400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Фосфор және оның қосылыстары. Минералды тыңайтқыштар

Материал туралы қысқаша түсінік
Фосфор және оның қосылыстары. Минералды тыңайтқыштар. Фосфордың периодтық жүйедегі орны, түрөзгерістері жайлы мағлұмат беріллген. Логикалық сұрақтар, оқушыларды пәнге қызықтыру мақсатында әр түрлі әдістер қолданылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:

Фосфор және оның қосылыстары. Минералды тыңайтқыштар.

Күні: 28.11.2017ж.

Мұғалім: Байзакова А.


Сынып: 9 «Б»

Қатысқан: Қатыспағандар:


Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

Білімділік: Фосфордың периодтық жүйедегі орны, аллотропиялық түр өзгерістері физика - химиялық қасиеттері туралы білімдерін толықтырып, маңызына тоқталу.

Дамытушылық: Фосфор қышқылының химиялық қасиеттерін тұздары туралы және фосфаттар қасиеттерін ажырату.

Тәрбиелік: химиялы ұғым қалыптастыру, топтасып жұмыс жасауға дағдыландыру. Фосфор қышқылының химиялық қасиеттерін тұздарын түзу,иондарға ыдырау және фосфаттардың маңызын туралы білімдерін кеңейту.

Табыс критерийлері


Барлық оқушылар білуге тиісті: Фосфордың периодтық жүйедегі орнын, физика-химиялық қасиетін меңгереді.

Оқушылардың көпшілігі: Фосфордың аллотропиялық түрөзгерісін, химиялық қасиетін біледі.


Кейбір оқушылар : Минералды тыңайтқыштар жжәне олардың ауыл шаруашылықтағы маңызын меңгереді.

Тілдік мақсат

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Фосфин, фосфор қышқылы, фосфор оксиді, қызыл фосфор, ақ фосфор

Сабақта диалог/ жазылымға қажетті тіркестер.

Бұрыннан бар білімдері

Бейметалдар , азот, азот қышқылын біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған уақыт

Ресурстар

Басы

2 мин

8мин


Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеп сабаққа дайындығын тексеру.

Түрлі түсті стикерлермен топқа бөл

1-топ «Күкірт»

2-топ « Азот»

3-топ «Фосфор» Үй тапсырмасын сұрау: «Алма ағашы» сұрақтар қойылады.

  1. Ауаның неше пайызын азот құрайды?

  2. Азот қышқылының тұздарын қалай атайды?

  3. Азоттың сутекті қосылысы қалай аталады?

  4. Аммияктың судағы ерітіндісі халық арасында қандай атпен белгілі?

  5. Азотты ашқан ғалым?

  6. Азоттың екі валентті оксиді қандай жағдайда түзіледі?

  7. Азот бөлме температурасында қандай элементпен әрекеттеседі?

  8. Азот химиялық реакция кезінде қандай қасиет көрсетеді?

«Таза тақта» әдісі

Мына ззаттарды ата

NH3, NO2. HNO3, N2, NH3,*H2O, NaNO3, KNO2, NaNO2









Стикерлер


Орта

25мин


Миға шабуыл

Күнделікті өмірде қолданылатын сіріңкенің құрамын білесіңдерме?

Фосфорды алғаш ашқан Гамбургтік алхимик Геннинг Бранд (1966ж)

Басқа алхимиктер тәрізді Бранд қарттарды жасартып, сырқаттарды жазатын өмір элексирімен мен асыл емес металдарды алтынға айналдыратын философиялық тасты табуға әрекет жасады. Брандты алға жетелеген адамдардың қамы емес, оның байлыққа құмарлығы болды. Бір тәжірибенің барысында ол зәрді буландырып, алынған қалдықты көмір және құм қосып, буландыруды жалғастырды. Кейін реторта да қараңғыда жарық шығаратын зат түзілді. Бранд мұны «суық от» немесе «менің отым» деп атады. Бірақ ол қартты жасартпады, қорғасынды алтынға айналдырмады. Бірақ оның қыздырусыз жарқырауы ерекше әрі таңсық болды. Брандтың ойынша бұл зат кәріні жасартады, адамның өмірін ұзартады, ол жарық шығарады деп байларға сатып, көп ақшаға кенеледі. Бұл қандай зат?

Фосфор элементі

Топпен жұмыс. Джигсо әдісі

1-топ

Фосфор периодтық жүйедегі орны: 3 период, 5 топтың негізгі топшасы негізгі топшасы.

Электрондық құрылысы: 1s22s22p63s23p3

Тотығу дәрежесі: -3,0,+3,+5

Химиялық таңбасы: Р

Реттік нөмірі: 15

Атомдық массасы: 31

2-топ Фосфордың табиғатта кездесуі және биологиялық маңызы. Химиялық қасиеті. Ақ, қызыл, қара фосфор

3-топ

Минералды тыңайтқыштар және оларды қолдану. Тыңайтқыштар дегеніміз өсімдіктер тіршілігін қолдайтын элемнттері бар суда еритін қосылыстар. Қоректік элементтерінің табиғатына қарай тыңайтқыштар үшке бөлінеді: азотты, калийлі, фосфорлы

Сергіту сәті: Логикалық сұрақтар

  1. «Пломба» сөзінің химияға қандай қатысы бар?

  2. Үстелдің, тоңазытқыштың, тартпаларындағы жағымсыз иістерді жою үшін әйелдер ағаш көмірдің кесектерін салып қояды, көмір қандай рөл атқарады?

  3. Ауырған жерлерді балауызбен, резеңкемен, алтынмен, қорғасынмен, емдейтін дәрігерлер медицинаның қай саласына қарайды?

Бекіту тапсырмалары:

«Сандарды сөйлетейік»

15, 31, 56, 600, 1669, 5,3 . Осы сандар неге байланысты екенін тауып, жауап береді.

15-фосфордың реттік нөмірі

31- салыстырмалы атомдық массасы

56- ет ұлпасында фосфор болады

600- ересек адамның сүйегінде болады?

1669- фосфорды неміс алхимигі Бранд ашты.

5- жүйке жүйесінде 5 г фосфор болады

3- фосфордың периодтық жүйедегі орны

Есептер сыры

  1. Массасы 25 г азот қышқылы бар сұйық ерітінді мыспен әрекеттескенде 2л азот (II) оксиді алынды. Оның шығымы қандай?

  2. 2 моль фосфор қышқылының массасы?

  3. Массасы 12 г Р хлормен әрекеттескенде қанша грам фосфор хлориді түзіледі?


Қорытынды: Фосфор 3 период 5 топтың негізгі топшасының элементі. Тотығу дәрежелері -3, +3, 0, +5 Оның үш түрлі түрөзгерісі болады. Табиғат қосылыс күйінде кездеседі.

Бағалау парағы

№

Аты-жөні

Алма ағашы

Таза тақта

Джигсо

Сандарды сөйлетейік

Есептер сыры

4-5

3-4

2-3

1








2








3








4








5








6








7









Рефлексия

Үйге тапсырма: 21-22 оқу. 102 беттегі А және В тапсырмасы











Видеоролик

Слайдпен жұмыс






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
12 қараша
1497
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі