Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Фосфор ашық сабақ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні :26.11.2015 ж Бекітемін :
Сыныбы: 9 Пәні: химия
Тақырыбы: Фосфор және оның
қосылыстары.
Мақсаты: Фосфор, оның периодтық жүйедегі орнына сипаттама беру,
ашылу тарихымен таныстыру, физикалық, химиялық қасиеттері,
қолданылуы жайлы білім алуға жағдай туғызу.
Күтілетін нәтиже:
1.Оқушыларда фосфор және оның қосылыстары, оның қасиеттері
жайлы білім қалыптасады.
2. Химиялық реакция теңдеулерін сипаттап жазу дағдысын дамытып, тіл шеберлігін, білімге құштарлығын қалыптастырады.
3. дүниетанымдық көзқарасын арттырып шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады.
Мұғалімнің іс - әрекеті
1.Ұйымдастыру:(2 минут)
1). Оқушыларға шеңбер
құрғызып, сурет қиындылары арқылы 3 топқа бөлемін.
2. Үй тапсырмасын сұрау. «
Он сұрақ» арқылы үй тапсырмасын тексеру және бекіту.
1. Ауаның неше пайызын азот құрайды? (78)
2. Азот қышқылының тұзы қалай аталады? (нитраттар)
3. Аммиактың судағы ерітіндісі қалай аталады? (мүсәтір спирті)
4. NO - азоттың (ІІ) оксиді қандай жағдайда түзіледі?(атмосферада
найзағай ойнағанда)
5. Аммиактың ерітіндісі халық арасында қалай аталады?(мүсәтір
спирті)
6. “Азот“ деген атауды ұсынған ғалым? (А. Лавуазье)
7. Азот бөлме температурасында қандай элементпен әрекеттеседі?(тек
литиймен)
8. “Азотты“ ашқан ғалым?(Резерфорд)
9. Азоттың сутекті қосылысы қалай аталады? (аммиак)
10. Азот қай жылы ашылды? (1772ж.)
«Сандар сөйлейді»
78 - Ауаның құрамындағы азоттың
пайызы.
14 - Аr(N)=14
28 - Mr(N2)=28
5 - азот бесінші топта орналасқан
7 - реттік нөмірі жетіге тең
2 - Азот 2 - ші периодта
210 – қату температурасы
196 - балқу температурасы
1, 25 - 1литр азот газының массасы
1772 - Азотты алғаш рет ағылшын химигі Резерфорд ашқан.
Жаңа сабақ: 3
топқа тапсырма беру
1 топқа: Фосфордың ашылу тарихы. ПЖ орны. таралуы.Химиялық қасиеттері.
2топқа: Фосфор қосылыстарының табиғатта кездесуі, Алынуы және қолданылуы
3 топқа: Фосфордың аллотропиялық өзгерістері. Қасиеттері. Биологиялық маңызы
Фосфор(лат. Phosphorus), P – элементтердің
периодтық жүйесінің V тобындағы хим. элемент, ат. н. 15, ат. м. 30,
97 Бірнеше түрі бар: ақ Ф. – тығызд. 1, 828 г/см3; балқу
температурасы – 44, 14°С; қызыл Ф. – тығызд. 2, 31 г/см3; балқу t –
593°С.
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде фосфор III периодта, V
топтың негізгі топшасында орналасқан. Салыстырмалы атомдық массасы
31, реттік номері (ядро заряды) 15.
Атом құрылысы
Фосфордың соңғы энергетикалық қабатында бес электрон бар, оның
үшеуі жұптаспаған.
Электрондық формуласы:
1s²2s²2р⁶3s²3р³
Фосфор қосылыстарында - 3, +3, +5 тотығу дәрежесін көрсетеді.
Фосфордың ұшқыш сутекті қосылысы фосфин РН3 мен аммиак NH3
молекулалары формасы жағынан ұқсас болғанмен, фосфин молекуласы
берік емес, улы, тұрақсыз газ, тез тотығып кетеді.
Табиғатта кездесуі
Табиғатта фосфор тау жыныстары мен минералдарда қосылыс түрінде
кездеседі. Мысалы, фосфорит және апатитте кальций фосфаты Са3(Р04)
2түрінде болады. Қазақстанда Жамбыл облысының Қаратау маңында
фосфорит кенінің мол қоры бар екені 1935 жылдан белгілі. Қазір
Қаратау бассейні негізінде "Жаңатас байыту комбинаты"жұмыс істейді.
Ақтөбе облысында фосфорит кен орнын (Шилісай, т. б.) игеру
жоспарланып отыр. Осы кен орындары негізінде фосфорды өңдейтін
зауыттар Таразда, Шымкентте және Ақтөбеде бар. Азот тәрізді фосфор
да өсімдік пен жануар нәруызының негізгі құрам бөлігі. Фосфор
өсімдіктердің дәнінде, жануарлардың сүтінде, қанда, ми мен жүйке
ұлпаларында кездеседі. Мысалы, ересек адамдардың сүйегінде 600 г,
ет ұлпасында 56 г, жүйке жүйесінде 5 г-ға дейін фосфор болады.
Осындай фосфаттар сүтқоректілер қаңқасына беріктік қасиет береді.
Жануарлар мен адамдар фосфорды өсімдік арқылы қабылдайды. Фосфор
қосылыстары тіршіліктегі барлық зат алмасу процестеріне
қатысады.
Алынуы
Бос күйіндегі фосфорды алу үшін табиғи фосфатты электр пеште
кремний (IV) оксиді мен көмірді қосып қыздырады. Бөлінген фосфордың
буын су астында ақ фосфор Р( түрінде бөліп алады. Реакция
теңдеуі:
Са₃
(РО₄)₂+
3SiО₂
+ 5С =
3CaSiО₃
+ 5CО↑ + 2Р
Физикалық қасиеттері
Фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропиялық түрөзгерісін
түзеді. Оның маңыздылары — ақ және қызыл фосфор. Ақ фосфор улы жөне
тез тұтанатын болғандықтан аса ұқыптылықты қажет етеді. Оның буымен
демалуға болмайды. Ақ фосфорды шыны ыдыста, су астында, сыртынан
құм салынған металл банкаға орналастырып сақтайды. Ақ фосфор ауасыз
кеңістікте қыздырғанда қызыл фосфорға, ал жоғары қысымда к, қара
фосфорға айналады. Қара фосфор аз кездеседі (20 - сурет). 6 -
кестеде ақ жөне қызыл фосфордың қасиеттері салыстырмалы түрде
берілген.
Химиялық қасиеттері
Фосфор тотықтырғыш (азоттан темен) және тотықсыздандырғыш қасиет
көрсетеді. Тотықсыздандырғыш ретінде оттекпен және белсенді
бейметалдармен реакцияға түседі. 1. Фосфор оттекте жанып,
пентаоксид түзеді:
Ақ және қызыл фосфордың негізгі қасиеттері
Ақ фосфор
Ақ түсті кристалл зат, тығыздығы 1, 83 г/см3.
Қараңғыда жарқырайды.
Кәдімгі жағдайда 30 — 40°С температурада ауадағы оттекпен
тотығады.
От алғыш қауіптілігіне байланысты су астында сақтайды.
Суда ерімейді, күкірткөміртекте ериді.
Өте қауіпті, улы!
44°С - та балқиды, 280°С - та қайнайды
Қызыл фосфор
Аморфты зат, кристалды емес, тығыздығы 2, 20 г/см3.
Қараңғыда жарқырамайды.
Ауадағы оттекпенен 260'С - та тотығады.
Отқа қауіпті емес. Қыздырғанда оталады.
Суда да, күкірткөміртекте де ерімейді.
Улы емес.
400°С - та балқиды.
2. Фосфор металдармен фосфидтер түзе әрекеттеседі:
Мырыш фосфиді — зиянкес кемірушілермен күресуде қолданылатын
препарат.
1. Реакция жағдайына байланысты фосфор хлормен (70°С) әрекеттесіп,
фосфор трихлоридін РСІ₃ және 300° С - та фосфор пентахлоридін
РСІ₅
түзеді:
2. Фосфор сутекпен әрекеттесіп, фосфин РН₃ түзеді:
Фосфин РН₃
— түссіз, ерекше иісі бар,
өте улы зат. Аммиакқа қарағанда негіздік қасиеті әлсіз. Шырпының
басына жанғыш заттар — күкірт пен бертолле тұзының қоспасы
жағылады. Қораптың жақтауына қызыл фосфор мен шыны ұнтағы желіммен
отырғызылады. Шырпының басын қорапқа үйкегенде, қызыл фосфор
бертолле тұзынан от алып, тез тұтанады (21 - сурет). Реакция
теңдеуі:
4Р + 5O₂
= 2Р₂O₅ оттегімен оксид түзеді
2Р + ЗСl₂=
2РСl₃
галогендермен галогенидтер
береді
2Р + 3S = P₂S₃ күкіртпен сульфид түзеді
ЗСа + 2Р = Са3Р₂ металмен фосфид түзеді
Қызыл фосфор сіріңке өндірісінде, пиротехникада және фосфор
қышқылын алуға пайдаланылады. Фосфор ауыл - шаруашылық
зиянкестерімен күресу үшін қажет улы химикаттар алу үшін
қолданылады.
Фосфордың ақ және қызыл түрөзгерісі бар. Ақ фосфор химиялық
белсенді болып келеді. Сондықтан ақ фосфорды қараңғыда су астында
сақтайды. Ақ фосфорды ауасыз ортада қыздырса, қызыл фосфор алынады.
Қызыл фосфор сіріңке өндіруде, пиротехникада қолданылады. Фосфор
жай және күрделі заттармен әрекеттеседі. Қазақстанда фосфор
шикізатының қоры Жамбыл (Қаратау) және Ақтөбе (Шилісай)
облыстарында бар.
Фосфор сіріңке және улы химикаттар өндірісінде пайдаланылады.
Ақ, қызыл фосфор Н3РО4 алуда, жанғыш қоспалар дайындау үшін
қолданылады.
P+5HNО₃
конц = Н₃ РО₄+5NО₂↑
+Н₂О
Бекіту сұрақтары
1.Фосфор,Фосфор (V ) оксиді,фосфор қышқылындағы фосфордың тотығу дәрежесі
2.Фосфиннің формуласы,тоығу дәрежесі,физикалық қасиеті
(РН3, -3,түссіз исібар өте улы зат)
3.Фосфордың қандай түр өзгерістері бар?
(Ақ,қызыл қара фосфор )
4.Кемірушілерге қарсы қолданатын мырыш,алюминий фосфидтерінің теңдеулерін жаз
Zn 3P2 , AL P
5.Фосфордың мына тұздарын ата:
Мg3(PO4 )2,ВаНРО4, Мg(Н 2PO4 )2, Nа 2НРО4 К 2NaРО4 , КН 2РО4
6.Азот пен фосфордың ұқсастығы айырмашылығын сипатта
(бос күйінде кездеспейді, Фосфин улы тез тотығып кетеді
7.Фосфор қышқылы азот және күкірт қышқылымен қандай ерекшелігі бар ?
(қатты,ұшпайтын,мөлдір кристалл зат,суда нашар ериді)
НN О3 –(тұншықтырғыш иісті ылғалды тез сіңіреді )
H2 SO4 – (Май тәрізді ауыр сұйықтық,сумен бұрқырап қайнайды )
8) Қандай азық-түлік фосфорға ең бай, фосфордың құрамы көп?
Чемпион-Р: асқабақ тұқымы 100% Р бай
2 орында ірімшік 85% Р бай
Ертегі:Мен туралы аңыз көп.Ақша жасайды,алтын деген түк емес дейді, талайды ақшамен жарылқады дейді,сенбесеңіздер. Мен-Ақбаймын,Қарабаймын және Қазбек деген сыңарларым бар.Үшеуіміз егіз болғанымызбен түріміз де ұқсамайды.
Мәселен,менің мінезім нашар,қызбалаумын,тез тұтанып шыға келемін.Өзім улы заттар қоймасында жұмыс істеймін. Екі ағам маған қарағанда момындау. Қарабай әскери адам, түтінін бұрқыратып темекі шегеді де жүреді. Қазбек-сіріңке зауытының директоры.
Менің басқа ағайындарым ауыл шаруашылығында маңызды жұмыстар атқарады.Мен және менің туыстарым кім?
(ақ,қызыл,қара фосфор )
Рефлексия
Бағалау
Үй жұмысы Тақырып соңындағы 10 - 15 есептерді шығару
Тақырыбы: Фосфор және оның қосылыстары
Өткізген: Файзуллаева Асем
Сыныбы: 9
2015-2016 оқу жылы