жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ФУТБОЛШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАҒАҢДА ОҚЫТУ ЖӘНЕ ЖАТТЫҒУ ПРИНЦИПТЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
ӘОЖ 372.8:796
ФУТБОЛШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАҒАҢДА ОҚЫТУ ЖӘНЕ ЖАТТЫҒУ ПРИНЦИПТЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Пазылов Р.Т.-оқытушы
Политехникалық колледжі
Резюме
Внедрение принципов обучения и упражнения при подготовке футболистов.
Футбол – атлетикалық ойын түріне жататындықтан ол адам ағзасының дене сапаларының жылдамдығын, ептілігін, төзімділігін, күш және иілгіштік қасиеттерінің жетілуіне септігін тигізіп келеді. Ойын барысында футболшы үлкен жүктеме алатын, оның септігі функуионалдық мүмкіншілігінің өсуіне, ерік-жігер сапаларын тәрбиелеуге ықпал жасайды.
Футбол ойынының негізгі екі коллектив арасындағы күрес болғандықтан, олардың ойыншыларының жалпы мақсаты – жеңіс, жеңіске деген ұмтылыс коллективтік іс-әрекетіне өзара көмекке, жолдастық және достық сезімін тәрбиелейтіні белгілі болды.
Футбол ойынының алғашқы даму сатысында XIX– ғасырдың басында, спорттық әдіс лене тәрбиесінің дамуына ықпал жасайтыны таныла бастады.
Соғыстан кейінгі жылдардан бастап футбол клубтарында жаттықтырушылар жұмыс атқара бастады. Сол жылдары футбол клубтарының арнайы оқу-жаттығу жоспарлары құрылды. Ойын техникасы мен тактикасына басты назар аударылды. 1950 жылдардың басында фуиболгылардың жаттығу процестері циклдік сипатта болды.
Жаттығу процесін жоспарымызда апталық, бір айлық және жылдық циклдерде жұмыстардың өткізілу жиілігіне байланысты, кезеңдегі жүктемені түсіру, жаттығудың кезеңдері мен этаптарында олардың көлемі және қарқынының өзара байланысын ескеріп отырды.
Оқу-жаттығу процесінде дене-күш дайындығын жетілдіру сабағында, өзара әсер ететін жүктемені әрбір футболшыға жекеше жоспар құру арқылы іске асыру қажеттігі туындады. Бұл жерде әр футболшының жеке ерекшеліктеріне, олардың дене-күшінің деңгейіне қарай жоспар жасалынды.
Жеке жаттығудың негізгі форрмасы болып, жаттықтырушы және дәрігердің бақылауымен футболшының өзінше дайындығы саналады. Жекелей жаттығудың құрамына: дене-күш, техникалық, тактикалық, психологиялық дайындықтарын тәрбиелейтін арнайы іріктелген жаттығулар енеді.
Жүргізілген зерттеу нәтижесінде өткізілген оқу-жаттығудың қай саласын алсақ та, ол дене-күш, техникалық, такттикалық, функционалдық және психологиялық дайындықты дамыту сабағы болып топтап өткізу әдісімен, жекелей дәріс берудің тиімділігі өте маңызды. Әрине тактикалық әдісті үйрету және жетілдіру сабағында және футболшыға жеткілікті түрде сабақ өткізу мүмкін емес.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы футболшылардың оқу-жаттығу процесінің ары қарай дамуы теориялық және ғылыми-әдістемелік негіздегі бағытта болуды көздейді. Дене шынықтыру асықпай, біртіндеп, жақсы педагогикалық және дәрігерлік бақылауды ұйымдастыратын болса, сонда ғана футболшылардың үлкен жетістіктерге жетуіне мүмкіндік туады. Ойын тәсілдері дегеніміз нақты мақсаттарды табысты орындауға мүмкіншілік жасайтын ойын тәсілдері түрлерінің жиынтығы.
Тәсілдердің түрлерін ойын жүргізу құралы деп білу керек, себебі футболшы ойын тәсілдерінің түрлерін неғұрлым көп біліп, оны әртүрлі жағдайда қолдана білсе, қарсылас команданы жеңуге көп үлес қоса алады және ойын тәсілдерін шебер қолдана білген ойыншылар футболшының жан-жақгы дайындығын арттыруға көмектеседі.
Ойын тәсілдері футболдың жүз жылдан астам уақыт ішінде дамуына байланысты көптеген езгерістерден өтті. Оның эвалюциялық дамуының, негізінен, алғанда мынандай ерекшіліктері бар: ойында аз пайдаланатын тәсілдердің түрлері. мүлдем азайтылды, оның ішінде допты табанымен тоқтату, желкемен ұру орнына шебер ойыншылар, көбінесе допты аяқтың сыртқы жағымен тебу, кеудемен және санмен тоқтату, допты қолмен лақтыру /қақпашының ойын тәсілдері/, қарсылас ойыншыны алдап өту секілді қимылдарды көбейтті.
Бүгінгі заманда футбол ойынының тәсілдері көптеген қозғалыстардың биомеханикалық жүйелерінен тұрады және ойын үстінде жұмыс істеп шығарған қуатты тиімді пайдалануға мүмкіншілік туғызады. Жылдамдық пен сенімділік, қарапайым және пайдалы ойын тәсілдері - бүгінгі футболға қойылатын талап-тардың негізі.
Ойын тәсілдерін топтастыру
Ойын тәсілдерін топтастыру дегеніміз - тәсіл түрлері мен топ-тарын жалпы немесе соған жақын және арнайы ұқсастырып біріктіру.
Ойынның маңызына байланысты, тәсілдер екі үлкен бөлімнен тұрады: аландағы ойыншының және қақпашының ойын тәсілдерді. Әр бөлім екі бөлімшеден тұрады, олар: жылжу, /алаңда жүгіру, жүгіру және секіру, тоқтату, бұрылу/, доппен ойнау тәсілдері. Бөлімшелер нақты ойын тәсілдерінің түрлерінен және әдістерінен тұрады. Жылжу тәсілдерінің түрлерін аландағы ойыншылар да, қақпашы да пайданалады. Жеке тәсілде әдістер өзіндік ерекше-ліктерден тұрады. Жалпы қозғалу тетіктерін сақтай отырып, тәсіл түрлерімен олардың ерекшеліктерінің бір-бірінен аз болсада айырмашылықтар бар екенін ескерген жөн. Тәсіл түрлерін әртүрлі жағдайда орындау футбол ойынының оданда әрі қарай үлкен негізі бар екенін көрсетеді. Футбол ойынының тәсілдерін бір қалыпқа бір жөнге келтіріп топтастыратын материалды тез еске сақтап, олардың түрлерін оқыту және дамыту барысына көмектеседі.
Ойын
тәсілдері
Қақпашы
Алаңдағы
ойыншылар
Бөлімдер бөлімшелер
Допқа
ие болу тәсілдері
Допқа
ие болу тәсілдері
Жүгіру
Ұстап
алу
Тебу
Секіру
Тоқтату
Қағып
алу
Тоқтату
Алып
жүру
Допқа
қарай ұмтылу
Айналу
Жалпыға белгілі адм ағзасы - динамикалық жүйе, ол тез арада стандартты жағдайға тез бейімделіп, жүктеменің біртіндеп өсуіне немесе кемуіне көндігеді. Осындай стандартты жұмыс жағдайында дәрежесі үлкен жүктеменің футболшы ағзасына орташа, орташа-аз болып көрінеді. Жоғары дәрежелі футболшының таңертеңгілік стандартты жаттығуын жасау, ойын алдындағы дене қыздыру жаттығуларының ролі футболшының ағзасын жарыс алдындағы ұрыс дайындығына келтіре алмайтын болды. Жүктемені біртіндеп көбейту мен жүктемені барынша сарқып қолданудың ара-қатынасын қайта өзгертуді талап ете бастады. Бұдан шығудың жолы табылды, кезеңдерде стресстік жүктемені қолдану, ағзаны тепе-теңдік қалпынан шығаруға әкеліп соқтырады. Одан кейін орта және аз мөлшерде жүктемені қолдану арқылы ағзаның қалпына келуіне және жоғары қалпына келуіне жағдай жасауға болады. Бұлардың барлығы біртіндеп жүктемені ұлғайту және динамикалық толқын тәрізді сипаттағы жаттығулар өзара байланыста болады.
Футболшыларды дайындау кезінде жаттығу жүктемелердің біртіндеп және барынша көп ұлғаюына қойылатын талаптарды шешу үшін жүктемені жаттығу кезінде және ойын арасында толқын тәрізді өсуін нақты бөлу қажет. Футболшылардың жаттығу процесінің негізгі заңдылығына оның циклдік сипаты жатады. Апталық, бір айлық және жылдық циклдерде жарыс кестесінің тығыздығына байланысты кезеңдік жүктемені азайту, жаттығудың кезеңдері мен сатыларына байланысты көлемді және қарқынды жаттығулардың өзара әсері, жаттығуды жоспарлауды қажет етеді.
Жаттығудың дайындық кезеңінде жаттығулар жарыс кезеңіне қарағанда үлкен көлемде орындалады. Дәл осындай кезде жаттығудың қарқыны жарыстық кезеңде дайындық кезеңіне қарағанда айтарлықтай жоғары болады. Апталық және ойын аралық кездегі екпінді сипаттағы циклдер, көлемі аз және қарқыны аз жаттығу циклдерімен алмасып отырады. Дәл осындай болып ай аралық және жылдық циклдерде белгілі бір жүйемен алмасып отырады. Спорттың дамуы, спорттық жаттығуларды өткізу кезінде жаңа қағидалардың пайда болуына әсер етті. Олардың негізділері: мамандану, жан-жақтылық, біртіндеп, қайталануы, жекешелік.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Дене тәрбиесiнiң iлiмi мен әдiстемесi. Б.А Ашмарин. – М;Просвещение,2000 г
2. Ашмарин Б.А. Дене тәрбиесiндегi педагогикалық iзденiстiң iлiмi мен әдiстемесi. –М. ФиС, 1999
3. Осокин Т.И. Бала-бақшасының дене тәрбиесi. -М.: Просвещение. 1996
4. Кәсiптiк-техникалық колледждер дене тәрбиесi. –М.: Жоғары мектеп,2001
5. Хухлева Д.В. Мектеп жасына дейiнгi балалардың дене тәрбиесi. М.:Просвещение, 2002

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген