диаграмманың жаңа элементтерінің пайда болуын бірте-бірте бақылайды. Сонымен бірге сол берілген мәселе бойынша сөйлеушінің ойың тыңдайды.

Келесі артықшылық – көпшіліктен ерекшелене білуі. Бұл ұзақ жылдар бойы қалыптасып келген дәстүрді бұзып, жаңа тәсіл еңгізіп, аудиторияның назарын аударудың жақсы мүмкіндігі. Одан кейінгі жағымды жағы: ұзаққа шыдамдылық. Өйткені бұл құрылғы өте берік әрі сенімді конструкцияда жасалған. Жақсы күтім көрсетілген жағдайда, 10 жылдан аса уақыт қызмет ете алады. Қарапайым тақтадан айырмашылығы, флипчарт жылжымалы және оны әр жерде еркін қолдануға болады. Одан бөлек флипчарттар шағын аудиториялармен жұмыстану барысында таптырмас құрылғы. Оны баяндама жасауда, кез келген графиканы не болмаса суреттерді тіркеп, жабыстыруға мүмкіндік береді. Сіз аудиториямен үздіксіз жұмыс жасай аласыз. Сабақ барысында импровизация қосып, шығармашылыққа ерік берген жөн.

Флипчарттың оқу барысында беретін мүмкіндіктері:

Ақпараттарды визуализациялау ( флипчарт материалды көрнекі түрде көрсетуге және оны жақсы есте сақтауға көмектесетін жарқын және айқын жазбалар) ;

Интерактивтілік және қатысу ( флипчарт қатысушыларды оқу және білім алу процесіне белсенді түрде тартады, себебі оқушылар мен студенттер мұғалімнен бөлек өздері тақтаға түрлі жазбалар мен түсініктемелер, түсқағазды стикерлер жабыстыра алады) ;

Икемділік пен ыңғайлылық ( флипчартты жылжыту, орнату және сақтау өте жеңіл. Өйткені олар оңай жиналмалы) ;

Флипчарт презентация немесе талқылау кезінде жазбалар жасауды

жеңілдетеді ;

Флипчарт аналогтық презентациялар жасауда тиімді ;

Флипчарт компьютерді, проекторды немесе басқа да техникалық

құрылғыларды пайдалануды қажет етпейді. Бұл презентацияларды кез келген жерде және кез келген уақытта шектеусіз өткізуге толықтай мүмкіндік береді

Флипчарттың көмегімен шет тілі сабақтарын жүргізу тәсілдеріне сипаттама:

Қазіргі оқу орындарындағы оқушыдарды даярлауды одан әрі жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі – оқытудың интерактивті түрлерін енгізу. Ең алдымен «білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар» терминіне тоқталып, анықтама жасар болсақ: білім беру процесінде компьютер, интерактивті тақталарды қолдану, мультимедиялық проекторларды қолдануды жатқыза аламыз.

Сабақ беру барысында ақпараттық технологияларды қолданудың бірнеше негізгі формаларын атап өтуге болады:

Электрондық оқулықтар;

Электрондық энциклопедиялар;

Презентациялар;

Ғылыми-танымдық фильмдер;

Көркем фильмдердің үзінділері;

Әдістемелік анықтамалар;

Электрондық және аннимациялық карталар мен флипчарттар.

Ақпараттық технологияларды сабақтардың әртүрлі кезеңдеріңде

қолданады. Сол өткізілетін сабақтың ерекшеліктеріне байланысты арнайы флипчарттар дайындалады.

Жоғарыда айта өткеніміздей оқытудың тиімділігін арттыру үшін оқу

процесін ұйымдастырудың заманауи формаларын игеру қажет. Бұл процесс мұғалімнің еңбегін едәуір жеңілдетіп, оқушылардың оқуға деген ынтасын, білім беру берудің тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сабақтардағы ақыл-ой жүктемесінің артуы оқушылардың зерттелетін пәнге деген қызығушылығын, олардың сабақ бойындағы белсенділігін қалай қолдау керектігі туралы ойлануға түрткі болады.

Компьютерді пайдалану баланың қызығушылығын артырып, ынталандыратын ақпараттық ортаны құрастыруға үлкен мүмкіндік береді.

Қазіргі күні сабақ өткізу барысында флипчарттарды қолдану өте сұранысқа ие тәсіл болып отыр. Сондықтан оны жүйелі түрде орнымен қолдана білу де үлкен өнер. Мұғалімдер өз сабақтары барысында мультимедиялық технологияларды жиі қолдануға тырысады.

Флипчарттарды сабақ кезінде қолданудың беретін оңды жақтары:

  • Сабақ үстінде оқушылардың назарын ұстауға

көмектеседі;

  • Алынған білімге деген сұранысты сақтаудың көмегімен

оқушылардың ынтасын одан әрі арттырады;

  • Оқушыларға кітап пен оқулықтарда жазылып

қойған дайын материалды пассивті түрде беру әдісін түрлендіруге

көмектеседі;

  • Оқушылардың оқуға, білімді игеруге деген қызығушылықтары мен ішкі мотивацияларын арттырады;


Тағы бір айта кететін жайт, флипчарттарды қолдану тәсілі заманауи сабақты сапасы жағынан өте жоғары деңгейге шығаруға, мұғалімнің оқушылары арасындағы мәртебесін арттыруға, білім алмасу процесі кезінде жаңа креативті әдістерді қолдануға, оқушылардың білім көрсеткіштерін бақылауға және есепке алуға мүмкіндік береді. Флипчарттардың көмегімен мұғалім өткізілмекші сабақтың ең ұтымды және жарқын деген сәттерін нақты көрсете алады. Сонымен қатар, экранда балалардың қойын дәптерлеріне жазып алуларына қажетті анықтамалары да болуы мүмкін, мұғалім оларды қайталап айтып, көрсетуге уақыт жоймастан, өзінің басты назарына жаңа материалды ұғындыруды қоя алады. Флипчарттармен жұмыстанудағы ең басты қарастырылатын факторлар оның тезистілігі мен көрнекілігінде. Яғни тезис ол мұғалімнің немесе сөйлеушінің көмекші құралы, ал көрнекіліктер оқушыларға арналады. Әрбір флипчарт – бұл ұстаз өзі қалаған тәсілмен қолданысқа енгізе алатын және оны кез келген сәтті өңдеп, өзгертіп жібере алатын, іш пыстырмайтын компоненттерге толы ашық дидактиканың бір түрі. Жаңа материал түсіндірілген кезде флипчарт мұғалімнің сенімді серігі ретінде қосылып, оның сөзіңе реңк беріп, байытады және тез әрі оңай түсіну үшін қолжетімді. Бұл әдіс балалардың материалды тек қана аудио арқылы емес визуализация арқылы қабылдауларына да көмектеседі. Осылайша түсіну тек ауызша ғана емес, визуалды тәсілдің сүйемелдеуі бойынша жүзеге асырылады. Ақпаратты қабылдаудың бірнеше әдістерін бір уақытта қолдану білім алу процесін тіпті де эффективті етеді. Сондай-ақ флипчарт тек қана көрнекілік ретінде ғана емес, білімді ретке келтіруге үлкен көмек береді. Балаларға презентация логикасы негізгі ұғымдар олардың өзара байланысы арқылы айқын көрінеді. Мәселен, егер мұғалім сабақ жүргізу барысында мультимедиялық проекторды пайдаланып, экрандағы слайдтармен суреттесе бала ақпаратты өте жоғары сапалы түрде қабылдай алады. Флипчарт пен сабақ беру сол тақырыптың деңгейі мен құрылымына байланысты жоспарланады. Тақырып түсіндіріліп болғаннан кейін оқушылар ауызша жаттығуларды шешіп талдайды және жазбаша тапсырмаларды дәптерге түсіріп жұмыстанады. Барлық орындалуы қажет тапсырмалар флипчартта, яғни тақтада көрсетілініп беріліп тұрады. Әдетте өтілген материалды бекіту барысында зерттеуден өткен я болмаса белгілі бір тұрақты алгоритмдерді қолдана отыру арқылы, біртіндеп тақырып ашылады. Берілген алгоритмдерді тақтаға шығарып, белгілеу, сондай-ақ оларды практикада, іс жүзінде қолдану тақырыптың барынша бекітілуіне әсер етеді. Тақта алдында тұрған мұғалімнің қорғап жатқан материалын оқушы тек бақылап қана қоймай, тақтаны өздігінше қолдана алу мүмкіндігі оның сабаққа деген қызығушылығын одан әрмен арттырады. Нәтижесінже бала зейіні жоғарылап, сабаққа беріле қатысады. Қазіргі заманғы балалардың гаджеттер мен электронды технологияларды қаншалықты еркін қолданатындарын еске түсірер болсақ, бұл тақтамен жұмыстану олар үшін тіпті де оңай.

Сонымен, жоғары да айтылып өткен мәліметтерді қорытындылар болсақ, жаһандану әр тұлғаның өмірінде ажырамас бөлікке айналған, жиырма бірінші ғасырда ағылшын тілін білудің маңызы күннен күнге артып келеді. Тіл үйрету мен үйренудегі көптеген қажырлы еңбек пен күш-қуатты талап ететін, бұл процессте тиімді әдісті таңдаудың маңызы өте зор.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. John Henry Patterson «Home Field Advantage» – Издание центра систем аэронавтики США, 2004.

2. Geoffrey Gitomeo «The Patterson Principles of Selling », 2004.

3. «The Power of a Flipchart», 2004.

4. Козлова Е.В. Значение английского языка в современном мире.

5. Соловьева Т.А Научная статья из журнала «Молодой ученый»/Рубрикапедагогика.

6. Гальскова Н.Д., Гез Н.И. Теория обучения иностранным языкам Лингводидактика и методика.– М.:Academia, 2004.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!