Оқу ісінің меңгерушісі Мектеп
директоры
__________Абилов А.С.
____________Жақсыбаева С.Қ.
Ашық
сабақ
Тақырыбы:
Футбол ойыны. «Допты алып
жүру және беру, әдістерін
бекіту»
Ашық сабақ
өткізуші:
Сүиіндік
Ш.А.
Қарақойын ЖОББМ-2019/20 оқу
жылы
Футбол ойыны. «Допты алып
жүру және беру, әдістерін
бекіту»
Ашық сабақ
7-сынып
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Тұру, ауысу, допты аяқтың ұшымен беру, доппен
допсыз жаттығуларды орындау.
-
Дамытушылық:
Қозғалыс қасиеттерін дамыту (жылдамдығын, күшін,
ептілігін, шапшаңдығын, шыдамдылығын.)
3. Тәрбиелік:
Сабақтағы барлық жүктемені дұрыс орындау.
Гигиеналық талаптарды орындау.
Түрі: Түсіндіру, көрсету,
үйрету.
Әдісі: Топтық, практикалық.
Өтілетін орны:
Спорт зал.
Сабаққа керекті көрнекі
құрал-жабдықтар: Футбол доптары, суреттер, уақыт өлшегіш,
жалаушалар, ысқырық.
|
№
|
Сабақтың
мазмұны
|
уақыты
|
Әдістемелік
нұсқаулар
|
|
І
|
Дайындық бөлімі.
1.
Сапқа тұру. Рапорт беру. Сабақтың мақсатымен
таныстыру.
2.
Саптағы жаттығулар.
3. Арнайы жүріс жаттығулары: аяқтың ұшымен,
өкшемен, аяқтың сыртқы жанымен, жартылай отырып, толық отырып
жүру.
4.
Арнайы жүгіру жаттығулары: тізені жоғары көтеріп, аяқты артқа
бүгіп, аяқты алға сермеп, оң, сол жақ бүйірмен, бір аяқтан, бір
аяққа секіріп, артқа қарап жүгіру.
5.
Аяқты жиі басып жүгіру:
6.
Жүріп келе жатып секіру:
7.
Жүріп келе жатып оңды-солды секіру:
8.
Аяқты қайшылап оң жақпен, сол жақпен
жүгіру:
9. Жай бастап, жылдамдықты арттыра
жүгіру:
|
2мин
10мин
|
Тік ,түзу тұру
Ара қашықтықты сақтап
жүгіру
|
|
II
|
Негізгі бөлім.
1.
Допты алып жүру және әріптесіне беру.
2.
Көрсету, түсіндіру.
А)
Ойыншы допты қарсы тізбектегі әріптесіне, аяқтың іш жағымен беріп,
өз тізбегінің ең соңына барып тұрады да жаттығуды жалғастырады.
Жаттығуды 2-3 рет қайталау

Б) Ойыншы допты қарсы тізбектегі
әріптесіне, аяқтың іш жағымен беріп, шапшаң қозғалыста қарсы
тізбектің соңына барып тұрады да жаттығу жалғасады, 3-4 рет
қайталау.

В) Бір-біріне қарама қарсы екі тізбек,
ортасында бір ойыншы,сол ойыншы өзіне келген допты аяқтың ішіменен
береді, оған доп берген ойыншымен ширақ қозғалыста доп алмастырады:
2-3 рет қайталау.

Г) Тізбектегі ойыншылар алма-кезек допты
жіргізу, кедергілерден айналып өту, басқа ойыншыларға допты беру
жаттығуларын орындап, тізбектің соңына барып тұрады. 2-3 рет
жаттығуды қайталау.

Үйренген жаттығулармен екі жақты тапсырма
ойыны
|
4 мин
4мин
4мин
5 мин
8 мин
|
Техникалық қауіпсіз ережесін
сақтау
Допты ережемен аяқтың ішімен беру,
алу
Допты аяқтың ұшымен
тоқтату
Допты кедергіге тигізбей өту
өту
|
|
ІІІ.
|
Қорытынды
бөлімі.
-
Тыныс алуға арналған
жаттығулар.
-
Жаттығулардың орындалуына қысқа шолу
жасау.
-
Оқушыларды
бағалау.
Үйге тапсырма: қолды бүгіп жазу дамыту жаттығуы,
кермеге тартылу жаттығулары.
|
3мин
|
Оқушыларды залдан қоштасып шығарып
салу
|