Материалдар / Функционалдық сауаттылығын арттыру

Функционалдық сауаттылығын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету,  яғни, білім алушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады




Сабақта оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану


Мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру барысында тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланып, сапалы білім беру, өмірге бейім тұлға қалыптастыру.

Міндеттері:

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау;

Оқушылардың білім сапасын арттыру үшін қолданылатын жаңаша әдіс-тәсілдерді меңгеру, игеру.

Түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім алушылардың өз бетінше ізденудің тиімді жолдарын анықтау.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізгі бөлігі болып табылады. Әлемнің дамыған елдер қатарына ену үшін маңызды осы стратегиялық міндеттерді шешу жағдайында тұлғаның шығармашылықпен ойлауы мен мәселелерді  жаңаша шешім табу қабылдау қабілеттері, кәсіби жол таңдау білігі, өмір бойы ізденіп білім алуға дайындығы, яғни бүгінгі жаһандану заманының ағымына сай болу  – оның басты функционалдық қасиеттері болып табылады. Аталған функционалдық біліктер колледж және отбасында қалыптасады.

«Функционалды сауаттылық» колледждегі білімінің күнделікті өмірінде және болашақтағы көп қырлы қызметінде кездесетін тұрмыстық қоғамдық, әлеуметтік экономикалық проблемаларды шешуде табысты қолдана алуын қамтамасыз етеді. Функционалдық сауаттылық білім алушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде колледждегі білім мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді.


Күтілетін нәтиже:

  • Функционалдық сауатты  білім алушылар рухани бай, кітап оқуға құштар, ұлттық құндылықты бағалай біледі;

  • Келешек өмірге дайын, өмірде табысқа өздігінен қол жеткізе алады;

  • Бәсекелестіктің озық нышандарының бірі сауатты тұлға болып қалыптасады;

  • Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал ететіндей алған білімін практикада қолдана алады.


Оқушылардың функционалдық сауаттылығы дегеніміз  оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету,  яғни, білім алушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.

Функционалдық сауаттылық қалыптастырудың әдістері

1.Мән беріп оқыту технологиясы

2.Диалогтік оқыту

3.Сұрақ-жауап әдісі

4.Ойын түрлері

5.Блум жүйесі

Сабақта функционалдық сауаттылықты арттыру жолдарын пән оқытушысы білім алушылардың назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет.

Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату,білім алушылардың бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы, алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді.


Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда басшылыққа алынатын сапалар:

  • белсенділік;

  • шығармашылық тұрғыда ойлау;

  • шешім қабылдай алу;

  • өз кәсібін дұрыс таңдай алу;

  • өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.



Функционалдық сауаттылықтың мазмұны







1. Тапсырма «Жоба әзірлеу» әдісі

Қатысушылар екі топқа бөлінеді. «2024-2025 оқу жылында оқушылардың сабаққа қатысу көрсеткішін 100 % көтеру» атты тақырыпта жоба әзірлеу тапсырмасы беріледі. Берілген тақырып бойынша ақпараттарын әр түрлі композициямен плакатқа түсіреді, шешу жолдарын көрсетеді, топ алдында қорғайды.


Бағалау критерийлері:

Заман талабына сай,сапалы білім берілетін критерийлер ұсынады;

Әр топ кемінде 5 ұсыныс ұсынады.


2. Тапсырма «Жағдаяттық жаттығулар» әдісі

Қатысушылар мәтінді оқып, көп нүктенің орнына сөздерді жазып, пікірін жеткізеді.

1-топ. 10 сыныпта оқитын оқушылардың сабаққа қатысу көрсеткіші қыркүйек айында 85% жетті,ал қазан айында күрт 30% түсті,себебі ... ,қалған оқушылардың 15% келесі себептермен .... сабаққа қатыса алмайды.

2-топ. Сабақ барысында екі оқушы белгілі бір себептермен ерегесіп қалады, сіздің мұғалім ретіндегі іс-әрекетіңіз ..., бес минуттан кейін рациядан,- «облыстық білім бөлімінің әдіскерлері ОӘК тексеруге келді» деген шұғыл хабарлама келді, өкінішке орай сіздің құжаттарыңыз дайын емес,бірақ ... деп тексерістен оңай құтылып кетесіз.


Бағалау критерийі:

Мәтіннің мағынасын түсініп, мағынасына сәйкес сөзді орнымен қолдана алады;

Қатесіз жазады (3 қате есептелмейді).



Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Қоршаған әлемде және табиғатта болып жатқан құбылыстарды түсіну, салыстыру, талдау, жіктеу, жүйелеу, жалпылау білік, дағдыларын меңгерту мақсаттары көзделгенде ғана білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға болады. Ол үшін күнделікті оқыту үдерісінде әрбір пәннен берілетін теориялық білімді өмірдегі жағдайлармен байланыстырып, практикалық жағына бағыттап отыру керек.

Осы орайда ұлы ұстаз Абайдың: «Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» деген дана сөздерінен адам табиғатының, болмысы мен танымының қалыптасуының өзі осы ізбен жүретінін байқауға болады. Егер оқу үдерісі, білім алушыларға білім, білік, дағдыларды игерту осы ұстанымға негізделсе, нәтижелі болатыны анық.

 


Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі