Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Фонетикаға арналған жаттығулар жинағы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Фонетика
Фонетика- тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала
І деңгей тапсырмасы
1.Сұраққа жауап бер.
1) Әріп дегеніміз не?-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2) Қазақ тіліне тән қандай дыбыстар бар?-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
3) Дауысты дыбыстар дегеніміз не?------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
4) Дауысты дыбыстардың қандай түрлері бар?----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
5) Дауысты дыбыстар жақтың, еріннің, тілдің қатысына қарай нешеге
бөлінеді?-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
-
Жұмбақтың шешуін тап.
-
Бір ағашта отыз жеті алма,
Оны алып жемек болсаң,
Он шақтысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді,
Қалғандары қақтығып барып өтеді.
-
Тауда жоқ, сайда бар,
Атта жоқ, тайда бар,
Биеде жоқ, түйеде бар,
Қозыда жоқ, қойда бар,
Жиында жоқ, тойда бар,
Осындай тағы қайда бар?
ІІ деңгей тапсырмасы
1.Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, дауысты дыбыстардың астын сыз, түрлерін ажырат.
Абайдың жүзінде ақшыл сұрғылт тартқан толқын білінді. Абай соншалық рақаттанып, сүйсініп күлді. Ол көзінен моншақ-моншақ ыстық жасын төгіп тоқтады. Ақыл жастан, асыл тастан шығады. Қазақ халқы үшін тілден қасиетті ештеңе жоқ.
2.Адасқан әріптерді орнына қой.
і, м, б, л, і к, р, е, м, т, е, е к, т, е, м, е, т, е
ш, о, б, а, л, қ, а с, ұ, з, а, т а, л, а, д
ң, а, м, р, ы, й, а р, а, т, қ, а, з, а, қ к, а, и, н, е, ф, о, т
ІІІ деңгей тапсырмасы
1.Сөйлемдерді көшіріп, жуан және жіңішке дауысты дыбыстардың астын сыз.
Өзгелері балаларды атқа мінгізіп, ауылға алып келді. Малшылар Асан, Үсенді көріп, олар да қатты қуанып, біреуі әке-шешесінен сүйінші сұраймыз деп, шауып кетті. Нақ бесін мезгілінде балалар аман-есен үйлеріне келіп, әке-шешелеріне қосылыпты.
2.Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын ашып түсіндіріп, еріндік, езулік дауыстыларды табыңдар.
Әділ іс
Әділ іс- ағын судың арнасындай,
Әділ сөз- болат семсер алмасындай.
Пайда етпе өне бойы өтірік айтып,
Жаласы қалмас бір күн жармасылмай.
Жігітке жаңғалақтық жараспайды,
Сиырдың тайында емген ардасындай.
Түпсіз ой, тұрақсыз іс, білімсіз күш
Қалбиған қарақшының қалбасындай.
Білгенге: білім-байлық, бағасы артық,
Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.
Үйренсең өнер-білім-өшпес мұра,
Таусылмас тау кенінің қордасындай
О.Шораяқов
Дауыссыз дыбыстар
Үнді дауыссыздар: р,л,й,у,м,н,ң
Қатаң дауыссыздар:ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч
Ұяң дауыссыздар:б,в,г,ғ,д,з,ж,һ
І деңгей тапсырмасы
1.Мәтінді көшіріп, білім,оқушы, күш сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
Қазіргі кезде терең білім болмаса, елімізді өркендете алмаймыз. Әр оқушы жан-жақты білім алуға міндетті. Білім алу ла зор күш екенін ұмытпа.
2.Көп нүктнің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшір.
Б...з. Б...ген...ай. К...ше. А...ы... Ү...к...н. Ә...е. Ә...и... М...н...з. Тұр....ыс. Б...л...м. О...ау. Ұс...аз. Қ...й...ы. Т...ғ...н. О...ан. Д...нс...у...ық.К...н...ел...к.
ІІ деңгей тапсырмасы
1.Берілген сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Кеме. Абай. Кітап. Астық. Озат. Мереке. Атырау.
2.Мәтінді көшіріп жазып, дауыссыз дыбыстарды түрлеріне ажырат.
Құлағына бір ызың келеді. Ащы ішектен бұратылып шыққандай азалы үн. Өң мен түстің арасындай еміс қана естіліп еді. Енді сол дауыс күшейіп барады. Қоспан селт етіп оянғандай төбе шашы тікірейіп, бойы мұздап қоя берді. Тағы да қасқыр ұлиды. Қойшы біткеннің қас жауы Қоспанның кеудесін сүйретіп келіп құлаған жерін аңдып тұр екен.
3.Мақал-мәтелдердің мағынасын айтып, дауысты дыбыстарды түрлеріне қарай талда.
1) Ас атасы-нан.
2) Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ.
3) Ұстаз көрген хат таныр.
4) Тазалық- тамаша әсемдіктің басы.
5) Жақсыны арман оздырар,
Жаманды құлқын тоздырар.
ІІІ деңгей тапсырмасы
-
Метаграммаларды шеш.
Оңға қарай оқысаң да- бір халық.
Солға қарай оқысаң да- бір халық.
Бір буыным-құс,
Бір буыным-түс.
( Қазақ, қаз, ақ)
2.Мақал-мәтелдерді көшіріп, ұяң және үнді дауыссыздардың астын сыз.
1) Малды теппейді,
Ақты төкпейді.
-
Асырауын тапса, адам болар,
Оқуын тапса, білім қонар.
-
Еңбек ширатады,
Өнер үйретеді.
-
Еңбексіз өмір- сөнген көмір.
-
Кім еңбек етсе,-сол тоқ.
-
Уәде-жанның азығы.
-
Дос сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар.
-
Атадан бала туар,
А тасының жолын қуар.
-
Эссе жазу «Ана тілім-асыл қазынам»
М.Жұмабаев: «Тіл-адам жанының тілмашы. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт-ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Осы күнгі түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ...».
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Буын
І деңгей тапсырмасы
1.Берілген сөйлемді көшіріп, буынның түрлеріне ажырат.
Қартқожа сенбейін десе, оның келтірген дәлелдерін күшті көрді. Олқазақ қолды нәрсе мен қаланың нәрсесінің арзан, қымбаттығын салыстырды. Қазақ байлығы жат саудагерлерінің қолына ауысып бара жатқанын ұқтырды.
Жолда қазақтың кедейлену себебін таба алмай келген. Қартқожаға мына сөздер түйінді шешкендей мағлұмат болды.
Ж.Аймауытов
2.Буынның түрлеріне бөліп жаз.
Күндіз. Жапырақ. Бүркіт. Бақа. Көлеңке. Батыр.Нұрлан. Астық. От. Ғажап. Арман. Лақ. Қарбыз. Асхат. Қала. Балмұздақ. Қолшатыр.
Ашық буын |
Тұйық буын |
Бітеу буын |
|
|
|
ІІ деңгей тапсырмасы
1.Жұмбақтың шешуін тап, ашық буынды сөздерді буынға бөліп жаз.
Атасы қалғып-мүлгиді,
Әкесі зорға жылжиды.
Ағасы- шабан,
Өзі жорға,
Інісі - жылдам,
Баласы –жүйрік,
Зымырап тұрған.
Шешуі: Жыл, ай, күн, сағат, минут, секунд.
2.Ойынның шарты:
Жоғарыдағы сөздерді осы жазылған тәртібімен оқымай, шахмат атының жүру тәртібі бойынша оқысаңдар, ой-пікір туралы айтылған халық мақалы шығады. Сонда қай сөзден бастап оқу керек?
уайым |
өтесің |
теңіз |
батасың |
қайық |
кетесің |
тәуекел |
түбі |
де |
мінесің |
да |
түбі |
ІІІ деңгей тапсырмасы
1.«Даналардан шыққан сөз» тақырыбына жарыс ұйымдастыру.
Бақыт-әрбір адам ұмтылатын мақсат.
Әл-Фараби
Данышпандар ызаланса, білімін сапырады, ақымақтар ызаланса, ауыздарынан ақ ит кіріп, көк ит шығады.
Аристотель
Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік.
Абай
Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу-сатқындық.
Б.Момышұлы
Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі.
М.Әуезов
Ер үстінде ұйықтамасаң,
Атқа мініп нең бар?
Халық қамын ойламасаң,
Датқа болып нең бар?
С.Ерубаев
2.Жұмбақтарды буынға бөліп жаз, буын түрлерін ажырат.
1) Таудан төмен қар жауар,
Қозғай берсең, көп жауар.
2)Төрт сирақ,
Бір жауырын,
Жауырында ауылым.
3)Көк көйлекті жеңешем,
Көлбең-көлбең етеді.
Желмен ұшып кетеді,
Жер түбіне жетеді.
4)Аппақ дала, қара дән,
Сепкен дәнін түсінуге жараған.
Шешуі: үстел, әріп, ұн, елек, түтін.
3.Буындардың басы ашық, соңы қысаң дауыстылармен жасалған әр түрлі сөздер. Орнына қой.
а – ы – ы - - ә – і – і -
-а – ы- ы- - е- і – і- - і
-а- ы – ы - е – і - - і
І деңгей тапсырмасы
-
Мына жұп қосымшалардың қайсысын қай сөзге жалғауға болады? Барлығын да тұсындағы бір сөзге жалғауға бола ма? Болмаса мәнісі қалай? Жалғап көрсет.
-лар,-лер
-ға, -ге
апа - сы, -сі сіңлі
- сың, -сің
- лы, -лі
2.Фамилияның соңы – ов,- ев, - ин түрінде келсе, оған қосымша қалай жалғанады? Жуан болып жалғана ма, жіңішке болып жалғана ма?
ІІ деңгей тапсырмасы
-
Орнына қой.
Ше к/г ара, ба ш/с шы, сө с/з сіз, Қорға н/м бек, Жа м/н пейіс, сә н/ң қой.
-
Тап, кеп сөздеріне қосымшалар жалғанғанда табады, кебеді, табу, кебу болып жазылады. Неге бұлай?
-
Бейімбет Майлиннің шығармаларындағы Мырқымбай, Малқамбай сөздерінде б дыбысының алдында м жазылғанда, айранбай, Талқанбай, Тышқанбай сөздерінде б дыбысының алдында н жазылған. Неге бұлай?
ІІІ деңгей тапсырмасы
-
Орфографиялық жұмбақтар
-
Үнемі дауысты дыбыстан соң ғана жазылатын қай әріп? Мысал жазып көрсетіңдер.
-
Мына сөздерді тасымалдауға бола ма? Қуат, киін, уыс, метр, тою, 10-сынып, ҚазПИ, А.Құнанбаев, КАМАЗ.
-
Жалғанатын қосымша дауыстыдан басталса,
Бұлт етіп түсіп қаламын,
Егер қосымша дауыссыздан басталса,
Тапжылмай орнымда тұрып қаламын.
-
Қосымшалар жалғанса,
Соңғы сыңары түсіп қалады.
Ал түбір күйінде тұрғанда,
Өзгеріссіз қалады.
Олар қандай дыбыстар,
Кім оны тез таба алады?
ІІІ деңгей тапсырмасы
-
Бұлар қандай ықпал?
б оз ала
қ оңыр торы
қ ызыл қой кері ат
т у сары
б уаз көк
-
Жазылуын түсіндіріңдер!
Төмендегі қарамен жазылған сөздердің жазылуы неге әр түрлі?
Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,
Ақша жүз, қызыл бет тіл байлайды.
Салбыраған аузына қонған мұрны төніңкіреп келіпті де шөгіпті. Адам көркі – шүберек, ағаш көркі- жапырақ. Ұстаның көрігі бар.
-
Орфографиялық жаттығу
-
Г дыбысына біткен сөздер ойлап, оларға барыс септігі жалғауын жалғап жазыңдар.
-
Ащы қуырдақ. Есікті ашшы. Таудан әрі асшы.
Сыйласпаған сыйыспайды,
Шынайы достар қиыспайды.
3) Минск, акт сөздерін септеп жазыңдар.
4) Ішінде Һ әрпі бар бірнеше сөз ойлап жазыңдар.
5) Құрамында в, щ, х әріптері келетін сөздер ойлап жазыңдар.
6) 10 сөзден мысал жаз.
а + й + ы – қайық... ұ + й + ы - тұйық...
е + й + і – мейіз... ү + й + і - үйір ...
І деңгей тапсырмасы
-
Қалай атаймыз?
-
Айтқанға сене салатын, еш нәрсені байыптап байқамайтын адамды...
-
Тез ұстатпайтын малды...
-
Ата-анасының бірінші баласын...
-
Білгенін дұрыстап жеткізе алмайтын, жаңыла беретін баланы...
-
Бала тілі-бал
- Папа, мысық түшкірді.
- Сен оған сау бол дедің бе?
- Жоқ.
- Неге?
- Сонан соң маған рахметті кім айтады?
* * *
- Бүгін тамаша түс көрдім.
- Айтсаңшы, ендеше!
- Тілім жетер емес, сен айтшы.
ІІ деңгей тапсырмасы
1.
Жазылуы |
Айтылуы |
Көзілдірік |
Көзүлдүрүк |
Өлең |
|
|
Жұлұн |
Қара ала |
|
|
Ағ ешкі |
Шекара |
|
|
Жер гөк |
Қоян-қолтық |
|
|
Бұрұс |
Түнгі |
|
|
Өлөң |
Күрек |
|
|
Өнөр |
2.Сұрақ-жауап
1. Дәстүрлі принцип дегеніміз не?
2.Қай заңдылықты сақтап жазамыз?
3. Қай заңдылық бойынша сөз қалай айтылса солай жазылады?
4. «Орфоэпия» сөзінің мағынасы қандай?
5. Қай заңдылық сөздердің дұрыс жазылуын қарастырады?
ІІІ деңгей тапсырмасы
-
Ойлан тап.
-
Әрі зат атауы, әрі қимыл атауы, әрі сан атауы.
-
Жазғандағы әріп саны мен нөмірленгендегі таңба саны бірдей сан.
-
1кг темір мен жүннің қайсысы ауыр?
-
Бір баланың туған күні төрт жылда бір-ақ рет тойланады. Ол қай айдың қай күні туған?
-
Қамауда қырғауылдар мен үй қояндары бар. Олардың бастары-19, аяқтары-62. Қамауда неше қоян, неше қырғауыл бар?
-
Бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс.
-
Инемен құдық қазыла ма?
-
Тастың жеңілі бола ма?
-
Етікші құралының бірімен аттас есімдікті ата.
-
Сөз бен тілге байланысты мақал-мәтелдердің мағынасын айтып түсіндір.
1.Оң сөз өзен тоқтатар.
2. Ақ сөз ащы болады.
3. Оқ жарасы бітер, сөз жарасы бітпес.
4.Жақсының сөзі ақыл шақырады,
Жаманның сөзі ашу шақырады.
5.Сөз ине сабақтайды.
6.Ине көзінен, шешен сөзінен сынады.
7. Көне сөз-жаңа сөздің қазығы.
8.Өтірік-шындықтың келіні.
9. Бал тамған тілден у да тамар.
10.Адамға келер он пәленің тоғызы- тілден.
11. Тәрбие тілден басталады.
12. Кен байлығы- жерде, сөз байлығы-елде.
13. Ат айналып иесін табар, сөз айналып жүйесін табар.
14. Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
Фонетика тарауы бойынша алған білімдерін тексеру диктанты
Құмырсқа
Баяғыда бір құмырсқа өз қандастарына өкпелеп, кетіп қалып, ара, қоңызбен дос болады. Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алады. Жалғыз өзі әуреленіп түк қозғалта алмайды. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Гүлдің нәрін жинап жүрген араға жолығып:
-
Досым, маған көмектесіп жібер, жалғыз өзімнің әлім келмей жатыр,-деп өтінді.
-
Көрмей тұрсың ба? Мен де жұмыс істеп жүрмін ғой,- деп ара оған қайырылмай қойды. Енді құмырсқа қоңызға келіп, одан көмек сұрайды.
-
Сен үшін еңбегімді еш қыла алмаймын!-деп қоңыз кете береді.
Екі досынан күдер үзген құмырсқа мұңайып келе жатып, өзінің илеулес достарымен ұшырсты. Олар мұның жабырқаңқы түрін көріп:
-
Не іздеп жүрсің?-деді. Құмырсқа өз басынан кешкенін айтты. Достары көмектесіп, дәнді бірігіп сүйрелеп алып жүрді. Ақыр соңында адасқан құмырсқа қайта өз үйіріне қосылды.
М.Байділданов
Грамматикалық тапсырма:
-
Асты сызылған сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау.
-
Бір сөзге фонетикалық талдау.
-
Буын түрлерін теріп жаз.
-
-
Ашық буын
Тұйық буын
Бітеу буын
-
«Фонетика» тарауы бойынша тест сұрақтары
1. Тіл дыбыстарын зерттейтін сала қалай деп аталады?
А.Морфология
В.Фонетика
С.Синтаксис
Д.Грамматика
Е.Лексика
2. Дауысты дыбыстарды табыңыз.
А.а,ә,о,ө.
В.б,ж,с,р,ғ.
С.қ,ғ,м,ғ,н.
Д.п,р,о,л,к
Е. А,п,г,щ,у
3. Сөз буынға қай жерде дұрыс бөлінген?
А.Ең-бек-те-ну.
В.Еңбект-ену.
С.Еңб-ектен-у.
Д.Еңб-ект-ену.
Е.Еңбект-ену.
4. Қатаң дауыссызды тап.
А.а,о,ы,і,ә.
В.п,к,ф,қ,т,с,ш.
С. ж,р,к,а,л.
Д. у,р,л,м,н.
Е.р,к,ң,ғ,у.
5. Қазақ тілінде неше әріп бар?
А.40
В.45
С.41
Д.42
Е.53
6. Жуан дауысты дыбыстарды тап.
А.у,ш,л,н,ң.
В.і,й,ә,ү,р.
С. А,о,ұ,ы.
Д.ә,и,е,о.
Е. А,і,о,ә,е.
7. Дұрыс жазылған сөзді тап.
А.Көзқарас
В.Көзғарас.
С.Көз қарас.
Д.Көз-ғарас.
Е.Көзғарас.
8. Жіңішке дауысты дыбыстарды тап.
А.қ,к,с,т,п,ф.
В.о,ө,ұ,ү,ы.
С.і,е,и,ә,ө.
Д.м,н,с,ш,ғ,г.
Е. А,ы,ұ,ү,е.
9. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы қалай аталады?
А.Синтаксис.
В.Морфология
С.Лексика
Д.Фонетика
Е.Грамматика
10. Ашық дауысты дыбыстарды тап.
А.а,ө,ұ,ү,у
В.а,ә,о,ө,е
С.ұ,ү,ы,і,и
Д.м,н,ң,к,қ
Е. Ы,і,о,э,ә,у
11. Ұяң дауыссыз дыбыстарды тап.
А.қ,к,б,в,д.
В.б,в,г,ғ,д,ж.
С.ұ,ү,ы,і,у.
Д.п,ф,с, х, ц
Е. р,н,м,в,ш.
12. Бітеу буынды ажырат.
А.Әке,өмір
В.Ыстық, аң.
С.Оттық, орман.
Д.Жер ,дәптер.
Е.Қарт, жан.
13. «Ұ» әрпінің дұрыс жазылған сөзді табыңыз.
А.Құлұн.
В.Ұзұн
С.Бұлбұл
Д.Көлұк.
Е.Өнер
14.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар қатарын табыңыз.
А. –лар, -лер
В. –кер, - гер
С. –дан, -ден
Д. –тын, -тін
Е. –лас, -лес
15.Қай сөз «бірге үндесу» деген мағына береді?
А. Фонема
В. Орфография
С.Орфоэпия
Д.Сингармонизм
Е.Лексикалогия