Материалдар / Фотоүйірме бағдарламасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Фотоүйірме бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша білім беру ұйымдарының қосымша білім беру педагогтарына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2018
689
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Жәнібек аудандық білім беру бөлімі

Мектептен тыс жұмыстар орталығы





















«Фото» үйірмесінің

БАҒДАРЛАМАСЫ

9 - 16 жастағы білім алушылар үшін

Бағдарлама жүзеге асырылатын мерзім 1 жыл











Өтепбергенов Мақсат Манарбекұлы

Қосымша білім беру педагогы



Жәнібек ауылы

2016-2017 оқу жылы



ХХІ ғасыр технологиясы. Графика әлеміне саяхат.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Халқына Жолдауында «2050 жылы әлемін дамыған 30 елінің қатарына кіру» туралы ел дамуының ұзақ мерзімді жоспарын жариялады. Жоспар 2050 жылға дейінгі қалған жеті бес жылдыққа бөлінді, олардың әрқайсысы ортақ мақсатқа қол жеткізу мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Екінші тұжырымдама бойынша келесі бес жылда Қазақстан ұялы байланыс және мультимедиалық, нано және ғарыш технологиялары, робототехника, гендік инженерия, ғылыми-зерттеу және болашақ энергиясын ашу салаларының негізін құру керек.,

Ғылымның жаңа бағыттарын игеру үшін біз бүгіннен бастап мамандарды дайындауымыз керек. Сондықтан Қазақстан мұғалімдерінееең маңызды міндет жүктелген-сыни ойлау дағдылары қалыптасқан, өз бетінше ақпаратты іздеп, терең талдау жасай алатын жас ұрпақты тәрбиелеу.

        Қазіргі таңдағы ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін жаңа технологияларды пайдалану қажет. Осы тұрғыда графикалық бағдарламалардың қолдану аясы да кеңінен таралып келеді. Компьютерлік графика әр түрлі жарнама агенттігінде, әсемдеуші бюрода, редакция және баспаханаларда қолданылады. Графика арқылы өте күрделі суреттерді құрайды, электронды құжаттарда қолданады, объектілердің моделі мен құрылысын зерттейді. Компьютерлік графика өте қарқынды дамып келе жатқан ғылыми индустрия. Сондықтан компьютерлік графикамен жұмыс жасауды кез - келген пайдаланушы білуі керек. 

         Бұл бағдарламада Adobe Photoshope бағдарламасының дұрыс бағытта қолданылуы қарастырылып, оның тиімділігі мен мүмкіндіктеріне тереңінен талдау жасалынады.

         Бағдарлама оқушыларға Adobe Photoshope графикалық редакторының  түрлерін, олардың қолданылуын анықтауға  көмектеседі және бейнелермен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыруға көп көңіл бөлінген. Графикалық бағдарламаларды пайдалану арқылы сурет салу және көркемдеу, безендіру жұмыстарын орындауда оқушы графикамен жұмыс жасау және программаның көмегімен құрылатын күрделі иллюстрациялардың маңызы жайлы түсінік алады.

         Adobe Photoshop бағдарламаcында кез келген тапсырманы орындауға арнайы құрал-жабдықтары жәрдемдеседі. Осы құрал-жабдықтарды қолдану жолдарын, бейнелерге түрлі эффектілерді пайдалану жолдарын үйренеді.


Бағдарлама бір жылдық оқытуға есептелген (144 сағат). Сабақтар екі сағаттан аптасына екі рет өткізіледі. Оқушылардың жасы 9-16 жас.



Бағдарламаның негізгі мақсаттары:


1. Adobe Photoshop программасында жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру; заман талабына сай  компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін еркін пайдалана білуге үйрету; нәтижелі жұмыс жасауға баулу; оқушыларға білім алудың қарапайым түрлерін қолдана отырып, графикалық редакторлардағы жаңа ұғымдармен таныстыру, көркемдеу, безендіру жұмыстарын орындауда құрал-жабдықтардың қызметтерін есінде қалатындай етіп қабылдауға үйрету.

2. Жанашырлық, мейірімділік пен әділдік тәрізді адамгершілік санат негізінде эстетикалық  талғамын  қалыптастыру,  нәтиже  алуға және  уақытты  үнемдеуге  дағдыландыру. өз білімін пайдалану, өз көзқарасын білдіру, шешім қабылдау және ол үшін жауапты болуға, отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін нығайтуға тәрбиелеу.

3. Графикалық  бейнелеу  жұмыстарын  орындау арқылы   бейнелік  ойлау  қабілетін  дамыту, графикамен жұмыс жасау маңыздылығын терең түсіну, қызығушылықты қалыптастыру; оқушыларға жаңа білім бере отырып, ой-өрісін жан-жақты дамыту.








Бағдарламаның негізгі міндеттері:


Бағдарламаны үйрету арқылы оқушылардың танымдық, біліктілік қабілеттерін дамыту;

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, кәсіби бағдар беру.

Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын дамыта отырып, кәсіби маман болып қалыптасуына ықпал жасау;

Алдыға қойылған мақсат нәтижеге бағытталуы қажет.

Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауға дағдысын қалыптастыру.



Бағдарламаны оқу барысында оқушылар біледі:


Бейнелермен жұмыс жасау жолдарын;

Олардың маңызын, қасиетін, қолданылуын, графика  ұғымын сараптай Adobe Photoshop бағдарламасын терең зерттеп, олардың күрделі командаларын орындай біледі;

Adobe Photoshop бағдарламасының құрал-саймандарының қызметін біледі.



 

Күтілетін нәтиже:


Оқушылар қабілетіне қарай мемлекеттік стандартқа сай сапалы білім алады.

Проблеманы көре алатын және оны шеше алатын, барлық ақпарат түрлерімен жұмыс істеп, алған білімдерін өмірде кездескен нақты жағдайда пайдалана алатын тұлға қалыптасады.

Оқу үрдісінде репродуктивтік, эвристикалық және зерттеушілік тапсырмаларды қолдану оқушылардың белсенділігін арттыру.

Өз заманына сай білімді, іскер, шығармашыл,  жан-жақты дамыған, терең білімді шығармашыл тұлға қалыптастыру.




Тақырыптық жоспар




Сабақ тақырыбы

Сағат саны


Өтетін күні

Барлығы

Теория

Іс-тәжірибе


1

Кіріспе сабақ

2


2



2

Компьютерлік графика: векторлық, растрлық және фракталды.


4

2

2


3

Adobe Photoshop бағдарламасымен танысу.

4

2

2


4

Сурет салу құралдарының қолданылуы.



4

2

2


5

Бөлектеу құралдары

Толтыру құралдары


4

2

2


6

Сурет салу және құйып боя құралдары

4

2

2


7

Редакциялау құралдары

Мәтінді редакциялау құралдары


4

2

2


8

Мәтін эффектілері. Мәтінмен жұмыс. Эффектілер құру



8



8


9

Бейнені коррекциялау

4

2

2


10


Бейненің көзге шағылуы

Түрлі түсті модельдер, палитра


8



8


11

Бейне өлшемінің өзгеруі, айналу



6



6


12

Текстуралар. Әртүрлі текстуралар құру.


6


2


4


13

Көлемді имитациялау. Бейнелерді өңдеу негіздері.


4

2

2


14

Түрлі эффектілер қолдану. Күрделі бейнелер құру.


4

2

2


15

Фотосуреттермен жұмыс жасау.

Өз фотосуреті бойынша фотомонтаж құру.


8



8


16

Фильтрлер. Фильтрлермен жұмыс жасау жолдары.



8


2


6


17

Коллаж жасау.

4

2

2


18

Adobe Photoshop ортасында мәтіндер мен фотосуреттерге стильдерді пайдалану


6



6


19

Коллаж құру және оның тәсілдері.


4

2

2


20

Видеомонтаж құру.

4

2

2



21

Видеомонтаж құруға арналған бағдарламалар.

4

2

2


22

Windows Movie Marker бағдарламасымен танысу.

4

2

2


23

Бағдарламаға фотосуреттер енгізу.


4


2


2


24

Бейне көшулер мен бейне әсерлер еңгізу. Бейне ортасына мәтін енгізу.


8



8


25

Pinnacle Studio бағдарламасымен танысу.


4


2


2


26

Бейнероликке музыка енгізу.

4

2

2


27

Бейне форматын жөндеу.

4

2

2


28

Бейнероликтерді қосу. Бейнероликтерді кесу.

4


4


29

Шығармашылық жұмыс

4

2

2


30

Қорытынды шығару

4

4




Барлығы

144

48


96




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!