400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Функция. Функцияяның графигі. 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәні мұғалімдеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Функция. Функцияның графигі

Күні:

Сынып: 7

Мектеп: №67 гимназия

Қатысқаны:

Мұғалімнің аты – жөні: Ешпанова Әйткүл Ермекбайқызы

Сабақтың тақырыбы

Функцияны кестемен беру тәсілі

Оқу мақсаттары

7.5.1.2. Функцияның берілу тәсілдерін білу;

7.5.1.3. Функияның анықталу облысы мен мәндер жиынын табу.

Ойлау деңгейлері

Білу

Түсіну

Қолдану

Сабақтың мақсаты

Оқушылар функцияны кестемен беру тәсілімен өз білімдерін толықтырады;

Кесте бойынша функцияның қасиеттерін көрсете білу біліктілігін қалыптастырады.


Бағалау критерийі

  • Функционалдық тәуелділікті кесте арқылы толтыра білу;

  • Кестемен берілген функцияның формуласын анықтай алуы;

  • Берілген кесте бойынша функцияның анықталу және мәндер облысын, өспелі немесе кемімелі функция екенін таба алу;

Тілдік мақсат

Оқушылар функция, ордината, абсциса және координаталық жазықтық ұғымдарын тұжырымдай алады.

Функцияның анықталу облысы мен мәндер облысы, өспелі немесе кемімелі екендігін өз сөздерімен жеткізе алады.

Құндылыққа баулу

Инновациялық және индустрияландыруға негізделген экономикалық өсу

Пәнаралық байланыс

Физика пәні 7 - сынып §20. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигі.

География пәні 6 – сынып §16. Ауа температурасы

Алдыңғы білім

Функция. Функцияның формуламен берілу тәсілі

Сабақ барысы


Сабақтың басы

9 мин

Сыныпты түгендеу;

Оқу мақсатымен және сабақ мақсатымен таныстыру;

Оқушылар өткен сабақтағы термин сөздер арқылы 5 топқа топтастырылады.

Үй тапсырмасын сұрау:

«5-5-1» әдісі арқылы

5 топқа да өткен тақырып бойынша нені меңгергендері жайлы 5 ереже жазады. Одан кейін 5 ережені 5 ұғымға қысқартады. Соңында 5 ұғымды 1 ұғымға қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.

Сабаққа ынталандыру: «Сіздер кесте ұғымын қай жерде кездестіріп жүрсіздер?» - деген сұрақ оқушылардың ортасына тасталады.Осы сұрақ төңірегінде әр оқушы өз ойымен бөліседі. Соңында кесте құру үшін қандай да бір тәуелділік керек екендігіне көз жеткізеді.

Жаңа сабақты меңгеруге байланысты тақтаға кесте ілінеді

2 тапсырма берілген.

Егер у=2,2х болса, онда кестені толтырыңдар:

х

5

-3

24

-5/11

0

у







х


½

5/6



у=3х-2

4



2,5

-5


Ресурстар






Графикалық органайзер

Сабақтың ортасы

10 мин













10 мин

















10 мин

1) Жаңа сабақ түсіндіруі. Проблемалық сұрақ қою арқылы

«Ойлан, Жұптас, Бөліс» әдісі

1 топқа: Неліктен кесте арқылы функцияны беруге болады?

2 топқа : Қандай да бір функцияны беретін кесте бойынша функцияның анықталу облысын табуға болады ма?

3 топқа: Функцияның берілген кестесі бойынша функцияның өспелі немесе кемімелі екендігін қалай анықтаймыз?

4, 5 – топқа: Тақырып бойынша қорытынды жасау.

Әр топ бір – бірін «Сэндвич» арқылы бағалайды.

2 Ұсыныс

1 Сындарлы сын

1 Сұрақ

1 Жақсы пікір

2) «Кім жылдам?» ойыны. Оқушыларға жеке 3 есептер беріледі.

Әр оқушы өз есептерін шығарып, тексеру үшін жауаптарын сыныптағы қабырғалардан табады. Бұл тапсырма бір жағынан оқушыларды сергіту үшін жасалады.

№26.2(1), 26.4(1,4), 26.3(4), 26.1(1)

№26.5 (7) Кесте бойынша функцияның формуласын тауып, кестені толтырып, анықталу облысын табыңдар және функцияның өспелі немесе кемімелі болатынын анықтаңдар:

х

-3

-2

-1


1

2


у

-27


-1

0


8

27

1. Функция формуласы у=х³

2. х=-2 болғанда у=-8; у=0 болғанда х=0 болады.х=1 болғанда у=1,

у=27 болғанда х=3 болады.

2. Анықталу облысы: [-3; 3]

3. Функция өспелі ;

Дискриптор

  • Кесте бойынша функцияның формуласын анықтау;

  • Функционалдық тәуелділікті кесте арқылы толтыра білу;

  • Берілген кесте бойынша функцияның анықталу табу

  • мәндер облысын табу

  • өспелі немесе кемімелі функция екенін таба алу;

3) Жұптық тапсырма.

Әр жұпқа MS Excel электронды кестесінде келесі функциялардың кестесін толтырып, графигін салу:

Тапсырмалар оқулықтан алынбайды. Оқушылар білімін арттыру үшін оқушыларға арналған дидактикалық материалдардан сараланып алынады.

1 үлестірме кағаз. № 26.4

1.Кестемен берілген функцияның формуласын жазып, анықталу облысын тап.

х

1

2

3

4

у

3

6

9

12

2. у=3х² функциялардң MS Excel ортасында кестесін толтырып, графигін салу.

3. у=3х³ кестесін құрып, графигін сал. Өспелі функция ма алде кемімелі функция ма?


Үлестірме қағаздар

Флипчарт және маркерлер

Графикалық органайзер







Графикалық органайзер

Сабақтың соңы

6 мин

Сабақты қорытындылау.

«Функция мәндерінің лабиринті» ойыны арқылы топпен лабиринттен кесте құрастыру.

Рефлексия пирамидасы

  1. Есте сақтау керек маңызды бір нарсе

  2. Сіз көбірек білгіңіз келетін екі нарсе

  3. Сіз бұрыннан білетін үш нарсе

  4. Сіз үйренген төрт нәрсе.

Shape1

Оқушылардың кері байланысы арқылы келесі сабақ жоспарланады.

Кейінгі тапсырма

№26.4(5,6) , №26.3 тақтары


Саралау - Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Топтық, жұптық жеке жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады. Қабілеті жоғары оқушылардың тапсырмалары жеке жұмыс жүргізілген уақытта кеңейеді.

Сабақ мақсатына жету үшін тапсырмалар саралап алынады

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?










Проблемалық сұрақ қою арқылы,

“Ойлан, жұптас, бөліс” әдісі ,

Бағалау критерийлері, Дискриптор,Кері байланыс арқылы.

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау






Жаттығулар орындаған уакытта сақтау





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
788
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі