400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Футбол оқыту процестерінің ерекшеліктері мен әдістері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Футбол туралы студенттерге толық ақпарат беру мақсатында жасалған мақала.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Футбол оқыту процесстерінің ерекшеліктері және әдістері


Футбол – әлемдегі ең танымал топтық ойындардың бірі, оның тарихы бірнеше ғасыр уақытты қамтиды. Доптың қатысуымен футболға ұқсас ойындарды Ежелгі Шығыста (Египет, Қытай), антика әлемінде (Греция, Рим), Франция елінде («па супь»), Италия («кальчио») мен Англияда ойнаған. Қазіргі еуропалық футболдың арғы тегі римдік «гарпастум» ойыны болса керек. Допты екі тіреудің ортасынан өткізуге негізделген бұл ойын кезінде әскери легионерлерді жаттықтыруға арналған спорттың бір түрі болған көрінеді.

Футбол ойынында допты тоқтау тәртіп бойынша қалыпты қозғалыстардың бірі болып саналады. Допты тоқтату толық болып саналады, егер доп тоқтап, қимылсыз жатса, толық емес болады, егер тоқтамай, тек жылдамдығын ғана азайтса. Ойында көбінесе толық емес тоқталулар қолданылады. Допты тоқтатуда табанның ішкі жағы қолданылады.

Домаланған допты ішкі табанмен тоқтату ойында көбірек қолданылады. Бұл әдіс ыңғай және оңды болып табылады. Допты өзіне қабылдаған футболшы сол мезетте-ақ допты бағыттауға дайын болып тұрады.


1.Доп әріптеске. Ойыншылар екі-екіден бөлініп, бір-бірінен 5м қашықтықта тұрады. Біреуі әріптесі лақтырған допты табан арқылы тоқтатады. Осылайша қайталана береді.

  2.Сигналмен. жаттығу қос қостан жасалады. Әріптестер бір біріне 6-7м қашықтықтықта орналасады. Біреуінде доп, екіншісінде оған теріс қарап тұрады, біріншісі оған допты тебеді. Доп жақындаған кезде дыбыс беріледі.   Теріс тұрған ойыншы тез бұрылып допты табанымен тоқтатады, соңынан орын алмасады.

  3.Үштік. Бір мезгілде үш ойыншы жаттығады. Екі ойыншы бір-бірінен 5-6 қадам қашықтықтықта кезекпен допты үшінші жаққа домалатады. Период бойынша орын алмасады.

  Бастауыш ойыншылар бұл кезде көбінесе тоқтатушы аяқты өте жоғары көтеріп жібереді. Қателіктерді болдырмас үшін жоғарыдағы жаттығуды көбірек жасау керек.

  Ойын барысында көптеген ойыншылар допты табанның ішкі жағымен тоқтатады. Сонымен қатар табан арқылы. Бірінші жағдайда тірек аяқ доп тұсымен 40см алда орналасады.

  Оқыту барысында:

  1.Допты лақтыр. Екі ойыншы жаттығады. Біреуі допты лақтырады. Екіншісі аяқпен табанның ішкі жағымен немесе табанмен допты тоқтатады. Әріптестер ара қашықтығы 3-4 қадам. Әрқайсысы 10-15 доптан тоқтатады.

  2.Серпілістен кейін. Допты, бастан жоғары тастау және серпілгеннен кейін ішкі табанмен немесе табанмен допты тоқтатады. Жаттығу 10-15 рет жасалады.

  3.Тоқтат та бер. Екі ойыншы жаттығады. Біреуі допты әріптесінің сол жағына лақтырады. Ол сол аяғының ішкі табанымен допты тоқтатады да кері қайтарады. Сонан соң оң аяғымен 10 реттен соң орын алмасады.

  4.Жүгірумен. Жаттығушылар 8м қашықтықта тұрады. Бірінші ойыншы допты әріптесінің алдына лақтырады.   Әріптесі ұмтылып, допты тоқтатадыда, соққы арқылы кері қайтарады. период бойынша орын алмасады.

  5.Бұрылыс арқылы. Жаттығушылар 8м қашықтықта тұрады. Олар кезекпен бір-біріне допты 45°-қа сонан соң 90°-қа лақтырады. Қарсы тұрған ойыншы бұрылып допты тоқтатады.

  6.Жанына ұмтылыстан соң. Екі ойыншы бірінен 10-12 қадам қашықтықта тұрады. Біреуі әріптесіне допты лақтырады. Ол ұмтылып допты тоқтатып, кері қарай лақтырады. Бірінші ойыншы допты тоқтатады.

  7.Соққыдан соң. Екі ойыншы жаттығады. Олар бір-бірінен 20 қадам қашықтықта тұрады және бір-біріне допты бағыттайды. Серпілістен соң допты ішкі табанмен немесе табанмен тоқтатады.

  Аяққа тигенде доп ойыншыдан кері серпіледі. Бұл қателік көп кездеседі. Мұны болдырмас үшін 1-2 жаттығуларды жиі орындау керек.

  Допты тоқтатқанда табанның сырқы жағымен де тоқтатады. Мұны көбіне тәжірибелі ойыншылар орындайды.

  Оқыту барысында:

  1.Имитация. Бұл допсыз қозғалыспен орындалады.

  2.Допты лақтырып. Доп лақтырылған соң оң және сол аяқпен тоқтатылады.

  3.Допты асыра. Екі-екіден ойналады. Әріптестер бір-бірінен 6м қашықтықта орналасады да допты лақтырады. Допты табанның сыртымен тоқтатады. Қашықтық біртіндеп алыстайды.

  4.Бұрылыспен. Екі ойыншы жаттығады.Біреуі әріптестің сол жағына тастайды. Ол допқа ұмтылып допты оң аяғымен тоқтатады да кері қайтарады. Период бойынша орын алмасады.

  Бастауыш футболшыларға мұнда кездесетін қиындық - ұшып келе жатқан допты тоқтату болып табылады. Бұл жағдайда доп табанның ішкі жағымен немесе аяқ өрінің ортасымен тоқтатылады. Бұл жағдац домалап келе жатқан допты тоқтататын қабылдауға ұқсас келеді. Өте жоғарыда ұшып келе жатқан допты да осы қабылдаулармен, бірақ секіріп тоқтатуға     болады.

   Оқыту барысында:

  1.Ілінген доп. Бағанаға жерден 40см биіктікте болатындай етіп доп ілінеді. Ойыншы допты табанның ішкі жағымен тоқтатуға тырысады. Доп 10см биіктікке ілініп, аяқ өрімен тоқтатуды  жаттығады.

  2.Шам. допты алдына лақтырып, түскен кезде, аяқ өрімен және табан ішімен тоқтату.

  3.Қисық траекториямен. Жаттығу жоғарыдағыдай. Ерекшеклігі, екі ойыншы бір-біріне допты қисық траекториямен лақтырады. Қашықтық  8 м.

  4.Жоғарыға лақтыр. Аяқ өрінің ортасымен жонглер жасау.

  5.Соққыдан соң. Екі ойыншы бір- бірінен 15-20 қадам қашықтықта тұрады. Бір-біріне доп лақтырады да тоқтату әрекетін жасайды.

  6.Бұрылыспен соққыдан соң. Жаттығу жоғарыдағыдай, тек ойыншылар 45°-90°-қа бұрылып жасайды.

  Мұнда кездесетін қателер ұшып келе жатқан допты тоқтатуда аяқты тез доппен соқыстыра алмау болып табылады. Мұны болдырмас үшін 1-2 жаттығуларды жиі жасау керек.

  Футбол біртіндептездетіліп бастайды. Осындай тездікте ойыншылар аяқты көтеріп допты тоқтата алмайды. Бұл жағдайда олар баспен де, санмен, ішпен де, кеудемен де  тоқтата алады.

  Оқыту барысында:

  1.Екеулеп. Ойыншылар екіден бөлініп 4м қашықтықта тұрады. Олар допты бір біріне лақтырып,и тоқтатуға әрекет жасайды.

  2.Траекторияны өзгертіп. Жаттығу жоғарыдағыдай, тек доптың ұшу траекториясы өзгеріп отырады.

  3.Допқа қарсы. Екі әріптес жаттығады. Олар  бір-бірінен 10м қашықтықтықта орналасады. Бір-біріне доп лақтырады, кеудемен ұмтылыс жасап тоқтатады.

  4.Қозғалыспен тоқтату. Жаттығушылар екеуден бөлінеді. Дыбыс бойынша олар алаңда алға, артқажүріп отырады. Біреуі допты лақтырады. Ал оны кеудемен тосып, аяққа түсіреді. Осылайша қайталай береді т.с.с.

  5.Соққыдан соң. Жаттығу жоғарыдағыдай, тек мұнда доп қолмен емес аяқ соққысымен беріледі.

  6. Серпілістен кейін. Ойыншылар екіден жаттығады. Олар жерден серпілген допты кеудемен тосу арқылы тоқтатады.

  7.Допты көтеріп тебуде. Шабуылшы А және В, қорғаушы С және Д барлығы қақпа аймағына жақын орналасқан. А допты төбеден асырып В береді. Ол допты кеудемен тоқтатып, айып алаңына  кіреді де , допты қақпаға соғады. С және Д бірінші әрекетсіз тұрады, кейін ойынға араласады.

  8.Үшбұрыш. үш ойыншы жаттығады. Олар алаңда үшбұрыш түзе орналасады. Екі ойыншыда доп бар. Олар допты 3-ші ойыншыға лақтырады. Ол кеудесімен тоқтатып  отырады.

  9. Бұрылыспен. Дәл жоғарыдағыдай орындалады. Тек допты тоқтатуда ойыншы 90-45°-қа бұрылыс жасайды.

 

2. Жаттықтырушы оқытушының психо-педагогикалық мінездемесі.

 

1. Жатттықтырушы оқытушының психо-педагогикалық мінездемесі.

2.Жас футболшылар жарысының жүйесі.

3.Балалармен,  жастармен және жасөспірімдерге қойылатын талаптар.

 

Қазіргі футболда дриблинг өте кеңінен қолданылады.   Дриблинг еркін позицияға шығу үшін қолданылады. Ал ендіру өрдің ішкі және сыртқы бөлігімен, табанның ішкі және сыртқы бөлігімен, табанның ішкі бөлігімен беріледі.

  1.Жай дриблинг. Допты түзу бойымен жай темппен әр қадам сайын аяқпен түртіп отырып беріледі.

  2.Аяқпен кезектесе. Дәл жоғарыдағыдай. Тек аяқты кезектестіріп отырып беріледі.

  3.Шеңбермен. алңда 5-6м шеңбер сызылады. Ойыншылар допты алып жүруде жаттығуды сағат тілімен – ішкі өрмен, сағат тіліне қарсы-сыртқы өрмену жасайды.

  4.Коридормен. Алаңда 25 м ұзындықта коридор белгіленеді. Ені 1 м. Осыдан шықпай допты алып жүру.

  5.Шеңбер ішінде. Алаңда  7 – 8 м диаметрлі шеңбер созылады. Оның ішіне тағы бір шеңбер. Екі шеңбердің арасы 1м. Ойыншы осы 1м арасынан шықпай,  допты алып жүру керек. Жылдамдығы біртіндеп артылып отырады.

  6.Басты көтер.Жаттығушылардан 20м қашықтықта бағана орнатылады. Дыбыс бойынша олар 5-6м интервалмен допты алға апарады.

  7.Бағытын өзгерте. Алаңда бөлімше құрылады. Ойыншылар сигнал бойынша бір-біріне соқтықпай допты алып жүре бастайды, ол үшін ойыншылар үнемі бағыттарын өзгертіп отырулары керек.

  Мұнда негізгі қате болып доп аяқтан қатты серпілуі және көзді доптан алмау. Мұны жою үшін 6-шы жаттығуды жасау керек.

  Ойын   барысында футболшылар жалған қозғалыстар да жасайды. Оның мақсаты- допты қарсыласынан сақтап қалу. Финт мағынасы футболда ерекше орын алады.

 Бастауыш футболшыларға мұны үйретуде допсыз жасалатын жаттығулардан бастаған жөн.

Жай жүгірістен соң оңға (солға) ұмтылыс жасау.

Қатты жүгірістен соң бірден тоқтап ұмтылыс жасау.

Қозғалыс бағытын үнемі өзгерте отырып ағаштар арасымен жүру.

Ұмтылыс жасау, жанына құлау т.с.с.

Бағаналар арасымен жүру.

Квадратта жүгіру. Алаңда 4 метрлік квадрат сызылып оның ішіне 8-10 жаттығушы кіреді. Сигнал бойынша барлығы араласа бастайды. Жаттығу ұзақтығы 20-30 с.

Кеудемен жалған қозғалыс жасап үйретеді.

Бағана жанында. Екі ойыншы жаттығады. 2м диаметрлі шеңбер ортасына   бағана қойылады. Ойыншының бірі аталған қозғалыс арқылы із кесушіден өтіп кетуге ұмтылады, бірақ шеңберден шығуға болмайды. Период бойынша орын алмасады.

  Финт «допты тебуге аяқпен алдамшы серпіліс» бұл финтті қарсыласпен және қарсылассыз үйренуге болады (бағана, жалау, доп қажет). Футболшы допты алып келе жатып едергіге жақындағанда 2-3 м қалғанда допты оңға қарай тебу әрекетін жасай, өзі доптың қозғалысын тоқтатпай сол жаққа қарай алып кетеді, немесе керісінше.

  Финт «жалған тоқтату». Бұл қабылдау екеуден жасалады. Әріптестер 8 м қашықтықта тұрады. Біреуі допты жолдасына бағыттайды. Оған 1,5-2 м жетпей, ол бірден тоқтап, допты табанмен жерге тірейді. Ары қарай тез арада аяқты көтеріп қозғалысты жасай береді.

  Финт «допты таста». Жаттығу екеуден орындалады. Қарсыласына жақындаған ойыншы допты оның оң жағына жүгіртіп жіберіп, өзі сол оң жағынан өтеді.

  Финт «денесімен көрсету». Ойыншы орташа темппен допты қарсыласына әкеледі. Одан 2-2,5 м қашықтықта ол денесін бірден оңға бұрып, допты керісінше солға жібереді.

  Финт «доппен бірге өту». Бұл қарсыластан құтылуға тиімді. Қарсыласқа жақындай беріп, ойыншы аяқты көтеріп, кеудені сонда бұрады. Ал допты басқа аяқтың өрімен өткізіп жібереді.

  Финт «шетке қарай ұмтылу». Допты алып келе жатып қарсыласқа 2 м қалғанда сол аяқпен серпіле оңға алға қарай ұмтылып қарсыластың да солай қарай ұмтылған әрекетін байқағаннан кейін аяқ өрінің сыртқы жағымен қарсыластың жанынан допты алып өту, допты ары қарай алып жүруді жалғастыру.

 

3. Оқыту педагогикалық процесс. Қозғалыс әрекеттері оқыту пән ретінде.

 

1.Оқыту педагогикалық процесс.

2.Қозғалыс әрекеттері оқыту пән ретінде.

3.Оқыту процессінің құрылымы.

Футбол – тұрғындардың кең көлемдегі денсаулығын нығайтып және дамытатын дене тәрбиесінің көпшілік қолданылатын құралдарының бірі. Футболмен қазіргі кезде 3 миллионға жуық адам айналысады. Бұл шындығында да халықтық ойын, онымен ересектер, жасөспірімдер және балалар да шұғылданады.

  Футбол – атлетикалық ойын. Ол адамның дене қасиеттерін, жылдамдықтың, ептіліктің, төзімділіктің, күштің дамуына ықпал жасайды. Адамның ерік – жігерін шыңдайды.

  Футбол ойынының мақсаты екі коллективтің арасындағы бәсекелесте екеуінің де мақсаты бір ғана – жеңіс. Жеңіске деген ұмтылыс футболшыларды коллективтік әрекетке, өзара көмекке, достық және жолдастық сезімді тәрбиелейді. Футбол ойыны кезінде әрбір ойыншы өзінін жеке іс – қабілетін көрсете білуге, мүмкіндік ала отырып, сонымен бірге жеке ұмтылысты жалпы командалық мақсатқа жетуді талап етеді.

  Футболдан оқу жаттығу және жарыстар жыл бойы өтетін болғандықтан, климаттық және метрологиялық жағдайлардың жиі өзгеріп отыруы, дененің шынығуына ағзаның қарсы тұруын көтеріп және бейімделу мүмкіншілігін кеңейтуге септігін тигізеді.

  Спорттың басқа түрінен өткізілетін жаттығуларда, көбінесе қосымша спорт түрі ретінде футбол ойынын қолданылады. Бұл дегеніміз футбол дененің дамуына ерекше әсер етеді, таңдаған спорт спорт түрі бойынша жақсы дайындыққа септігін тигізеді. Футбол ойыны жалпы дене дайындығының жақсы бір құрал болып қызмет атқарады. Әртүрлі  бағытты өзгертіп жүгіру, түрлі секіру, құрылымы жағынан әртүрлі сипаттағы дененің қозғалысы, допты алып жүру, қозғалыс жылдамдығы, ерік сапасының дамуы, тактикалық ой – осының барлығы жиылып көптеген бағалы сапаларды жетілдіреді.

  Біздің бұл зерттеуіміздің маңыздылығы. Олимпиядалық ойындардың қатарындағы футбол ойыны бойынша Қазақстан футболшыларының дене – күш, техникалық және тактикалық дайындығын жетілдіру, жаттықтыру әдістемесіндегі әлі пайдаланылмаған қордағы жаңа мүмкіндіктерді іздестірумен тығыз байланысты. Сондай мүмкіндіктердің бірі болып футболшылар ағзасының оқу-жаттығу жүктемесіне жеке бейімделуі.

  Футболдан оқу-жаттығу, жарыстар жыл бойы әртүрлі климаттық және метрологиялық жағдайлардың лезде өзгеріп отыруына қарамастан өткізіліп, соған ағзаның бейімдігін, мүмкіншілігін және қарсы тұру қабілеттілігін арттыруды қажет етеді.

  Футбол ойыны бүкіл дүние жүзі халқының жан тәнімен құмарта шұғылданатын үлкен спорт түрі.

  Біздің елде де қазіргі уақытта футбол өнері күн сайын даму үстінде. Қазақстан құрама командасы Азия құрылғы федерация құрамынан шығып, бүкіл әлем бойынша күштілер саналатын Европа елдерінің федерацияға мүше болып енді. Бұл өзгеріс Елімізде футбол өнерін дамыту, дене-күш, техникалық, тактикалық, психологиялық және функционалды дайындықтарын жетілдірудің жаңа әдістері құралдарын пайдалануға септігін тигізуде. Елімізде 90-шы жылдарға қарағанда қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдер арасында футбол өнерінің бұқаралық екі есеге өсіп отыр. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі жаттықтырушыларға талап күшейіп келеді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бірінші кезекте шұғылданушылардың дене – күшінің және техниканың дамуына ерекше назар аударылады.

  Оқу – жаттығу сабағында берілетін жүктеменің деңгейі шұғылданушылардың дене – күшінің ерекшеліктеріне жүктемені көтеру қабілеттілігіне қарай берілуі тиіс.

  Сондықтан да оқу –жаттығу процессінде шұғылданушыларды жоғарыдағы ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Жаттығу барысында жүктемені топтағы шұғылданушыларға бірдей деңгейде беру үлкен қате болып саналады. Әрбір берілген жүктемеге ағзасының жауап беру қабілеттілігін қатаң түрде бақылауымызда ұстау қажет. Бұл жерде жаттықтырушылар дәрігер және психологтармен тығыз байланыста жұмыс атқарулары қажет.

  Жиналған мәліметтер бойынша шұғылданушылардың берілген жүктемеге бейімделуі олардың оқу – жаттығу процесінде және жарыстарда түрлі іс – әрекеттерді, күшті жылдамдықты, ептілікті қажетті жерде қажетті мөлшерде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жұмыста автордың әдістемелік эксперементалды зерттеулерінің тәжірибесі көрсетілген.

  Зерттеу жаңалығы футбол ойынындағы ойыншылардың жүктемелерің орнықтыру сторттың жаттығу әдістемелеріне кіргізіле отырып дене тәрбиесінің жаңа қолайлы түрлері мен жолдарын іздестіру болып табылады.

  Зерттеу барысында жоғарғы дәрежедегі футболшылардың және жаңадан бастаған шұғылданушылардың жүктемеге бейімделу тәсілдерін тәжірибеде қолдану жиілігі мен ол тәсіл туралы бар білімдері анықталады.

  Футболшылардың түрлі қозғалыстарының тәсілдері, әдістері жиынтыгы техника ұғымын  құрайды. Футбол ұғымындағы техника қозғалыстарды, аялдауды, қайырылуды, секіруді, финтті, допты алуды, сонымен қатар спецификалық-техникалық қабылдауларды ұсынады. футболда ойыншының техникалық шеберлігі оның алаңдағы әріптестерінің қарсылығына төтеп беруді, техникалық қабылдауларды дұрыс орындауы қабылдаулар мөлшерімен сипатталады. Қазіргі футболға ойыншының техникалық дамуы, универсалдығы тән. Бұл бірінші кезекте барлық техникалық қабылдауларды меңгеруі және жоғары деңгейде орындай алуы керек. Жоғары класста ойыншыларды дайындау үшін футболдың барлық техникалық арсеналын балалық шақтан бастау қажет. Мұнда үйрету әдістері ұл балалар мен қыз балалар үшін бірдей.

  Техникалық қабылдауларда оқыту практикада келесі түрде күрделеніледі. Алдымен аяқпен допқа соққы беру және допты тоқтатумен танысады. Осы қабылдауды жүзеге асырып меңгерген соң 3х3, 4х4, 5х5, 6х6 ойындарына қатысуға болады. Әрі қарай үйренілген қабылдаулар негізінде әр түрлі техникалық қабылдауларды уйренуге кіріседі.

  Техникалық қабылдауларды меңгермеген ойыншы футбол ойнауға жіберілмеуі керек.

  Алдымен, бар күшімен әдіс үйренуге кіріседі. Баспен соққы беруде әлсіз жел берілген допты қолдану керек.

  Оқытылып отырған техникалық қабылдаулардың дұрыс орындалуын қамтамасыз ету үшін, қозғалыстың әрбір деталін білу қажет.

  Табанмен допты тебуде соққы беретін аяқ табаны жанына бұрылып тұру қажет. Табанның ішкі жағымен берілген соққы табысты болып табылады. Бұл соққылар күшті емес, бірақ дәлдігімен ерекшеленеді. Қабылдаулармен танысқаннан кейін оны практикада жасап көрумен аяқталады.

  Техникалық қабылдаулар бірыңғай жинақы және дара әдістер көмегімен жүзеге асырылады.

  Бірыңғай әдіс қабылдауларды оқытуда жетекші әдіс болып табылады. Ал оқытуда күрделі қабылдауларды үйретуде, мысалы, аяқпен допқа соққы беру, баспен соққы беру, ұшып келе жатқан допты қағу және қайтару т.б.қабылдауларды үйренуде дара әдістерді қолдану керек болады. Бұл жас футболшылар элементарлы қабылдаулардан біртіндеп күрделене беретін қабылдауларды меңгеруіне септігін тигізеді. Дара әдістерді қабылдау негізінде қателіктер жіберілуі мүмкін. Бұл жағдайда әрбір қабылдаудың қимылдарын жеке-жеке үйрену қажет.

   Техникалық қабылдаулардың күрделілігін үйретуде алдымен орнында тұрып, сосын қимылмен, қарсыласпен пассивті, қарсыласпен активті түрде, соңында ойын алаңында жүргізіледі.

  Ойыншының қабылдаулары жүзеге асырып көруі уақытпен шектелмейді, әбден жаттығып болған соң, ойын алаңында сыңнан өтеді.

  Техникалық қабылдауларды үйрету барысында жаттығушының әрбір уақытта тактикалық есептілігі де қалыптасады. Мұнда келесі тәуелділік орын алады. Ойыншының техникалық қабылдаулары түрлі болған сайын, оның тактикалық потенциалы да көп болады.

  Техникалық қабылдауларды бекіту жаттығулар мен қозғалыстарды ойын кезінде жасаумен жүзеге асырылады. Осыған байланысты басты назарда футболшының ойын қимылдарына көңіл бөлу керек. Олардың үйренген техникалық қабылдауларды дұрыс жүзеге асыра білуі олардың ептілігін арттыра түседі, мысалы, бір қабылдау басқа да сапалардың артуына себепші болады. Секіріп баспен соққы беру, соққы беруді де сонымен қатар, секіргіштікті де арттырады.

  Аяқпен допқа соққы беруді үйрету

  Допқа аяқпен соққы беру футбол ойынының басты техникасы болып табылады. Орындау қабілетіне қарай ол соққылар ішкі табанмен, табан сыртымен, орта, ішкі және сыртқы т.б. болып бөлінеді. Қабылдауда жаттығу күші бар аяқпен бастау алады. Одан соң барып әлсіздеу аяққа көшеді. Бұл қабылдауды жаттығуда келесі әдісте есте сақтаған жөн:қимылсыз тұрған допқа соққы беру, қадам басып, қимылды допқа соққы беру, жүгіріп келіп қимылсыз допқа, жүгіріп келіп қимылды допқа соққы беру. Бұл жағдайларда доп бағытының дұрыстығына назар аудару керек. Сонымен қатар берген соққылардың техникалық қабылдауларға сәйкес келуін қамтамасыз етуі керек. Қабылдауларды жүзеге асыруда соққының дәлдігі, сонан соң күші ескеріледі.

 

4. Оқыту әдістері: көрнекілік, түсіндіру

 

1.Оқыту әдістері.(Айту, әңгіме, түсіндіру, көрсету, ескерту, дәріс, баяндау)

2.Ұсынылған оқыту әдістеріне қойылатын талаптар

3.Оқыту әдістерінің мінездемесі.

 

Допқа аяқпен соққы беру техникасын жүзеге асыруда алдымен табанның ішкі жағымен соққы беруден бастау тиімді. Өйткені, бұл ойында жиі қолданылады. Бұл қабылдау қысқа және жақын қашықтықтан қақпаға соғуда қолданылады. Былайша соққы беру оншалықты күшті болмағанмен, өте дәл болып келеді. Бұл соққыны дұрыс орындау үшін тірек аяқты кішкене бүгіп, доптан 10-15 см және сәл иық тұсына ұстау керек. Тірек аяқтың ұшы соққы берілетін бағытпен дәл келуі керек.

  Оқу барысында:

  1.Допсыз. Табанды 90°С-қа бұру арқылы аяқты алға сілкі. Жаттығу қайталанады.

  2.Қабырғада. 5-6м қашықтықта тұрып, 20-25 соққыны жасау керек. 20-25 соққыны бір орында, онан соң 2-3 қадам жүгіріспен жасау керек.

  3.Дәл соққы. Қабырға алдына 1 м ендікте қақпа қойылады. Доп қақпадан 1 м қашықтықта беріледі. Соққының дәлдігі басты назарда болады.

  4.Дәл қағыс. Ойыншылар екі-екіден бөлінеді. Әріптестер бір-бірінен 5-6 м қашықтықта тұрып, бір-біріне допты соқы арқылы жіберіп отырады. Мұнда соққы оң және соң аяқтармен кезек беріледі. Бұл допты дұрыс қағып алуды және соққы бағытын дұрыс жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

  5.Колоннада. жаттығушылардың біреуі колоннадан 6 м қашықтыққа барып тұрады. Сигнал арқылы ол допты колоннаға бас арқылы бағыттайды. Ол допты кері қайтаррып болған соң орын алмасады.

  6.Шеңбердегі доп. Алаңда 18-20 м диаметрлі шеңбер сызылады. Ойыншылардың біреуі шеңбер ішінде тұрады. Басқалары шеңбер артында бір-бірден орнығады. Ортадағы ойыншы олардың әрқайсысына допты кезекпен беріп отырады. 15-20 доп бергеннен  кейін  орын алмасады.

  7.Доп беру. Жаттығушылар шеңбер бойына орналасады(6-7 адам). Ойыншылардың біреуі әріптесінің  біреуіне допты береді де оның орнына жүгіреді. Ал әріптесі допты жолдасының біреуіне беріп, оның орнына жүгіреді.т.с.с. Цифрлар арқылы кезек белгіленген.

  8.Қозғалыста. Шеңбер бойымен қозғала отырып, допты бір-біріне қарап тұрады. Бұл жағдайда допты алдыңғы әріптеске беру ұсынылады. Ойын кезінде ойыншының сыртқы иығы алға, ал тірек аяғы ойыншының допты күткен бағытына бағытталуы керек.

  9.Екі доппен. Екі ойыншы 5-7 қадам қашықтықта бір-біріне қарап тұрады. Үшіншінің сигналы бойынша олар табанының ішкі жағымен  соққы берілген допты бір-біріне бағыттайды. Сонан соң кері соққы береді. Ойын барасында доптардың бір-бірімен соққыласуына жол бермеу керек.

  10.Әріптестің доп беруі. Жаттығушы бір жағымен тұрып, әріптесіне табанның ішкі жағымен соққы берілген допты бағыттайды. Ал әріптесіне жүгіре отырып допты қабырғаға бағыттайды. Период бойынша орын алмасады .

  Табанның ішкі жағымен берілетін соққыны үйренуде бастауыш футболшыларда, келесі типтік қалеліктер болуы мүмкін. Біріншіден, ұратын аяқтың табаны әлсіз бұрылады, екіншіден соққы беру барысына дайындықта соққы беруші аяқ барынша артқа созылмайды. Осы қателіктерді болдырмау үшін жаттығу керек. Ол үшін 3-5 м қашықтықта тұрып, қимылсыз допқа соққылар беру арқылы жаттығу керек.

  Аяқ өрінің ортасымен соққы.

  Қақпаны көздеген уақытта көбінесе орта немесе ұзақ қашықтық таңдалып алынады.  Соққы тура жүгіріспен беріледі. Оның орындалу  техникасы мынадай: кішкене тізе бүгіліп , доппен қатар қойылып, аяқ ұшы бағытқа қарай тураланады. Соққы доптың ортасына беріледі. Допқа соққы бергенде қол алға-артқа майысады.

  Оқыту барысында:

  1.Соққыимитациясы. Аяқтың соққы қимылын допсыз орындау.

  2.Жай соққы. Қабырғадан үш метр қашықтықта қимылсыз тұрған допқа соққы беру ұозғалыс жай темппен жасалады, 20-25 соққы беру керек.

  3.Дәл соққы. Қабырғада 1х1 м квадрат сызылады. Ойыншы 10 м қашықтықта көзделген квадрадқа 20 соққы беруі қажет. Соққы қимылсыз тұрған допқа беріледі.

  4.Жалаушалар арасы. Ойыншылар екі-екіден бөлінеді. Әріптестестер ара-қашықтығы 24-26 м. Ортаға жалауша арқылы 1,5-2 м кеңдікте қақпа құрылады. Әріптестер допты бір-бірінежалаушалар арасы арқылы бағыттайды.

  5.Домаланған доппен. Жаттығушылар екі-екіден бөлінеді. Әріптесінің бірі допты бір жақтама береді, ал екіншісі домаланған допты қақпаға, көзделген жерге дәлдеп соққы береді. Екі аяқпен де 10 соққы берген соң , допты беріп тұрған ойыншымен орын алмасады.

  6.Алыстан соққы. Алаңда 15 м кеңдікте коридор белгіленеді. Ойыншылар кезекпен жүгіру арқылысоққылар орындайды. Әрқайсысына 3 ұмтылыстан беріледі. Коридормен ең алысқа допты кім соқса, сол жеңеді.

  7.Мықты соққы. Әріптестің біреуі қақпаға орналасады, екінші ойыншы қақпадан 12 кв м қашықтықтан оң және сол аяғымен шығып, 5 соққы береді. Онан соң орын алмасады.

  Бұл қабылдауларды меңгеруде бастауыш футболшылар аяқ ұшын максимальді төмен иеді. Бұл жағдайда доп қисық траекториямен ұшады. Бұл қателікті болдырмас үшін дұрыс жолмен 8-10 соққы беріп, жаттығу керек. Сонымен қатар олар тірек аяқты доппен өте алыс қашықтықта ұстап тұрады, ал соққы допқы допқа әлсіз беріледі. Бұл кемшіліктерді болдырмау жолы ұзақ әрі сапалы жаттығулар жасау.

  Аяқ өрінің ішкі жағымен соққы беру. Былайша соққы беру ойын кезінде қарсыластың қақпасына, айып соққы бергенде т.б. жағдайларда орын алады. Бұл қабылдаудың техникалыққолданылуы келесідей. Тірек аяқ доптан артта тұрады. Ол аяққа дененің ауырлығы түсіріледі, ал соққы беруші аяқ тізеден бүгіледі. Сонан соң соққы беруші аяқтың табаны ішке қарай кішкене майысады да бекиді. Соққы доптың төменгі бөлігіне беріледі. Бұл қабылдауларды оқытуда жоғарыда аталған жаттығуларды жасатады.

  Енді осы қабылдауларды орындау барысында жіберілетін қателер жөнінде айтатын болсақ, тірек-аяқ допқа өте жақын орналасады. Қатені болдырмас үшін қабырғаға соққыны дұрыс беру жолымен жаттығу керек. Жүгіруді дұға бойымен емес көзде

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
963
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі