Материалдар / «Формативті бағалаудың тиімді әдіс-тәсілдерді»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Формативті бағалаудың тиімді әдіс-тәсілдерді»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жобада формативті бағалауда қолданылатын әр түрлі жаңа әдіс-тәсілдердің мақсаты, қолдану ережесі, тиімділігі мен күтілетін нәтижелері қарастырылған. Қолданыста жүрген әдіс-тәсілдер оқушылардың білім сапасын арттыруда тиімді екендігі зерттеу барысында байқалды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2022
530
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Шығыс Қазақстан облысы

Алтай ауданы

Жаңа Бұқтырма кенті

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің

“№1 Жаңа Бұқтырма орта мектебі” КММ







«Формативті бағалаудың тиімді әдіс-тәсілдерді»











Бағыты: “Шеберлік палитрасы”

Физика және математика пәні мұғалімі:

Ахметжанова Мадина Советханқызы

Телефон нөмірі: 87056245524

Почта: ahmetzhanovamadinaemail.ru







2021-2022 оқу жылы



Аннотация

Бұл педагогикалық идеяда формативті бағалауда қолданылатын әр түрлі жаңа әдіс-тәсілдердің мақсаты, қолдану ережесі, тиімділігі мен күтілетін нәтижелері қарастырылған. Қолданыста жүрген әдіс-тәсілдер оқушылардың білім сапасын арттыруда тиімді екендігі зерттеу барысында байқалды.



Аннотация

В данной педагогической идее рассматриваются назначение, правила применения, эффективность и ожидаемые результаты различных новых методов, используемых в формативной оценке. В ходе исследования было отмечено, что существующие методики эффективны в повышении качества знаний учащихся.



















Мақсаты: Оқушылардың білім сапасын  арттыруда әр түрлі формативті бағалауды қолданудың тиімділігіне көз жеткізу,  оқу мен оқытуда формативті бағалау әдістерін түрлендіру.

Міндеттер:

  1. Бағалаудың түрлерін (теориялық, жиынтық, қалыптастырушы) анықтау.

  2. Формативті бағалаудың білім сапасына тигізетін оң әсерін анықтау.

  3. Оқытудың қиындықтарын анықтау

  4. Формативті бағалаудың тиімді тәсілдерін, стратегияларын қарастырып, қолдану.

Өзектілігі: Оқушылардың білімге деген ынтасын арттырудағы формативті бағалауды білім жүйесіне жүйелі түрде енгізу. Оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының  кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім - оқушы  арасында кері байланысты орнату.

















Егер зерттеу жұмысы оңды нәтижелер мен нақты мәліметтер беретін болса, мәселені  шешудің тиімді жолдарын қарастыра отырып, түрлі ұсыныстар мен қорытындылар жасауға болады.  Себебі сабақ барысында кездестірілетін барлық қиындықтарды шешу жолында зерттеу қорытындысына сүйенетін болса, сабақ соңында жоғары көрсеткішке жетуге болады.

Ұстаз болу үшін ең басты мәселе - оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Жаңа формативті әдістерді сабақта қолданудың тиімділігі қашан да анық.  Бұл бағалаудағы мені қызықтырғаны оқушы арасындағы білімге деген құштарлық, уақытты үнемдей алуы, білім сапасының артуы. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.    Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», - деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналғандай. Блэк пен Уильямның Ұлыбританиядағы Бағалау Реформасы Тобымен бірлескен зерттеулері бағалау арқылы оқытуды жақсарту оқытуға енгізілуі тиіс алдамшы қарапайым бес түйінді фактормен байланысты екендігін көрсетті:

o   Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.

o   Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бұл өз кезегінде оқушыларды өзін-өзі бағалауға қатыстырады.

o   Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды түрлендіру.

o   Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.

o   Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін-өздері бағалай алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы құрдастарымен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады. Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.  Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму процесін басқару қажеттігі айқындалып отыр.Белсенді әдістерді пайдаланып өткізілген сабақтар туралы мұғалімдердің берген пікірлерінен ақпаратқа сыни тұрғыда қарау оларға өздерінің тәжірибесіне мүлдем жаңаша қарауға мүмкіндік беретінін мейілінше ашық, өздеріне және өз күштеріне сенімді бола түскенін байқауға болады. «Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Формативтік бағалау – оқу үдерісіне өзгеріс енгізу мақсатында оқушылардың алға ілгерілеуін бағалау.  Формативті бағалаудың ерекшеліктері:

  • оқушының күнделікті білім сапасы;  

  • білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу;  

  • «10» балдық бағалау жүйесінің жақсы қасиеттерін сақтау;

  • оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою;

  • оқушының бағалаудан алған  эмоционалды негативінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы;

  • бағалаудың объективтілігі, анықтылығы және ашықтығы;

  • өзін-өзі бағалау  дағдылары.

Формативті бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.  Формативтік бағалау екі жолмен жүзеге асырылады:

1.Холистік бағалау сызбасы – оқу үдерісінің мақсаттары бойынша анықталған қабілеттерді жеке- жеке бағалау арқылы оқушының даму деңгейін қысқа  мерзімде және жалпы түрде бағалау.

2.Аналитикалық бағалау – оқушылар үшін көзделген нақты қабілеттерді белгілі бір ұзақ мерзім ішінде біртіндеп бақылап отыру және бағалау.

Формативті бағалауда қолданылатын әдіс-тәсіл түрлеріне тоқталсақ:

Тоғызқұмалақ әдісі. Әр қазанға оқушы аты жазылып, әр бір орындаған тапсырмаларына байланысты қазанға құмалақ салынып отырады. Сабақтың соңында әр қазанда қанша құмалақ болса, оқушы сонша балл алады. Бұл әдістің тиімділігі тоғызқұмалақ ойыны туралы мәлімет беру, ұлттық ойынды дәріптеу.

Асық әдісі. Оқушы асық санын жинайды. Бұл әдістің тиімділігі асық ойыны туралы мәлімет беру, ұлттық ойынды дәріптеу.

Сандар сатысы әдісі. Тақтаның вертикаль жағына бірден онға дейінгі сандар орналасады, ал тақтаның горизонталь бойына оқушылырдың аты жазылған магниттер қойылады. Тапсырма орындаған оқушылар бір санынан онға дейін жоғарылап отырады. Сабақтың соңында, оқушының аты жазылған магнит қандай сан қатарында орналасса, сонша балл алады.

Шот әдісі. Шот құрылғысының әр бір бағанына оқушылардың аты жазылып, тапсырма орындағанына байланысты әр шеңберді жылжытып отырады. Сабақтың соңында әр оқушыда қанша шеңбер болса, сонша балл алады.

Молекула әдісі. Оқушылар әр тапсырманы орындай отырып, атом санын жинап, молекула түзеді. Сабақтың соңында әр оқушының молекуласы қанша атомнан тұрса, сонша балл алады. Бұл әдісті физика сабағында, тақырыпқа байланысты қолданған тиімді.

Қазына жинау әдісі. Бұл әдіс оқушылардың археолог рөлін атқарып, қазына жинайды.Сабақтың соңында әр оқушыда қанша қазына болса, сонша балл алады. Бұл әдісті физика сабағында, тақырыпқа байланысты қолданған тиімді. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады.

Сағат тілі әдісі. Оқушылар әр тапсырманы орындай отырып, өздеріне берілген сағат тілін сандар бойымен жылжытып отырады. Сабақтың соңында сағат тілі қандай санды көрсетсе, сонша балл алады. Бұл әдіс оқушылардың уақытты тиімді пайдалануға мүмкінік береді және математика сабағында қолданған тиімді.

Попит әдісі. Оқушылар әр тапсырманы орындаған санына байланысты попит төмпешіктерін басады. Сабақтың соңында әр оқушыда қанша төмпешік басылды, сонша балл алады. Бұл әдіс саусақтың ұсақ моторикаларын дамытуға тиімді және оқушылардың белсенділігін арттырады.

Галерея әдісі. Тақтаға горионталь бойымен бірден онға дейінгі сандар орналасады және оқушылардың суреттері ілінеді. Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың суреттері сан бойымен оңға қарай жылжып отырады. Сабақтың соңында әр оқушының суреті қандай сан қатарында орналасса, санша балл жинайды.

Жұлдызша әдісі. Әр бір орындаған тапсырмаға байланысты оқушыларға жұлдызша беріліп отырады. Сабақтың соңында әр оқушыда қанша жұлдызша болса, сонша балл алады.



Нәтижесі

-  Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады

-  Оқушы өзін -өзі дұрыс бағалауды үйренеді.

- Мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнайды.

- Оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.

- Өзінің білім нәтижесін болжау және жетістіктерді  түсіну үшін  бағалау критерийлерін біледі және түсінеді.

- Оқушы үшін өзінің білімі қай деңгейде екенін біледі, ал мұғалім үшін қай бағытта жұмыс істеу керектігін түсінеді.

-  Рефлексияда қатысу, өзін және өзінің сыныптастарын  бағалай алады.

- Нақты мәселелерді шешу үшін, әр түрлі көз қарастарды білдіруде және сыни ойлауда білімдерін қолданады.

Ғылыми  жұмыстың  практикалық   қолдану  салалары:

Тақырып  негізінде  жинақталған  материалдар   келешек  күнделікті   мұғалімдер сабақтарында  пайдалануға  болады.



Қорытынды:

Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады. Ал, оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады деп ойлаймын.



 Қолданылған әдебиеттер:

Мұғалімге арналған нұсқаулық 2013ж   

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!