Түркістан облысы Түркістан қаласы Ш.Ниязов атындағы жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі
Ергешов Элмурад Камилжанович
Футбол ойынының техникасы
Футбол техникасы – бұл алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін ойын кезінде қолданылатын арнайы әдіс-тәсілдер жиынтығы. Олар екі негізгі топқа бөлінеді: допсыз орындалатын техникалық тәсілдер (ойыншылардың қозғалу әрекеттері) және доппен орындалатын техникалық тәсілдер. Ойын іс-әрекеттерінің сипатына қарай, футбол техникасын алаңдағы ойыншылардың техникасы және қақпашының ойын техникасы деп қарастырады. Жалпы алғанда, футбол техникасы күрделі де, сан-қырлы әрекеттерден тұрады.
Техникалық әдіс-тәсілдер келесі реттілікпен үйретіледі: тәсілдермен жалпы таныстыру; тәсілдерді қарапайым, жеңілдетілген жағдайда үйрету; тәсілді күрделі, қиындатылған дағдайда үйрету; тәсілдерді бекіту.
Ойын тәсілдерін түрлі әдістермен үйретуге болады. Алайда, түсіндіру және көрсету сол әдістердің ішіндегі бастысы болып табылады. Мұғалім (бапкер) түсіндіру арқылы үйретілетін тәсілдің құрылымы туралы дұрыс түсінік қалыптастырады және сол іс-қимылдың ұсақ-түйектеріне тоқталмай, негізгісіне назар аударуға мүмкіндік береді. Түсіндіру тәртібі былай болуы мүмкін: мұғалім алдымен тәсілді көрсетеді, содан кейін оның мәніне назар аударып, ол тәсілдің тактикалық мүмкіндігін түсіндіреді. Оқушының бойында үйретілетін тәсіл туралы дұрыс та, нақты түсінік қалыптасу үшін, көрсету мен түсіндіру әдісін кезектестіруге болады. Тәсілмен жалпы таныстырып алған соң, оқушы оны іс жүзінде орындап көруі керек.
Техникалық тәсілдерді бекіту үшін қозғалмалы ойындар мен ойын түріндегі жаттығулар кезінде көп рет қайталау керек және сол оқу-үйрену ойындарында әрбір оқушыға нақты тапсырмалар беріледі. Міне сондықтан, сабақ кезінде нақты ойын әрекеттерін орындауға қажет арнайы тәсілдерді жетілдіруге бағытталған оқушының дербес жұмысына баса назар аударылады. Сонымен қатар, техникалық тәсілдерді шыңдау жұмыстарын, оқушылардың дене дайындықтарымен үйлесімде дамыту қажет.
Қозғалыс техникалары
Қозғалыс техникасы келесі тәсілдер тобын қамтиды: жүгіру, секіру, тоқтау, бұрылыстар. Ойын барысында қозғалыс техникасының тәсілдері түрлі үйлестірілімде жүргізіледі. Мысалы, ойында ойыншылардың қозғалу жылдамдықтары кеңінен ерекшеленеді: баяу жүрістен бастапқы ұмтылысқа дейін максималды жылдамдықпен, т.б.
Футболшылардың қозғалыстарының ерекшелігі олардың түрлі жүгіру тәсілдерін секірулер, тоқтаулар мен бұрылыстармен үйлестіре білуінде.
Қозғалыс техникасының тәсілдері мен әдістері алаңдағы ойыншы мен қақпашының допты иелік ету шеберлігімен тығыз қарым-қатынаста жүреді. Қозғалыс техникасының тәсілдерін ұтымды әрі кешенді түрде қодану көптеген техникалық мәселелерді тиімді шешуге көмектеседі.
Жүгіру – футболдағы қозғалыстың негізгі әдісі. Жүгірудің көмегімен допқа иелік етпеген футболшылар түрлі қозғалыстар жүргізеді. Сонымен қатар жүгіру допты баөылау технкасының негізгі бөлігіне жатады.
Футболда жүгірудің келесі тәсілдері қолданылады: жай жүгіріс, артына қарап жүгіру, қайшы адымдап жүгіру, қосымша адымдап жүгіру.
Жай жүгіріс тік шеп бойымен ашық кеңістікке шығатын, қарсыласты қуалайтын, т.б. әрекет жасайтын ойыншылар қолданатын жүгіру түрі. Қимыл жүйесі құрылымы бойынша жеңілатлетикалық жүгіруден айырмашылығы жоқ. Тек қашықтық, адым жиілігі мен оның ырғағында кейбір айырмашылықтар бар.
Артына қарап жүгіру негізінен допты тартып алуда қорғанушы ойыншылар қолданатын жүгіріс. Бұл жүгіру түрі сонымен қатар циклдігімен (екілік адым) ерекшеленеді.
Қайшы адымдап жүгіру қозғалыстың бағытын өзгерту, орнынан оңға немесе солға қарай жұлқа жүгіру үшін, бұрылыстардан кейін қолданылады. Ол қимыл-қозғалыстың ерекше құралы болып, жүгірудің басқа түрлерімен үйлестіріле қолданылады.
Қосымша адымдап жүгіру тактикалық мақсатты қалып қолдану үшін пайдаланылады (мысалы, ойыншыны жапқанда). Оны қимыл-қозғалыстың алдын ала фазасы сияқты қолданады, одан кейін ойын жағдайына байланысты түрлі қозғалыс теникаларын қолданады.
Секірулер – оларды тоқтау мен бұрылыстардың кейбір тәсілдерін орындау үшін қолданады. Секірулер жекелеген соққы әдістерінің, допты кеудемен, аяқпен және баспен тоқтатудың, кейбір финттердің техникаларының негізгі бөлігіне жатады. Ойын барысында секірулер алға, жан-жаққа, жоғары және олармен аралас бағыттарға қолданылады. Барлық секірулерге итеріліс, ұшу мен жерге түсу фазалары тән. Секірудің екі тәсілі бар: бір аяқпен және екі аяқпен итерілу арөылы.
Бір аяқпен итерілу арқылы секіруді алдыға, жан-жақ пен жоғары жүргізеді. Олар белсенді аяқтың сермеп қозғалуымен қатар, итерілумен ерекшелініп, дене салмағын секіру жаққа ауыстырады. Жерге түсу бір немесе екі аяқпен болады. Баспен допқа соққы жасағанда көп жағдайда секірудің максималды жоғары болуы маңызды. Бұған жүгіру қарқынынан кейінгі итерме аяқтың тежеу қойылуы әсер етеді.
Екі аяқпен итерілу арқылы секіру алдыға, жан-жаққа, жоғары және олармен аралас бағыттарға жүргізіледі. Орнынан секіргенде итерілудің алдында ойынша тез тізесін бүгеді. Аяқтың белсенді түрде тіктелуі дене салмағының ойыншы жаққа қарай ауысумен және қолдың сермеуімен қатар жүргізіледі. Жүгіріп келіп қарқынмен секіргенде соңғы адымда бір аяқты тежеп қояды. Тізерлей бергенде екінші аяғы қойылады.
Тоқтаулар – қимыл-қозғалыстың бағытын өзгертудің тиімді әдісі болғандықтан қозғалыс техникасында қарастырылады. Қарсыластың орналасуына байланысты лезде тоқтағаннан кейін сол бағытта немесе қарама-қарсы бағытта жұлқына жүгіру, оңға немесе солға, доппен немесе допсыз кетіп қалу жалғасады. Тоқтаудың екі түрі қолданылады: секіру және ұмтылу.
Секіріп тоқтағанда нық тұру үшін аздап тізерлейтін, сермеу қимылын жасайтын аяғына биік емес, қысқа секірістен кейін түседі. Көп жағдайда секіріс екін аяқпен жүргізіледі.
Ұмтылу арқылы секіруді соңғы жүгіру адымының есебінен жүзеге асырады. Сермейтін аяғы өкшеге сүйеніп, біртіндеп табанмен алдыға шығады. Ұмтылумен секіру аяқтың бүгілуі арқылы екі туректі болуымен ерекшеленеді.
Бұрылулар көмегімен футболшылар мүмкіндігінше жылдамдықты төмендетпей, жүгіру бағытын өзгертеді. Бір орында тұрып бұрылған соң, келесі әрекет орындалады. Сонымен қатар, бұрылу әрекеттері соққы жасау, тоқтау, доппен қозғалу және алдау әрекеттерін орындау кезінде де қолданылады. Бұрылу тәселдерінің келесі түрлері қолданылады: аттап, секіріп, тірек аяғымен бұрылу. Ойын жағдайына қарай, бір қапталға және артқа бұрылу әрекеттері де қолданылады. Олар бір орында және қозғалыс кезінде орындалады.
Аттап бұрылу қажет бағытқа бұрылу үшін 2-3 қысқа адыммен іске асырылады.
Қозғалыс бағытын жылдам және күтпеген жағдайда өзгерту үшін, секіріп бұрылу әдісі қолданылады. Секіріп бұрылуды, бұрылатын жаққа аяқпен белсенді итеріліп орындайды. Сермеу аяғының табаны да сол бағытқа қарай бұрылады. Секіру әрекеті биік емес, бірақ кең адыммен орындалады.
Тірек аяғымен бұрылудың екі түрі бар. Бірінші нұсқасында бұрылу бағытынан алыс тұрған аяқпен орындалады. Ойыншы ауырлық орталығын (АО) тірек аумағынан шығарады да, тірек аяғының ұшымен бұрылу бағытына бұрылады. Екінші нұсқасында бұрылу әрекеті қозғалыс бағытына жақын орналасқан аяқпен, дененің АО бұрылатын жаққа ауыстырып орындалады. Ауысатын аяқтың адымы, тірек аяғының алдынан қайшылай өтіп орындалады. Бұрылу әрекеті сәл бүгілген тірек аяғының ұшымен орындалады.
Алаңдағы ойыншы техникасы
Допқа иелік ету техникасы бірнеше тәсілдер тобынан тұрады: соққылар, тоқтатулар, алдау әрекеттері (финттер), допты тартып алу. Сонымен қатар, допты қолмен қапталдан ойынға қосу әрекеттері де жатады.
Футболшы ойын кезінде қарсыласқа қарсы ТЕКЕТІРЕС әрекеттерді сәтті орындау үшін, «қорғану қалпы» деп аталатын қалыпты қабылдай білуі керек
Қорғану қалпы кезінде ойыншының аяқтары иық деңгейінде, тізеден сәл бүгілген қалыпта болады. Қолдары белден сәл төмен және тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі, арқа бұлшықеттері бос, ал дене салмағы екі аяққа тең түсіріледі. Қорғаушының назары шабуылшыда және алаңдағы жағдайды көзінің қиығымен қадағалап отырады. Қорғаушы сондай қалыпта кез келген бағытта қозғала және шабуылшылардың әрекеттерін жіті қадағалап, жылдам шешім қабылдай алады.
Жаттығу үлгілері:
1. Үйренуші қорғану қалпын қабылдайды және мұғалімнің белгісі бойынша аяқ ұшына көтеріліп, бастапқы қалыпқа қайта келеді.
2. Қорғану қалпын қабылдап, алға-артқа, оңға-солға жүру, содан соң дәл солай түрлі бағыттармен баяу қозғалу.
3. Оқушылар алаңның ортаңғы сызығына бір қатарға орналасады және мұғалімнің белгісі бойынша қорғану қалпын қабылдап, қақпаға дейін арқасымен жүгіре қозғалады. Үйренушілер жүгірген кезде аяқтың «шегінуші» адамдарын жасайды. Балалар мұғалімнің екінші ысқырығы бойынша, «ілгерілеуші» адымдар жасай отырып, бастапқы орынға қайта келеді.
4. Қапталдағы сызық бойына ұзындығы 30 және ені 6 м болатын «дәліз» сызылады және арнайы таяқшалардың көмегімен дәліз ішінде
зигзаг тәрізді сызық сызылады. Сондай-ақ, дәліздің арт жағында қақпа белгіленеді. Оқушылар екі-екіден бөлініп, олардың бірі шабуылшы, ал екіншісі қорғаушы қызметтерін атқарады. Мұғалімнің белгісі бойынша, алғашқы жұптың шабуылшысы зигзаг тәрізді сызық бойымен доппен қозғала отырып, алға жылжиды. Ал қорғанушы ойыншы қорғану қалпын қабылдап, артқа шегінеді (яғни, билегендей қимылдар жасап әрекет етеді). Оның міндеті – артқа шегіне отырып, шабуылшы мен арт жақтағы ені 1-1,5 м болатын қақпа аралығында болу. Алаңның ортасына келген кезде, жаттығуды келесі жұп бастайды. Жаттығуды барлық жұп орындап шыққан соң, екінші рет қайталанады, енді олар орындарымен ауысады.
Әдетте, соққы техникасын қозғалыссыз тұрған допты аяқтың ішкі жағымен тебуден бастап үйретеді (2-сурет). Балалардың игеру деңгейлеріне қарай, ол тәсілді домалап келе жатқан доппен орындайды. Аяқтың ішкі жағымен соғуды қысқа және орташа қашықтыққа тебу, сондай-ақ жақын жерден қақпаға соққы жасау үшін қолданады. Бұл соққының артықшылығы күшті орындалатындығында емес – сенімді әрі дәл орындалатындығында. Тәсілдің орындалу техникасы мынадай. Тірек аяғының ұшы, доптың ұшу мүмкін бағытымен сәйкес келуі керек. Соққы жасайтын аяқ тізеден бүгілген, соққы алдында сыртқа бұрылады және алға шығарылады, балтыр бұлшықеттері қатайтылған қалыпта болады. Аяқ доптың ортасына тиген кезде ойыншының денесі алға шығарылады. Соққы жасайтын аяқ доптың соңынан қозғалуын жалғастырады және ол қимыл «шығарып салу» деп аталады. Шығарып салу қимылы соққылардың барлық түрлерінде қолданылады.
Жаттығу үлгілері:
1. Оқушылар аяқтарын 90° бұрады да, соққы жасайтын аяқтарын сермейді. Содан соң, сол қимылды қайталайды, тек соққы жасардың алдында тірек аяғын тізеден бүгіп орындайды.
2. Оқушылар бағаннан 1-1,5 м жерге тұрып, доппен қабырғаға соққы жасайды және қабырғадан серпілген допты тоқтатады да, қайтадан қабырғаға бағыттайды т.с.с.
3. Жұптасып орындалатын жаттығу. Әр жұпта бір-бір доптан. Балалар бір-бірінен 3 м қашықтыққа орналасады да, алдымен қозғалыссыз тұрған доппен, содан соң домалап келе жатқан доппен соққы орындайды. Жаттығуды орындаған кезде бір-біріне допты дәл беруге тырысу керек.
4. Жұптасып орындалатын жаттығу. Балалар 2,5-3 м жерге бір-біріне қарама-қарсы тұрады және олардың аралығына ені 70 см болатын «қақпа» орнатылады. Балалар соққы жасап, допты қақпа арқылы өткізіп, бір-біріне береді. Сәлден соң, жаттығуды бір соққы жасап (яғни, қақпадан өтіп келе жатқан допты тоқтатпай, қайтадан соққы жасау) орындайды. Уақыт өте келе балалардың аралықтары ұлғайтылады, ал қақпаның ені сәл қысқартылады. Бұл жаттығуды жарыс түрінде өткізуге болады: әрбір дұрыс орындалмаған соққы үшін ойыншыға бір айып ұпайы беріледі.
5. Алаңға диаметрі 10-12 м болатын шеңбер сызылады және балалардың бірі шеңбердің ортасына орналасады. Қалғандары шеңбердің сыртына орналасады. Шеңбердің ортасындағы ойыншы сырттағы балаларға кезегімен пас береді. Допты қабылдаған бала алға бір адым жасап, аяқтың ішкі жағымен соғып, допты қайтарады. Белгілі бір уақыттан соң ортадағы ойыншыны ауысады.
6. Дәл солай, тек ойыншылар шеңбер бойымен айналып жүреді, ал ортадағы бала пасты жүгіріп келе жатқан баланың алдына беруі керек. Допт итере-соққан кезде ойыншының алыстағы иығы сәл алға шығарылады, ал тірек аяғының ұшы шеңбер ортасындағы ойыншыға бағытталады. Белгілі бір уақыттан соң ортадағы ойыншы ауысады.
Үстермен жасалатын соққылар үстердің ортасымен, ішкі және сыртқы жағымен деп бөлінеді. Олардың барлығы түрлі қашықтыққа пас беру үшін, сондай-ақ қақпаға соққы жасау үшін қолданылады.
Үстердің ортасымен орындалатын соққы, доптың ұшуы мүмкін бағытына тура жүгіріп келіп орындалады (3-сурет). Тізеден сәл бүгілген аяқ доптың жанына қойылады, аяқтың ұшы соққы бағытына қаратылады. Соққы орындайтын аяқ артқа шығып, тізеден біршама бүгіледі де, сермеу қимылы арқылы алға шығарылады. Соққы доптың дәл ортасынан орындалады. Соққы жасайтын аяқтың ұшы төмен қаратылып, балтыр бұлшықеттері қатайтылады, кеуде алға еңкейтілген қалыпта болады. Ойыншы допты көп көтергісі келмесе, онда тірек аяғын доппен бір сызық бойында қояды да, үстінен соғу деңгейіне сәл жетпей қалатындай қалыпта соққы жасайды.
Үстердің ішкі жағымен соққы жасау тәсілін қақпаға соққы жасау үшін, түрлі қашықтыққа, сондай-ақ бір қапталға пас беру үшін қолданады (4-сурет). Тәсілдің орындалу техникасы мынадай. Тірек аяғы доптан сәл артта, бір жанынан қойылады және дене салмағы сол аяққа түседі. Соққы жасайтын аяқ тізеден бүгілген. Содан соң, соққы жасайтын аяқтың табаны сәл сыртқа бұрылады, балтыр бұлшықеттері қатайтылады, аяқ ұшы созылады. Соққы доптың төменгі жағынан жасалады. Бұл әрекет соққы бір орыннан жасалған кезде қолданылады. Ал жүгіріп келіп соққы жасаған кезде, ойыншы доптың ұшу бағытына доға бойынша жүгіріп шығады.
Үстердің сыртқы жағымен соғу тәсілі, қақпаға соққы жасау үшін және пас беру үшін қолданылады. Соққының орындалу техникасы мынадай (5-сурет). Тізеден сәл бүгілген тірек аяғы доптың жанынан, соққы жасайтын аяққа кедергі келтірмейтіндей қашықтыққа қойылады. Соққы жасайтын аяқтың ұшы созылады, балтыр бұлшықеттері қатайтылады, ал аяқ сыртқа бұрылады. Жалпы алғанда, соққы жасау кезінде орындалатын қимылдар үстердің ортасымен соққы жасау кезіндегі әрекеттерге ұқсас.
Таянып тұрып маңдаймен соғу (6-сурет) тәсілі аяқ иық мөлшерінде, бір аяқ сәл алдыда болған қалыпта орындалады. Ойыншының кеудесі соққы жасардан бұрын артқа шалқайтылады, аяқ тізеден және тілерсек буынынан бүгіледі, арқа бұлшықеттері қатайтылады.солға беріліп, баспен шалт қимыл орындалады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Футбол ойынның техникасы

шағым қалдыра аласыз