Материалдар / Футбол ойынының ережелері мен мақсаты

Футбол ойынының ережелері мен мақсаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын мақсаты Команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу (гол) және өз қақпасына салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда ұтады. Егер де матчтың нәтижесінде екі команда да бірдей гол салса - тең ойын деп саналады. Бұл жағдайда тағы қосымша уақыт (15 минуттан екі тайм) берілуі мүмкін. Егер де қосымша уақыттан кейін тең ойын болса - матчтен кейінгі пенальти жүптары өткізіледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2024
252
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Футбол ойынының ережелері мен мақсаты Футбол — (ағылш. foot — аяқ, ball — доп) спорттың командалық ойын түрі. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі. Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады. Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, «Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді. Футбол ережелері — футбол ойынының бекітілген ережелері. Бұл ережелер Халықаралық Футбол Федерацияларының Кеңесі (ағылшынша IFAB — International Football Association Board) тарапынан жазылып, ФИФА тарапынан жарияланады. Ережелер топтағы ойыншылар санын, ойын ұзақтығын, алаң мен доп өлшемдерін және басқа да көптеген ойын қырларын қамтиды.

Ережелердің соңғы редакциясы (2008 жылдың 1-шілдесі) 17 тармақтан тұрады.

Халықаралық футбол ассоцияацияның (IFAB) әр түрлі деңгейде және әр түрлі футболшылар топтары үшін (мысалы, жасөспірімдер үшін, әйелдер үшін, мүмкіншілігі шектелгендер үшін, т.б.) ресми түрінде қабылданған ойын шарттарының 17 нұсқасы бар.

Әр командада максималды 11 ойыншы (қосалқы ойыншыларды санамағанда), оның біреуі - қақпашы. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды.Қақпашыдан басқа ойыншылар қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді.

Бір ойынның аты - матч, матч екі 45 минуттық бөлімнен (тайм) тұрады. Ойын арасында 15 минуттық үзілісі бар.

Ойын мақсаты Команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу (гол) және өз қақпасына салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда ұтады. Егер де матчтың нәтижесінде екі команда да бірдей гол салса - тең ойын деп саналады. Бұл жағдайда тағы қосымша уақыт (15 минуттан екі тайм) берілуі мүмкін. Егер де қосымша уақыттан кейін тең ойын болса - матчтен кейінгі пенальти жүптары өткізіледі.

Ойын алаңы

Ойын ұзындығы 100-110 м, ені 64-75 метрлік тіктөртбұрышты алаңда өткізіледі. Биіктігі 2 м 44 см, ұзындығы 7 м 32 см-лік қақпасы бар. Қақпаның сыртына тор керіледі. Футбол добының салмағы 396-453 г, диаметрі 68-71 см. Ойын шарттарын бұзушылықты фол деп атайды. Бірінші рет тәртіп бұзған үшін - сары карточка беріледі, ал екінші қайталаған үшін - қызыл карточкамен ойыншыны ойын алаңынан шығарады.

Фол (тәртіпті бұзу)

Ең жиі болатын тәртіп бұзулар Тәртіпсіздік Футболда тәртіпсіздікке:

Бәсекелесті аяқпен тебу

Аяқпен қағу

Бәсекелеске секіру

Бәсекелеске шабуыл жасау

Қолмен итеру

Бәсекелесті ұрып-соғу т.б. төбелес шығару түкіру балағат сөздер мен қылықтар т.б. жатады

Футбол ойынының қауіпсіздік ережелері

- Ойын барысында даурығып айқайлауға болмайды

Ойыншы әріптесіне белгі беруіне болады

- Допты алып бара жатқан қарсыласты қуып жеткен жағдайда оның аяғын емес, допты тебу арқылы тартып алуға болады

- Жүгіріп бара жатқан қарсыласты артынан келіп итеріп жіберуге болмайды

- Қандай жағдайда болмасын, допты алып келе жатқан қарсыласпен бетпе-бет келгенде, тек допты ғана тебу керек

- Жоғарыдағы допқа таласқанда қапрсылас ойыншыны итеруге болмайды

- Қандай жағдайда болмасын, қақпашыға тиісуге болмайды

- Ойынға төрелік етушінің ескертпесін ойыншы мүлтіксіз орындауға тиісті

- Төрешінің берген белгісін (ысқырықты) естіген бетте ойынды тоқтату керек

- Футбол ойнайтын ойыншылардың саны алаңның кең тар екендігіне байланысты болады

- Ойынға киетін спорт киімдері ауа райына қарай өзгереді

Қазіргі таңда футболға деген жастардың қызығушылығы басым. Сондықтан мектептен бастап футбол ойынының қыр-сырын, ондағы ережелерін үйрету және жаттығу жұмыстарына баланы жан-жақты дайындау керектігі кез-келген дене тәрбиесі мұғалімдерінің көздеген мақсатының бірі екенін айта өткім келеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

ҚР дене шынықтыру және спорт дамыту мемлекеттік бағдарламасы;

Волков Л. В. Физические способности детей, Киев-1981 г.;

«Мектептегі дене шынықтыру» журналдары, Алматы-2014 ж

Интернет ресурс



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ