Фонетика. Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Фонетика. Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазақ тілінен "Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті" бөлімінің бірінші сағатына құрылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Фонетика. Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті

Мұғалімнің аты-жөні: Бисекенова Жазира

Күні: 26.09.2018


СЫНЫП:

8 «В»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:


Тақырыбы

Ұлттық құндылықтардың тілдегі көрінісі


Сабақ негізделген оқу мақсаттары

8.1.4.1-мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.


Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Құндылықтарды таңдаудағы маңыздылық, тұлғаның өмір сүру тәсілі туралы біледі ндыру.

Оқушылардың басым бөлігі:

Мәтіннің диалог және монолог түрінде болатындығын түсінеді, екеуінің айырмашылығын ұғынады, сөйлеушінің сөзін тыңдап, оған жауап беруге дағдыланады

Кейбір оқушылар:

Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.


Бағалау критерийі

Адам –ең жоғары құндылық тақырыбында оқып біледі, термин сөздерді түсініп, тапсырмаларды орындау барысында дұрыс пайдаланады.

Берілген тапсырма бойынша өмірмен байланыстыра отырып, өз постерлерін қорғайды. 


Тілдік құзіреттілік

кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер,мәтін

Мәдени құндылық – тіл, дін, әдебиет, өнер т.б. 
Ұлттық құндылық – салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар т.б. 
Кәсіби құндылық – білім, мектеп, еңбек, жұмыс т.б. 
Отбасы құндылығы – ата-ана, бауырлар, туыстар т.б. 
Рухани құндылық – адамгершілік, сенімділік, мейірімділік, бауырмалдық т.б.


Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.


Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.


Пәнаралық байланыс

Тарих, өзін-өзі тану, әдебиет


Алдыңғы оқу

Жалпыадамзаттық құдылықтар


Сабақтың жоспары


Жоспарланған уақыт

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Бағалау түрлері


Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Мұғалім оқушылармен амандасып, сыныпты түгендейді.

Топтарға бөлу. «Сиқырлы қорап» әдісі. Қорапта салт, дәстүр, ғұрып сөздері бойынша бөлінді.


Мұғаліммен амандасып, сабаққа дайындалады.

«Сиқырлы қорап» әдісі. Қорапта салт, дәстүр, ғұрып сөздері бойынша бөлінді.

1-топ: салт

2-топ: дәстүр

3-топ: ғұрып



Жаңа білім

10 минут

Білу және түсіну

«Ұлттық құндылықтар» туралы слайд арқылы түсіндірме берілді.

Рисунок 1

«Интервью» әдісі арқылы тілдік бағдарда берілген тақырыпты талқылайды.

Слайдта берілген ұлттық құндылықтар туралы өз ойларын айтты.

Ұлттық құндылықтар – тұтас бір жүйе. Оған халықтың тілі, ділі, мәдениеті, әдебиеті, өнері, сондай-ақ халықтың әлеуметтік және мәдени қауымдастық ретінде пайда болуымен бірге туындаған әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, жол-жоралғылар, ұғым-түсініктер, дағды, көзқарастар жатады.

Тілдік бағдарда берілген «Әуен» тақырыбын «Интервью» әдісі арқылы талқылады.

ҚБ арналған мөр


Ортасы

  1. инут

Оқулықта берілген 1-тапсырма. Мұстафа Шоқай аталарыңның ойын тарқатыңдар, өз ойларыңды дәлелдеңдер.

Ұлттық құндылықтың ең бастысы – ана тілі, сол арқылы өз тілін сүйеді, төл әдебиеті мұраларын сүйіп оқиды, өз халқының тарихын, өткені мен бүігінгісін ойлайды, тарихы жайлы толғанады.

2-тапсырма. «Керек дерек!» мәтінінде берілген ақпаратқа сәйкес тілдің атқаратын қызмемтін санамалап беріңдер.

Әрбір ұлттың тілі – сол елдің жалпыадамзаттық құндылығы, ұлттық болмысының айнасы. Тіл ұлттың мәдени өмірі мен дүниетанымы туралы ақпаратты сыртқа көрсететіп қана қоймайды, сонымен бірге шаруашылышылық тәжірибесінен алынған білімдер жүйесін санада ұғым ретінде қалыптастырады.

Тіл жүйесіндегі білім адам санасының өнімі болып табылады. Сондықтан тіл мен адамның санасы біртұтас деуге болады. Яғни, адамның сана-сезімінің негізінде қалыптасқан,өзіне ғана тән дүниетанымдық, рухани болмысы тіл арқылы көрініс табады, бейнеленеді.

Әр халықтың тіліндегі «әлемнің бейнесі» қоршаған ортаның тура, дәл бейнесі бола алмайды. Сондықтан «жалпыадамзаттық құндылық» деген ұғым адамзат баласына ортақ дүние болғанмен, оның әр ұлттың тілінде сол ұлттық өзіне тән ерекшеліктері болады.

Б. Оспанов

А деңгейі. Соңғы азатжолдағы «әлемнің бейнесі» деген ұғымды өз сөздеріңмен түсіндіріп көріңдер.

Ә деңгейі. Ұлттық тілді кімдер қалыптастырады? Қалай?

4-тапсырма. Екі тұжырымды талдау.

Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады.


Прямоугольник 1

Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілін білмеуі не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған, ең алдымен, ата-ана кінәлі.


Прямоугольник 2

А деңгейі. Тіл туралы нақыл сөздерді жалғастырып жазып, жаттап алыңдар.

  1. Ана сүті бой өсіреді, _____________.

  2. ____________, сиынатын тәңірі.

  3. Сөз қадірін білмеген ____________.

  4. Халқы үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, ____________.

  5. ____________, тілін білгісі келмейтіндер-мәңгүрт.

1-тапсырма. Ұлттық құндылықтың негізі тіл. Ана тілін әр бір адам білу керектігін айтты.

2-тапсырма. А деңгейі. Соңғы азатжолдағы «әлемнің бейнесі» деген ұғымды өз сөздеріңмен түсіндіріп көріңдер.

«Әлемнің бейнесі» әр халықтың тілі, әдет-ғұрпы сол елдің бейнесі, айнасы.

Т іл арқылы балалар алдыңғы ұрпақтың жинақтаған тәжірибесін, білімін де меңгереді. Тіл арқылы адам өз халқының менталитетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, сол сияқты әлемнің ерекше мәдени бейнесін қабылдайды.

4-тапсырма. Екі тұжырымды талдау.

А на тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.






Ата-ана ең алдымен бала есін білгеннен бастап өзінің тілін үйретуі тиіс.



А деңгейі. Тіл туралы нақыл сөздерді жалғастырып жазып, жаттап алыңдар.

  1. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.

  2. ____________, сиынатын тәңірі.

  3. Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді.

  4. Халқы үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.

  5. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер-мәңгүрт.

ҚБ арналған мөр








ҚБ арналған мөр



















Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Бекіту сұрақтары «Сиқырлы қоржын» әдісі арқылы орындалады.

  1. Ұлттық құндылықтар дегеніміз не?

  2. Әуен дегеніміз не?

  3. «Әуен» термині қай тілден енген?

Үйге тапсырма: 3-тапсырма. «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» тақырыбында эссе жазу.

Кері байланыс: «Білім ағашы»



Бекіту сұрақтары «Сиқырлы қоржын» әдісі арқылы орындалады.

  1. Құндылық адам өлшеміндегі мәдениетті көрсетеді, әрі өмір сүру және адамдық болмыс қалпының негізін кұрайды.

  2. Әуен дегеніміз ырғақ пен әуе арқылы белгілі бір жүйеге түсуі.

  3. «Әуен» термині грек тілінен енген.


ҚБ арналған мөр







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2018
9644
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі