МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе..........................................................................................................3-4
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасының нысаны мен міндеттері. Фонетика
туралы түсінік.............................................................................................5-11
2.2. Фонетика ғылымының дамуы..............................................................12-15
2.3. Қазақ тілінде фонетиканы оқытудың тиімді жолдары.........................16-22
2.4. І.Кеңесбаевтың фонетикалық мұрасы және қазіргі қазақ тілінің
дыбыс жүйесі. .....................................................................................23-26
Қорытынды.....................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................28
Қосымшалар..................................................................................................29
![]()
Кіріспе
Қазақ даласынан жинаған деректер негізінде құнды кітаптар жазып қалдырған алғашқы түркітанушы ғалымдардың еңбектері ғылыми бағасын әлі де болса толық алған жоқ. Ғасырдан астам бұрынғы қазақ тілінің жазба тілі мен ауызекі сөйлеу тілінің ара салмағын айқындау және оны қазіргі қазақ тілімен салыстыру тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі болып қала бермек. Жұмысымда сол кезеңде шыға бастаған газет, журналдардағы араб графикасына негізделген жазудағы кейбір дәйекше белгілердің фонологиялық қызметін саралау, әлеуметтік жағдайларға байланысты қазақ тіліне ене бастаған кірме сөздердің казақ тілі дыбыс заңына икемделу механизмін табу, қазақ жазуын орыс жөне батыс графемасына негіздеуге тырысқан алғашқы үлгілерден фонетикалық транскрипция элементтерін айыру көзделіп, зерттелуі айқындалады.
Таңдай үңдестігінің дауысты дыбыстарға ортақ кестесі арқылы сөзтанымдық сипаты ашылады. Артикуляциялық база туралы соңғы айтылып жүрген пікірлерге сүйеніп ерін үндестігінің сөз буыңдарын бағындыруы туралы жаңаша пікір қалыптастырылды. Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық моделі арқылы олардың ортақ және алшақ белгілері ажыратылады. Шағатай және түркі жазуындағы кейбір әріптердің дыбыстық бейнесі ғылыми тұрғыдан түсіндіріледі. Қазіргі фонологиядағы кейбір вариант-инвариант фонемалар туралы айтылған алғашқы көзқарастар айқындалады.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақ тілінде фонетиканы оқытудың тиімді жолдарын қалыптастыруда қазақ даласындағы баспасөзде алғаш мақала жазған Д. Сұлтанғазин, А. Құрманбаев, О. Әлжанов, А. Быдықов, И. Бейсенұлы т.б. азаматтардың атқарған жұмыстары зор. Бұлар салған жолды А. Байтұрсынов, Е. Омаров, Х. Досмұхамедұлы жалғастырды. Қазіргі фонология жүйесін қалыптастыруда Қ. Жұбанов, І. Кеңесбаев, Ә. Жүнісбек, С. Мырзабеков, Ж. Аралбаев, т.б. ғалымдар қомақты үлес қосты. Соңғы кездері орфография, орфоэпия мәселесі қайта көтеріле бастады. Оған себеп, болашақта латын графикалы жүйесіне көшу мәселесі. Бұл адамзаттың ғаламдастыру мәселесімен сәйкес келеді. Аталған жағдайда тілші ғалымдарды ойландырып келген әріп-таңба санын қысқарту мүмкіндігі тұр. Бірақ шешімін күтпеген мәселелер көп. Мысалы, қазіргі фонетикада дифтонг болып саналатын дыбыстарды таңбалау, ерін үндестігінің болашағы, кірме сөздердің фонетикалық жағынан игерілуі, сөз басында дауыссыз дыбыстардың қолданылу жүйесіндегі ерекшелік, сөз ішінде дыбыстардың тіркесімділігінің тек казақ тіліне тән қасиеттерін анықтау және т.б.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласындағы жазу мен айтудың қатынасы: ауызша тіл мен дәстүрлі тілдің айырмасын, сөйлесу тілінің ерекшелігін қазіргі фонология тұрғысынан зерттеу көзделеді.
Курстық жұмыстың мақсаты - ғалым-зерттеушілердің ұстанымдарын және оны қазіргі қазақ тіл білімімен салыстыра зерттеу. Ұстанған бағытымызға жету үшін мынадай мәселелердің басын ашуды міндет етіп қойдық:
- ғасырдан астам бұрынғы қазақ ауызекі сөйлеу тіліндегі фонетикалық, заңдылықтардың сақталу денгейін анықтау;
- қазақ тілі дыбыстық жүйесі мен графикасының түркітану ғылымыңдағы және қазақ тіліндегі зерттелу жайын фонологиялық тұрғыдан қарастыру;
- басқа тілден енген сөздердің дыбыстық жағынан игерілу механизмін айқындау;
- қазақ және көне түркі тілдеріндегі фонетикалық ұқсастықтар мен алшақтықтарды анықтау;
- қазақ фонетикасы бойынша шыққан соңғы еңбектер арқылы кейбір акустикалық және артикуляциялық құбылыстардың сырын ашу;
Жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, негізгі бөлім мен қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасының нысаны мен міндеттері.
Фонетика туралы түсінік
Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.
Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене; 2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш; 3) ауа толарлық кеңістік. Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына да осындай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене - сөйлеу мүшелері, 2) қозғалысқа келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа, 3) кеңістік – тыныс мүшелері, тамақ. Тіл дыбыстарының тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы – олардың адамның сөйлеу мүшелері арқылы жасалатындығында.
Сөйлеу мүшелері дегеніміз – тіл дыбыстарын жасауға қатысатын дыбыстау мүшелері. Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу дыбыстарын жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция дейміз. Сөйлеу мүшелері – сөйлеу органы немесе дыбыстау аппараты деп те атала береді. Сөйлеу мүшелерінің тіл дыбыстарын жасау қызметі адам жаратылысында, туа пайда болатын биологиялық қасиет емес, ұзақ мерзімдік жаттығу нәтижесінде, өзін қоршаған ортадан, өмірден үйренетін қосымша қызметі. Адамның сөйлеу органы үш бөліктен тұрады. 1. тыныстау аппараты; 2. көмей (тамақ, желбезек) дауыс шымылдығы деп те аталады; 3. мұрын қуысы мен ауыз қуысы. Дыбыс. Әріп. Фонема.
Фонема туралы түсінік. Тілдегі сөздер бір-бірімен мағыналары мен дыбысталуы жағынан ажыратылады. Мысалы, қазақ тіліндегі тас пен тес, тоз – тез деген сөздердің әр басқа сөздер екендігін, олардың мағынасы мен дыбыстарының әр басқа болуына қарап ажыратамыз. Мағына мен дыбысталуының әр басқа болуы сөздердің формаларында ажыратады. Тіл білімінде дыбыстың осы қызметіне орай фонема деген ұғым пайда болды. «Фонема сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын әрі қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық единица». Фонемаларды зерттейтін ілім фонология деп аталады. Тілдердің дыбыс жүйесі әр түрлі болады. Олардағы дыбыстың сапасы да бірдей емес. Кейбір дыбыстардың немесе олардың ерекшеліктерінің бір тіл үшін мәні айрықша болса,екінші бір тіл үшін оның айтарлықтай мәні болмайды. Мысалы: қырғыз, неміс, ойрат тілдерінде дауысты дыбыстың қысқа не созылыңқы айтылуының сөз мағынасын ажыратуға әсері яғни фонетикалық қасиеті болса, орыс, қазақ, татар тілдерінде оның ешбір әсері болмайды. Фонема дегенімізде тіл дыбыстары, бірақ ол тіл дыбысы болғанда сөздің жігін өзгертіп, морфемалардың жігін ажырататын дыбыс. Фонологияда дыбысты зерттейтін фонетика да екі түрлі пән емес. Тіл туралы ғылымның бір бүтін саласының екі жағы. Түркі тілдерде дауыссыздардың жуан және жіңішке болуы дыбыстарға байланысты болады. Сөз құрамындағы дауысты жуан болса, онымен тіркесе айтылған дауыссыз да жуан түрде айтылады. Керісінше, дауысты жіңішке болса, оған тетелес дауыссыз да жіңішке болып келеді. Мысалы: сан – сән, сол – сөл, ар - әр т.б. Бірақ түркі тілдерде дауыссыз дыбыстардың фонемалық қасиеті жоқ.
Ал орыс тіліндегі дауыссыздардың қасиеті түркі тілдердегі дауыссыздардан басқаша болып келеді. Орыс тілінде белгілі жағдайда дауыссыздардың жуан немесе жіңішке айтылуының сөз мағынасын ажырататын қасиеті бар. Қатаң мен ұяң дыбыстардың да мағына ажырататын қасиеті бар.
Сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей емес. Көзбен көріп отырған яғни жазылған тілді – сөзді қатесіз жазу және жазылғандай етіп оқу, сөйлеудің ролін төмендетпейді де, кемітпейді. Ал шындығында, сөйлеу, айту – жазудан көрі маңыздырақ. Басқасын былай қойғанда, кез келген адам алдымен сөйлеуге жаттығып, үйренеді де, содан кейін барып жазуды үйренеді. Сөз дыбыстардан құралады. Бірақ дыбыс болған жердің бәрі де сөз болып қалыптаса бермейді. Сөзді фонемалық дыбыстар ғана құрайды. Сөз бен дыбыстың арасында заңды бірлік бар. Бұл заңдылық дәстүрлік принципке сүйенеді. Сөз бен дыбыстың бірлігі мынада: 1. сөз болмаған жерде дыбыс жүйесі жоқ. 2. дыбыссыз сөз жоқ. Дыбыс – сөздің материалы. Тілдегі сөйлеудің ең кіші бөлшегі - сөз болып табылады. Ал дыбысқа келсек, ол мейлі жалаң болсын, мейлі күрделі болсын мағынаға ие бола алмайды. Бірақ дыбыс сөздің мағынасын ажыратуға құрал болады. Әріп – дыбыстардың жазудағы таңбасы. Қазіргі қазақ жазуындағы әрбір әріптің өзінше пішіні формасы бар. Сөз ішінде әрбір әріптің екінші әріптен жігі көрініп тұрады. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе, кейде бір әріп – бірнеше дыбыстардан (ю, я) құралады. Ал кейбір әріптердің (ь,ъ)дыбыстық мәні болмайды. Әріп пен дыбыстың бірнеше түрлі айырмашылығы бар: 1. әріп дыбысты тек шартты түрде таңбалаумен бірге, қағаз бетіне, не жазуға келетін басқа затқа түсіретін белгі болғандықтан, оған дыбыс мүшелерінің қатысы жоқ, сондықтан ол құлаққа естілмейді, тек көзбен көруге келеді. 2. әріп құбылмалы емес. Үнемі бір белгімен таңбаланады, бірақ ол шартты белгі екенін есте ұстау керек.
Тіл дыбыстары сөздер мен морфемаларды ажыратуға қызмет ететін болса, бұл – фонеманың да негізгі қызметінен саналады. Тілімізде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатындай дыбыстар тобы – фонемалар бар. Мысалы ат, ет, от, өт секілді сөздерде бірыңғай т дыбысы бар. Дауысты дыбыстардың әсерімен т дыбысы бірде жуан, бірде жіңішке, бірде еріндік, бірде езулік болып біршама ауытқушылықпен, ерекшеліктермен айтылады да, қызметіне қарай бір ғана фонема деп танылады. Бір дыбыстың айтылуындағы мұндай ауытқушылық аллофон делінеді. Демек сөз - дыбыс емес, фонемадан құралады.
Қазақ тілінде дыбыстардың айтылуындағы ауытқулардың сөздің мағынасы мен формасына әсері жоқ деуге болады. Сондықтан дыбыс пен фонема бірінің орнына бірі синоним ретінде қолданыла береді.
Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі:
1.Фонетика және оның зерттеу нысаны.
2.Қазақ тілінің фонетикалық
жүйесінің басқа жүйелерден айырмашылығы.
Дыбыстың аккустикалық қызметі. Аккустика
дегеніміз дыбысты зерттейтін физиканың бір
саласы.
Акустикалық тұрғыдан алғанда дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі. Дыбыс өтетін орта - ауа кеңістігі. Акустика дыбыстағы төмендегі белгілерді ажыратады:
1) Дыбыс ырғағы.
2) Дыбыс күші.
3) Дыбыс әуені.
4) Дыбыстың созыңқылығы.
Дыбыс ырғағы уақыт мөлшерінің ішіндегі дірілдің санына байланысты болады. Дірілдің саны неғұрлым көбейе берсе дыбыстың ырғағы соғұрлым күшейе береді. Адам құлағы бір секунд ішінде 16-дан, 20000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болған дыбысты ести алады. Сөйлеу дыбыстың күші өкпеден шыққан ауа күшінің дауыс шымылдығына түсетін қысымымен айқындалады. Сөйлеу дыбыстың ырғағы дауыс шымылдығының ұзындығы және оның қысылу қалпына қарай айқындалады.
Тіл дыбыстарының түрлері. Тілдің барлығында да тіл дыбыстарды екі топқа бөледі. Дауыстылар мен дауыссыздар. Негізгі ортақ белгісі олардың буын құрау қызметі. Дыбыстарды дауыстылар мен дауыссыздар деп топтастырғанда олардың акустикалық жақтары мен физиалогиялық жақтары да еске алынады. Акустикалық тұрғыдан қарағанда дауыстылар мен дауыссыздарды бір-бірінен ажырату музыкальді үн (тон) және салдырға негізделеді. Дауыстыларда үн басым болады. Дауыссыздарда салдыр басым. Осыған орай ұяң немесе санор дыбыстарды дауыстылардың немесе дауыссыздардың қатарына тікелей теріп қою өте қиын. Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда дауыстыларды айту үстінде шыққан ауа бірінші, кедергіге ұшырамай еркін шығады; екінші, дыбысталу мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; үшінші, ауа баяу шығады (а,о,у). Ал, дауыссыздарды айтқанда фонациялық ауа бірінші, кедіргіге ұшырап, тосқауылмен айтылады; екінші, тосқауылдан өту кезінде дыбысталу мүшелеріне күш түсіледі; үшінші, ауаның шығу қарқыны күштірек болады. Сонымен дауыссыз дыбыстар 2 топқа бөлінеді. Үнді және үнсіз (салдыр) дыбыстар. Салдыр дыбыстар ұяң және қатаң деген 2 топқа бөлінеді. Дауыссыз дыбыстардың жүйесі консонантизм деп аталады.
Дауысты дыбыстар жүйесі вокализм терминімен аталады. Дауысты дыбыстарға тән артикуляцияға тән ерекшелік оларда музыкальды үннің болуы. Дыбыстардың классификациялық 2 түрі бар. Оның 1-физиологиялық классификация; 2-акустикалық классификация. Физиологиялық классификация акустикалық классификацияға қарағанда әлдеқайда қолайлы. Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысымы мен қалпына қарап, атап айтқанда 1- тілдің қалпына; 2- еріннің қалпына; 3- жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.
1. Тілдің артқы таңдайға
қарай жиырылып, бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар жасалады
(а,о,ұ,ы т.б.), ал тілдің таңдайдың алдыңғы жағына жақындап
айтылуынан жіңішке дауыстылар жасалады (ә,е,й,і,ү
т.б.).
2. Еріннің қатысуына қарай еріндік және
езулік болып бөлінеді (о,ө,ұ,ү,у - еріндік).
3. Жақтың ашылу қалпына қарай дауыстылар ашық және қысаң болып
бөлінеді.
4. Қысаң (ұ,ү,ы,і).
Тілде келте, қысқа, созылыңқы дауыстылар да болады.
Дауысты дыбыстар кестесі Еріннің қатысына қарай Иектің (жақтың) қатысына қарай Тілдің қатысына қарай Еріндік дауыстылар Езулік дауыстылар Ашық дауыстылар Қысаң дауыстылар Жуан дауыстылар Жіңішке дауыстылар О, Ө, У, Ұ, Ү А, Ә, Ы, І, (Э) А, Ә, О, Ө, Е Ы, І, (И), У, Ұ, Ү А, О, (У), Ұ, (И) Ә, Ө, Ү, І, Е, (И), (У)
Бұл кестедегі и, у дыбыстары сөз немесе буын ыңғайына қарап бірде жуан, бірде жіңішке болып айтылады. Тіліміздегі жалаң дауысты фонема э болғанымен, қазақ сөздерінде е жазылатындықтан, кестеде бұл фонема е (э) түрінде көрсетілді.
Дауыссыз дыбыстар (Консонантизм)
Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық ерекшелігі: а) дауыссыздарды айтқанда өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды. ә) дауыссыздарды айтқанда үн бәсең, солғын болады. б) дауыссыз фонемалар буын құрай алмайды. в) дауыссыз фонемаларды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді яғни пассив қатысады.
Дауыссыз дыбыстар дегеніміз - өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстар. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,л,м,н,п,р,с,т,(у), һ,ф,х,ц,ч,ш,қ,ң.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, одан салдыр пайда болады. Сондықтан да дауыссыз дыбыстарда үнге салдыр араласады.
Дауыссыз дыбыстар кестесі Қатаң дауыссыздар Ұяң дауыссыздар Үнді дауыссыздар П,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч Б,в,г,ғ,д,з,ж,һ Р,л,,й,у,м,н,ң
Айтылу ерекшелігіне байланысты
Шұғыл Ызың п,б,т,д,қ,к,г,ч,ц;
в,ф,г,ғ,з,ш,щ,ж,х,һ.
Сөйлеудің фонетикалық бірліктері
1. Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі.
Дыбысталу жағынан алып қарағанда сөйлеу жік-жігімен айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде жігі ажырап, кіші топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетикалық бірліктері (единицалары) ретінде қаралады. Олар мыналар: фраза, такт, буын дыбыс. Фраза ең ірі фонемалық единица. Бірінші фонема екі фразадан пауза (кідіріс) арқылы ажыратылады. Кідіріс жасалғанда дем ішке тартылады да, екінші фразаны айтқанда сыртқа шығады. Мысалы: қонағы сүймеген үй иесі баласын ұрады. Бұл фразалардың басын біріктірген нәрсе – интонация. Интонацияны құрайтындар: 1) Мелодика – дауыс ырғағының көтеріліп барып бәсеңдеуі немесе керісінше; әрбір тілдің өзіне тән мелодикалық кестесі болады. Паузамен бірге мелодика да сөйлеуді мүшелеу тәсілі немесе құралы ретінде қызмет атқарады. Сөйлемнің бөлшектері айтылуда дауыстың көтеріліп төмендеуі немесе төмендеп барып қайта көтерілуі арқылы ажыратылады. Хабарлы сөйлемде паузаның алдындағы сөз көтеріңкі дауыспен айтылады да, онан кейінгі бөлшектің құрамындағы сөздерде дауысы біртіндеп бәсеңдей береді. Мысалы: Сіркіреп жауған жауын түні бойы басылмады - деген сөйлемнің мелодикалық кестесі мынадай болады:
Жауын
Түні бойы
Сіркіреп жауған
Басылмады.
2) Сөйлеудің темпі – шапшаң немесе баяу болуы; 3) Сөйлеудің үдемелілігі, айтылудың күштілігі немесе әлсіздігі (демнің қатты немесе әлсіз шығуы) дегенді білдіреді; 4) Сөйлеудің әуені айтылудың мақсатына қарай «көңілді», «ойнақы», «қайғылы» немесе «қорқынышты» секілді түрліше болуы мүмкін. Сөйлеу әуені бар да, дауыс әуені деген де бар. Дауыс әуені (мысалы, баритон, бас, тенор, сопрано, т.б.) мен дыбыс әуені сөйлеу әуенінен басқаша болады. Бұларды бір-бірімен шатыстырмау керек.
Такт - фразаның бір екпінге байланысты бөлшегі. Фраза тактыларға ажыратылып бөлшектенеді. Тілдегі атауыш сөздердің әр қайсысы бір-бір екпінге ие болғандықтан өз алдына такт құрай алады. Көмекші сөздер атауыш сөздердің не алдында не соңында келіп, олармен тіркескен қалпында бір такт жасай алады. Ал, көмекші сөздер бөлек екпінге ие бола алмайды.
Буын. Дауыс ырғағы, екпін.
1.Буыннның түрлері
2.Фразалық екпін
3.Логикалық екпін
4.Интонация
Сөз айтылғанда тұтас, бірден
айтылмайды. Сөздердің айтылуында ауа толқыны үзіліп-үзіліп
шығады. Бір сөздің ішінде ауа толқынына негізделген бірнеше бөлшек
бола береді. Сөздегі бір дауыстының немесе дауысты мен дауыссыздың
бөлшектеніп айтылуын буын дейміз, өйткені ауа сөздің құрамындағы
дауыстыларды айтқанда еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда
кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан
фонациялық
ауамен тікелей байланысты болады. Сондықтан сөздің
буынға бөлінуі дауысты дыбысқа байланысты. Сөзде қанша дауысты
дыбыс
болса, сонша буын болады, өйткені тек дауысты дыбыс қана буын жасай
алады. Дауыссыз дыбыс буын жасай алмайды, ол дауысты дыбыспен бірге
буын құрамына кіреді. Мысалы: қа-ла, ө-нер, жас-тық,
та-ма-ша, т.б
Буынға тән негізгі белгілер:
1. буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болу керек және оның
саны бір буында біреуден артық болмауы тиіс.
2. буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір
буыны лексикалық немесе морфологиялық мағынасы бар бөлшектерге тура
келіп қалады. Мысалы: ат-ты-лар-ға деген төрт буынды сөздің бірінші
буыны – ат (түбір), екінші буыны – ты – сын есім тудыратын жұрнақ,
үшінші буыны – лар- көптік жалғау, төртінші буын – ға – септік
жалғау. 3. қазақ тіліндегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды,
немесе жіңішке буынды болып келеді. Қазақ тілінде жуан және жіңішке
буынды (аралас буынды) орыс және өзге тілдерден енген сөздер
кездеседі. 4. қазақ тілінің байырғы сөздері, буындары екі
дауыссыздан басталмайды. 5. тіліміздің байырғы сөздерінің соңында
еліктеуіш сөздерден басқа екіден артық дауыссыз дыбыс келмейді.
Қазақ тіліндегі буынның дыбыстық құрамы төмендегідей болып
келеді:
Бір дыбысты, екі дыбысты, үш дыбысты, төрт дыбысты. Ал орыс тілі
арқылы енген сөздерде буын бес, алты дыбысты бола береді. Мысалы:
спорт, пункт, спектр, спринт. Дыбысталу жағынан қарағанда сөйлеу
жік-жігімен айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен
құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде кіші топтарға бөлшектенеді.
Олар сөйлеудің фонетикалық единицалары ретінде қаралады: 1) фраза,
2) такт, 3) буын, 4) дыбыс немесе
фонема.
Буынның түрлері. Буын
құрамының түрліше болуына байланысты буынның қазақ тілінде үш түрі
бар: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.
Жеке дауыстыдан болған немесе дауыстыдан
басталып, дауыстыға бітетін буын ашық буын деп аталады.
Мысалы:
а-ға, ба-ла...
Дауыстыдан басталып, дауыссызға бітетін буын тұйық буын деп аталады. Мысалы: ат, ақ, ін...
Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған, екі жағынан дауыссызбен қоршалған дауыстысы бар буын бітеу буын деп аталады. Мысалы: жоқ, зор, бұлт...
Сөз құрамындағы буындардың барлығы бірдей айтылмай, біреуі басқаларына қарағанда айқынырақ ажыратылып, көтеріңкі айтылады. Мұндай қасиетке екпін түскен буын ие болады. Осыған орай бұл буын екпінді буын деп аталады.
1.Буынның біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы лебізді немесе динамикалық екпін деп аталады. Динамикалық екпін фонациялық ауаның қарқыны буынның күшімен байланысты болады (славян, герман, түркі т.б. тілдерге тән).
2.Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы арқылы ерекшеленіп дауыс шымылдығының дірілінің жиіленуіне негізделеді. Екпіннің бұл түрі тоникалық немесе музыкальды екпін деп аталады 3.Квантитативті екпін (количество). Басқа б
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
фонетиканы окыту. Дипломдық жұмыс

шағым қалдыра аласыз