Функционалдық сауатылықты арттыру
жолдары
Акбаева Замзагул Темировна
№68 МИББ кешені математика пәнінің
мұғалімі
Функционалдық сауаттылық
- адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа кіру қабілеттілігі және
аса тез бейімделуі мен жұмыс істеуі.Тұлғаның оқу, ұғыну қысқа
мәтіндерді жасау және жеңіл арифметикалық амалдарды орындаудағы
қарапайым сауаттылығына қарағанда тұлғалық сауаттылықтың
айырмашылығы тұлғаның нақты мәдени ортада тіршілік ету үшін
минималды қажетті болып саналатын әлеуметтік қарым-қатынас
жүйесінде тұлғаның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін
біліктілік ,икемділік пен дағдылар
деңгейі.
Бүгінгі жаһандану дәуіріндегі
заман ағымына ілесіп отыруы үшін адамның мамандығына ,жасына
қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы
қажет.
Басты мақсатымыз жалпы білім
беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және
рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру,оның әлемде
әлеуметтік бейімделуі болып табылады.Мұндағы басшылыққа алынатын
сапалар :белсенділік ;шығармашылық тұрғыда ойлау;шешім қабылдай алу
;өз кәсібін дұрыс таңдай алу;өмір бойы білім алуға дайын тұруы
болып табылады.Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында
қалыптасады.Функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары
2011-2020 жылының бағдарламасында айқын көрсетілген.Елбасы
Н.Ә.Назарбаев : «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену
үшін заман талабына сай білім қажет.Қазақстанды дамыған елдердің
қатарына жеткізетін,терезесін тең ететін –білім » екенін айта келіп
,ол үшін «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне
сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» ,-деп білім беру
жүйесін жетілдіру мәселесін алға қойған болатын.Қазіргі білім беру
жүйесінің негізгі мақсаттарының бірі-білімді,бәсекеге
қабілетті,функционалдық сауатты,алған білімін шынайы өмірде
өзін-өзі жүзеге асыруға қолдана білетін тұлғаны
тәрбиелеу.
Жалпы ,білім жүйесінде
ақпараттық технологиялардың тереңдеп енуі оны оқыту әдістемесін
ғана емес ,мазмұнын да өзгерте бастады..Математика саласында
математикалық әдістер мен математикалық ойлау ғана емес ,жалпы
ғылыми дүниетанымы да жаңаруда .Мектепте математикалық білім беру
мазмұнын жаңарту мен оны оқыту әдістемесін жетілдіруден бұрын
математикалық білім беру сапасын жолға қоюымыз қажет.Сондай-ақ
математикалық білім беру ,математикалық сауаттылыққа түгелдей
тәуелді.Ендеше математикалық білім беру туралы әңгімені
математикалық сауаттылық мәселесінен бастауымыз керек.
«Сауаттылық»термині білім,білік ,дағды мазмұнын бағалаудың кеңдігін
көрсетеді.
Математика сабағындағы негізгі
сауаттылыққа мыналар жатады :
-Математика ғылым болмысынан
балама ұғымдар.Сондықтанда математика барлық ғылымдардың логикалық
негізі – күре тамыры ретінде
қарастырылады.
-Математика ең алдымен
оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және
оны шыңдай түседі.
- «Математикалық сауаттылық »
ауызша,жазбаша қабілеттерін қалыптастыру арқылы оқушының
«математикалық сауаттылықты» меңгере білу қабілетін
шыңдайды.
-Математика әлемде болып
жатқан түрлі құбылысты ,жаңалықты дұрыс қабылдап ,түсінуге
көмектеседі.
-Математиканың болашақ тұлғаны
моральдық,эстетикалық және этикалық тұрғыдан қалыптастыруда да
тәрбиелік мәні бар.Математикалық сауаттылықты қалыптастыру үшін
:теорияны білу ,оны логикамен ұштастыру ; есепті шығаруда тиімді
жағын көруге баулу ;математикалық сайыс сабақ ,пән кеші,
апталықтарды математиканың даму тарихымен байланыстыру қажет.Біздің
заманымыз ғылым мен техниканың ғарыштап дамыған кезеңі .Оқушылардың
функционалдық сауаттылығын арттыру үшін мынадай жұмыстар
жүргізуіміз қажет :
-Сабақ берудің жаңа
технологиясы негізінде құрастырылған сабақтың әр тарауы ,әр
тақырыбы бойынша «білу-түсіну-қолдану- тұжырымдау» деңгейлік
тапсырмаларымен жүйелі жұмыс жасауды күшейту ; сабақта практикалық
мазмұнды есептерді ,әртүрлі форматтағы тест тапсырмаларын
,стандартты емес жағдайларда білімді қолдануға арналған қызықты
есептершығарту ; математика пәні сабақтарында ,таңдау курстарында
алған білімдерін өмірмен ұштастыруға ,оны практикада қолануға
,логикалық есептер шығаруға үйрету; жаңа технологияның тиімді
әдіс-тәсілдерін ұрпақтың бойына сіңірте білу ұстаздардың басты
міндеті.
Жаңа технологияның тиімділігі
сол ,оқушы: мақсат қоюға үйренеді; есте сақтау қабілеттері
дамиды;басқалармен бірігіп жұмыс жасайды;кітаппен жұмыс жасауға
үйренеді;қатарынан қалмауға тырысады; дарынды оқушылар өз
қабілеттерін одан әрі бекіте түседі; әлсіздер оқуға ниет білідріп
,өзіне деген сенімсіздіктен арылады;өздігінен жұмыс істеуге
дағдыланады.Мұғалім ; жүйелі тапсырма беруге ұмтылады ;оқушыны
жан-жақты танып біледі; қарым-қатынас орнатады; оқушылардың өзара
әрекеттесуіне жол ашады;оларға шығармашылық еркіндік
беріледі.
Оқушылардың математикалық
сауатттылығын қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда мектептеріміздің
және мемлекетіміздің білім саласында тұрған басты мәселенің бірі
болып табылады.Себебі оқушының кез-келген сабаққа қызығушылығы
болмаса ,онда оның алған білімі тұрақты болмайды.Олай болса ,
«Математиканың қорғанын күштілер мен батылдар ғана бұза алады »
деген ұранды ұстана отырып,жалықпай ,үлкен төзіммен ,алдымызға
келген шәкірттерге олардың жеке тұлға болып қалыптасуына ,жақсы
тәрбие ,терең білім беру үшін аянбай еңбек етейік
демекпіз.
Қолданылған әдебиеттер
:
-
«Бәсекеге қабілетті жеке
тұлғаны даярлау бағытында математикадан білм беруді дамыту»
./Баяндама/ Н.М.Джолабаева
-
2015-2016 оқу жылында
Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында
ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы .Әдістемелік нұсқау
хат.Астана 2015.
-
Мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға
арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.