Футбол алаңының ашылу салтанаты
Өткізілетін күні: 20.08.2025ж
Өткізілетін орны: Мектеп алаңы
Қатысатындар: Мектеп әкімшілігі, ұстаздар, оқушылар
ФАНФАР
жүргізуші:
– Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және жас спортшылар!
Бүгін біз ерекше қуанышқа куә болып отырмыз. Мектебімізде жаңа футбол алаңы ашылмақ. Бұл алаң – балалардың денсаулығын шыңдап, спортқа деген қызығушылығын арттыратын үлкен қадам! Олай болса футбол алаңының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
ГИМН
(Барлығы Қазақстан Республикасының Гимнін орындайды)
жүргізуші: – Футбол алаңы – тек жасыл шөп емес, ол – жеңіс рухы, достық пен ынтымақтың алаңы. Осы жерде талай гол соғылып, талай армандар орындалады!
жүргізуші: – Спорт – денсаулық кепілі. Футбол – әлемді біріктірген ойын. Бүгінгі жаңа алаңнан талай жеңістер бастау алады деп сенеміз!
Олай болса, лента қию рәсімі бүгінгі футбол алаңы ашылу салтанатының құрметті қонағы ардагер ұстаз Ешмұхан Мұханбетқали Қонғанұлына беріледі.
(Қонақтар салтанатты түрде лентаны қиып, футболшылар алаңға шығады)
Шашу шашылады.
Құттықтау сөз М. Қ Ешмұхан жалғастырады.
жүргізуші:
– Футбол алаңы – тек ойын орны емес, ол – достықтың, тәртіптің, жеңістің мектебі!
жүргізуші: Мектеп-лицейі ұстаздарының орындауында
«Қазақстаным-мекенім» әнін қабыл алыңыздар!
жүргізуші: Футбол-әлем тілінде сөйлейтін спорт. Ол бізге достықты, батылдықты, жеңіске деген жігерді үйретеді. Бүгінгі матч соның айғағы болсын!
Жас футболшылар арасында жолдастық кездесуді дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, футбол алаңының жетекшісі Тлеубергенов Арслан Қанатұлы өткізеді.
(Жас футболшылар қысқа достық матч бастайды.)
жүргізуші:
– Қадірлі қауым! Бүгінгі ашылған футбол алаңынан ертеңгі чемпиондар өсіп шығуына сенеміз. Футбол алаңы құтты болсын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Футбол алаңының ашылу сценарийі
Футбол алаңының ашылу сценарийі
Футбол алаңының ашылу салтанаты
Өткізілетін күні: 20.08.2025ж
Өткізілетін орны: Мектеп алаңы
Қатысатындар: Мектеп әкімшілігі, ұстаздар, оқушылар
ФАНФАР
жүргізуші:
– Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және жас спортшылар!
Бүгін біз ерекше қуанышқа куә болып отырмыз. Мектебімізде жаңа футбол алаңы ашылмақ. Бұл алаң – балалардың денсаулығын шыңдап, спортқа деген қызығушылығын арттыратын үлкен қадам! Олай болса футбол алаңының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
ГИМН
(Барлығы Қазақстан Республикасының Гимнін орындайды)
жүргізуші: – Футбол алаңы – тек жасыл шөп емес, ол – жеңіс рухы, достық пен ынтымақтың алаңы. Осы жерде талай гол соғылып, талай армандар орындалады!
жүргізуші: – Спорт – денсаулық кепілі. Футбол – әлемді біріктірген ойын. Бүгінгі жаңа алаңнан талай жеңістер бастау алады деп сенеміз!
Олай болса, лента қию рәсімі бүгінгі футбол алаңы ашылу салтанатының құрметті қонағы ардагер ұстаз Ешмұхан Мұханбетқали Қонғанұлына беріледі.
(Қонақтар салтанатты түрде лентаны қиып, футболшылар алаңға шығады)
Шашу шашылады.
Құттықтау сөз М. Қ Ешмұхан жалғастырады.
жүргізуші:
– Футбол алаңы – тек ойын орны емес, ол – достықтың, тәртіптің, жеңістің мектебі!
жүргізуші: Мектеп-лицейі ұстаздарының орындауында
«Қазақстаным-мекенім» әнін қабыл алыңыздар!
жүргізуші: Футбол-әлем тілінде сөйлейтін спорт. Ол бізге достықты, батылдықты, жеңіске деген жігерді үйретеді. Бүгінгі матч соның айғағы болсын!
Жас футболшылар арасында жолдастық кездесуді дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, футбол алаңының жетекшісі Тлеубергенов Арслан Қанатұлы өткізеді.
(Жас футболшылар қысқа достық матч бастайды.)
жүргізуші:
– Қадірлі қауым! Бүгінгі ашылған футбол алаңынан ертеңгі чемпиондар өсіп шығуына сенеміз. Футбол алаңы құтты болсын.
шағым қалдыра аласыз













