Материалдар / Формула.Формула арқылы есептеу.Мәтінді есептерді шығару
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Формула.Формула арқылы есептеу.Мәтінді есептерді шығару

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып математика пән мұғаліміне керек қмж
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Желтоқсан 2018
787
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: №61

5.1A Натурал сандар және нөл саны Мұғалімнің аты-жөні: Каюпова П. Күні: 1.03.2018 Қатысқандар:

Сынып: 5 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Формула. Формула арқылы есептеу. Мәтінді есептерді шығару.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (Оқу бағдарламасына сілтеме)

5.5.1.8. Әріпті өрнектерді құру және оларды есептер

шығаруда қолдану

5.5.1.9. Мәтін есептерді шығару үшін формулаларды

қолдану

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Есептің шартын құрып, қажет формуланы анықтайды.

Оқушылардың басым бөлігі:

Әріпті өрнектерді қолданып, шешімін табады.

Кейбір оқушылар:

Әртүрлі тиімді тәсілдерді салыстырады және мәтінді есептерді құрастырады.

Бағалау критерийі:

1. Есептің шартын құрып, қажет формуланы анықтай

алады.

2. Әріпті өрнектерді қолданып, шешімін таба

алады.

3. Әртүрлі тиімді тәсілдерді салыстырады және мәтінді

есептерді құрастыра алады.

Тілдік мақсаттар:

Терминдер - сан, өрнек, формула, мәтін, тәсіл;

Диалогқа қажетті тіркестер:

Мәтінді есептер, есептің шарты, есептің формуласы, есептің шешімі, есептің шығарылу жолы, есептің жауабы;

Құндылықтарға баулу

1) Топтық жұмыста - ұйымшылдыққа, ортақ істің

нәтижесіне жауапкершілікпен қарау, достыққа,

қамқорлыққа, еңбектенуге тәрбиелеу;

2) "Мәңгілік ел" идеясының "ҚР тәуелсіздігі және

Астана" құндылығы

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, география, тарих, физика, геометрия

Алдыңғы білім

Санды өрнекті, әріпті өрнекті, санды өрнек пен әріпті өрнектің айырмашылығын, қозғалыстың, ауданның, көлемнің формулаларын және олардың өлшем бірліктерін біледі.

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы:

5 минут

1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып тазалығын қадағалау, оқушылардың назарын сабаққа аудару;

ә) Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, шаттық шеңберін құрып, оқушыларды екі қатарға тұрғызып, "Сатамын, сатып аламын" атты сергіту сәтін өткізу.

Мақсаты: оқушы артындағы оқушыға жаман мінезін сатамын, қасындағы оң жағындағы оқушыдан жақсы мінезін сатып аламын дейді.сыныпта сенімділік, қарым-қатынас,жағымды кері байланыс орнату,

б) "Мозайка" әдісімен суреттердің қиындысы бойынша "сан", "әріп", "өрнек", "формула" атты топтарға бөлемін. Әрбір оқушы қиындылардың артында жазылған сандарды, әріптерді, формулаларды, өрнектерді ажырата отырып, топтарға барады.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

а) "Көршіңді тексер" әдісі бойынша оң жағындағы көршісінің дәптерімен алмасу арқылы, интерактивті тақтадан жауаптарын тексереді.

Алдыңғы сабақтың дискрипторына байланысты оқушылар өзін-өзі бағамдайды.


Әр топ басшыларына бағалау кестесі







Мозайка сурет қиындылары




интерактивті тақта


Сабақтың ортасы:

Жаңа сабақ - 7 минут








Типтік есептер шығару, талдау - 15 минут























Тарихи шолу -

3 минут


















Қалыптастыру-

шы бағалау -

10 минут

1. "Миға шабуыл" әдісімен қайталау сұрақтарын әр топқа беремін.

а) Санды өрнек дегеніміз не?

ә) Әріпті өрнек дегеніміз не?

б)Санды өрнекпен әріпті өрнектің айырмашы-

лығы қандай?

в) Қозғалыстың, ауданның, көлемнің формула-

лары және өлшем бірліктері қандай?

Топтық бағалау арқылы бағамдайды. Оқушы оқушыға кері байланыс жүргізіп отырады.


2."Кім жүйрік" әдісімен оқулықтан №126-

128 есептер шығару.

Әр топқа барлық есептер беріледі. Топтағы оқушылар бір-бірімен жарысса отырып шығарады. Есептің шығарылуы дискриптор арқылы тексеріледі.

Критерий

Дескриптор

Балл

1. Есептің шартын құрып, қажет формуланы анықтай алады.

1. Шартын құра алады;

2.Формуланы анықтай

алады;

3. Ауданның форму ласын,

өлшем бірлігін біледі.

4. Көлемнің формуласын,

өлшем бірлігін біледі.

1

1


1


1

2. Әріпті өрнектерді қолданып, шешімін таба алады.

1. Әріпті өрнекті құра

алады;

2. Өрнектің шешімін таба

алады;

3. Қозғалыстың форму-

ласын, өлшем бірлігін

біледі;

4. Логикалық пайымдаулар

арқылы есеп шығарады;

1


1


1



1

3.Әртүрлі тиімді тәсілдерді салыстырады және мәтінді

есептерді құрастыра алады

1. Әртүрлі тиімді формула-

ларды түрлендіре біледі;

2. Мәтін есептерге форму-

ланы қолдана алады;

3. Мәтін есептерді

құрастыра алады;

1


1


1





3."Уақыт шеңбері" әдісімен әр топқа тапсырмалар беремін. Тарихи кезеңдегі Қазақстанның астанасы болған

 қалалар:

ХХ ғасырдағы  Қазақстанның  астаналары  
Орынбор  1920-1924  
Қызылорда  1924-1928

Алматы  1928-1997  
Астана  (Ақмола)  1997ж. 10-желтоқсанынан бастап болған.

Үлгерімі төмен оқушылар жылдар бойынша өрнек құрады.

1-есеп: Орынбор неше жыл астана болды?

2-есеп: Қызылорда неше жыл астана болды?

3-есеп: Алматы неше жыл астана болды?

4-есеп: Астана бүгінгі күнге неше жыл болды?

5-есеп: Алматы Қызылордадан неше жыл артық болды?

Бағалау "Доп лақтыру" әдісімен бағамдалады.

4. "Сәлемдеме жіберіңіз" әдісімен төрт топқа төрт затты бірнеше қабат қағазға ораймын. оралған затты топ ішіндегі бір-бір оқушыға беремін, бір қабатын ашады, тақырып бойынша есеп немесе сұрақ, формула, ереже түрінде беріледі. Соған жауап беріп , келесі оқушыға береді,одан кейін оралған затты әрі қарай береді. Осылайша заттың орамасы біткенше жалғасады. Топтағы оқушылар сұрақты, есепті дұрыс болмаған жағдайда бір-біріне кері байланыс жүргізу арқылы толықтырады.


сұрақтар жазылған кеспелер









оқулық - 5сынып
























доп, стикерлер,


















оралған заттар өшіргіш, карандаш, каламсап

Сабақтың соңы:

Рефлексия және үй тапсырмасын беру - 5минут

"Үш зат" әдісі бойынша

- нені білді, нені үйренді.

- не түсініксіз қалды.

- немен жұмыс жасау қажет.


Оқушылар стикерге рефлексия жазып сәйкес суретке жапсырады.

чемодан - өзіңе қандай жаңа мәлімет, білім не үйренген болсаң, соны жазып көрсету керек.

еттартқыш - өзіңе оқып, біліп, үйренетін тұстарың болса, соны көрсету керек.

ми - сабақта түсінбеген сұрақтар, мәлімет болса, соны көрсету керек.


Үй тапсырмасы: оқулықтан есептер: №124, №125

рефлексия ілетін

суреттер















оқулық

Саралау - Сіз тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау - сіз оқушылардың материалдардың игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Үлгерімі төмен оқушыларға кеспелер арқылы тапсырмалар беріп, жұмыс жүргізу.

Қабілет жоғары оқушыларға

мәтінді есептерді құрастыруға тапсырмалар

Дескриптор, өзін-өзі бағалау, топтық бағалау, жеке бағалау арқылы жүргізіледі.

Интерактивті тақтаны қолданарда қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!